Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Медициналық жоғары оқу орындарында оқыту үрдісін модульдік оқыту жүйесі түрде ұйымдастыру жолдары

ТҮЙІН

Бұл мақалада жоғары оқу орындарының мамандықтары бойынша модульдік оқыту бағдарламасының маңыздылығы қарастырылған. ХХІ ғасырда әлемде ғаламдық өзгерістер орын алу жағдайында, жаңа нарықтық экономика үшін бәсекеге қабілеттілігі жоғары мамандар қажет әрі осыған байланысты олардың дайындығы жаңа платформада қалыптасуы тиіс.

Кілт сөздер: модульдік оқыту, модуль мазмұны, оқыту нәтижелері, Дублин дескрипторлары, біріктіріп оқыту.

Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша кредитті-модульдік оқыту бағдарламасын жүзеге асырудағы біріктірілген білім беру бағдарламаларын жасау және енгізудің маңыздылығы көрсетілген. Оқыту үрдісін кредиттік жүйеде ұйымдастыру оқытуды модульдік әдіспен іске асырудың артықшылығын дәлелдеп отыр. Модульдік оқыту - білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Ал «модуль» дегеніміз - іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады. [1,4]

Бүгінгі таңда озат - ғалымдар, тәжірибелі оқытушылар ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің неше түрлі жаңа әдіс - тәсілдері жеткілікті. «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз» деген Президент Жолдауынан ұлттық бәсекелестікке қабілетті ұрпақтың білім деңгейімен анықталатын, әлем кеңістігіне көтерілу үшін мектеп табалдырығынан сапалы да, саналы білім беру болып табылады. [2]

XXI ғасырдың іскер азаматы - бәсекеге қабілетті, ой - өрісі кең, жан - дүниесі бай, адамдармен дұрыс қарым - қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген мәселеде істен шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда өз орны бар, іскер, жеке тұлға деп білуіміз керек. Білім беру реформасы табысының басты өлшемі де тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі қажет. Қазіргі заман талабына орай ұрпақтарымызды парасатты да білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп, олардың дүниетанымын адамзаттық деңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық, азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болса, онда білім берудің түрлері мен әдістерін жаңартуымыз керек. [3]

Сан алуан әрекет арқылы ақыл - ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру - бүгінгі қажеттілік. Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру ұстаздың интелектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін - өзі дамытып, оқу - тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. [5]

Оқыту нәтижелері білім берудің деңгейіне сәйкес Дублин дескрипторлары негізінде анықталады және құзыреттілік арқылы көрінеді. Бұл ретте оқытудың бес негізгі нәтижесі көрсетіледі: білім және түсіну; білім мен түсінгенін қолдану; пікір айтуды қалыптастыру; коммуникативтік мүмкіндіктер; оқу дағдылары немесе оқуға деген қабілеттілік.

Оқыту нәтижелері барлық бағдарлама бойынша, жеке модуль мен жеке пән бойынша да анықталады.

Модульдердің бірігуі білім алушылардың белгілі санаттарының оқуы (және өздігінен оқуы) үшін және арнайы дидактикалық, кәсіби мақсаттарда іске асуы үшін талап етілетін нақты оқу материалын таңдау және құрастыру еркіндігі мен икемділігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Модульдік оқытудың негізгі принциптері мыналар: білім беру бағдарламаларын, нақты пәндерді құрастырудың және олардың мазмұнын анықтаудың жүйелі тәсілдері; білімді жеке элементтерге бөлшектеу және білім берушілер мен білім алушылар ынтымақтастығының нақты көрінуі; әр модуль ішінде және олардың арасында оқу сабақтары түрлерінің әдістемелік тұрғыдан дұрыс үйлесуін қамтамасыз ету; модульдік курс пен білім беру бағдарламалары құрылымының икемділігі; білім алушылардың білімін бақылаудың тиімділігі мен бақылау іс-шараларының семестр барысында дұрыс бөлінуі; студенттердің шығармашылық қызметі үшін алғышарттар құрылатын дамыта оқытудың әдістемелік принциптерін іске асыру мүмкіндіктері болып табылады.[6]

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік фармацевтика академиясында модулдік оқыту жүйесіне өтуіне байланысты медбиофизика, информатика және математика кафедрасында «Физика - математикалық және ақпараттық», «Информатика және биостатистика», «Статистика және ақпараттық технология», «ITS Ақпараттық технология және статистика» модульдік оқу бағдарламалары дайындалды. Модульді оқу бағдарламасының мақсаты биофизика және биостатистиканың негізгі заңдарын меңгеруде қазіргі бағдарламалық құралдарды қолдану арқылы дағдыларды және меңгеруді қалыптастыру. Модульді оқу бағдарламасының міндеті қазіргі компьютерлік бағдарламаларды қолдана отырып биофизика және биостатистиканы меңгеруде білімге баулу.

Модульдік оқыту кезінде құрылымы және мазмұны өзара байланысқан тақырыптар жекелей топталады және әрбір осындай топтарға балл түрінде рейтингтер тағайындалады. Осы баллдардың мөлшеріне сәйкес әрбір модуль кредит санымен өлшенеді. Студент модулдағы оқу материалдарын меңгере алса соған сәйкес кредит жинай алады. Модулды пәнаралық байланыс принципіне сәйкес құрса оның дидактикалық мәні күрт артар еді. Егер белгілі бір мамандық бойынша аталған пәндер қатар жүретін болса, интеграциялап оқыту іске асады және бұл жағдайда пәндердің оқу материалдарын студенттер жеке дара емес бір-бірімен байланыстыра меңгерер еді. Жоғары оқу орындарындағы оқу пәндерін біріктіріп оқыту бірнеше мақсатты көздейді: студенттердің оқып үйренуге қажетті оқу материалдары ықшамдалады, қоршаған орта туралы білімдер жүйесінің тұтастығы нәтижесінде оқу үрдісінің тиімділігі артады және оқу үрдісінің жандануына бірден бір себеп болатын оң педагогикалық-психологиялық атмосфера орнайды.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде // Алматы, 2006, 4-5 б.
  2. Құдайбергенева К. С. Құзырлылық табиғаты - тұлғаның өздік дамуында. Алматы, 2006. -86 б.
  3. Білімдегі жаңалықтар // 2007. №4 26-28 б.
  4. Қамзина М. «Модульдік оқыту технологиясы».//Тәрбие құралы. 2005 жыл, №4.
  5. Педагогтың кәсіби деңгейін өсіруде әдістемелік жұмысты ұйымдастыру жолдары.//Ғылыми- практикалық жинақ. Алматы, 2008 жыл.
  6. Жадрина М.Ж. «ҚР-дағы жоғарғы білім беру дамытудың тенденциялары мен мәселелері». Алматы 2002 жыл.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.