Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сірке қышқылы және өлім

ТҮЙІН

Мақалада токсикология бөлімшесінде соңғы жылдары жедел сірке қышқылымен уланған науқастардың салыстырмалы сапалық көрсеткіштері баяндалған. Уланудың бұл түріндегі өлім-жітім көрсеткішінің әлі жоғары екендігіне көз жеткізуге болады. Өлім-жітімді азайту үшін қажетті ұсыныс жасалынған.

Кілт сөздер: сірке қышқылы, өлім-жітім.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты еліміздің әлеуметтік- демографиялық тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту болып табылады. Адам денсаулығының қорғауда токсикологиялық қызметтің өзіндік алатын орны ерекше. Сондықтан да аурулардың алдын алу шараларын қарастыру, мақсаты зерттеулер жүргізу, диагностикалауды жетілдіру, науқастарды емдеу мен оларды оңалту шаралары уақыт талабы болып отыр. Азаматтардың денсаулығы мен еңбекке қабілеттілігін сақтау, мүгедектік пен өлімге жол бермеу мемлекетіміз бен қоғамның, денсаулық сақтау мекемелерінің алдағы қойған мақсаттарының өзекті мәселелерінің бірі. Т.О.Орынбаев атындағы ОЖҚОЕО-ның токсикология бөлімшесінің соңғы үш жылғы (2009-2012 ж.ж.) деректері бойынша жедел уланулардың ішінде жиілігі жағынан күйдіргіш әсері бар улармен улану алкоголдік ішімдікпен, дәрі-дәрмекпен және улы газдармен уланулардан кейінгі орынды иеленді. Бүл уланулардан болған өлім-жітім көрсеткіштерімен салысытрғанда едәуір жоғары.

Жүмыстық мақсаты мен міндеті жалпы уланулардың ішінде күйдіргіш улармен улануда өлім-жітімнің жоғары деңгейде болуына көз жеткізіп, оның азаюына алдын ала шараларын қалыптастыру болып табылады. Клиникалық орталықтағы токсикология бөлімшесіне соңғы үш жылда жалпы уланудан емделіп шыққан науқастардың саны жылдан жылға азайып келеді. 2009 жылы 3101-ден 2010 жылы 2445-ке, ал 2011 жылы 2268 науқасқа төмендеген. Бүл төмендеу әсіресе алкоголдық ішімдіктермен уланғандар арасында ерекше байқалады. Алкоголдық ішімдіктермен улану 2009 жылы 1702-ден 2010 жылы 1334-ке, ал 2011 жылы 875-ке төмендеген. Осы топтағы өлім-жітім де сол жылдары 20-дан 18 бен 11 адамға төмендеген.

Ал, уланулармен емделген науқастар арасында күйдіргіш улармен уланулар саны осы жылдар аралығында артып келеді. 2010 жылы - 186, 2011 жылы - 220, ал 2012 жылы - 247 науқас емделді. Улаушы заттардың (сірке қышқылы, калий перманганаты мен сілтілер) арасында сірке қышқылымен уланулар өте басым. Ал, ерлерге қарағанда әйелдер арасында бүл уланудың түрі 2,19-дан 4 есеге дейін көп кездеседі. Жас аралықтары бойынша ересектерден кейін балалар арасында, жас өспірімдерде аз уланулар кездеседі. Уланудың көбі қала түрғындарының арасында кездеседі. Осы жылдары бүл уланудың түрлерімен 553 науқас жедел медициналық көмек көлігіне жүгінсе, 100 науқас өздігінен стационарлық көмекке келген. Науқастар арасында өлім-жітім 2010 жылы- 10, 2011 жылы - 8, 2012 жылы - 10 болып тіркелді.

