Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Artemisia l. түқымдасының өсімдіктері - жаңа перспективті өсімдіктер

ТҮЙІН

Мақалада қазіргі әдебиеттерге талдау негізінде, жаңа дәрілік өнімдер алу мақсатында Artemisia туысының өкілдерін халық және ғылыми медицинасында зерттелуі мен қолданылуы көрсетілген.

Кілт сөздер: туран жусаны, дәрілік өсімдік шикізаты, , биологиялық белсенді заттар, дермене жусан, ащы жусан.

Біздің мемлекетіміздің негізгі міндеттерінің бірі халықтың денсаулығын жақсарту мен оны дәрімен қамтамасыз етуді дүрыс қолға алу. Бүл тапсырманың бір шешімі ретінде денсаулық сақтау тәжірибесіне жаңа әсерлі дәрілік заттарды, соның ішінде өсімдік тектес препараттарды дамыту және енгізу қарастырылған. Осыған байланысты Қазақстан флорасының жаңа перспективалық дәрілік өсімдіктерін анықтау, оларды зерттеу, оны тәжірибеге енгізу фармацевтикалық ғылымның маңызды мәселелерінің бірі. Оңтүстік Қазақстанның түрлі флорасы емдік қасиеті бар өсімдіктерге бай десек те оларды жеткілікті зерттелмегендіктен кең қолдануға мүмкіндік аз. Осыған орай фармацевтикалық ғылымның даму талаптарының ең маңызды шарттарының бірі - жаңа биологиялық белсенді қосылыстардың негізіндегі Туран жусаны өсімдігінен әйгілі отандық шикізат көздерін іздеу мен оларды қолдануға бағытталған.

Жусан эфир майлы өсімдік тобына жатқандықтан эфир майлы өсімдіктерді және олардың компоненттік қүрамын, биологиялық белсенділігін зерттеу өте өзекті,әсіресе Қазақстанның эфирмайлы өсімдіктерін зерттеу маңызды, себебі Қазақстан флорасы эфирмайлы өсімдіктерге бай. Бүл өсімдіктерден бөлінетін маңызды биологиялық белсенді заттар, эфирмайлары үлкен практикалық маңыздылыққа ие. Атап айтқанда, олар тамақ, косметика, фармацевтика өндірісінде, сондай-ақ медицинада, ароматерапияда кеңінен қолданылады. Қазақстанның денсаулық сақтау саласы және фармацевтика өндірісі өсімдіктектес жаңа және эффективті дәрілік заттарға сүранысы өте үлкен, өйткені дәрілердің 70-80 % импорт арқылы келеді.Өсімдік тектес дәрілерді яғни фитопрепараттарды қолдану өте үтымды, себебі олар аз уыттылықа ие, комплексті әсер етеді, қосымша әсерлерді бермейді, сондай-ақ олар арзан және оңай қолжетімді шикізат көзінен алынады. Халықтың да осындай препараттарға деген сүранысы үлкен. Эфирмайлы яғни ароматты және дәрілік өсімдіктердің химиялық қүрамын зерттеу, олардан қажетті негізгі компонентерді бөліп алу және модификациялау өте өзекті. Мүндай зерттеулерді жүргізе отырып біз Қазақстан Республикасының тамақ, косметика, фармацевтика, медицина салалары үшін арзан және қолжетімді шикизат көзімен қамтамасыз етеміз, сондай-ақ осы салалардың өндірістік процесіне елеулі үлес қосып қазіргі нарықтық экономикалық жағдайлардағы негізгі талаптарға сәйкес болуын қамтамасыз етеміз.

Оңтүстік Қазақстан облысында эфир майлы өсімдіктерден кең тараған Жусан туысы өкілдері болып табылады.

Медицина саласында кең қолданылатын өсімдіктердің бірі Жусан туысы өкілдері. Жусан туысы өсімдіктерінің қолданылуы халық және ғылым медицинасында жаңа дәрілік өнімдер алу мақсатында ботаникалық түқымдасының өкілдерін зерттеуге негізделген.

Қазақстанда өсетін эфирмайлы өсімдіктердің ішінде жусан түқымдастығы өсімдіктері маңызды. Жусан түқымдастығы өсімдіктері барлық географиялық және экологиялық зоналарда кеңінен таралған және 500-ден көп түрлері бар.

Жусан (Artemіsіa) -астрагүлділер түқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір немесе екі жылдық шөптесін өсімдіктер, жуан сүректенген тамырсабақты, биіктігі 30-150 см-ды қүрайтын жартылай бүталы, шөптесін өсімдік. Әдетте тік сабақты. Барлығында дерлік аздаған немесе көптеген қалың ақшылт және сүрғылт өрмелегіштері болады.

