Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Токсикологиялық химиядан сөж үйымдастыру және бағалау барысындағы әдіс-тәсілдер

ТҮЙІН

Мақалада авторлар дәріс, зертханалық және кеңес беру сабақтарының сапасын жоғарылату мақсатында студенттердің өз бетінше жүмыстарының негізгі жүмыс сәттерін және мысалдарын келтірген. Дидактикалық материалдарды - тесттік тапсырмаларды, дидактикалық және ақпараттық карточкаларды, жауаптары бар шаблондарды әзірлеуде оқытушының маңызды рөлі, күнделікті шығармашылық және ауыр жүмысы көрсетілген.

Кілт сөздер: дидактика, тиімділік, себеп, ақпарат, әдіс-тәсілдер, карточкалар, студент, оқытушы.

Жаңа материалды оқу барысында студенттерді өз бетінше жүмыстарды (СӨЖ) орындауға қатыстырудың әр түрлі әдіс-тәсілдері бар. Бүл әрине баршамызға белгілі жәйт. Мысалы, дәрісті оқып жатып толық бір ой төңірегінде сүрақ қоюға, жаңа тақырып бойынша ақпаратты тыңдап, соңынан қысқаша түсінікті айтуға болады. Соңғы уақыттарда кеңінен қолданыла бастаған бүл әдістің тиімділігі өте жоғары. Себебі, әр бір сәтте студент өзінен оқытушының тарапынан талап етілетінін сезінгендіктен толық дәрісті тыңдап, жақсы баға, яғни, жақсы білу үшін оны қысқаша жазып отыруға мәжбүр және міндетті де. Яғни, студент үшін басты себеп (мотивация) сүраққа жауап беру үшін дайын қалыпта болу. Бул жерде психологиялық фактор да үлкен роль атқарады. Мүндай дәрістерді муқият жазып, дайын болу үшін студенттер бос уақытта миды тынықтыру керек екендігін түсінеді. Ал ол үшін әр бір бос уақытты тиімді пайдалану керек. Студенттерге бул жағдайлар туралы оқытушы (дәріскер, тәлімгер) тарапынан да алдын-ала айтылады да және СӨЖ уйымдастыру және жүргізу туралы кеңестер беріледі де. Екінші жағынан, оқытушы аудиторияның толық жумыс жасап оқу үрдісіне қатысып отырғанын бақылайды.

Дәрістің барысында үйде алдын-ала әзірленген дидактикалық карточкаларды пайдаланған дүрыс. Себебі олар уақытты үнемдеп және оны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бул үнемделген уақытты жаңа тақырып бойынша қызықты материалдарды оқып шығуға жумсауға болады немесе әр бір сураққа келтірілген мысалдарды көбейту үшін пайдалануға болады. Әрине, СӨЖ ретінде тапсырма беру арқылы бул карточкаларды әзірлеуге студенттерді жумылдыруға болады. Бул жағдайда студенттердің жумысы міндетті түрде бағалануы керек. Жумыстың бул түрлерін силлабустағы реферат, баяндама, пікір жазу, тесттерді қурастыру сияқты тапсырма түрлеріне енгізу қажет, яғни рәсімдеу керек. Ол үшін алғашқы 1-2 дәрісті оқытушы оқып, соңынан карточкаларды таратып, олармен жумыс жасау керек. Бір жағынан аудиторияның мундай біріккен жумысқа дайындығын және ынтасын байқауға болады. Ол үшін көп уақытты алмау керек (кем дегенде 15 минут). Себебі дәрістің материалы көлемді. Бул әдіс-тәсілдерді жумысқа жаңадан келген, яғни тәжірибесі аз оқытушылар үшін үйрену пайдалы. Топтың білім сапасы төмендеген жағдайда тәжірибесі мол профессор-оқытушылармен, кеңесіп қандай қателіктердің болғанын талдау керек. Сонда міндетті түрде оқытушының жумысы өз нәтижесін береді.

Енді карточкалар туралы толығырақ тоқталып өтейік. Мүмкін болса, карточкаларды электронды түрде дайындап, интерактивтік тақтада көрсету керек. Карточкаларда келесідей мағлуматтар болуы мүмкін және ол оқытушының шығармашылық устанымына байланысты. Мысалы, карточканың 1-ші нусқасының мазмуны: ксантиннің туындыларына химиялық реакцияларды жүргізу үшін реактивтердің жиынтығы берілген. Осы реактивтердің ішінен мурексидтік татпаны жасау үшін керек реактивтерді көрсету керек.

Мундай карточкалармен жумыс жасағанда оқытушы топтың студенттерін өзі ғана білетін белгілі ретпен орнынан көтеруі тиімді. Карточкалар бойынша толық дурыс жауап болмаған жағдайда топтың басқа студенттері араласа алады. Әдетте дәріс материалдары алдын-ала силлабуста көрсетілгендіктен және оларға дайын болғандықтан студенттер жауаптары дурыс болады. Карточкалардың 2-ші нусқасының мазмуны: ксантиннің туындыларын спектралдық анықтау үшін келесі толқын узындықтары берілген - 270 нм,272 нм, 273 нм. Осы толқын узындықтарының қайсысында ксантиннің туындыларын анықтау жүргізіледі?

