Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ауыр нозокомиалды инфекциялардың антибактериалды терапиясына фармакоэкономикалық талдау

АННОТАЦИЯ

Жұмыстың мақсаты: ауыр нозокомиалды инфекциялардың бастапқы эмпириялық емінде имипенемді қолдану және оны стандартты антибактериалды терапиямен салыстырып фармакоэкономикалық талдау жүргізу. Зерттеуде ретроспективті фармакоэкономикалық талдауда нозокомиалды инфекцияның антибактериалды емінде екі сызба қолданылды: имипенем 1,5-3 г/тәулігіне және бета-лактамдар комбинациясы, фторхинолондар аминогликозидтермен бірге немесе метронидозолмен комбинациясы.Зерттеуде науқастарды рандомизирленген екі топқа бөлді: біріншісі имипенем қабылдады, екіншісі стандартты антибактериалды терапия қабылдады. Салыстыру «шығын-тиімділік» әдісімен жүргізілді.

Ауыр нозокомиалды инфекциямен терапевтік бөлімде емделіп жатқан науқастар имипенем қабылдау, стандартты антибактериалды еммен салыстырғанда тиміділігін фармакоэкономикалық талдаулар дәлелдеді. Сонымен қатар имипенеммен емдеу ауруханада емделу ұзақтығында қысқартып, емнің шығыныда аз болатындығын дәлелдеді.

Түйін сөздер: нозокомиалды инфекция, имипенем, фармакоэкономикалық анализ, антибактериалды терапия, шығын-тиімділік.

Кіріспе. Қазіргі таңда ауруханалық микрофлораның тұрақтылығының едәуір өсіп тұруы нозокомиалды инфекция мәселелері клиницистердің алдындағы мақсаты. Бюджеттік көпсалалы емдеу-алдын алу мекемелерінде антибактериалды дәрілерге 30-40 % шығын келеді, сондықтан терапиясына нозокомиалды инфекциялардың антибактериалды емінің әртүрлі режиміне фармакоэкономикалық анализ жасау керектігі туындайды.

Материалдар мен әдістері.

Ретроспективті фармакоэкономикалық зерттеуінде нозокомиалды инфекцияның антибактериалды емінде екі сызба қолданылды: имипенем 1,5-3 г/тәулігіне және бета-лактамдар комбинациясы, фторхинолондар аминогликозидтермен бірге немесе метронидозолмен комбинациясы.Зерттеуде науқастарды рандомизирленген екі топқа бөлді: біріншісі имипенем қабылдады, екіншісі стандартты антибактериалды терапия қабылдады. Салыстыру «шығын- тиімділік» әдісімен жүргізілді. Антибактериалды терапияның әр сызбасында «шығын-тиімділік» коэффициенті есептелді [1].

Нәтижелері. Тікелей медициналық шығын науқастар тобындағы имипенем қабылдаған бір науқасқа 279535 тг аз, ал стандартты антибактериалды терапия қабылдаған топтағы науқасқа 356745тг болған.

Бұл шығындар негізгі антибактериалды терапиядан, қосымша антибактериалды терапиядан (негізгі антибактериалды терапияның тиімсіздігінде қолданылған) және терапевтік бөлімдегі жатқан науқастардың құнынан кұралған.

Имипенем қабылдаушы топта бір науқасқа негізгі антибактериалды терапия курсына орташа кеткен шығын 163645 тг және стандартты антибактериалды терапия қабылдаушы тобына 93135 тг жұмсалды. Стандартты антибактериалды ем қабылдаушы топта 1 науқасқа шаққанда қосымша антибактериалды терапияға 93435тг, ал имипенем қабылдаушы топта-0тг. (қосымша антибактериалды препараттар тағайындалмаған). Терапия бөлімінде антибактериалды ем қабылдаушы науқастарға 170175 тг артық, ал имипенем қабылдаушы топта 1 науқасқа шаққанда 115885 тг құраған. Антибактериалды терапияның шығынын талдау үшін тікелей және тікелей емес деп 2-ге бөлді. Тікелей шығындары: медициналық және медициналық емес деп бөлінді. Тікелей медициналық шығындар, келесі шығындарды есепке ала отырып жасалды:

  1. Негізігі антибактериалды терапияның бағасы
  2. Қосымша антибактериалды терапияның бағасы тиімсіз негізгі антибактериалды терапиямен байланысты.
  3. Науқастың ауруханада болу ұзақтығына байланысты бағасы.

