Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Оңтүстік қазақстан облысы бойынша эхинококкоз сырқаттанушылығының 2007-2012 жылдарына ретроспективтік эпидемиологиялық талдау және алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру

Эхинококкоз - нәжіс-ауыз механизмімен таралатын, бауыр, өкпе және басқа да мүшелерді зақымдайтын, кисталар пайда болуымен, ауыр түрдегі асқынулары мүгедектікке және өлімге соқтырумен сипатталатын зоонозды, табиғи-антропургиялық, созылмалы түрде өтетін биогельминтоз. Қоздырғышы - Echinococcus granulosis. Эхинококктардың бірнеше түрлері белгілі. Бауыр эхинококкозы - 70% қүрайды, өкпе 20%, аралас -4,2%, басқа форма- 2,8%.Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша эхинококкоз сырқаттанушылығы 2002-2011 жылдары түрақсыздығымен сипатталады. 2002 жылы облыс бойынша эхинококкоз сырқаттанушылығы 278 жағдай тіркелсе, 2004 жылы 344 жағдай тіркеліп, 2008 жылы 226 жағдайға дейін төмен түсіп, 2011 жылы 348 жағдай тіркеліп, 2012 жылы 282 жағдайға төмендеген, яғни бүл сырқаттанушылықта 2 -4 жылдық кезеңділік сипатталады.

Сырқаттанушылықтың өскен жылдары 2004, 2006, 2010 жылдары, ал төмендегені - 2002, 2005, 2008 жылдары. Эхинококкоз сырқаттанушылығы ауылдық жерлерде 62,32%, қала түрғындары арасында 37,68% кездеседі. Мал шаруашылығы кең дамыған аудандарда эхинококкоз сырқаттанушылығы жиі тіркелген. Сырқаттанушылықтың 46,6%-н ерлер, 53,4%-н әйелдер қүраған.

Жасына қарай талдау нәтижесінде әсіресе көп ауыратындар 20-29 жастағылар (24,1%), 30-39 жастағылар (16,0%), 15-19 жастағылар (15,0%). Кәсібі бойынша ауруларды бөлгенде көбінесе ауыратындар 647 - жүмыссыздар (45,5%), 282 - оқушылар (19,8%), 128 - басқалары (9,0%), 109 - қызметкерлер (7,6%), 84 - жүмысшылар (5,9%), 65 - студенттер (4,6%), 57 - мектеп жасына дейінгі балалар (4,0%), 51 - зейнеткерлер (3,6%). Жасы мен кәсібі бойынша талдау кезінде анықталғаны: көбінесе 15-39 жастағы жүмыс істемейтіндер мен басқалар (ауыл шаруашылық саласында жүмыс істейтіндер, иттермен қарым-қатынаста болатындар).Эхинококкоктың зақымдалған мүшелеріне қарай 1067 (75,0%) бауырда, 288 (20,24 %) өкпеде,

басқа мүшелерде -6 (4,76%). 2007-2012 жылдары облыс бойынша тіркелген 1423 эхинококкоз ошағында 5461 қарым-қатынаста болған адамдар серологиялық әдіспен тексеріліп, олардың 77-нен серологиялық оң нәтиже берген, бірақ бүлардың арасында сырқаттанушылық тіркелген жоқ.

Ошақтардан аурудың жүғу көздерін, берілу жолдарын анықтау мақсатында қоршаған сыртқы ортадан 4725 топырақ (77 - аскарида жүмыртқалары), 2353 жеміс-жидек (13 - аскарида жүмыртқалары), 1667 су сынамасы тексерілді (5 үшкір қүрт жүмыртқалары), 9676 сүртінді (1- ергежейлі, 20 үшкір қүрттардың жүмыртқалары), эхинококктың онкосфералары анықталмаған. Барлық ошақтарда індетке қарсы іс-шаралар жүргізіліп, дегельминтизациялауға үсыныс берілген. Соңғы 5 жылда 760763 итке дегельминтизация жасалған, 205348 босқын ит жойылған.

