Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Физикадан эксперименттік есептер қою және оны шешудегі мәселелер

ТҮЙІН

Мақала физикалық оқу экспериментінің проблемаларына арналған. Оқу үрдісінде эксперименттің дидактикалық мүмкіншіліктерінің толық қолданылмау себептері қарастырылған. Физикалық оқу экспериментінің қазіргі кездегі оқыту жағдайына сәйкес жүйесі ұсынылған. Физикалық эксперименттік есептерді қою және оны шешу жолдары көрсетілген.

Түйін сөздер: физикалық оқу эксперименті, оқу экспериментінің жүйесі, виртуалды эксперимент, лабораториялық жұмыстар.

Қазіргі кезде студенттің ой - өрісін көтеру, шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімін практикада қолдана білуге баулу, әртүрлі ғылыми әдебиеттерді пайдаланып,өзінің білімін тереңдетуге үйрету мәселелеріне айрықша мән беріліп отыр. Бұл жағдайда оқыту технологиясын өзгертуді, студенттерді өз бетінше білім алуға, өзін-өзі дамытуға, ұйымдастыруға үйрету мәселелеріне көп көңіл бөлуді талап етеді.

Осы міндеттерді атқару жолында басқа пәндер мен қатар физика пәнінің атқаратын рөлі де зор. Себебі физика жаратылыстану ғылымдарының тірегі, ал оның зерттеу әдістері қазіргі заманғы ғылыми танымның тұғыры. Осыдан студенттердің физика пәніне деген қызығушылығын және оны оқыту сапасын қалай арттыруға болады? деген сұрақ туады.

Менің ойымша, бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы физиканың оқыту әдістемесінің ең тиімді, ұтымды тәсілдерін қолдану, берілген мағлұматтарды студенттің мейлінше аз уақытта терең жан-жақты игеруін қамтамасыз ету және физиканы оқытуды жандандыру әдістерін пайдалануға болады.

Білімді игерудің нәтижелігі таным процесіне адамның әр түрлі сезім мүшелерінің іске қосылуы және нақты заттар мен құбылыстарға бетпе-бет келгенде оны сезіну, көре білу және қабылдау арқылы артады. Бұл жағдайда физикалық эксперименттің маңызы зор.

Экспериментті жүргізудің дидактикалық құрылымы төмендегідей болуы мүмкін: демонстрациялық тәжірибелер, фронтальды зертханалық жұмыстар, физикалық практикум, үй жағдайындағы тәжірибелер.

Физикадан эксперименттік тапсырмалар орындау студенттің мынадай қабілеттерін және шеберліктерін дамытады.

Интеллектуалдық (салыстыру қабілеті, негізгіні ажыраты білу, зерттеу, эксперимент нәтижелерін жазу және қорытындылау).

Пәндік (теорияны практикамен ұштастыру шеберлігі, физикалық білімдерін құбылыстарға анализ жасауға қолдану)

Ұйымдастыру-танымдық (құрал-жабдықтардың функционалдық міндеттерін анықтай білу, техникалық құрылғылармен жұмыс істегенде техника қауыпсіздігі мен пайдалану ережелерін сақтау).

Еңбек ету (қол құралдарымен жұмыс істеуді үйрену дағдысы т.б.).

Физикалық эксперименттік тапсырмалар жүйесі бірқатар мәселелерді шешуге бағытталған:

  • тәжірибелерді физикалық тұрғыдан қарастыру;
  • физикалық шамаларды өлшеу арқылы физикалық заңдар мен заңдылықтардағы функционалдық тәуелділікті анықтау;
  • техникалық құрылғылардың параметрлерін өлшеу және есептеулер жүргізу;
  • техникалық білімдерін күнделікті еңбек тәжірибесінде қолдану.

Эксперименттік есептер нақты физикалық құбылыстардың, оларды түсіндіретін тәжірибелердің мәнін түсіндіруге арналады [2].

Физикалық құбылыстардың негізін ұғыну, түсініктерді, теорияны игеру процессі әр студентте бірдей жүрмейді. Оқыған материалды біреулер тез игереді, енді біреулеріне ой қорытуына және есіне сақтауына көп уақыт қажет

Эксперименттік есептерді шешу тәсілдері оларды шешудегі эксперименттік жұмыстың қойылуына тәуелді. Мысалы, есепті шешу үшін барлық тексеру қажет болса, онда есептің шешуін нұсқауларға сәйкес жазады.

Есеп түріндегі эксперименттік тапсырмаларды шешу және жазу келесі элементтерден тұрады: есептің қойылуы, шарттарды анализдеу, өлшеулер жүргізу, есептеулер,

тәжірибеден тексеру.

Эксперименттік есептердің басқа түрлерінде есепті шешу және баяндау қажет болады. Егер есепті шешу үшін қажетті шамалар тәжірибе нәтижесінде алынса, онда экспериментті қою және өлшеу лер жүргізу маңызды.

Сабақ барысында демонстрациялық үстел үстінде қойылатын көрсетілімдерді мұғалім дайындап, экспериментті қойып және оның физикалық мағынасын түсіндіру мәселесі қажетті деңгейде деп айту қиын. Компьютерлік техниканың керемет мүмкіндіктерін қолдана отырып физикалық тәжірибе қою әдістемесі мен техникасына көп көңіл бөлінуі тиіс. Өйткені құрал-жабдықтарды тиімді қолдану үшін оларды барлық уақытта жұмысты күйде ұстап отыру қажет [3].

Оқыту процесінде виртуалды экспериментпен қатар «жанды» эксперимента қойып сабақ жүргізуді ұмытпауымыз керек. Физикадан оқу экспериментін дайындау, қою, түсіндіру, сабақ тақырыбымен үйлестіру т.б. көптеген мәселелерді шешу пән мұғаліміне жүктелетіндіктен, ол бұл жұмысты атқаруға дайын болуы тиіс. Физикалық оқу экспериментін жүргізудегі проблеманың бірі кабинетте бар бұрынғы құрал- жабдықтармен кейінгі шыққан құралдар мен қондырғылардың бір-біріне сәйкес келмеуі болып тұр [1]. Мұндай қиындықтарды шешіп беретін оқу орны көлемінде жұмыс атқаратын, техникалық құрылғыларды жақсы меңгерген инженер қызметкері керек болады. Сондықтан физика курсындағы оқу экспериментінің мәні мен мағынасын түсінетін, оны жүргізуге дайын, «жанды» эксперимент пен виртуалды экспериментті оқыту барысында дұрыс қолданып, үйлестіре білетін мамандар өте қажет деп ойлаймыз.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. А.В.Перышкина, В.Г.Разумовского и др. Основы методики преподавания физики. -М.: «Просвещение» - 1984. - 397с
  2. Жаңабаев З. Ж, Ильясов Н.И, Тынтаева Ш.Б. Физиканы оқыту теориясы және әдістемесі. Оқу құралы. - Алматы: Жазушы. - 2006. - 169 б.
  3. Керімбаев Н.Н. Компьютерді пайдаланып физикадан зертханалық практикалық жұмыстар жүргізу. - Алматы: Жазушы. - 2002. - 98 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.