Ұлтабар және асқазан ойық жарасы ауруына қарсы қолданылатын дәрілік препараттарға кететін қаражат көлемін фармакоэкономикалық зерттеу арқылы анықтау

АННОТАЦИЯ

Зерттеудің мақсаты: стационар жағдайында фармакоэкономикалық бағалау негізінде ұлтабар және асқазан ойық жарасы ауруына қарсы дәрілік заттарды қолдануының тиімділігі саналады. Қазақстан Республикасындағы ұлтабар және асқазан ойық жарасы ауруына байланысты талдау жүргізу, аталған аурумен аурушаңдықтың өсу қарқынын анықтау. Ұлтабар және асқазан ойық жарасын емдеудің заманауи технологиялары мен стандарттарын қарастыру. Дәрілік терапия құнын және тиімді емдеу схемаларын қолдану арқылы фармакоэкономикалық бағалау әдістемесіне салыстырмалы талдау жүргізу. Стационарлық деңгейдегі емдеу кезінде ұлтабар және асқазан ойық жарасына қарсы қолданылатын препараттарды қолданудың фармакоэкономикалық бағалауының тиімді әдістемесін айқындау.

Кілт сөздер: ойық жара ауруы, ұлтабар, асқазан, математикалық модель.

Кіріспе. Ұлтабар және асқазан ойық жарасын емдеудегі тарихи этаптар тек қана аурудың әлеуметтік маңыздылығында көрініс таппады, бірақ та ғылыми прогрестің қарқынды дамуы дәрігерлердің көптеген зерттеу жұмыстарының арқасында ойық жараға қарсы препараттардың әсерін жоғарылатуға мүмкіндік туғызды (1-кесте).

1-кесте- Ұлтабар және асқазан ойық жарасын емдеудегі тарихи этаптар

Ұлтабар және асқазан ойық жарасын емдеудегі тарихи этаптар

Емдеу әдістері және дәрілік препараттар класы

Қолданыла бастауы

Антацидті препараттар

Антикалық дәуір

Итжидек экстракты

XVI ғасыр

Хирургиялық емдеу

XIX ғасыр; 1922 ж. - ваготомия операциясы (М.А. Latarjet)

Диета және режим

XIX ғасыр - ХХ ғасыр басы

Циметидин

1976 ж.

Ранитидин

1981 ж.

Омепразол

1988 ж.

Эрадикациялық терапия

(Helicobacter руіогі)

1982 ж.- Helicobacter pylori микроорганизмінің жаңа түрлік идентификациясы

1996ж.- Helicobacter руіогі емдеу және диагностикалау бойынша барлық елде Еуропалық Одақ ұсынысының қабылдануы (Бірінші Маастрихт келісімі)

ХХ ғасырдың 80-жылдары гастроэнтерологияда ерекше екі оқиға орын алды, бұл ойық жара ауруына көзқарастың өзгеруі және алдағы уақытта оны емдеу қағидалары. Біріншісі, алғаш 1983 жылы австралиялық ғалымдар Маршал Б. және Уоррен Дж. ашқан Helicobacter pylori (НР) инфекциясы, бұл ойық жара(ОЖ)ауруының дамуында негізгі роль атқарды, екіншісі, швед ғалымдарының протондық насос ингибиторы (ПНИ) - омепразол структурасын жасап шығаруы [ 1].

Елімізде аталған ойық жара ауруларымен ауыратын адамдар өткен 50-100 жылдардағыдан жиі кездеседі. Егер өткен жылдардағы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 1914 жылға дейін ойық жарамен науқастар барлық терапевтік аурулардың 0,07% құраса, 1920 жылы 12%-ға жетті. Бұл тек ауру диагнозын анықтаудың жақсарғандығымен емес ойық жара ауруының шынайы көбейгендігімен байланысты [2]. Ал асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы ауруымен ауыратын аурулар саны керісінше жыл сайын өсу үстінде (1-сурет).