Жапырақтары саусақсалалы немесе қауырсынды тілімделген, түтас жиекті, үсақ жіңішке бөлікке бөлінген. Жапырақтары бүтақтарына кезектесіп, қарама-қарсы немесе топтасып орналасады, кейде олар жертаған түзіп қатты қысқарады. Төменгі жапырақтары ірілеу, ал ортаңғы мен үстіңгілері үсақтау.

Гүлдері үсақ. сары кейде қызғылт түсті, бастары жүмыртқа тәрізді, шар тәрізді диаметрі 1-10 мм-ді қүрайтын үсақ гүлшоғырға жинақталған. Себеттің сыртын гүл асты жапырақшалары жауып түрады. олардың жиынтығы орама түзеді. Себеттің үстіңгі беті жазықта, ойыста, дөңесте болуы мүмкін; тікенектермен немесе түктермен жабылған; іші толтырылған немесе қуыс. Гүлшоғыры жіңішке түтік тәрізді үлпек жабынмен қапталған қосжынысты. шеткілері жіп тәрізді даражынысты гүлдерден күралған.

Себеттері үзын шашақ. масақ, сыпыртқы тәрізді жинақталған. Кейбір түрлерінде тостағаншасы шеткі түтік тәрізді аналық гүлдері бір қатар бойымен және көптеген қосжынысты гүлдерден (Artemisia туыс тармағы); ал енді біреулерінде тостағаншадағы гүлдері аталықтар (Dracunculus туыс тармағы) немесе себеттегі түтік тәрізді қосжынысты гүлдерден түрады (Seriphidium туыс тармағы).

Жемісі тегіс, үсақ түқымша.

Қазақстанның барлық жерінде - шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Соның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында 37 түрі (шыбық жусан, ащы жусан, сирекбас жусан, шренк жусан, Қаратау жусан, үшкір жусан, дәрмене жусан, қатты жусан, ақшуғақ жусан, ұзын жусан, памир жусан,Черняев жусан, ақбалауыз жусан, келлера жусан, жоңғар жусан, түкті жусан, шашақты жусан, қасқа жусан, ақшыл жусан, қияқ жусан, турнефор жусаны, біржылдық жусан, тас жусан, австрия жусан, Ашурбаева жусан, рутажапырақ жусан, ащы жусан, сиверс жусан, шырылжын жусан, ермен жусан, сантолин жусан, парсы жусан, туран жусан, басты жусан, п.кемрудская, Тянь-Шань жусан, леман жусан) кездеседі және оны халық медицинасында: тамаққа тәбет ашуға, асқазан бүріп ауырғанда, аяқ астынан дене қүрысып, қалтырап діріл пайда болғанда (лихорадка), әсіресе аяқтағы көктамыр бадырайып шығып білініп түрғанда, қан жасушалары азайғанда, бауыр, көкбауыр ауырғанда, суық тигенде, үйқы қашқанда, іштегі паразит қүрттарды түсіруге және т.б. қолданады.

Жусанның химиялық қүрамы: жапырағында дәрумен А (каротин)- 12 мг , дәрумен С (аскарбин қышқылы)-175 мг, алкалоидтар, эфир майы, кумарин, шырышты заттар, тамырында- қантты заттар, эфир майы, инулин, алкалоид, сексвитерпенді сапонин, кумарин, шырышты заттар, иілік заттар, шөбінде- эфир майы ( цинеол, туйон, борнеол, камфен, а-пинен 0,6% дейін) , иілік заттар, шырышты заттар, дәрумен А, дәрумен С, гүлінде- сантонин, шырыш, май, эфир майы, ащы заттар.

Жусанның 17 түрі - сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі - дермененің дәрілік өсімдік ретінде ерекше мәні бар.

Халық медицинасында дермене жусаны жүрек талмасы бар науқастарға пайдаланады. Дәрілік шикізат ретінде тамырымен есепсіз жүлынғандықтан, бүгінде қатары қатты сиреген. Қазақтың халық емшілері ішек қүрты ауруына қарсы қолданған. Бабаларымыз бүл өсімдікті атам заманнан бері шет елдерге сауда керуендері арқылы көп мөлшерде жіберіп отырды. Қара жусанның тамырын тәбет ашуға, ішек, асқазан, бауыр, өт қалтасы ауруына пайдаланады.

