ТҮЙІН
Бүл жүмыста пневмонияның емінде лазолван препаратын қолдану туралы сүрақ қарастырылған.
Балалалардың ауруханадан тыс пневмониясының емінде лазолванды қолданудың клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі көрсетілген. Лазолван, универсалды жөтелге қарсы және муколитикалық әсері бар препарат есебінде әр жастағы балалардың пневмониясының емінде кеңінен қолданылуға үсынылады.
Кілт сөздер: балалар, пневмония, лазолван,жөтел, қақырық.
Маңыздылығы. Респираторлы жүйенің жүқпалы қабыну аурулары балалардың жүқпалы аурулар қүрылымының маңызды бөлігін қүрайды. Соның ішінде пневмония мен жедел бронхит ерекше маңызға ие, жылдан жылға жиілігі төмендемей келеді, 100000 түрғынға шаққанда 1000 жағдайды қүрайды. [1, 2, 3,4].
Соңғы жылдарда бүл аурулардың қүрылыс орындары көп, экологиялық жағдайы нашар үлкен қалаларда түратын балалар арасында өсу жиілігі байқалады. Көп жағдайларда пневмония болжамы нашар асқынулармен сипатталады [2, 3,4].
Европа мен Солтүстік Америкада пневмониямен ауыру көрсеткіші 5 жасқа дейінгі балаларда 1000 түрғынға 34-40 жағдайды қүрайды, бүл көрсеткіш басқа жастық көрсеткіштен жоғары [5]. Дүниежүзілік денсаулық сақтау үйымының есебі бойынша әлемдік денсаулық көрсеткіші(2005) жыл сайын әлемде 10,6 млн. бала өледі, оның ішінде 19 пайызын жедел респираторлы аурулар мен пневмония күрайды.
Пневмонияда дер кезінде диагностика жасау және емдеу тактикасын жетілдіру заманауи педиатрияда маңызды мәселе. Пневмониямен ауыратын балаларда этиотропты антибактериальды еммен бірге жөтелге қарсы, муколитикалық қақырық түсіруші және де симптоматикалық препараттарды тағайындау өте маңызды [2,3]. Мукоактивті препаратты тағайындау антибиотиктердің плазмадан өкпе тканіне ену жылдамдығын жоғарылатады.
Осындай препараттардың бірі Берингер Ингельхайм Фарма ГмбХ компаниясынан шығатын Лазолван (амброксол). Препарат негізі болып табылатын амброксол гидрохлорид - бронхтардың кілегей қабаттарының серозды жасушаларының стимуляциясының нәтижесінде қақырықты ыдыратады, қақырықтың кілегейлі және серозды компоненттерін қалыптастырып,ферменттердің түзілуін реттеп, қақырықтың мукополисахаридтер байланысын ыдыратады, сурфактанттың түзілуін, қақырықтың реологиялық параметрлерін реттеп, кілегейлі және адгезивті қасиеттрін төмендетеді[6,7].
Препарат бронх эпителиінің кірпікшелерінің қозғалысын реттеп, олардың бір біріне жабысып қалмауын, қақырықтың шығуын қамтамасыз етеді. Лазолван сурфактанттың түзілуін, қабынуға қарсы, антиоксидантты және жергілікті иммунитетті жоғарылататын қасиетке ие.
Препараттың муколитикалық, инфекцияға қарсы қасиеттері бірге жүреді. Экспериментте амброксолдың түмау вирусының полиферациясын тежейтін қасиеті мәлімделеді. Препаратты ингаляция түрінде енгізгенде емдік тиімділігі 30 минутта пайда болып 6-12 сағатқа сақталады. Максимальды эффект 2-3-ші тәулікте анықталады[7,8].
Мақсаты. Зерттеудің негізгі мақсаты балаларда ауруханадан тыс пневмонияны емдеудің эффективтілігін жоғарылату.
Зерттеудің материалдары және әдістері. Лазолванның эффективтілігін анықтау мақсатында жас ерекшеліктері 2-12 жас аралығындағы анамнез, клинико-лабораториялық көрсеткіштері мен рентген зерттеулерінің нәтижесіне сүйеніп ауруханадан тыс пневмония диагнозы қойылған 14 баладан түратын топ алынды. Зерттеу жүргізілген топта 2-6 жас аралығындағы 8 науқас бала, 6 жастан жоғары 6 науқас бала болды. Емханада қабылдауда болғанда барлығында дене қызуының жоғарылауы 37,4-38,3С байқалды. Емдеуді бастар алдында барлығында продуктивті емес жөтел болды (13 - 92,8%).
