ТҮЙІН
Зерттеудің нәтижесі бойынша, босанудың интернегенитакалық аралығының үзақтығы қалыпты босану кезіндегі қысқа кездейге қарағанда, акушерлік күрделіліктің жиілілігі жоғары. Осымен байланысты әйелдерге үзақ интергенетикалық аралықта босанатындарын акушерлік күрделілік бойынша, алдын-алу шара қолдану мақсатында, қауіпті топқа жатқызу керек.
Кілт сөздер: әйелдердің репродуктивті жас ерекшелігі, зиянды факторлар, денсалулықты сақтау.
Әдебиет мәліметтері бойынша, жиі жүктілік пен босану ана үшін қауіп факторы болып табылады. Интергенетикалық аралық ұзақтығының перинатальды және ана мен бала өліміне әсерін тигізуін сощы жылдары шет ел авторларының жүргізген зерттеу нәтижелері дәлелдейді. Нәрестелері өлі туылған жағдайларды зерттеуде анықталғаны, төрт ананың үшеуінің екі босануының арасында бір жыл ғана өткен. Қысқа интергенетикалық аралықпен (1-1,5 жыл) босанудың 60,2%-да, қалыпты аралықпен (2-3 жыл) босанудың 6,8%-да массасы 2500 г-нан төмен нәрестелер туылған. Біздің әдебиет- терде интергенетикалық аралықтың жүктілік ағымына әсері туралы түрлі мәліметтер бар. Көптеген автор-лар жиі босануларда анемия жиілігінің 2 есе, қан кетулер жиілігінің 4 есе артуын анықтады. Бірақ, соны-мен қатар қысқа интергенетикалық аралықты физиологиялық жағдай ретінде санайтын мәліметтер туды. Укыбасова Т.М. зерттеулері бойынша, босану кезінде Қазақстан Республикасы әйел турғындарының жартысында қысқа интергене-тикалық аралық орын алды. Босану жиілігін реттеу мақсатымен контрацептивті заттар қолдануды әрбір екінші әйелдің білмейтіні анықталды.Қысқа интергенетикалық аралығы бар әйелдерде 2 есе жиі кеш гестоз, жүктіліктің үзілу қаупі және мерзімінен ерте босану, бала жолдасының бөліну және босанғаннан кейінгі ерте кезеңдердің асқынуы байқалды. Жиі босанатын әйелдерде анемия, ұрықтың гипотрофиясы, жалпы дамуының кідіруі кездесті. Оңтүстік Қазақстан облысы көп балалы болу, жиі босану, кеш репродуктивті кезеңде босану дәстүрлері тек өзіне тән демографиялық жағдайы бар аймаққа жатады. Ана мен бала денсаулығына интергенетикалық ұзақтығының әсерін анықтау үшін, біз Шымкент қаласының №2 перзентханасындағы 2007 жылғы босанған 500 әйелдердің босану тарихы бойынша ретроспективті зерттеуін жүргіздік.
500 босанушы әйелдердің 48% алғаш босанушы, 52% қайта босанушы екендігі анықталды. Қайта босанушылар арасында қалыпты босану аралығымен босанғандар 35%, қысқа аралықпен босанғандар 43%, ұзақ аралықпен (5 жылдан аса) босанғандар 22% болды. Зерттеудегі әйелдерді жастары бойынша бөлгенде, әйелдердің жасы қалыпты интергене- тикалық аралықтағы 28±3,2, қысқа аралықтағы 25±3,4, ұзақ интергенетикалық аралықтағы 32±3,9 болып тіркелді. Репро- дуктивті қызметін талдауда анықталғаны, 26% ұзақ және 20% қысқа интергенетикалық аралықтағы әйелдердің анамнезінде асқынған акушерлік анамнез орын алған. Қалыпты интергенетикалық аралықта бұл көрсеткіш 11% құрды. ¥зақ босану аралығы бар әйелдердің 61% босану жиілігін реттеу мақсатымен жасанды аборттар қолданған. Бір әйел орташа есеппен 3,4±0,5 аборт жасаған. Қалыпты интергенетикалық аралықтағы әйелдердің 22% жасанды аборттар қолданған.
Бір әйелге шаққандағы жалпы аборт саны 1,8 ± 0,5, бұл мағына ұзақ интергенетикалық аралығы бар әйелдерге қарағанда 1,5 есе кіші. Қысқа интергенетикалық аралықта 8% әйелдер жасанды аборттар қолданған, орташа аборт саны бір әйел үшін 0,1. Гинекологиялық аурулармен ұзақ интергенетикалық аралықтағы 22%, қалыпты аралықтағы 12%, қысқа аралықтағы 23% әйелдер зардап шеккені анықталды. Экстрагенитальды патология ұзақ интергенетикалық аралықтағы 92%, қалыпты аралықтағы 80%, қысқа аралықтағы 86% әйелдерде байқалды. Осы зерттелген топтардағы экстрагенитальды патологияның құрылысы №1 диаграммада берілген.