1.Клиникалық тиімділігі АСЭТ [1] зерттеуден алынды. Клиникалық тиімділіктің көрсеткіші терапевтік бөлімшедегі жазылып келе жатқан науқастардың пайызынан алынды. Имипенем қабылдаған топта сауығуы 62- науқастың 50-інде байқалды ( 80,6%), ал стандартты антибактериалды терапия қабылдаған науқастарда 73-тің 34-інде (46,6%) сауығуы байқалған, Р< 0,01 Имипенеммен емнің бағасы 1 күндік емнің орташа құны алынған (дәрілердің бағасы «Зерде» праис-парағында) 1А және 1В топшаларында әртүрлі дозалар емнің орташа ұзақтығына көбейтілді. Негізгі топтағы науқастар имипенемді тәулігіне 1,5-3г қабылдады, ол ванкомицин антибиотигімен комбинацияланып жүргізілді (АСЭТ зерттеулерінің хаттамасы бойынша), ванкомициннің құны имипенеммен бірге есептелді. Имипенемнің орташа тәуліктік құны 18700тг. 1 науқасқа есептегенде, ал орташа емдеу курсы емнің ұзақтығына байланысты (8,75 тәулік), сонда 163645 тенге 1 науқастың орташа емі. Стандартты актибактериалды терапия қабылдаған нозокомиалды пневмония және басқа инфекциямен жатқан науқастар стандартты нұсқауға сәйкес болу керек [3] : Амоксоцилин/клавулант немесе ампициллин/сульбактам;

Цефалоспориндердің II-III-IV туындылары. Барлық ұсынылған дәрілер аминогликозидтермен немесе антианаэробты заттармен және ванкомицинмен қосарлана алады. Стандартты антибактериалды терапия қабылдаған науқастардың негізгі антибактериалды терапияның шығыны тәуліктік құнын орташа еміне көбейту арқылы анықтайды 2С, 2Д. Осылайша негізгі антибактериалды емнің курстық құны 93135тг бір науқасқа шаққанда.

1.Қосымша антибактериалды терапияның құны тиімсіз негізгі антибактериалды еміне байланысты. Клиникалық зерттеулердің нәтижесіне сүйенсек емнің тиімділігі 80,6% құрайды [1], қосымша антибактериалды ем қолданылған жоқ.

АСЭТ клиникалық зерттеу нәтижелері бойынша емнің тиімділігі стандартты антибактериалды ем қабылдаған топта 46,6 % болуына байланысты стандартты антибактериалды ем қабылдаған топта 40% жағдайда қосымша антибактериалды ем тағайындалған. Қосымша антибактериалды емнің құны тәулігінде тағайындалған дәрілердің орташа бағасын қосымша антибактериалды емнің орташа ұзақтығына көбейтумен есептеледі. Қосымша антибактериалды емнің орташа құны стандартты антибактериалды емдеу тобында бір науқасқа 93435тг құрайды.

1.Терапевтік бөлімшеде науқастардың жату ұзақтығын тәуліктік құнына көбейту арқылы орташа құны шығарылады. Имипинем қабылдаған науқастардың ауруханада жатуының орташа құны 115885тг, ал стандартты антибактериалды ем қабылдаған науқастардың ауруханада жатуының орташа құны 170175 тг. Науқастардың ауруханада 1 тәуліктік құны ОҚО 2013ж. статистикалық бөлімінен алынды, терапевтік бөлімдер үшін (10440,3тг). Медициналық емес шығындар есепке алынған жоқ, себебі тексерілген науқастар нозокомиалды инфекциямен терапевтік бөлімшеде болып және тікелей медициналық емес шығындар (емдік-профилактикалық мекемелерге науқасты тасымалдау, арнайы киім, тамақ, зертханалық материалдар) 2-топқа да бірдей қабылданды.

