АННОТАЦИЯ
Жүрек-қантамыр жүйесі патологияларымен, соның ішінде артериалды гипертензиямен және жүректің ишемиялық ауруымен қатар келген ӨСОА бар 60 жастан асқан әйелдерде физикалық жүктемеге төменгі толеранттылығын көрсетті. Сонымен, жүрек-қантамыр жүйесінің патологияларымен, соның ішінде артериалды гипертензия мен жүректің ишемиялық ауруымен қатар келген өкпенің созылмалы обструктивті ауруының ағымын қиындатуы және аурудың болжамын нашарлататындығын болжауымызға болады.
Кілт сөздер: ӨСОА, ЖИА, жөтел, ентігу.
Кіріспе. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы (ӨСОА) - қазіргі таңда кең таралған аурулардың бірі болғандықтан, өмір сапасын төмендету және үзақгығының қысқаруына
әкелетіндіктен, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. БДҮ мәліметінен, әлемде ӨСОА 600 млн. жуық адам ауырады және 2020 ж. дейін бүл сан екі еселенуі мүмкін деген қауіп бар. Бүл аурудан өлім-жітім саны күн санап артуда, әсіресе, ХХ-ғасырдың 70-ші жылдарынан бері ӨСОА-нан еңбекке жарамды жастағы науқастар арасында өлім саны көбеюде [1]. ӨСОА - бронх өткізгіштігінің жартылай қайтымды бүзылысымен сипатталатын ауру. Вентиляцияның бүзылысы әдетте үдемелі сипатқа ие және өкпенің патогенді газдар мен оның майда бөлшектеріне ерекше қабынулық жауабымен сипатталады. Ауруға бейім түлғаларда ингаляциялық ирританттардың (темекі түтінінің, азоттың, озонның, шаң-тозаңның компоненттері) үзақ мерзімді экспозициясы нәтижесінде ӨСОА негізгі қүрам бөліктері: созылмалы бронхиттің, өкпе эмфиземасының дамуына алып келетін бронхтар қабырғасында және өкпе тінінде (эластолизистік деструкция) бір-бірімен тығыз байланысты патологиялық процестер (кілегей бөлуші элементтердің гиперплазиясы, бронхтық секреттің реологиялық қасиетінің бүзылуы) дамиды [2]. ӨСОА a1- антитрипсиннің детерминантты түқымқуалайтын жетіспеушілігі нәтижесінде де дамиды, дегенмен көпшілік жағдайда белсенді немесе пассивті темекі тарту, ауаның ластануы, кәсіби факторлардың (шаң, булар, химиялық тітіркендіргіштер), түрмыстық атмосфераның қолайсыздығының (түрмыстық химия т.б.) үзақ мерзімдік әсерлерінен де дамуы мүмкін [3].
Өкпенің вентиляциялық қызметін зерттеу барысында анықталатын жартылай қайтымды бронхтық обструкция - ӨСОА диагноздық стандарты болып табылады.
Айта кететін тағы бір мәселе ӨСОА тыныс жолдарының әртүрлі зақымдаушы бөлшектердің және газдардың әсерінен тоқтаусыз үдемелі обструкциясын тудырады. Өкінішке орай, қазіргі кездегі ғылыми деректер осы патологиямен аурушаңдықты төмендетпей отыр. Бүл мәселенің ерекше өзектілігі жер шарындағы экологиялық жағдайдың нашарлауымен, темекі тартатындар қатарының көбеюімен, кәсіби зияндықтардың әсерінің артуына, обструкциялық аурудың кеш
диагностикалануымен байланысты. Бүнда Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау үйымының мәліметі бойынша темекіге тәуелділік 17,1% еңбекке қабілетті түрғындардың өкпенің обструкциялық ауруларынан өлім себебін қүрайды [4].
Зерттеудің мақсаты: 60 жастан асқан әйелдерде өкпенің созылмалы обструктивті ауруына жүрек-қантамыр жүйесі патологияларының әсерін бағалау.
Материалдар мен әдістер: егде жастағы әйелдердің өкпенің созылмалы обструктивті ауруына жүрек- қантамыр жүйесі патологияларының әсерін бағалау үшін біз 3 топ әйелдерді салыстырдық. Бірінші топқа өкпенің созылмалы обструктивті ауруымен ауыратын 19 әйел, екінші топқа артериалды гипертензиямен қатар келген ӨСОА бар 25 әйел, үшінші топқа артериалды гипертензиямен және жүректің ишемиялық ауруымен қатар келген ӨСОА бар 22 әйел қарастырылды. Салыстыру топтарында өкпенің созылмалы обструктивті ауруы ағымының бірқатар ерекшеліктері анықталды. Зерттеу нәтижелері: ӨСОА-ның жеңіл ағымы ӨСОА-мен ауыратын әйелдер тобындағы жағдайы (18,5%) сияқты, жүрек-қантамыр жүйесі патологиясымен қатар келген ӨСОА тобындағыларда да бірдей (17,84% және 17,76%) пайыздық қатынаста кездеседі. ӨСОА ауыратын әйелдер тобында орта ауырлықтағы ағымдағы науқастар (69,48%) басым келеді, ауыр ағымды ауруы бар науқастар төменгі пайыздық қатынаста (10,91%) кездеседі. Артериалды гипертензиямен қатар келген ӨСОА бар әйелдер тобында аурудың орта ауырлық формалары саны төмендейді және 56,49% қүрайды, ауыр ағымды ауруы бар науқастар саны 23,36% дейін артады. Артериалды гипертензиямен және жүректің ишемиялық ауруымен қатар келген ӨСОА бар әйелдер арасында аурудың ауыр ағымы 38,22% дейін артады.
