ТҮЙІН
Ерте жастағы балалардың ауруын ыкпалдастыра жүргізу әдісі стратегиясы балалардың денсаулығын жақсартуға, 0 жастан 5 жасқа дейінгі балаларға медициналық көмек көрсетудің сапасын көтеруге, бала өлімін, аурудың жиілігі мен ауырлығын және мүгедектікті төмендетуге, балалардың өсуі мен дамуын жақсартуға бағытталған.
Қазақстанда ерте жастағы балалардың аурулары мен өлімін төмендету мақсатымен бірнеше жылдан бері Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы мен Біріккен Ұлттар Ұйымының балалар фонды усынған ерте жастағы балалардың ауруын ықпалдастыра жүргізу әдісі (ИВБДВ) енгізілді.
Кілт сөздер: балалар аурулары, алдын-алу, балалар өлімі, аурушаңдық, балалар ауруларын ықпалдастыра жүргізу.
Бірнеше жылдар қатарынан ерте жастағы балаларда аурушаңдық пен өлім көрсеткіштерін төмендету және №656 19 желтоқсан 2008 жылы Қазастан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің «Қазақстан Республикасында балалар ауруларын ықпалдастыра жүргізу және ерте жастағы балалардың даму әдістерін енгізу» туралы буйрығын орындау мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау уйымы және Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар фондымен усынылған балалар жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу әдісі енгізілді.
Балалар ауруларын ықпалдастыра жүргізу әдісі (БАЫЖ) - ДДҰ және ЮНИСЕФ стратегиясы болып табылады және қазіргі таңда жүзден астам елдерде қолданылады. Қазақстан БАЫЖ әдісін бурынғы Совет елдері ішінде бірінші болып енгізген мемлекеттің бірі.
Оңтүстік Қазақстан облысы жобаны жақсы бағыттаған облыстардың бірі. Қазіргі таңда Республиканың он алты регионында региональды орталықтар ашылды.
Бул проекттің негізгі бағыты: қауіпсіз жүктілік және эффективті перинатальды көмек; балалар ауруларын ықпалдастыра жүргізу; балаларға қарсы зорлықтың алдын алу және бала қуқықтарын қорғау.
Балалар ауруларын ықпалдастыра жүргізу стратегиясы балалар денсаулығын жақсартуға, 0-5 жас аралығындағы балаларға көрсетілетін медициналық көмек сапасын жоғарылату, балалар өлімін, ауру ауырлығы және мүгедектік жиілігін төмендету, балалар дамуын және өсу көрсеткішін жақсарту.
Сонымен қатар бағдарламаға балалар ауруларын және алдын алу шараларын медицина мекемелері мен үйде жүргізу кіреді.
Мақсаты. БАЫЖ мақсаты 5 жасқа дейінгі балалар өлімін, ауруларын, мүгедектікті азайту.
Нәтижелері. Балалар ауруларын ықпалдастыра жүргізу бала денсаулығын жақсартудың, амбулаторлы жағдайда ауруларды анықтау, кеңес беру, балалар күтімін жақсартудың, аурудың алдын алу шараларының эффективтілігінің, ауыр науқастарды ауруханаға дер кезінде бағыттаудың кілтті стратегиясы. Бул стратегия госпитальды деңгейде көмектің жақсатруға да бағытталған. Үй жағдайында медициналық көмектің дурыс жүргізілуін, тамақтанудың жақсаруы, беоліленген емнің дурыс тағайындалуын қамтамасыз етеді.
Балалар ауруларын ықпалдастыра жүргізу стратегиясын енгізгенде нәтижелер көрсеткіштері: Амбулаторлы-емханалық мекемелерде көрсетілетін көмектің жақсаруына байланысты ауруханаға жатқызылатын балалар 2 есеге азайды.
Диарея мен жедел респираторлы инфекциялардың эффективті дәрі дәрмектерді қолдану нәтижесінде 3 есеге төмендеуі. Табиғи жолмен тамақтандырылатын балалар саны өсті. Аналардың балаларға күтім жүргізу бойынша дағдылар жайлы мәлімет пен білімдерінің жоғарылауы.
Балалар ауруларын ықпалдастыра жүргізу бағдарламасын енгізгенен бастап Оңтүстік Қазақстан облысында ана мен бала өлімінің көрсеткіші төмендеді. Нәрестелер өлімінің көрсеткіштері 2010 жылда 1000 балаға -20,1; 2011 жылы-16,4; 2012 жылда-15,4. 2009 жылы 37,1 көрсеткішті көрсетті.
№3 Қалалық балалар емханасында да 0-5 жас аралығындағы балаларда өлім көрсеткіші оң динамиканы көрсетті. 2010жылы 1000 тірі туылған нәрестеге өлген нәресте 34, 2011 жылы-25. 5 жасқа дейінгі балаларда жуқпалы аурулар көрсеткіштері де төмендеді. 10 000 мың балаға шаққанда 2010жылы 175,7 -ден 2011 жылы 106,0ға төмендеді, жедел ішектік инфекция 2010 жылда 24,6, 2011жылы 13,7 төмендеді.[4].
Қазақстан осы бағдарламаны қолдану арқылы 2015 жылға дейін 5 жасқа дейінгі балаларда пневмониямен ауыру көрсеткішін 50 пайызға, ал өлім көрсеткішін 20 пайызға төмендетуді жоспарлауда.
Ана өлімін 2013 жылға 28,1, 2015 жылға -24,5-ға төмендету, нәресте өлімін 1000 тірі туылған нәрестеге 2013 жылы 14,1; 2015 жылға12,3ке төмендету жоспарланған.
Қорытынды. Бағдарламаны қолдану барысында қалыпты жағдайда лабораториялық қурылғылар болмаған жағдайда жиі кездесетін патологияларда балаларға эффективті медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Сонымен балалар ауруларын ықпалдастыра жүргізу бағдарламасын енгізу: Бала денсаулығының жалпы және маңызды проблемаларын қарастырады. Турғындардың қажеттіліктеріне жауап беру. Алдын- алу, ерте диагностикалау, үйде және медицина орындарында емдеуді дурыс жүргізілуін қамтамасыз ету.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Анализ текущей ситуации. Государственная программа развития здравоохранения Республики Казахстан «Саламатты Қазақстан» на 2011 - 2015 годы.
- Рахматулин О.А. Динамика материнской и младенческой смертности в Республике Казахстан.
- А.Куттумуратова, Г.Абуова, З.Оспанова, Б.Бабаева. Внедрение стратегии интегрированного ведения болезней детского возраста - от позитивного опыта в Южном Казахстане к повсеместному внедрению в стране. Результаты совместного проекта ЕС и ВОЗ «Поддержка охраны здоровья матери и ребенка в Казахстане»// Entre Nous. № 74 - 2011.
- Ж.Аденов. Конъюктурный отчет ГККП «Шымкентской городской детской поликлиники № 3» за 2010 - 2011гг.
- Ж.К.Исмаилов. Минувший год стал прорывным для медицины региона. Областная газета «Южный Казахстан», Шымкент.- № 6-7. - 2012.
- Курс обучения ИВДБВ для работников медицинских учреждений первого уровня: Связь интегрированного ведения больных с профилактикой. Всемирная организация здравоохранения. Департамент здоровья и развития детей и подростков 1999.