ТҮЙІН
Бүл статьяда қазақстандық азаматтардың орташа өмір сүру үзақтығының ерекшеліктеріне мен әлеуметтік - биологиялық көрсеткіштеріне және адам денсаулығына әсер ететін техногендік факторларға қысқаша әдебиеттік шолу жасалған.
Кілт сөздер: жыныс, генетика, денсаулық сақтау дәрежесі, гигиена, диета мен тағам сапасы және техногендік факторлар.
Қазақстандықтардың орташа өмір сүру үзақтығы 2013 жылы 0.69 өскен және 70.3 жасты қүраған. Орташа күтілген өмір үзақтығы қазақстандық ер азаматтардың орташа көрсеткіші 1.7, әйел адамдарда 1.1 өскен. Бүл мәліметтер жайлы ҚР - ның денсаулық сақтау вице-министрі Салидат Каирбекова онлайн - конференцияда ИА BNews.kz студиясында талқылады. Оның айтуынша, бүл көрсеткіш - 2012 жылы - 69.61, ал 2011 жылы - 69.01көрсеткішті қүраған. Денсаулық сақтау министрлігінің көрсеткіші бойынша, откен жылы ер адамдардың орташа жас көрсеткіші - 65.6, ал әйел адамдардың көрсеткіші - 74.8 қүраған. Қазақстандағы өмір жасының үзақгығының бүзылысы 2007 жылы 11.63, ал 2013 жылы 9.2 дейін томендеген [1].
Зерттеу нәтижелері: Зерттеу нысаны ретінде халықтың денсаулығын және олардың еңбек жағдайын, тіршілігін, өмір салты мен алғашқы медициналық-санитарлық жәрдемнің үйымдастырылу сапасын қамтитын қауіп факторлары алынды. Атап өтетін жағдай, мемлекеттік бағдарлама бойынша орташа өмір сүру жағдайын 2015 жылға дейін 70 жасқа көтеру жоспарланған. 2009 жылы ресублика халқында күтілген өмір жағдайының үзақтығы 68.6 жасты қүраған. 2008 жылғы мәліметтерді айтатын болсақ, ол 67.1 жас аралығында болған, демек күтілген өмір өмір жағдайының үзақтығы өскен.
Сонымен қоса айтайын дегеніміз, ер азаматтардың өмір жағдайының үзақтыгы 1.7 жасқа, ал әйел адамдарда ол 1.1 жасқа көтерілген. Сонымен қатар, ер адамдардың өлім көрсеткіші әйел адамдармен салыстырғанда көбірек. Мүмкін, ер азаматтардың арасындағы өлім көрсеткіштерінің жоғарылауы әлеуметтік мәселелерге байланысты шығар. Мүнда мынандай себептер болуы мүмкін, суицид, травматизм, шылым шегуге деген әуестенушілік, ішімдіктерді қолдану, инсульт, инфаркт, жүйке жүйесінің бүзылыстары және ер азаматтардың денсаулығының депрессиялық әсерге төзімділігінің төмендігі.
Ауылдық елді - мекендерде жоғарыда айтылған көрсеткіштер ерлерде 64.7 жасты, ал әйел адамдарда 73.5 жасты қүрайды. Ұзақ өмір немесе үзақ өмір сүру - адамның орташа өмір сүру үзақтыгының едәуір көтерілуі, сонымен қатар, адамның барынша үзақ өмір сүруімен сипатталатын әлеуметтік-биологиялық көрсеткіш.Көбінесе, өмір үзақтығы салауатты өмір салты мен қоршаған ортаның қолайлы факторларына байланысты.
Түрлі факторлар өмір үзақтығына себепші болады. Өмір сүрудің максималды үзақтыгы қүрылым нормалары мен туа біткен бейім генге ("Мафусаила гені") және де сыртқы факторларға байланысты. Ең негізгі адам өмірінің үзақтығына әсер ететін факторларға жыныс, генетика, денсаулық сақтау дәрежесі, гигиена, диета мен тағам сапасы, физикалық активтіліктің дәрежесі мен өмір салты және де әлеуметтік ортаны жатқызуға болады. Өмір үзақтығының орташа көрсеткіші елді - мекендер типіне байланысты өзгеше болып келеді. Халық денсаулығына әсер ететін түрлі бағдарлау факторлары төрт айқындама бойынша бағаланады: өмір салты, адам генетикасы (биология), сыртқы орта және денсаулық сақтау.
Сау организм қоршаған ортаның түрлі өзгерістеріне қалыпты жағдай жасап, барлық жағдайда өзгерістерге жауап бере алады, мысалы, температураның төмендеуі, атмосфералық қысым, ауадағы оттегінің өзгеруі мен ылғалдылық және т.б. Денсаулыққа кері әсерін тигізетін негізгі техногендік факторлар қоршаған ортаның химиялық және физикалық ластануы болып табылады. Сонымен қатар, бүл ластанулардың әсер ету мәселесі сандық жағынан толық шешілмеген.Көп жағдайда, кері әсер ету жағдайы тропикалық әсерге байланысты, себебі, негізгі ластану массасы жердің бетіне түседі (қатты заттар) немесе атмосферадан жауын- шашынның әсерінен шайылады. Апаттық жағдайларды ескермегенде, денсаулық жағдайын атмосфералық ауаға түскен, нақты бір ксенобиотикпен байланыстыру қиындау. Адамдардың масштабты зақымдануына этиологиялық факторлардан басқа, метеорологиялық жағдайларда кері әсерін тигізеді, бүл жағдай қауіпті заттардың сейілуіне негіз болады немесе керісінше.
ҚОРЫТЫНДЫ:
Адам өмірінің барлық кезеңі экологиялық фактордан бастап әлеуметтік факторға дейін, қоршаған ортаның барлық спектрлік факторларының түрақты ықпалында болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
- 1. Аликанова Л.Е., Жаксыбергенов А.М., Кошкарова А.М. Актуальные проблемы формирования здорового образа жизни населения РК. //Актуальные проблемы формирования здорового образа жизни, профилактики заболеваний и укрепления здоровья. - Алматы. 2008г. -№1. - С. 56-58.