ТҮЙІН
Сары фосфордың сулы қалқымасының өлімге әкелетін орташа дозасын (DL50 -31,1 мг/кг) іш қуысына енгізгенде тәжірибелік жануарлардың орташа өмір сүру уақыты «төзімді» тобында «жалпы», «сезімтал» және» өте сезімтал» топтарына қарағанда 63,4%-ға, 82,5%-ға және 37,8%-ға үзарды.
Кіл сөздер: фосфор, үлыәсер, жануарлар, препараттарға сезімталдық, жануарлардың өмірінің үзақтығы.
Белгілі бір себеп-шарттар организмге эсер еткенде, оның жауабы негізінен жекеленген сезімталдығына байланысты болады [1,2]. Тэжірибелік жануарлардың үлпаларында ауыртпалық (стресс) эсердің нэтижесінде «төзімді» топтарда тек қана қайта эсерленген үрдістер орын алса, ал ауыртпалық эсерге төзімсіз жануарлардың үлпаларында қүрылымдық бүліністік өзгерістер (жасушаішілік ыдырау) орын алды[3,4]. Фосфор зауытының жүмысшыларында фосфор қосылыстарымен созылмалы уыттану эр түрлі кезеңдерде пайда болады, кейде 8-12 жылдан соң оның алғашқы белгілері пайда болады, ал кейбір жүмысшыларда бүл аурудың көріністері 20-25 жылдық еңбек өтіліне қарамай кездеспейді. Ғылыми зерттеу нэтижелері фосфор қосылыстарымен созылмалы уыттану жүмысшылардың фосфорға даралық сезімталдығына тікелей байланысты екенін көрсетеді [5]. Жануарлардың фосформен уыттануын кезінде жеке сезімталдығына байланысты өмір сүру жағдайы эдебиеттерде кездеспейді. Ксенобиотикке даралық сезімталдығына байланысты жануарлардың сары фосформен уытанған жануарлардың орташа өмір сүру уақытын анықтау.
Зерттеуге алынған егеуқүйрықтардың сары фосфорға сезімталдығын алдын-ала хемилюминесценттік эдіспен анықтадық. Тэжірибелік жануарлардың хемилюминесценттік қасиеттері жэне асқын тотық радикалдарының түзілу жылдамдығы есептелінді. Әдісті жасау үшін алдын-ала 1%-ды сары фосфордың сулы қалқымасы жасалынды (майлы ерітіндісі жарамайды). Бүл үшін 1,0 г сары фосфорды 99 мл суытылған суға ерітіп, оны 10 минут бойы 22 кГц ультрадыбыспен эсерлендірілді. Ультрадыбысты алу үшін қуаты 400 Вт УЗДН-1 аспабы қолданылды.
Зертгеуге алынған тәжірибелік жануарлардың қүйрығынан 0,2 мл қан алып, оны тендей екіге бөліп, 0,9 мл-ден физиологиялық ерітінді қосылды. Оның бір бөлігіне 0,01 мл 10-3м сары фосфордың сулы қалқымсын, ал екінші бөлігіне 0,01 мл физиологиялық ерітінді қосылды. Бүл екі сынаққа алынған ерітінділер 30 минут бойы t=370C термостатта үсталды. Алынған қанның өзбетінше шүғыла шашыратылуы анықталды. Артынан 3%-0,5 мл суте гінің асқын тотығын қосып, қанның әсерленген хемилюминесценттік қасиетін ХЛМЦ-01 аспабында 5 минут бойы зерттегеннен кейін, оның жалпы әлсіз шүғыла шашыратуының қосындысы анықталды [6,7]. Организмнің фосфорға даралық сезімталдығы хемилюминесценттік төзімділік көрсеткішін (ХЛТК) есептеу өрнегі арқылы анықталды[7,8]. :
ӨбХЛ дХЛ АТРТЖ
L + L + L
ӨбХЛ 2 дХЛ 2 АТРТЖ 2
хлтк =
3
(1) мүндағы:
ӨбХЛ-өз бетінше хемилюминесценция; ӘХЛ-әсерленген хемилюминесценция; АРТЖ-асқын тотық радикалдарының түзілуі жылдамдығы; 1-болмыстық көрсеткіш; 2- фосформен әсерленген көрсеткіштер; ХЛТК деңгейі бойынша тәжірибеге алынған егеуқүйрықтар үш топқа бөлінді: 1-ші топ-фосфорға «төзімді» деп алынды, олардың ауытқулары 0,7 шб-ден 1,1 шб-ге дейін орын алды. 2-ші топ-ХЛТК мәні ал 0,7-0,5 шартты белгі аралығындағы жануарлар фосфорға «сезімтал» тобына жатқызылды. 3-ші топ - ХЛТК шб мәні 0,5 шартты белгіден төмендеген жағдайда фосфорға «өте сезімтал» деп есептелді. Ал егеуқүйрықтарға фосфордың 1% сулы қалқымасының орташа уытты дозасын (15 мг/кг) іш қуысына бір рет енгізіп, олардың орташа өмір сүру уақытын зерттедік.
Тәжірибелік жануарлардың тіршілігін сақтап қалуын, өмір сүруінің орташа үзақтығын және жалпы жағдайын фосфорға сезімталдығына байланысты зерттеу үшін оларға фосфордың сулы қалқымасымен жіті уытганудың үлгісін жасадық. Тәжірибеге салмағы 170-180 г 60 ақ егеуқүйрықтар пайдаланылды.
Тәжірибе барысында жануарлардың жағдайы өте мүқият байқауға алынды: дене салмағын бағалау, түк жабының жағдайы, қимыл белсенділігі, тағам және сүйықтықты пайдалану қабілеті, нәжіс жағдайы және т.б. