Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Inula туысы өсімдіктерінщ емдік қасиеттері және медицинада қолданылуы (шолу)

АННОТАЦИЯ

Бүл жүмыста аңдыз туысы өсімдіктерінің емдік қасиеттері мен дәстүрлі және халық медицинасында қолданылуына жалпы шолу жасалынған. Қара аңдыздың биік аңдыздан ботаникалық қүрлысы мен биологиялық белсенді заттары бойынша ерекшеліктері көрсетілген.

Кілт сөздер: дәрілік өсімдіктер, аңдыз туысы, биік аңдыз, қара аңдыз, британ аңдызы, талжапырақты аңдыз, герман аңдызы.

Өсімдіктекті дәрілік препараттар медициналық көмектің бағалы және қолжетімді ресурсы болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымы (ДДҰ) олардың қауіпсіздігін және қолдануға тиіміділігін мақүлдады. Сонымен бірге, дәрілік өсімдіктер жаңа фармацевтикалық дәрілік түрлер үшін бағалы шикізат болып табылады. Жаңа фитопрепараттар алуға деген қызығушылық, олардың синтетикалық қүралдармен салыстырғанда аз улылығына және жағымсыз әсерлерді сирек шақыруына байланысты туындап отыр [1,2].

Өсімдіктекті дәрілік препараттар қүрамында биологиялық белсенді заттардың (ББЗ) комплексті болуымен, жағымсыз әсерлер қаупінің пайда болмауына байланысты үзақ уақыт қолданылуымен, дәрілік өсімдік шикізаты қүрамындағы ББЗ үйлесімділігімен ерекшеленеді. Әсер етуші заттардың жиынытығы олардың жоғары тиіміділігін және қолдану аясының кеңдігін қамтамасыз етеді [3,4].

Қазақстандық табиғи флора әр алуан түрлілікпен сипатталады, 6 000 аса өсімдік түрлері бар, олардың арасында 667 өсімдік эндемиялық түрге жатады және олардың көбінің құрамындағы ББЗ іс- жүзінде зерттелмеген. Сондықтан, жабайы өсетін флора өсімдіктерін фитохимиялық және фармакогностикалық зерттеу перспективті бағыттардың бірі болып саналады [2].

Заманауи фитотерапия арсеналындағы дәрілік өсімдіктердің орасан зор түрлері арасында, фармакологиялық белсенділігі ғылыми расталмаған, бірақ әртүрлі елдердің халық медицинасында мыңдаған жылдар бойы табысты қолданылып келе жатқан өсімдік түрлері бар. Осындай өсімдіктердің түрлерінің бірі болып, күрделігүлділер тұқымдасына жататын, көпжылдық, сирек біржылдық және екіжылдық шөптер, кейде бұталар түрінде болатын, Еуропа, Азия және Африкада 200-дей түрі таралған Inula туыстасы табылады [5].

Inula туысының дәстүрлі және халық медицинасында кең қолданысқа ие болған түрі - биік аңдыз (Девясил высокий - Inula helenium L.). Осы өсімдіктің әртүрлі бөліктерінен алынған препараттардың ыстық түсіретін және қабынуға қарсы, қақырық түсіретін және құрт ауруына қарсы, антисептикалық және жараны жазатын, несеп және тер айдайтын, бырыстырғыш, бүркегіш және құртқа қарсы әсерлері бар. Сонымен бірге, аңдыздың әр түрінен алынған препараттардың өт айдайтын және өт түзетін, тыныштандыратын да әсерлері белгілі [6,7].

Халық медицинасында биік аңдыздың препараттарын ауырсынулы етеккір кезінде, геморрой, ішектер қабынуларында, бүйрек және бауыр ауруларында, бырыстырғыш зат ретінде әр түрлі іш өтулерде, қызыл иектің қабынуында қолдануды ұсынады. Сонымен бірге несеп айдайтын және ішек құрттарына қарсы құрал ретіндеде пайдаланылады [8,9].

Қазақстан және Орта Азия территориясында биік аңдыздан өзге қара аңдыз (Девясил большой - Inula grandis Schrenk (Inula macrophylla L.), кең таралған, ол биік аңдыздан бірқатар ботаникалық ерекшеліктері және жеке ББЗ ерекшеленеді.

