Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010
Тег: Анализ

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010
Тег: ХОБЛ

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010

C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ауруханадан тыс пневмонияның клиникалық ағымының кейбір ерекшеліктері (кентау қаласы мысалында)

ТҮЙІН

Соңғы жылдары экологяның құлдилап, темекі тарту өршіп тұрған заманда пневмонияның ауыр түрі көбеюде. Бұл жағдайға күз, қыс айларында вирусты инфекцияның пневмониямен асқынуының жиілеуі дәлел бола алады. Осыған қосымша, аурудың созылыңқы ағымы көбеюде.

Түйінді сөздер: пневмония, вирусты инфекция, созылыңқы ағым, макролидтер.

Тақырыптың өзектілігі: қазіргі таңда экологиялық жағдайдың нашарлап, темекі тартудың кеңінен таралған заманында өкпе ауруларының жиілеуімен қатар, оның салдарынан өлім саны да көбеюде. ДДСҰ-ның болжамы бойынша XXI ғасырда барлық өлім себептерінің құрылымы бойынша тыныс алу жүйесі ауруларынан өлім саны екінші орынға шығуы мүмкін [1, 2, 3]. Бұл жағдайда соңғы жылдары клиникалық көріністері белгісіз ауыр ағымдағы пневмонияның жиілеп, көп жағдайларда асқынуға алып келе жатуының маңызы аз емес. Бұл мәліметті Қазақстанда және кейбір ТМД елдерінде күз айларында жедел вирусты инфекцияның пневмониямен асқынуы дәлел бола алады. Сонымен қатар, пневмонияның ағымы ауырлап, созылыңқы ағымға ұласуы 2-4-тен 30-40% - ға дейін жоғарылауы байқалған [4, 5]. Соңғы жылдары пневмонияның этиологиясының өзгеруі және микроорганизмнің антибиотикке төзімділігінің артуы оның созылыңқы ағымға ұласуының бірден бір себебі [6].

Материалдар мен тәсілдері. Кентау орталық қалалық ауруханасының терапия бөлімшесінде 2011 жылы пневмония диагнозымен 115 науқас емделді, оның ішінде ерлер 72 науқас 62,6%, әйелдер 43 науқас 37, 4%, науқастардың басым бөлігін барлық жаста да ерлер құрап отыр, оның негізгі себебіне қолайсыз ортада қызмет ету және темекі тартуына байланыстылық жатыр. Науқастардың орта жасы 15 жастан 70 жасқа дейін, олардың жас ерекшелігіне талдау жасағанда ең жоғарғы жиілік 50-ден үлкен жаста кездескені анықталды, оның негізгі себебтерінің бірі, бұл жастағы науқастарда ілеспелі аурулардың қосарланып келуі.

Емделгендер арасында тыныс жолдарының созылмалы қабыну аурулары 69(60%) науқаста кездессе, темекі шегу 51(44.3%) науқаста анықталды, оның ішінде ер адамдар 78%-ды құрады. Науқастардың ауруханада орташа емделу мерзімі 10.2, осы уақыт ішінде қайтыс болғандар жоқ. Емделген барлық науқастар төмендегідей зерттеулерден өтті: қанның жалпы анализі, несептің жалпы анализі, қанның биохимиялық анализі (С реактивті белок, фибриноген), қақырықтың жалпы анализі, БК таяқшаларына қақырық анализі, кеуденің жалпы шолу рентгенограммасы. Науқастардың басым бөлігі (102 науқас 88,7%) жолдамамен келсе, қалғаны (13 науқас 11,3%) жедел жәрдем арқылы бөлімшеге түскен. Бұл мәлімет жедел вирусты инфекцияның пневмониямен асқынуының, пневмонияның ағымының ауырлығының, амбулаторлық антибактериальды емінің тиімсіздігінің және науқастарда ілеспелі аурулардың болуының көрсеткіші.

Нәтижесі және талдау. Ауруханада емделген науқастардың клиникалық көрінісіне талдау жасағанда, пневмония диагнозын дәлелдейтін белгілердің көпшілігі анықталды, жөтел, астеновегетативті синдром, пневмонияның физикальды белгілері және рентгенограммада өкпедегі өзгерістер науқастардың барлығында кездесіп 100% құрады, қызба 112 науқаста кездесіп, 97,3% құрады, ентігу 67 науқаста кездесіп, 58,2% құрады, лейкоцитоз 71 науқаста кездесіп, 61,7% құрады. Бұл мәліметтер салыстырмалы түрде 1 кестеде көрсетілген.