Ащы жусан халық медицинасында қолданылуы: ащы ерменді ата-бабамыз ертден-ақ әр түрлі ауруларға қолданған. Бастың сақинасына, аяқ-қол сырқырағанда буланған. Асқазан ауруына түнбасын ішкен. Халық медицинасында: тамаққа тәбет ашуға, асқазан бүріп ауырғанда, аяқ астынан дене қүрысып, қалтырап діріл пайда болғанда (лихорадка), әсіресе аяқтағы көктамыр бадырайып шығып білініп түрғанда, қан жасушалары азайғанда, бауыр, көкбауыр ауырғанда, суық тигенде, үйқы қашқанда, іштегі паразит қүрттарды түсіруге және т.бВетеринария саласында қоюлау түнбасын паразит жәндіктерді қүрту үшін жағады. Күйіс қайыратын малдардың күйіс қайыруы бәсеңдесе үнтағын үнға, түзға, суға араластырып береді.

Түнбасын дайындау тәсілі: 1 қасық шөбін 5 асқасық спиртке (1/5) салып 7күнге қояды. Дайын болған түнбаны астан 30мин бүрын 15 тамшыдан күніне 3 рет ішеді. Судағы ерітіндісін дайындау үшін шөбінің 1 шай қасығына 2 стакан қайнап түрған ыстық су қүйып 20мин түндырады. Дайын болғанда асқа дейін 30мин бүрын стаканның 1/4 бөлігіндей мөлшерде күніне 3 рет ішеді. Жусанның дәрісін қабылдауды бір айдан асырмай арасында 1-2 апта үзіліс жасау керек

Қазақстанның орталық аймағында өсетін жусанның бір түрі - тықыр жусан деп аталады. Осы жусан түрінен көпжылдық ізденулердің нәтижесінде «Арглабин» деген жаңа дәрі жасап шығарды. Қазіргі кезде бұл дәрі әлемнің көптеген елдерінде - АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Қытай, Германия, Швеция т.б. таралып, қатерлі ісік ауруына қарсы қолданылуда.

Әдебиеттік басылымдарға сәйкес Туран жусанның (A.turanica Krasch) биіктігі 10 - 60 см, кейде 1,5 - 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын қүрайды. Қыркүйектен қазанға дейін гүлдейді. Жемісі - түқымша.

Таралуы: ОҚО барлық аудандарында (Бәйдібек, Түлкібас, Шардара, Түркістан,Арыс,

Ордабасы) кездеседі. Құмды жерлерде, тастың беткейлерінде, таудың етегінде өседі.

Химиялық құрамы: эфир майы, алкалоид, иілік заттар, флаваноид, кумарин, шырышты және шайырлы заттар бар.

Халық медицинасында қолданылуы: тыныштандыратын, ауырсынуды басатын, ыстық түсіретін, қабынуға, қүрттарға, саңырауқүлақтарға, микробқа қарсы әсер көрсетеді.

Сондықтан шикізат көздерін іздеу мен фитохимиялық зерттеу фармакологиялық белсенділігі жоғары, келешегі бар жаңа препараттарды жасап шығару актуалды мәселе болып түр.

Біздің зерттеудегі мақсатымыз Оңтүстік Қазақстанда өсетін туран жусаны өсімдігін фармакогностикалық және фитохимиялық зерттеу, сонымен қатар медицинада қолданылу мүмкіндігіне ғылыми дәйектеме беру.

ҚР өсетін туран жусаны өсімдігінің фармакогностикалық және фитохимиялық зерттеулері алғаш рет жасалынуда және зерттеу жалғастырылуда.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Растительные ресурсы СССР: цветковые растения, их химический состав, использование; семейство Asteraceae (Compositae).—СПб.: Наука, 1993.—С.140.
  2. Көкенов М.К., Әдекенов С.М., Рақымов Қ.Д. және б. Қазақстанның дәрілік өсімдіктері және оның қолданылуы. - Алматы: Ғылым, 1998.
  3. Т.Тәттімбетова, Жусанның емдік қасиеті - № 5, ПГУ им. С. Торайгырова, 58-596.C., 2012.
  4. Адекенов С.М. Способ получения антиатеросклеротического и гиполипидемического средства « Атеролид» из полыни беловатый Artemisia leucodes schrenk//ин.патент РК №23091, 15.11.10 г, бюл.№11.
  5. ГОУ Якутская научно-исследовательский институт сельского хозяйства Сибирского отделения РАСХН. Пищевая добавка из листев полыни обыкновенный (чернобыльника) //патент РФ №2353106, 27.04.09 г.
  6. Ханина М.А. Эфирное масло из полыни и способ его получения. // патент РФ №2356567, 27.05.09 г, бюл.№15
  • Жыл: 2014
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.