СӨЖ тапсырмаларын студенттер жеке қабілеттеріне лайықтап бөлу жумысты уйымдастырудың басты шарты. Бул мәселе критерилі бағалау технологиясы турғысынан да талап етіледі. Қарапайым мысал келтіреміз. Студент Омаров А. 90-100 балл аралығындағы тапсырмаларды орындай алады. Ал Мухтаров Б. 75-89 балл аралығындағы тапсырмаларды орындай алады. Олай болса, студент Мухтаровқа 90-100 балл аралығындағы тапсырмаларды орындай аламын деп оларды алудың ешқандай қажеттілігі жоқ. Алайда, уақыт келе Мухтаров өз деңгейін жоғарылата алады. Ол осыған умтылуы керек. Сол сияқты 51-74 балл аралығындағы тапсырмаларды да СӨЖ-ге енгізу керек. Яғни, әр бір студент өзінің қабілеттілігіне қарай тапсырмаларды орындауға алады. Сондықтан да карточкалардың 3 деңгейде жасалуы шарт болады. Ал олардың нусқаларының саны 3-тен кем болмауы керек. Қажеттілігіне қарай, яғни студенттердің санының артуына байланысты келесі оқу жылында нусқалардың санын 4-ке және т.с.с. жеткізуге болады. Карточкалардағы тапсырмаларды орындау барысында студенттерден талдау, ойлау, салыстыру, дәлелдеуді және қорытынды жасай алуды қажет ету керек. Сонымен бірге студенттердің оқып жатқан және өткен сабақтарынан да пәнаралық байланыстарды орнату мақсатында сурақтарды СӨЖ барысында қарастыру тиімді. Бул жағдайда студенттердің басқа пәндер бойынша білімдерін өз бетінше қайталап және дамытып жүруі байқалады.

Дидактикалық материалдардың көмегімен студенттердің пәнге деген қызығушылығын бірте-бірте жоғарылатуға болады. Дидактикалық карточкалардағы материалдарды бастапқы уақытта оқулықтардан, лабораториялық практикумнан, әдістемелік нусқаулардан алып, соңынан көлемді оқулықтарға, ғылыми журналдарға, монографияларға, яғни күрделі материалдарға көшуге болады. Мундай ғылыми бағыттағы әдебиеттердің көздерінен алынған тапсырмалардың балдары 90-нан кем болмауы керек. Мундай деңгейдегі жумыстарды орындай алатын студенттерді кафедраның мәжілістерінде ерекше атап өтіп, оларды аналитикалық химия, фармацевтикалық химия және токсикологиялық химия пәні олимпиадаларына және ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысуға бірден-бір үміткер ретінде атап отыру келешекте өз тиімділігін береді. Студенттер өз-ара білімдерінің деңгейлерін салыстырып, бір-бірімен ақпаратпен алмасып, қарым- қатынас орнатады.

Дәрістерді сабақ кестесі бойынша зертханалық сабақтардан кейінгі күнге қойған жағдайда СӨЖ тапсырмалары бойынша әзірленген дидактикалық карточкалардың тиімділігін тағы пайдалануға болады. Әрине, студенттерге дәрістердің электрондық нүсқалары және тезистері алдын-ала беріледі. Алайда, дидактикалық карточкалармен жүмыс жасаған студенттердің ғана дәріс кезінде белсенділік танытатындығы білім беру жүйесінің тәжірибесінде анықталған.

Дидактикалық материалдардың келесі бір түрлері мәселені шешуге байланысты жасала алады. Мүндай карточкаларда білім алуға ынтасы жоғары студенттер үшін қызықты. Мысалы. карточканың 3-ші нүсқасы: жүппен жүмыс жасау барысында ксантиннің туындыларына жүргізілген реакция А және Б жүбында оң нәтиже берді. ал В және Г жүбында оң нәтиже берген жоқ. Себебін түсіндіріңіздер.

СӨЖ элементтері зертханалық сабақтардың барысында да кең байқалады. Қазіргі уақытта зертханалық сабақтарда топтың күрамында 10 студент қатысады. Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру үшін тесттер қолданылады. Осы кезеңдегі басты мақсат - тесттердің сабақ тақырыбындағы материалдың көлемін толық қамтылуы. Бүл жерде студенттердің өтілетін сабаққа дайындалып келетіндігін ескеру керек. Сонымен бірге бақылау жүргізгенде өткен сабақтардың тақырыптары бойынша материалдан сүрақгарды енгізу тиімді. Бақылау кезінде оқу үрдісіндегі әр студенттің жеке басынының қабілетіне қарай сүрақтар берілген тесттер де болуы керек. Себебі. орташа деңгейдегі дайындығы бар студент босқа қарап отырып қалмауы керек. Осы жағдайды көптеген оқытушылар үмытып кетеді. Сонда ғана студенттер өзінің үнемі оқытушының тарапынан бақылауда екенін сезінеді. Бүл студентке психологиялық әсер етеді. Студент өзін еңбектенуге мәжбүрлейді, яғни мүндай оқу үрдісінің бақылау сатысының тәрбиелік маңызы бар.