№ 1 кесте Клиникалық симптомдардың көрінісі

Клиникалық көріністер

абсалюттік саны

%

көрсеткіші

1

Қызба

112

97,3%

2

Жөтел құрғақ немесе қақырықпен

115

100%

3

Жөтелгенде немесе демалғанда пайда

болатын кеудедегі ауырсыну

92

80%

4

Ентігу

67

58,2%

5

Астеновегетативті синдром

115

100%

6

Физикальды белгілері (везикулалы

тыныстың әлсіреуі, крепитация, ұсақ

көпіршікті ылғалды сырылдар)

115

100%

7

Лейкоцитоз

71

61,7%

8

Рентгенограммада өкпедегі өзгерістер

115

100%

Антибактериалды препаратты таңдаудың маңызы зор, себебі емдеу шаралары мүмкіндігінше ерте басталу керек. Көптеген мәліметтер бойынша ауруханадан тыс пневмонияда антибактериалды препараттар диагноз дәлелденгеннен кейін 8 сағат ішінде тағайындалса антибиотикті кеш тағайындаған мәліметтермен салыстырғанда өлім саны төмен [7]. Науқастардың ауруханада жатып емделу ұзақтығы 9-12 күнді құрады. Антибактериалды терапияның тиімділігінің негізгі критерийі 72 сағат ішінде дене қызуының төмендей бастауы, интоксикация синдромының азаюымен бақылау жүргізілді. Негізгі антибиотиктердің қатарында цефуроксим 0,75г 3 рет, цефотаксим 1г 2-3 рет, цефтриаксон 1г 1 - 2 рет, цефепим 1г 1-2 рет парентералды тағайындалды. Сонымен қатар, кейбір науқастарда жоғары қызба сақталып, аурудың симптомдарының өршуі байқалды, бұл антибактериалды терапияның тиімсіздігінің көрсеткіші, себебі көпшілігінде ағымы рецидивтеуші созылмалы бронхит тәрізді ілеспелі аурулармен науқастар амбулаторлық жағдайда антибактериалды препараттардан цефалоспориндер тобынан препараттарды қабылдайды. Бұл жағдай антибиотикке резистенттілік дамудың қауіпті факторының негізгі себебі, сондықтан оларға басқа антибиотиктер тағайындалды, макролидтер тобынан сумамед 500 мг күніне 1рет вена ішіне тамшылатып 3 күн тағайындалды, екінші күннен бастап сумамедтің клиникалық тиімділігі (дене қызуының қалпына келуі, интоксикацияның азаюы немесе жойылуы) байқалды.

Қорытынды: Пневмония әйелдерге қарағанда ерлерде екі есеге жуық жиі кездесті. Науқастардың жас ерекшелігіне талдау жасағанда пневмония жасы 50-ден жоғары ересектер арасында басым болды. Тыныс жолдарының созылмалы патологиялары бар науқастардағы пневмонияны емдеуде антибиотиктер ішінде цефалосприндермен салыстырғанда макролидтер тобынан сумамед жоғары тиімділік көрсетті.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Здоровье населения РК и деятельность организаций здравоохранения в 2005 году.:- Статистический сборник. Астана- Алматы, 2004. - 236 c
  2. Здоровье населения РК и деятельность олрганизаций здравоохранения в 2007 году.:- Статистический сборник. Астана 2008. - 312 c
  3. Черняев А.Л. Некоторые аспекты этиологии, патологической анатомии и диагностики пневмонии // Пульмонологическое приложение. - 1997- 11-14 с.
  4. Крылов А.А., Шацкая Е.Г. Анализ летальных исходов и пути улучшения диагностики и лечения острых пневмоний // Клиническая медицина. -1995- № 2. - 26-29 c.
  5. Христолюбова Е.Н. Анализ смертельных исходов внебольничных пневмоний// Пульмонология. - 2002. -№ 3. 68-70 с.
  6. Миронов А.Ю., Савицкая К.И., Воробьев А.А. Условно патогенные микроорганизмы при заболеваниях органов дыхательных путей // Журнал микробиологии, эпидемиологии и иммунологии. -2000 - № 8184
  7. Meehan T.P., Fine M.J., Krumholz H.M. et al. Quality of care process and outcomes in elderly patients with pneumonia // JAMA. - 1997 278-280.