Бүл мәліметтерді алу үшін біз шағымдар, анамнез және зертханалық-аспаптық мәліметтерді қамтитын кешенді клиникалық және аспаптық тексерулан жүргіздік.
Егде жастағы әйелдерде жүрек-қантамыр жүйесі патологияларымен қатар келген ӨСОА-ның жөтел сияқты белгісінің сипаттамасы өзгереді. Бірінші топтағы науқастың басым бөлігінде (53,62%) таңғы уақыттағы сирек жөтел анықталды. Жүрек-қантамыр жүйесі патологияларымен қатар келген науқастардың жартысынан көбінде күні бойы жөтелдің болуы анықталды. Соның ішінде ӨСОА мен артериалды гипертензия қатар келген топта бүл көрсеткіш 68,12%, ал артериалды гипертензиямен және жүректің ишемиялық ауруымен қатар келген ӨСОА бар науқастар тобында бүл көрсеткіш 79,84% қүрады. Барлық үш топтағы науқастар арасында ауру ағымы артқан сайын, күні бойы мазалайтын түрақты жөтелге шағымданатын науқастар саны арта бастады, және тек таңғы уақыттағы жөтелге шағымданатын науқастар үлесі төмендейтіні анықталды.
Науқастардың екінші шағымы болып ентігу анықталды. ӨСОА бар науқастардың көпшілігі ентігуді күштемелі тыныс және ауаның жетіспеуі сезімі ретінде бағалады. Ентігудің айқындылығы және оның физикалық жүктемеге тәуелділігі MRC шкаласы бойынша анықталды. Ентігудің науқас белсенділігінің төмендеуі дәрежесіне әсер етуінің пайыздық қатынасы, жүрек-қантамыр жүйесі патологияларымен қатар келген науқастардың физикалық жүктемеге анағүрлым төменгі толеранттылығын көрсетеді. Физикалық жүктемеге аурудың барлық сатыларындағы ағымына толеранттылығын салыстырғанда топтардағы ерекшеліктер анықталды (1-кесте).
Жүрек-қантамыр жүйесі патологиялары жоқ ӨСОА жеңіл ағымындағы барлық әйелдерде айтарлықтай айқын физикалық жүктеме кезінде ентігудің болуы анықталды. Артериалды гипертензиямен қатар келген ӨСОА науқастар тобы мен артериалды гипертензиямен және жүректің ишемиялық ауруымен қатар келген ӨСОА науқастар тобы аурудың жеңіл ағымында тура жолмен жылдам жүргенде және немесе аздап жоғарыға көтерілгендегі ентігуге шағымданды (40% екінші топта және 75% үшінші топта).
Орта ауырлықтағы және ауыр ағымдағы ӨСОА ентігу деңгейі мен артериалды гипертензиямен және жүректің ишемиялық ауруымен қатар келген ӨСОА науқастардағы ентігу деңгейімен сай келеді. Тек қана ӨСОА бар әйелдердегі ентігу науқастардың белсенділігін аса шектеген жоқ және 3 балл көрсеткішінен артқан жоқ.
Қорытынды. Сонымен, жүрек-қантамыр жүйесі патологияларымен, соның ішінде артериалды гипертензиямен және жүректің ишемиялық ауруымен қатар келген ӨСОА бар 60 жастан асқан әйелдерде физикалық жүктемеге төменгі толеранттылығын көрсетті. Сонымен қатар, жүрек- қантамыр жүйесі патологияларымен ассоциацияланған ӨСОА науқастанған әйелдерді жүрек- қантамыр жүйесі патологиялары жоқ ӨСОА бар әйелдер тобымен салыстырғанда, ауру ағымының жеңіл түрінің өзінде MRC шкаласы бойынша ентігудің балл бойынша жоғары градациялары анықталды. Дәл осындай көрсеткіш ӨСОА орта ағымы және ауыр ағымында да сақталды.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Айсанов З.Р., Калманова Е.Н., Чучалин А.Г. Хроническая обструктивная болезнь легких в сочетании с сердечно-сосудистыми заболеваниями: лечение ингаляционными холинолитическими препаратами. - Терапевтический архив. 2004. №12. С.81-82.
- Глобальная стратегия диагностики, лечения и профилактики хронической обструктивной болезни легких (пересмотр 2011 г.) / Пер. с англ. под ред. А.С. Белевского. - М.: Российское респираторное общество, 2012. - 80 с., ил.
- Козлова Л.И. Хронические обструктивные заболевания легких и ишемическая болезнь сердца: некоторые аспекты функциональной диагностики. - Пульмонология. 2001. №2. С.913.
- Хроническая обструктивная болезнь легких. Федеральная программа/ Под ред. акад. РАМН, профессора А. Г. Чучалина.-2-е изд., перераб. и доп.-М., 2004.- 61 с.