Сурет 1 - Қазақстан Республикасы және Оңтүстік Қазақстан облысы халқының асқазан және
ұлтабардың ойық жарасы ауруымен сырқаттанушылығы (тиісті халықты 100 000 адамға шаққанда,
өмірінде алғаш тіркелген аурулардың саны)

Ал қазіргі таңда соңғы бес жылдықта сырқаттанушылық деңгейі Қазақстан Республикасы бойынша 9,5%-ға өссе, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 83%-ға өсіп отыр [3].

Материал және әдістер.

Зерттеудің әдістемелік негізі болып, фармацевтикалық маркетинг, Қазақстан Республикасының статистикалық мәліметтері, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қаулылары және де жүйелі талдау теориясы саналады. Зерттеу объектілері болып, ұлтабар және асқазан ойық жарасымен ауырған науқастарды дәрілік қамсыздандыру бойынша стационарлардың қызметінің көрсеткіштері, гастроэнтеролог, фармацевт және провизорларға, дәріхана тұтынушыларына жүргізілген сауалнама нәтижесі саналады.

Нәтижелер және талқылаулар.

Әдебиет көздерінің мәліметтері бойынша ең тиімді дәрілік зат ретінде мына кестеде көрсетілгендей омепразол препараты қолданылуда (2-кесте) [4].

Ойық жара ауруы кезінде омепразол эффективтілігі

Ойық жара ауруы кезінде

омепразол эффективтілік

критериі

Емдеу мерзімі

Терапияның әсер ету нәтижесі %

Диспептикалық құбылыстың

және аурудың жоғалуы

7 күнге дейін

~ 100%

Ұлтабар ойық жара ауруы жазылуы

2 апта

4 апта

75%

95 %

Асқазан ойық жара ауруы

жазылуы

4 апта

8 апта

75 % 95%

2-кесте - Ойық жара ауруы кезінде омепразол эффективтілігі

Біз осыған байланысты Оңтүстік Қазақстан облысы ауруханаларында дәрігер- гастроэнтерологтар арасында анкета арқылы сауалнама жүргіздік. Біздің зерттеуіміз бойынша дәрігер-гастроэнтерологтар эрадикациялық терапияның міндетті түрде тағайындалуын атап өтті. 2-суретте көрсетілгендей зерттеу бойынша алынған нәтиже барысында дәрігерлердің жартысынан астамы тәжірибе жүзінде осы терапияны - 63,6%, жеткілікті көлемде - 35% және 2,3% - сирек ұсынатындығы белгілі болды. Анкета жүргізілген дәрігер-гастроэнтерологтар арасында эрадикациялық терапияны белгілемейтіндер байқалмады. Эрадикациялық терапия схемасы кезінде бақылаулық зерттеулерде H. Pylori бактерияларын кем дегенде 80%-ға жоюға алып келеді.

Зерттеу нәтижесінде сызбанұсқада көрсетілгендей үшіншілік терапия

ПНИ+квадротерапия - 20,5%; үшіншілік терапия ПНИ - 61,4%; үшіншілік терапия висмут негізгі препараты - 6,8%; квадротерапия - 9,1%; барлық түрі - 2,3%-ды құрап отыр.

Анкетаға сәйкес дәрігер-гастроэнтерологтардың 70%-ға жуығы үшіншілік терапия ПНИ+амоксициллин+кларитромицин комбинациясын ұсынып отыр. Альтернатива ретінде жоғарыда көрсетілген үшіншілік терапияға, яғни үшіншілік терапия ПНИ-ға квадротерапияны қосуға болады.

Осындай үлгіде дәрігерлер және провизорлар ПНИ препараттар тобын және «Де-нол» тиімділігін бір деңгейде бағалады, ал айырмашылығы ПНИ тобындағы жекеленген препараттарға байланысты. Дәл осы жағдайда фармацевттер дәрігерлермен салыстырғанда антибиотиктер тиімділігін бағаламай отыр, керісінше Н2-блокаторлар тиімділігін жоғары бағалауда (4-сурет).

155

b - факторлардың өзгеру диапазоны -1<х<+1 ортасындағы шығу мәнін көрсететін бос мүше, яғни х=0 орташаланған шығару өзгерісінің жылдамдығы;

b - диапазоны -1<х<+1 орташаланған шығу өзгерісінің dy/dx жылдамдығы;

b - күрделі техникалық-экономикалық жүйедегі диалектикалық қарама-қайшылықты ескеретін әрекеттесу нәтижесі.