Қара аңдыз - биіктігі 0,5-2 м дейін жететін, ірі, жуан, тармақталған тамырлары бар көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тік, жоғарыдан қарағанда бұгақты, түкті. Жапырақтары көн тәрізді, жылтыр, аралы-тісті, жоғарыдан қарағанда жалаңаш, астынан қарағанда таңбалы бездері бар; тамыралды жапырақтары кең эллипс тәрізді, қысқа шыбықты; сабақты жапырақтары - ұзындау- эллипс тәрізді, отырған; жоғарғылары - ланцетті. Гүл себеттері сары, гүл табақшасына жинақталған. Себеттегі шеткі гүлдері тілшелі, ортасы түтікшелі. Жемісі - ұрық, бура түсті, цилиндр пішінді, айдарды. Маусым-тамыз айларында гүлдейді.

Қара аңдыз биік аңдыздан қатты, көн тәрізді жапырақтары, ланцет тәрізді, өткір жапырақшалары, майда себеттерімен (диаметрі 6,5 см дейін) ерекшеленеді.

Емдік мақсатта тамырсабақтары және олардан шығатын тамырлары қолданылады. Олардың құрамында эфир майлары (1—3%), иілік заттар (5%), сапониндер, сесквитерпенді лактондар (3 %), шайырлар, шырышты және ащы заттар, корич, миристи және пальмитин қышқылы бар. Сонымен бірге, тамырларында 44% дейін инулин және псевдоинулин болады.

Бүркегіш, антисептикалық, қақырық түсіретін, несеп айдайтын, құрт түсіретін және тыныштандыратын әсерлері бар. Балауса жас өркендерін тәбет төмендегенде қолданады. Кептірілген гүл себеттерін шай сияқты демдейді де, онымен қызыл иектің қабынуында ауызды шаяды [10,11,12].

Британ аңдызы (Inula britannica L.-биіктігі 20-60 см, көлденең цилиндрлі тамырсабақтары бар көпжылдық шөптесін өсімдік. Өсімдіктің қабынуға қарсы, антисептикалық, тер айдайтын, жараны жазатын, ауырсынуды басатын, іш жүргізетін және несеп айдайтын әсерлері бар. Шөбінің сулы тұнбасын геморрой, іш өту және қан кету кезінде қолданады, сонымен бірге қақырық түсіретін және несеп айдайтын құрал ретінде де қолданады. Өсімдіктің майдаланған жас жапырақтарын қанап тұрған, іріңді жарақаттар мен жараларға, құтырған жануарлар тістеген жерлерге таңады. Орта Азияның халық медицинасы британдық аңдыздың жапырақтарынан алынған қайнатпаны асқазан ауруларында және тоқ ішектің қабынуы кезінде қолдануды ұсынады. Беларусияның халық медицинасында өсімдіктің (тамырларымен бірге) қайнатпасын құрттарға қарсы және маскүнемдікке қарсы ішеді. Шөбінің қайнатпасымен жараларды жуады, сулы және спиртті тұндырмасын әйел жыныс ауруларында ішеді [12,13,14,15].

Талжапырақты аңдыз (Девясил иволистный - Inula salicina L.) - тік сабақтары бар, тамырсабақты көпжылдық шөптесін өсімдік. Химиялық құрамы зерттелмеген. Өсімдіктің құрамында, негізгі бөлігі геленин болып табылатын эфир майларының бар екендігі мәлім. Өсімдіктің несеп айдайтын, бырыстырғыш, қан тоқтататын, антисептикалық, қабынуға қарсы және тыныштандыратын әсері бар. Шөбінің қайнатпасы және тұнбасы улы жыландар шаққанда, баспа, қан

кету, тері бөртпелерінде, қояншық ауруларында, балалардың «талма» ауруларында ішке

қабылданады. Майдаланған жас жапырақтарын іріңді жараларға, ойық жараларға таңады [5,12].

Табиғи түрде тек Кавказдың субальпілік белдеуінде өсетін әдемі аңдыз (Девясил великолепный - Inula magnifica Ь.)атына сай сәулетті, қуатты, қалың әжімді сабақтары бар, биіктігі 2 м дейін өсетін өсімдік. Нағыз көпжылдық өсімдік. Әдемі аңдыз тыныс жолдарының созылмалы аурулары: бронхит, трахеит, өкпе қүрты және көп бөлінділі бронхитте қақырық түсіруші қүрал ретінде қолданылады [10,11].

