АННОТАЦИЯ
Дәрілік өсімдік шикізат(ДӨШ) зиянкестеріне жататындар - кенелер, қоңыздар, күйелер, көбелек личинкалары және кеміргіш жатады. Олардың пайда болуына аса қолайлы жағдай - ылғалдың белгілі мөлшерден асып кетуі(14% жоғары) және сактау коймаларындағы желдетілмейтін түрақты бөлмелік температура болып табылады. Қойма зиянкестерінің қауіпті түрлеріне бізтүмсық, нан шарықшысы, заузаның бірнеше түрлері, күйелер, кеміргіштер, тышқандар және егеукұйрықтар жатады. Олардың ішінде ДӨШ-ке зиян келтіретіндерден үн кенесін, қойма бізтүмсығы, қамба күйесін, үн кеміргішін атап айтуға болады. Олар көбінесе қүрамында полисахаридтері бар, қантқа бай кептірілген қүрғақ жидектермен жемістерді, түқымдарды, әсіресе шырынды жемістерді, майлы майларға бай дәндерді жеп, ыдыстарды бүлдіріп, сондай-ак өздерінің экскременттерімен шикізатты ластайды. Кенелер көзге көрінер- көрінбес паразиттер, олар тез арада көбейеді және жылына он үрпаққа дейін береді. Бүл ашқарақ зиянкестер өзінің бөлінділерімен дәрілік өсімдік шикізатын ұнтаққа айналдырып зақымдайды.
Кілт сөздер: дәрілік өсімдік шикізаттар, қамба зиянкестері, фармакопеялық мақала, анықтау әдістемелер
Зерттеудің мақсаты. Дәрілік өсімдік шикізаттарда камба зиянкестерін фармакопеялык аныктау әдістерін салыстырмалы бағалау
Материалдар және әдістер. Микроскопиялык, тауарлык талдау әдістері
Зерттеу нәтижелері.
Аталған зиянкестер ДӨШ-ті кеміріп, тамырлар мен тамырсабақтарды тесіп, пайда болған қуыстарға өздерінің жүмыртқаларын, нәжістерін тастап кетеді. Кенелер, қоңыздар ДӨШ-ті жеп, тесіп, үнтақ күйіне дейін зақымдайды. Сонымен қатар шикізатқа үлкен зиян келтіретіндерге егеуқүйрық мен тышқандар да жатады. Олар қаптарды, орамалдарды тесіп ДӨШ-ті төгіп, кеміріп, өздерінің, нәжістерімен ластайды, ондай ДӨШ тез қызып шіріп кетуі мүмкін. Дәрілік өсімдік шикізатында зиянкестердің болмауы оның сапалылығының негізгі көрсеткіші. Зиянкестерден туындайтын қауіп қатерлер: олар аллерген көзі; ДӨШ-ның ылғалдылығы мен температурасын көтереді, соның салдарынан зең саңырауқүлақтары мен бактериялар көбеюіне себеп болады; түсінің өзгеруі, шіріген иістің шығуы, егер жәндіктердің саны көп болса, өндіріс жабдықтарының сынуына себепкер болады. [7].ДӨШ зиянкестермен ластану жағдайы анықталғанда, оның қандай дәрежеде тазалауға жарамды немесе жарамсыздығына, шет ел фармакопеялары әр түрлі нүсқау береді. Европа, Британ және Украина фармакопеялары: ДӨШ қүрамында тек қана көгеру (зең), жәндіктер және жануар тектес зиянкестердің болмау керектігін көрсетеді. [2, 3, 4]. Ресей
фармакопеясы мәселені толығымен жаңа жоба ретінде қарастырып жатыр. Көбінесе зиянкестерінің келесідей түрлері көп кездеседі: қамба кенелері, үзынтүмсықтар, күйелер. Дәрілік шикізатты көбінесе қамба үзынтүмсығы залалдайды. [5] Зиянкестермен зақымданудың айқын және жасырын түрі болады. Суық кезеңде үзақ үйқыға кеткен зиянкестерді жандандыру үшін сынаманы 1,5-2 сағат бөлме температурасында төздіру қажет. Сонымен қатар талдау 2 тәуліктен кем емес уақытта жүргізілу керек, өйткені жылжымалы зиянкестер үйқыға кету мүмкін. Зиянкестердің шикізатта тірі немес өлі болуы, содан кейінгі тазалау әдісін таңдауға әсер етеді. [6]
Шикізатты өлі және тірі зиянкестерге сыртқы тексеруде аспапсыз көзбен немесе лупа (х5- 10) көмегімен, сондай-ақ үсақтығымен қоспасын анықтағанда тексереді. Сонымен бірге қамба зиянкестерімен бүлінген шикізат бөліктеріне көп көңіл бөлінеді. ДӨШ-тан басқа қораптардың қуыс тесіктерін, буып-түю қаптамасының қыртыстарын, тігілген жерлерін мүқият қарайды. ДӨШ- та қамба шикізаттары табылған жағдайда оның дәрежесін анықтайды. Шикізаттың аналитикалық сынамасын ±5 г дәлдікпен өлшейді, содан кейін саңылау диаметрі 0,5мм елеуіш арқылы елейді. Елеуіштен өткен шикізатта кененің, електе қалғанында күйе көбелектің, үңгі қоңыздың және оның қүрттарының және басқа тірі немесе өлі зиянкестердің бар-жоғын тексереді. Кенелердің санын лупа көмегімен есептейді. Зиянкестердің санын (Х) келесі формула бойынша 1 кг шикізатқа есептейді.