Зертханалық сабаққа дайындалу барысында СӨЖ негізгі кезеңдері (ксантиннің туындыларына ХТТ жүргізу):

  1. .Сабақтың барысында қандай қосылыстармен жүмыс жасалады ?
  2. .Қосылыстарды бөліп алу және қоспалардан тазалау әдістерінің өзара үқсастығы және айырмашылықтары қандай ?
  3. .Алынған қосылыстар үшін қандай химиялық реакцияны орындау қажет және қандай реактивтер қажет ?
  4. .Алынған қосылыстар үшін ЖҚХ қалай орындалады ?
  5. .Алынған қосылыстар үшін УК-аймақта зерттеу қалай жүргізіледі ?
  6. .Қандай қорытынды жасауға болады ?
  7. .Тақырыптың өткен сабақтардың тақырыптарымен қандай байланысы (үқсастығы мен айырмашылықтары) бар ?

Осы сүрақтарға дайын студент тест нәтижесі бойынша жүмысқа жіберіледі. Соңынан студенттер зертханалық жүмыстарды орындап, алған нәтижелерін қорытындылап, есептерін тапсырады.

СӨЖ кеңес беру барысында да алатын орны ерекше. Себебі, рефераттарды. баяндамаларды. соңынан презентацияларды орындаған кезде де студенттердің өз бетінше оқып-білу және тану қабілеттері дамиды. Қазіргі уақытта студенттердің басым көпшілігінің қабілеттері сай болмаса да шамадан тыс тапсырмаларды алып орындауы жалпы ЖОО қалыптасқан. Осы тапсырмалар бойынша есеп беру кезінде олардың қиналатындығы және тіптен кеңес беру кезінде сүрақ қоймауы кей жағдайларда байқалуда. Кей жағдайларда білімі төмен студенттер білімі жоғары студенттермен бірігіп алып. жүмысты орындаған болып жүреді. Мүндайға жол беруге болмайды - мәселені дер кезінде анықтап, жүйелі қалыптасып кетпей түрғанда жою керек. Ал. осы тапсырмаларды шамадан тыс қиындатып жібермеуге және орындауға кететін уақытын көбейтіп жібермеуге оқытушылар жауапты. Бөлім басшылары студенттерді анкеталау арқылы осыны қадағалауы керек. Осы орайда айтатын мәселе - ЖОО-да осы жүмысты. осы мәселе төңірегінде сүрақтарды бақылаушы бөлімнің жоқтығы.

Студенттердің пән бойынша білімдерін межелік бақылау (коллоквиум) барысында да СӨЖ- дің алатын орны ерекше. Коллоквиумға дайындалу үшін студенттерге алдын-ала сүрақгардың жалпы тізімі беріледі. Соңғы уақыттарда студенттерге ЖОО-ның порталы арқылы пәннің оқу- әдістемелік кешенінің (ПОӘК) электрондық нүсқалары берілетіндігі баршамызға мәлім. Алайда. студент коллоквиумға осы сүрақтар бойынша дайындалуы үшін ОСӨЖ сабақтарында оқытушылардан кеңес алады. Бүл жағдайда да дидактикалық материалдардың тиімділігін атап кету орынды. Себебі, мүндай карточкалар арқылы студенттер кеңес алу кезінде коллоквиумды тапсыруға алдын-ала дайындала алады. Олар психологиялық түрғыдан өзін дайындайды. Ол үшін карточкалардағы сүрақтарға сәйкесінше дайын жауаптары бар карточкалар (эталон-жауаптар) тағы да әзірленуі керек. Нәтижесінде студенттер коллоквиум кезінде қандай сүраққа қай қырыннан жауап беру керек екендігін түсінеді.

Оқытушы дидактикалық материалдардың көмегімен аз уақытта бүкіл 1 топтың студенттеріне коллоквиумға қатысты мәселені түсіндіріп береді. Бүл дидактикалық материалдардың тиімділігі - оқытушының уақытын және потенциалдық күш-қуатын үнемдейді. Оқытушы және студенттер бірыңғай жүмысқа жүмылдырылған қалпында өз тиімділігін көрсететін білім беру жүйесін күрайды. Сонымен қатар жүйелі үйымдастырылған және уақытылы жүргізілетін СӨЖ тәрбиелік маңызы да жоғары.

Мақаламызды қорыта келе - қазіргі бәсекелестікке қабілетті болу заманында оқытушының болашақ мамандарға сапалы білім және саналы тәрбие беру жүйесінде өз жүмысына шығармашылық үстаныммен қарағанда ғана оқыту нәтижелі болатындығын үнемі жадымызда сақтайық.

ӘДЕБИЕТТЕР

1.Яковлев Н.М., А. М. Сохор. Методика и техника урока / В помощь начинающему учителю, 3-е изд., перераб. и доп. - М.: Просвещение, 1985г. - 208 с.

  • Тег: Талдау
  • Жыл: 2014
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.