Қорытынды.

Зерттеу барысында эрадикациялық терапияны тағайындау жақсы нәтиже беретіндігі анықталып, эксперттердің ұсынған емдеу схемалары қазіргі таңдағы емдеу схемасына сәйкес келетіндігі мәлім болды.

Дәрігер және дәріхана фармацевттері ПНИ және де-нол препараттары тобының тиімділігін бірдей деңгейде бағалайтындығы белгілі болды. Бірақ аталған препараттардың бағалық тұрғыдан айырмашылығы, яғни де-нол препараттары ПНИ препараттарынан бірнеше есе қымбат екендігі фармакоэкономикалық зерттеулер барысында айқындалды.

Математикалық моделдеу арқылы ұлтабар және асқазан ойық жара ауруына шалдыққан бір науқастың емдеуге кететін дәрі-дәрмектер құны анықталып, бұған әсер ететін факторлар, яғни науқастардың емдеу күндерінің ұзақтығы, жас мөлшері, қосымша ауруларының әсер ететіндігі айқындалды.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Классический ингибитор протонной помпы препарат омез (омепразол) в лечении язвенной болезни // Фарматека. -2010, №15. - С. 34-38
  2. Мәдікенұлы Ө., Хирургиялық аурулар. - оқулық дәрістер. - Қарағанды - 2008. - 306 б.
  3. Дилданов М.К. Асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы ауруына қарсы қолданылатын дәрілік заттардың тиімділігін айқындау жолдары // ОҚМФА Хабаршысы. - 2014. - №3. 42-44 б.
  4. Лапина Т.Л., Ивашкин В.Т., Современные подходы к лечению язвенной болезни желудка и двенадцатиперстной кишки Русский медицинский журнал -2006-2015.-№6.-С.-32
  5. Вознесенский В.А. Статистические методы планирования эксперимента в технико-экономических исследованиях. - М., 1981.
  6. Иванова В.М., Калинина В.Н., Нешумова Л.А., Решетникова И.О., Математическая статистика. - М., 1982.-306 б .

Р

Другие статьи

В условиях интенсификации современного производства вопросы совершенствования профилактических основ здравоохранения, в частности, в плане сохранения трудовых ресурсов, приобретают особое значение
2010

Материалы и методы. В настоящей работе использованы материалы оперативного эпидемиологического анализа заболеваемости и данные из историй болезни.
2011

Крымская-Конго геморрагическая лихорадка (ККГЛ) на территории Казахстана занимает ведущее место среди природно-очаговых клещевых инфекций
2011

Высокая заболеваемость и безудержный рост сердечно-сосудистых заболеваний сокращают среднюю продолжительность жизни населения.
2011

Пациентов, которым проводят не кардиохирургические оперативные вмешательства, относят к группе высокого риска сердечно-сосудистой заболеваемости и смертности
2011

Отогенные абсцессы мозга встречаются чаще абсцессов мозга любой другой этиологии. Они наиболее часто локализуются в височной доле, вблизи от крыши барабанной полости и крыши сосцевидной пещеры
2011

Цель работы: Изучение эффективности немедикаментозных легкодоступных методов (Су Джок, фитотерапии) лечения у больных артериальной гипертензией.
2011

Важнейшей проблемой, входящей в клиническую деятельность врачей всех специальностей и представляющей непосредственную угрозу для жизни пациентов, является тромбоэмболия легочной артерии
2011

Инородные тела сердца наблюдаются относительно редко, как правило, в результате слепых огнестрельных и колотых ранений грудной клетки
2011

Тромбоз мезентеральных сосудов (ТМС) исключительно редкое сосудистое осложнение, наблюдающееся, главным образом, у людей пожилого возраста
2011

Известно, что илеоцекальный отдел служит узловым пунктом желудочно-кишечного тракта, при выключении которого возникают расстройства в виде поносов и нарушения обмена веществ
2011

Цель: сравнение эффективности первичной ангиопластики, фармакоинвазивного метода реперфузии и ТЛТ у больных с острым ИМ с подъемом ST в отделение реанимации и интенсивной терапии (ОРИТ).
2011