208 уланған науқастардың асқазандары бір сағат ішінде, ал 445 науқаста бір сағаттан кейін жуылғаны тіркелген. Удың асқазандағы экспозициясының үзақтығы қандағы эритроциттердің гемолизіне тікелей әсері болатынына белгілі. Науқастардың 567-інде эритроциттердің гемодилизденуінің өлімге дейінгі деңгейіндегі дәрежесі байқалып, ал 86-інде өлімдік дәрежесі тіркелген. Науқастардың 103-інде өңеш-асқазан жолдарынан ерте қан кетуі, 33-інде кеш қан кетуі орын алған. Науқастардың арасында 19 жүктілігі бар әйелдер болды. 653 науқастан 28 өлім тіркеліп, өлім-жітімнің 4,28% қүрады (жалпы уланулардан стационарлық науқастардың өлім көрсеткіші соңғы 3 жыл бойынша орта есеппен 1,08% қүрайды). Демек, күйдіргіш әсері бар улармен уланудан өлім-жітім көрсеткіші жалпы уланудағы өлімнен 3,96 есе артық.

Қорытынды. Сонымен, жүргізілген зерттеулеріміздің нәтижесінде жыл өткен сайын жіті уланулармен стационарлық ем қабылдаған науқастардың жалпы саны азайып, оның ішінде алкогольдік ішімдіктерден болатын уланулар көп азайғанына көз жеткізуге болады. Бүл деректердің негізінде денсаулық саласындағы мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы өмірде дүрыс бағыт алуын атап айтуға және токсикологиялық көмектің жыл санап сапалық көрсеткіштерінің артуын емдеу технологиясының жағымды әсерімен және ведомствоаралық, сектораралық жауапкершіліктің артуымен түсінген жөн. Күйдіргіш улармен уланғандардың қал-ахуалы қабылдаған удың мөлшерінде ғана емес, оның концентрациясына байланысты екендігін медициналық ғылыми әдебиетте сірке қышқылының концентрациясының жоғарылығына байланыстылығы көп айтылады.

Соған байланысты бүл жөнінде Қазақстан Республикасы экономикалық даму және сауда министірлігі мен Қазақстан Респбуликасы индсутрия және жаңа технология министірлігіне концентрациясы 70% сірке қышқылын өндірмей ал, сырттан келетін өнімді қадағалап, ондай сірке қышқылын алып келуге тиым салуларын өтініп, оның орнына осы қышқылдың концентрациясы төмен 6-15% -дық түрлерін өндіріп, қажеттілікке пайдаланса өлімді болдырмай, улану санын азайту мақсатында арнайы хат жолдауымыз қажет. 70% сірке қышқылына қажеттілігі бар өндіріс орны арнайы хатпен тиісті бас бақылау органдарының рүқсаты бойынша алуы қажет.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Анализ пищевых отравлений по Южно-Казахстанской области за 2003-2007 годы / Б. К. Торгаутов [и др.] // Вестник ЮКГМА. - 2009. - № 1. - С. 220-223.
  2. Гольдфарб Ю.С. Современные подходы к изучению патогенеза эндотоксикоза при острых экзогенных отравлениях / Ю.С. Гольдфарб // Анестезиология и реаниматология. - 2005. - № 6. - С. 19-25.
  3. Жиенбаева А. С. Терапия пищевых токсикоинфекций / А. С. Жиенбаева // Медицина. - 2011. - №11. - С. 75-76.
  4. Журмагамбетова Б. Т. Первая помощь при отравлении медикаментами / Б. Т. Журмагамбетова // Эскулап. - 2013. - № 4. - С. 14.
  5. Е.А.Лужников Клиникалық токсикология, М.1999 - 420 бет.
  6. ҚР денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы. - Астана - 2010.
  7. И.Тулеев Клиникалық токсикология. Шымкент. - 2013. - 467-485 б.
  8. Асептика и антисептика в условиях поликлиники для студентов. Заболевания прямой кишки; Переломы и вывихи, наложение транспортных шин и гипсовых повязок в условиях травматологического пункта для студентов; Диагностика и лечение повреждений внутренних органов при закрытой травме живота. Ожоги [Электронный ресурс] : методические разработки / сост. Р. Т. Тажимурадов. - Электрон. текстовые дан. (1,17 Мб). - Шымкент : ЮКГМА, 2004 эл. опт. диск (CD- ROM).
  9. Инструкция по оказанию первой доврачебной неотложной помощи пострадавшим [Электронный ресурс] : инструкции. - Электрон. текстовые дан. (2,80 Мб). - М. : Б. и., 2002. - 1 эл. опт. диск (CD- ROM).

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.