NxlOOO
х =
Wl
Мүнда N-електен өткен немесе шикізат қүрамындағы, електе қалған, шикізат сынамасында анықталған зиянкестердің саны; m-талдауға алынған ДӨШ сынамасының массасы. Алынған қорытындылардың нәтижесінде ДӨШ-тың, қамба зиянкестерімен зақымдалу дәрежесі анықталды.
Кесте 1 - Қамба зиянкестерімен зақымдану дәрежелері
Зиянкестер |
Анықтау жолдары |
1 кг ДӨШ зиянкестер саны |
Зақымдану дәрежесі |
Кенелер |
Диаметрі 0,5 мм болатын елек арқылы өткізіп, қара түсті қағаз үстінде лупа көмегімен тексеріп санайды. |
20-дан аспау керек |
І |
20-дан көп, ДӨШ еркін қозғалып жүре алады |
ІІ |
||
Кенелер өте көп, ДӨШ-те киізденіп, жүре алмайды. |
ІІІ |
||
Қамба күйесі, личинкалары, нан кғеміргіші. |
Қолмен пинцет көмегімен тазалайды |
5-тен аспау керек |
І |
6-10 |
ІІ |
||
10-нан аса |
ІІІ |
1-дәрежедегі ДӨШ дезинсекциядан кейін медицинада қолдануға рүқсат етіледі. 2-ші дәрежедегі ДӨШ тек өндірісте өңдеу арқылы жеке заттар алуға рүқсат етіледі.
3-ші дәрежедегі ДӨШ-ті өртейді.
ДӨШ-ның қүрамында қамба зиянкестері табылған жағдайда оны дезинсекцияға үшыратады, кейін саңылауларыныңы диаметрі 0,5 мм (кенелерге) және 3 мм (басқа зиянкестерге) болатын елек арқылы елейді. Өңдеуден кейін шикізатты зақымдану дәрежесі бойынша қолданады. І дәрежеде зақымданған ДӨШ медициналық қолдануға жіберіледі. ІІ дәрежеде, және айрықша жағдайда ІІІ дәрежеде зақымданған ДӨШ, жеке заттар алу үшін қайта өңделуге жіберілу мүмкін. Қамба зиянкестерімен зақымдану дәрежесін анықтауды орамданған («ангро» ДӨШ-қа) жүргізеді, сондықтан да бүл жағдайда шикізатты тазалау кейін қолдануға тиімді. Егер ДӨШ-ның түтынушы қаптамасында қамба зиянкестері табылса, онда зақымдалу дәрежесі мүлде анықталмайды, барлық серия жарамсызданады, ДӨШ жабдықтаушыға қайтарылып немесе жойылу керек. Бүл әдістің артықшылығы: арбитражды мәселелерде, дезинсекция жүргізгеннен кейін ДӨШ ары қарай жарамдылығына шешім қабылдауда пайдалы.
Қорытынды:
Ресей фармакопеясының «Дәрілік өсімдік шикізатындағы қамба зиянкестері және оларды анықтау әдістері» жаңа мақала жобасын ҚР фармакопеясының жалпы бабына толығымен үйлестіріп, келесі басылымға жіберуді үсыну.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Государственная фармакопея СССР ХІ изд., вып.1. Общие методы анализа//МЗ СССР. М.: Медицина, 1987.-336 с.
- European pharmacopoeia 8th edition 2014, volume I/ Methods of analysis/Methods is pharma cognozyp. 271
- Britishpharmacopoeia 2009, volume III, Herbal drugs. General notices. Державнафармакопея Украііни Доповнення 1.-2004- с.59.
- Фармакогнозия: оқулық/Махатов Б.Қ., Патсаев Ә.Қ., Орынбасарова К.К., Қадишаева Ж.А. - Алматы. 2012. 36 бет
- Потапова С.С. Амбарные вредители. - Новосибирск, 2001.-25с
- Кузнецова М.А. Лекарственное растительное сырье и препараты. -М.: Высшая школа, 1987.328с.