Экстрагенитальды патологияның жиілігіне сәйкес жүктілік асқынулары да қысқа және ұзақ интергенетикалық аралықтағы әйелдерде қалыпты аралықтағы әйелдермен салыстырғанда жиірек кездесті. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі, жүктіліктің үзілу қаупі, гестоз, ұрықтың құрсақішілік созылмалы гипоксиясының жиілігі бұл әйелдер контингентінде қалыпты интергенетикалық аралықтағы әйелдерге қарағанда 2-3 есе жоғары екендігі анықталды. Бұл мәліметтер № 2 диаграммада көрсетілген[1,2].
Босану ағымының талдауында, осы әйелдер контингентінде босану асқынуларының да көп кездесетіні анықталды. Мерзімнен аса босану узац интергенетикалық аралықтағы әйелдерде қалыпты аралықтағы әйелдерге қарағанда 1,5 есе жиі байқалды. Егер босанулардың жалпы узақтығын қарастырсақ, жедел және узац босанулар берілген топтағы әйелдерде қалыпты аралықтағы әйелдерге қарағанда 2 есе жиі байқалды.¥зақ және қысқа интергенетикалық аралықтағы әйелдерде босану кезінде қағанақ суының ерте кетуі, босану қызметінің әлсіздігі, гипотониялық қан кету қалыпты аралықтағы әйелдерге қарағанда 1,5 - 2 есе жиі кездесті. Зерттелген топтардағы босану кезіндегі асқынулар қурылысы № 3 диаграммада берілген.
Перинатальды өлімді талдау кезінде, келесі түжырымға келдік. Перинатальды өлімнің жиілігі осы контингент әйелдерде 1,5 - 2 есе басқа әйелдерге қарағанда жоғары болды. есар тілігі арқылы 7,4% әйелдер босанды. Оперативті босану алғаш босанушылардың 48%-да, қайта босанушылардың 52%-да кездесті. Қайта босанушылар арасында қалыпты босану аралықпен 37%, қысқа аралықпен 13%, үзац аралықпен 50% әйелдер оперативті жолмен босанды. Ұзақ интергенетикалық аралықтағы босануларда қалыпты және үзақ интергенетикалық аралықтағы босанулармен салыстырғанда жедел операциялар 2 есе жиі жасалынды. үл жағдай үзақ интергенетикалық аралықта дәрігерлерде сақтықтың болмауына, алдын алу шараларының уақтылы жүргізілмеуіне байланысты болуы ықтимал[3].
Сонымен зерттеулер нәтижелері бойынша, жалпы босанулардың 22% үзақ интергенетикалық аралығы бар әйелдер үлесіне тиді. Босану аралығын үзарту 61% жағдайда жасанды аборттар арқылы іске асырылды. Жалпы әрбір әйел босанулар аралығында 3,4±0,5 аборт жасайтыны мәлім болды. Ұзац интергенетикалық аралығы бар әйелдердің әрбір екіншісінде жүктілік асқынулармен өтті. Босану кезіндегі ең жиі кездескен асқынулар босану әрекетінің әлсіздігі, қағанац суының ерте кетуі, гестоз болды. Бүл жағдай оперативті босану жиілігінің қалыпты аралықтағы жүктілікке қарағанда 1,3 есе артуына алып келді. Ұзақ интергенетикалық аралықтағы әйелдерде перинатальды өлім қалыпты аралықпен салыстырғанда 1,5 есе жоғары болды. зақ интергенетикалық аралықтағы әйелдерді қысқа аралықтағы әйелдер сияқты акушерлік асқынулар бойынша қауіп қатер тобына жатқызу қажеттігін осы зерттеулер дәлелдеді. Бүл әйелдерге осы асқынулардың алдын алу бойынша шаралар жүргізілуі қажет
ӘДЕБИЕТТЕР
- Никитин, А. И. Вредные факторы среды и репродуктивная система человека (ответственность перед будущими поколениями): монография / А. И. Никитин. - СПб. : "ЭЛБИ-СПб.", 2005. - 216 с. - ISBN 5- 93979-114-X.
- Национальная политика охраны репродуктивного здоровья женщин в Казахстане: монография / М-во здравоохранения РК ; Респ. научно-исслед. центр охраны здоровья матери и ребенка. - Алматы : Б. и., 1996. - 95 с.
- Тастанбекова, Ш. А. Современные тенденции в планирования семьи и сохранении репродуктивного здоровья женщин ЮКО/ Ш. А. Тастанбекова // ОҚМФА хабаршысы. - 2012. - №2. - С. 241-242.