«Шығын-тиімділік» талдауы екі немесе одан да көп процедуралардың құны қолданылды. Осы берілген талдау әрбір альтернативті ем сызбасы және шығыны/тиімділігі формуласымен[5]: CER=(DC+1C)/E, С’ЕЕ-«шығын-тиімділік» коэффиценті ( тиімділік бірлігіне қажетті шығындар); DC-тікелей медициналық шығындар және тікелей медициналық емес шығындар; ІС-тікелей емес шығындар; Е-емнің тиімділігі. Мұндай альтернативті доминантты деп аталады. Әртүрлі шығындар мен тиімділіктердің экономикалық тиімді деп «шығын-тиімділік» аз коэффиценті есептеледі.

Тікелей медициналық шығындар. Тікелей шығын 2 топтың да негізгі емдік шығыны және қосымша антибактериалды препараттардың шығыны есептеледі. Имипенем қабылдаған науқастар тобында тікелей медициналық шығындар 279535 тг құрайды, ал стандартты антибактериалды терапия қабылдаған топтағы шығын - 356745 тг құрайды, бұлар бір науқастың шығыны болып табылады. Әрі қарай тікелей медициналық шығындардың құрылымы талданды. Имипенем қабылдаған топтың дәрілер шығыны 59%, ал терапевтік бөлімде болу ұзақтығының шығыны 41%. Науқастың терапевтік бөлімде болу ұзақтығы стандартты антибактериалды терапия жүргізген топпен салыстарғанда 5 тәулікке аз. Стандартты антибактериалды ем қабылдаған топтың дәрілік препараттарға шығыны 52%, сонымен қатар қосымша антибактериалды дәрілердің шығыны негізгі ем шығынымен бірдей, бұл тиімсіз стандартты антибактериалды ем қабылдаумен байланыстырады. Тиімділік бірлігіне жету үшін (жазылып кеткен бір науқас) негізгі фармакоэкономикалық көрсеткіштерін « шығын-тиімділік» коэффиценті имипенем қабылдаған топтарда стандартты антибактериалды ем қабылдаған топтармен салыстырғанда 2,2есеге аз болатынын көрсетті (346820 тг және 765545 тг 1 сауығып кеткен науқасқа). Осылайша имипенем қабылдаған топтың шығыны стандартты антибактериалды ем қабылдаған топтан аз екендігін көрсетті: 279535 тг және 356745 тг, сонымен қатар тиімділігі 80,6 және 46,6% көрсетіп имипенем емінің доминанттылығы дәлелденді,

Қорытынды. Ауыр нозокомиалды инфекциямен терапевтік бөлімде емделіп жатқан науқастар имипенем қабылдау арқылы стандартты антибактериалды еммен салыстырғанда тиміділігін фармакоэкономикалық талдаулар дәлелдеді. Сонымен қатар имипенеммен емдеу ауруханада болу ұзақтығында қысқартып, емнің шығыныңда аз болатындығын дәлелдеді.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. С.В. Яковлев, В.Б. Бепобородов, С.В. Сидоренко и др. //Анализ адекватности стартовых эмпирических режимов антибактериальной терапии при тяжелых нозокомиальных инфекциях (исследование АСЭТ) - Клиническая фармакология и терапия. -2006. №15 (2).
  2. Guidelines for the management of adults with hospital-acquired, ventilator-associated, and healthcare- associated pneumonia. Am. J. Respir. Crit. Care Med.,- 2005. -171 (4), -Р. 388-416.
  3. Solomkin J., Maruski J., Baron Е. et al. Guidelines for the selection of anti-infective agents for complicated intra-abdominal infections. Clin. Infect. Dis., -2003.- 37. -Р. 997- 1005.
  4. П.А. Воробьев, М.В. Авксентьева, А.С. Юрьев, М.В. Сура. //Клинико-экономический анализ. - М.: «Ньюдиамед», 2004.-С. 404.
  5. В.И. Петрова. Прикладная фармакоэкономика. Учебное пособие - М.: ГЭОТАР-Медиа, 2005. - С. 336.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.