ТҮЙІН
Бұл статьяда инновациялық оқыту технологиясы яғни физика пәнін оқытуда виртуалды эксперименттер дайындап оқу процесінде пайдаланудың әдістемесі қарастырылады. Қазіргі кезеңде оқыту үрдісінде физикалық эксперименттерді арнайы бағдарламалармен оқыту негізгі мәселе болып табылады.
Түйін сөздер: физикалық эксперимент, виртуалды зертхана, оқу эксперименттері, арнайы бағдарлама, физикалық құбылыстар.
Медициналық биофизика және физика пәндерін оқытуда-инновациялық оқыту технологиясын қолдану - студенттердің білімдерін нақтылауда және бақылау, бағалау сондай-ақ білім нәтижелерін өңдеу үшін аса маңызды роль атқарады.
Студенттің жеке тұлғалық және интелектуальды дамуы үшін, оқытушыдан ақпараттық құзырлықты яғни жаңа ақпараттық технологияларды білім беру үдерісінде пайдалана білуді, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, студенттерді қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімделуін, олардың зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттары талап етіледі [1].
Медициналық оқу орындарында дұрыс ұйымдастырылған кез-келген сабақ студенттердің ғылыми танымдылығын арттыруға, теориялық білімдерін медициналық және фармациялық тәжірибемен байланыстыра білуге бағытталуы тиіс. Осы мақсатта
физикалық құбылыстар мен заңдылықтарға негізделіп жасалынған медициналық оқу құралдарының құрылысын, жұмыс істеу принциптерін, физикалық эксперименттерді компютерде арнайы бағдарламалар арқылы дайындалған электрондық оқулық нұсқасымен оқыту қолға алынуда. Электрондық оқулықта зертханалық жұмыстардың виртуалды орындалуы студенттердің іскерлік дағдыларын қалыптастырып, шығармашылық және кәсіби қабілетін дамытуға көмектеседі.
Компьютерді пайдаланып зертханалық жұмысты орындау үдерісін шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлуге болады: берілген жұмыстың мақсаты; теориялық бөліммен танысу; математикалық модель құру; алгоритм құру; компьютерде бағдарламалау; алынған нәтижелерді талдау [2].
Медицина және фармация саласында қолданылатын құралдармен (Рефрактометр, поляриметр, КФК-3,спектрофотометр т.б.) жасалатын зертханалық жұмыстарға электрондық оқулық дайындалып, зертханалар виртуалды орындалады.
Мысалы «Рефрактометрдің көмегімен ерітінділердің концентрациясын анықтау» тақырыбындағы зертханалық жұмыстың электрондық нұсқасы төмендегі негізгі бөлімдерден тұрады.
107
- Қысқаша теория.
- Қажетті құрал-жабдықтар.
- Виртуалды зертхана.
- Меңгерілген білімді бақылау.
- Авторлар жайлы мәлімет.
Зертханада физикалық приборлар жоқ болған жағдайда компьютер арқылы орындалатын виртуалды эксперименттердің алатын орны ерекше екені дәлелденіп отыр
Бірінші бөлімді таңдаған кезде студент зертханалық жұмыс тақырыбы бойынша осы физикалық құбылыстың, заңдылықтың теориялық мәліметтерімен танысады.
Келесі бөлімде зертханалық жұмыстың орындалу реті мен орындауға қажетті құрал - жабдықтар берілген. Виртуалды зертхана бөлімінде студенттер жұмысты интерактивті түрде орындап, алынған өлшемдерді кестеге енгізіп есептеу нәтижесін ала алады. Сондай-ақ кестедегі мәндер бойынша физикалық шамалардың тәуелділік графигі алынады.
Меңгерілген білімді бақылау бөлімінде орындалған зертханалық жұмыс бойынша тест сұрақтары арқылы студенттердің алған білімдері тексеріледі және бағаланады.
Бұл әдісті қолдануда оқытушы студенттердің өзіндік жұмысына бағыт беріп оны бақылаушы яғни технологиялық аппаратты басқарушы болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Бұзаубақова К.Ж. Физика сабақтарындағы оқытудың инновациялық технологиялары. Оқу- әдістемелік құрал. - Алматы: Жазушы. - 2005. - 58 б.
- Момынбаев Б. Жаңа ақпараттық технологиялар негізінде білім сапасын жоғарылату. Білім -Образование. -2009. -№4. -3 б.
- Керімбаев Н.Н. Компьютерді пайдаланып физикадан зертханалық практикалық жұмыстар жүргізу. - Алматы: Жазушы. - 2002 . - 105 б.