136996 бас ірі қара мал сою барысында 1411-і эхинококкпен зақымдалғаны анықталған (1,03%), 549702 уақ мал сойылған, анықталғаны 12221 (2,22%). Эхинококкоз ауруының өсу себебі аудан, қалаларда үй жағдайында малдәрігердің анықтамасынсыз мал сою жалғасып, эхинококкпен зақымдалған мүшелерді итке тастап, иттер қоршаған ортаны эхинокококк жүмыртқаларымен ластайды, босқын иттерді жою жүмыстары өз дәрежесінде емес. Иттерді қүжаттандыру және дегельминттеуі толық жүргізілмейді, дегельминттеу барысында ветеринар мамандары дәріні үй егесіне бере салады, дәріні қабылдаған ит байланбай, бос жүріп, дәрінің әсерінен шығатын паразиттермен қоршаған ортаны ластайды. Балалар арасында эхинококкоз аурушаңдығы өскені жеке бас гигиенасын сақтамай аскөк, жеміс-жидек және көкөніс өнімдерін жумай пайдаланады, көшеден тамақтанып, ит - күшіктермен ойнап, қолын жумағаннан ауруды жүқтырады.

Жергілікті малдәрігерлік қызметімен бірлесіп иесіз иттердің көзін жою іс-шаралары атқарылып, түрғындарға иттерін байлауда үстау, оларды малдәрігерлік байқаудан өткізу, ауруларға қарсы егу, дәрі беру, ауру малдардың өкпе-бауырын және басқа да артық деп саналатын еттерін итке бермей өртеп тастау, олардың нәжістерін аулақтау жерге көму, көмілген орынды залалсыздандыру, әсіресе, балаларды иттерге жақындатпай, олардан жүғатын аурулардан сақтандыру жөнінде санитарлық - ағарту жүмыстары кеңінен жүргізілуде. Қорытындылай келе, халық арасында санитарлық ағарту жүмыстарын күшейту. Білім беру басқармасымен бірлесе отырып, балаларды тазалыққа үқыптылыққа тәрбиелеу (аурудың кір қол, жуылмаған жемістер арқылы жүғатынын айту). Сырқаттанушылық балалар арасында жиілету себептерінен осы жағдайды қатаң түрде орындалуын қадағалау. Ветеринарлық қызметкерлермен бірлесіп іс әрекет жасау. Үй жағдайында малдәрігердің қарауынсыз мал союға тиым салу. Сойылған жағдайда зақымдалынған мүшелерді өртеп жағу. Иттерді қүжаттандыру және дегельминттеуі жүмыстарын жүргізілуі қадағалау. Санитарлық гельминтологиялық тексеруге үлгілер дер кезінде және сапалы түрде алуды қамтамасыз ету.

Эхинококкоз ауруының ошақтарында 17.01.12 жылы шыққан №89 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының орындалуын күшейту.Эхинококкоздың алдын алу бойынша іс-шараларды үйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптар:Эхинококкоздар - адамдарда екі клиникалық түрде - гидатидоздық (бір камералы) эхинококкоз және альвеолярлық (көп камералы) эхинококкоз пайда болатын зооноздық гельминтоздар.Эхинококкозды диагностикалау тексерулердің кешенді - сероиммунологиялық және рентгенді- аспаптық (іш-қуысын ультрадыбыстық тексеру, тыныс жолдарының флюорографиясы және басқалары) әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі. Эхинококкозға тәуекел топтарын сероиммунологиялық тексеруді санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау үйымдарының паразитологиялық зертханалары жүргізеді: серологиялық зерттеулер үшін материалды жинауды медициналық үйымдар жүзеге асырады.

Диспансерлік бақылаудың мерзімдері және жиілігі: 1) сероиммунологиялық реакциялардың оң нәтижелері бар адамдар, сондай-ақ кезкелген орналасудағы эхинококкоз сеебебімен операция жасалғандар ауырған сәттен бастап бес жыл бойы (алғашқы үш жылда жылына екі рет, үш жыл өткен соң жылына бір рет кешенді тексеру) бақыланады. 2) диспансерлік бақылауға алынған сәттен бастап бес жыл ішінде рецидивтің клиникалық-зертханалық және аспаптық көрсеткіштері кездеспеген жағдайда және түрақты теріс серологиялық реакциялары кезінде сероиммунологиялық реакциялардың теріс нәтижелері бар науқастар диспансерлік есептен шығарылады. 3) эхинококкозға байланысты операция жасалған науқастарды және антиденелердің оң титрлары бар адамдарды диспансерлік бақылауды түрғылықты жері бойынша медициналық үйымның хирургі жүргізеді. Эхинококкоз сырқаттанушылығына мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау үнемі жүргізілуде.

  • Тег: Талдау
  • Жыл: 2013
  • Қала: Шымкент
  • Категория: Медицина

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.