Науқастардың жартысында 6 жастан жоғары балаларда кілегейлі қақырықтың бөлінуі байқалды (6 - 42,8%). Аускультативті тексеруде барлық балаларда қабыну аймағында үсақ көпіршікті сырылдар бар, сегізінде оған қоса крепитациялық сырылдар, 3 жағдайда тыныстың локалды әлсіздігі байқалды.
Клиникалық және рентгендік тексерулердің қорытындысын салыстыру нәтижесінде зерттеу жүргізілген 8 науқаста сол жақты ошақты пневмония, ал 5 науқаста төменгі бөлікті оң жақты пневмония диагнозы қойылды. Бір науқаста екі жақты ошақты пневмония анықталды. 8 науқаста клиникалық көріністері мен аурудың ағымы орташа ауырлықта (57,1%), қалған 6 науқаста (42,9) -жеңіл ағымды деп бағаланды.
Қабылданған хаттамаларға сәйкес [2,4,5] ауруханадан тыс пневмонияны емдеуде антибактериальды дәрі дәрмектер ретінде зерттеу тобындағы балаларға макролидтердің жаңа тобының препараттары берілді(азитромицин, спирамицин), флемоксин-солютаб (амоксициллин), цефуроксин (зиннат).
Зерттеу нәтижелері. Балаларға лазолван препараты алғашқы күннен бастап ереже бойынша берілді. Лазолванның қолдану эффективтілігі өкпелік симптомдардың клиникалық параметрлеріне қарай(жөтел, қақырық, өкпеде сырылдар) бағаланды. Антибиотикпен бірге лазолванды қолдану нәтижесінде науқастарда алқғашқы 4 күнде негізгі ауру ағымында оң динамика байқалды. Соның нәтижесінде балалардың жалпы жағдайы жақсарып, дене қызуы қалыпқа келіп, интоксикация симптомдары мен тыныс жетімсіздік белгілері жойылды. Негізгі өкпелік симптомдар сипатына қарай лазолван препаратының әсерін аурудың алғашқы кезеңінен байқауға болады. Зерттеу жүргізілген барлық балаларда қақырықты продуктивті сипаттағы жөтел азайды. Аускультацияда үсақ көпіршікті сырылдар жиілігі төмендеп, кейбіреулерінде орта көпіршікті ылғалды сырылыдар анықталды.
Одан кейінгі бақылауда 10-12-ші күндерде 14 науқастың 12-де өкпенің жедел қабыну симптомдарының толық кері дамуы байқалды. Науқастарда жөтел азайып, оңай бөлінетін қақырық тек таңертеңгі уақытта байқалды. Сырылдар естілмеді. Бақылау барысында «лазолван» препаратын қолдануда ешқандай асқынулар болған жоқ.
Қорытынды. Сонымен балаларда ауруханадан тыс пневмонияда комплексті түрде «лазолван» препаратын қолдану қақырықтың тығыздығын азайтып, оның бронхиальды бағанның төменгі бөліктерінен сыртқа шығуына, күрғак жөтелдің ылғалды жөтелге айналып науқастың жағдайының жақсаруына алып келді. 1. «Лазолван» балаларда пневмонияда қолдануда эффективті препарат болып табылады. 2. «Лазолван» препараты әртүрлі жастағы балаларда колдануға болатын жөтелге карсы және муколитикалык әсерге ие. 3. «Лазолван» препаратын колдануда шағымсыз әсерлер байкалған жок.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Антибиотикотерапия пневмоний и бронхитов у детей. - Методические рекомендации для врачей- педиатров (Под ред. проф. Г.А.Самсыгиной). -1998.
- Майданник В.Г. Клинические рекомендации по диагностике и лечению острой пневмонии у детей. - 2002.
- Минков И.П. Антибиотикотерапия пневмоний у детей. - Одесса: Лагсар, 2002.
- Прохоров Е.В. Диагностика и антибактериальная терапия внебольничных пневмоний у детей. - 2002.
- McIntosh K. Community-acquired pneumonia in children. N Engl J Med 2002, 346(6).
- Овчаренко С.И. Муколитические (мукорегуляторные) препараты в лечении хронической обструктивной болезни легких. РМЖ, Том 10 № 4, 2002.
- Справочник Видаль. Лекарственные препараты в России, М., АстраФармСервис, 2003.
- Алекса В. И., Прозорова В. К., Мальцева Н. А., Шатихина Л. Н. Терапевтический Архив №3, 2001.