Түкті аңдыз (Девясил волосистый - Inula hirta ) - көпжылдық, салбыраған қатты түктері, жайыла тармақталған тамырсабақтары бар, биіктігі 10-50 см өсімдік. Химиялық қүрамы зерттелмеген. Қүрамында эфир майларының бар екендігі белгілі. Өсімдіктің несеп айдайтын, тер айдайтын, бырыстырғыш, антисептикалық, жараны жазатын әсерлері бар. Шөбінің сулы түнбасын суық тиюде ішеді. Шөбінен дайындалған ваннаны шірінше және балалардың мешел ауруларында қолданады. Майдаланған жас жапырақтарын жараға тезірек жазылу үшін таңады [11].

Кәдімгі аңдыз (Девясил обыкновенный - Inula conyza DC.) - дөңгелек бұтақты сабақтары бар, жүмсақ-киізді екіжылдық шөптесін өсімдік. Химиялық қүрамы зерттелмеген. Қүрамында эфир майларының бар екендігі белгілі. Кәдімгі аңдыздың жағымсыз иісі бар. Өсімдік несеп айдайтын, жел айдайтын, инсектицидті, антисептикалық, қабынуға қарсы, ауруды басатын және жараны жазатын әсерлерге және менструалды қан кетуді күшейтетін қасиетке ие. Шөбінің сулы түнбасын ентікпе, кеуде аурсынулары кезінде қолданады, несеп және жел айдайтын қүрал ретінде және алдын алу қүралы ретінде әртүрлі жүқпалы ауруларда қолданады. Майдаланған шөптерін іріңді жарақаттарға, жараларға, соққы, сынық орындарына таңады, ал сулы түнбасымен тері бөртпелерін жуады [16].

Германия аңдызы (Девясил германский - Inula germanica L.) - тарамданған тамырсабақтары қабыршықтармен жабылған, биіктігі 30-80 см болатын көпжылдық өсімдік. Өсімдіктің қабынуға қарсы, жараны жазатын, ауруды басатын және әлсіз несеп айдайтын әсерлері бар. Оны секреторлы қызметі төмен гастритті емдеу кезінде қолданады. Майдаланған жас жапырақтарын қанап түрған іріңді жараларға және ойық жараларға таңады [16].

Жапон аңдызы (Девясил японский - Inula japonica,Thunb.) - биіктігі 1м дейін жететін, үсақ қабырғалы қызылдау сабақтары бар көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабақтарының жоғарғы бөлігі бұтақты, кішкене төмпешіктерінен шыққан ақ үзын шашақтарымен жабылған. Жапырақтары ірі, эллипс пішінді, шеттерінде үсақ тісшелері бар, үстіңгі жағы жалаңаш, төменгі жағында салбыраған қалың шашақтары бар және майда бездері бар. Гүл жапырақтары ланцет пішінді. Гүлдері сары, көлденеңінен 4 см дейін себеттерін қүрайды, олар өз кезегінде 5-12 ден гүл табақшасына жиналады. Шілде-қыркүйек айларында гүлдейді.

Жапон аңдызы негізінен Оңтүстік Куриль аралдарында көптеп таралған. Шабындық, батпақты және орманды жерлерде кездеседі. Өсімдік толығымен зерттелмеген.

Жапон аңдызының қүрғақ гүлдерінің қайнатпасын клизма түрінде ауырсынуды басатын және қан тоқтататын қүрал ретінде геморройда қолданады. Сонымен бірге, жапон аңдызының геморроидальды түйіндердің көлемін азайтатыны байқалған.

Халық медицинасында жапон аңдызы қабынуға қарсы, қан тоқтататын және несеп айдайтын қүрал ретінде қолданылады. Дәрілік шикізаты ретінде жапон аңдызының шөбі қолданылады [5,17,18].

Келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, аңдыз туысы өсімдіктерінің, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысында кең таралған қара аңдыз өсімдігінің жаңа дәрілік препараттар алуда табиғи шикізат қоры бола алатындығына көз жеткізуге болады. Осындай жабайы өсетін өсімдік шикізаттарын қолдану, өсімдіктекті дәрілік препараттар өндіретін өнеркәсіптер үшін экономикалық тиімді болып табылады.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. - Шымкент -2008ж.- 346 б. ISBN 9965-435-97-9
  2. Адекенов С.М. Новые оригинальные фитопрепараты. Перспективы применения в медицине и организация их производства // Материалы международной научно-практической конференции «Фармация Казахстана: интеграция науки, образования и производства» - Шымкент, 2009. - С. 200-203.
  3. Токсанбаева Ж.С., Махатов Б.К. Ресурсно-сырьевые исследования лекарственных растений семейства Asteraceae флоры Южного-Казахстана // Материалы международной научно- практической конференции «Фармация Казахстана: интеграция науки, образования и производства» - Шымкент, 2009. - С. 281-285.
  4. Дрозд Г.А., Сухомлинов Ю.А., Соловьев С.С. Безопасность лечения с помощью лекарственного растительного сырья // Материалы международной научно-практической конференции «Фармация Казахстана: интеграция науки, образования и производства» - Шымкент, 2009. - С. 281-285.
  5. Нужный В.П., Ефремов А.П., Забирова И.Г. и др. Влияние экстрактов девясила (Inulasp.) на показатели фармакодинамики и фармакокинетики этанола у экспериментальных животных // Наркология, 2004, №8, С.21-27.
  6. Биханова Г.А., Алдиярова Н.Т., Мавлюдова Н.М., Рамазанова А.А. Фармакология девясила // Фармацевтический бюллетень, 2005,- №3,- С.50-53.
  7. Баймухамбетов М.А., Рахимов К.Д., Алимгазинова Б.Ш., Нургожин Т.С. Фитотерапия сердечно-сосудистых заболеваний. - Алматы, 2000. - 320 с.ISBN-9965-510-03-2
  8. Муравьева Д.А., Самылина И.А., Яковлев Г.П. Фармакогнозия: Учебник.- 4-е изд., перераб. и доп.- М.: ОАО «Издательство «Медицина», 2007. - 656 с.: ил.ISBN 5-225-04714-9
  9. «Лекарственные и пищевые растения Казахстана в терапии некоторых заболеваний» - популярное справочное руководство под редакцией проф. К.У.Ушбаева, г. Алматы, 2005 г. - 158 стр.
  10. Қыдыралиев Б.С., Тойшиева Б.Т. Қара аңдызды медицинада қолдану мүмкіндіктері // Материалы Международной научно-практической конференции «Фармация Казахстана: интеграция науки, образования и производства» - Шымкент, -2009, - С.56-58.
  11. Турова А.Д., Сапожникова Э. Н. Лекарственные растения СССР и их применение.— 4-е изд. Стереотип.— М.: Медицина, 1984, 304 с., ил.
  12. ПрозороваТ.А., ЧерныхИ.Б. КормовыерастенияКазахстана.- Павлодар 2004- 278с.
  13. Kim S.R. et all. Flavonoids of Inulabritannica protect cultured cortical cells from necrotic cell death induced by glutamate. // Free Radic. Biol. Med. - 2002. - Vol.32(7). - P.596-604.
  14. Song Q.H. et all. Effects of Inula Britannica on the production of antibodies and cytokines and on T cell differentiation in C57BL/6 mice immunized by ovalbumin.// Am. J. Chin. Med. - 2002. - Vol.30(2-3). - P.297-305.
  15. Park E.J., Kim J. Cytotoxic sesquiterpene lactones from Inulabritannica. // Planta Med. - 1998. - Vol.64(8). - P. 752-754.
  16. Лавренова Г.В., Лавренов В.К. Полная энциклопедия лекарственных растений. - М.: АСТ; Донецк: Сталкер, 2008. - 416 с.: 16 л. ил.ISBN 978-985-16-4968-2
  17. (Harvala E. et all. Cytotoxic germacranolides from Inula verbascifolia subsp. methanea. // J. Nat. Prod. - 2002. - Vol.65(7). - P. 1045-1948.,
  18. Yang C., Wang C.M., Jia Z.J. Sesquiterpenes and other constituents from the aerial parts of Inula japonica. // Planta Med. - 2003. - Vol.69(7). - P. 662-666.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.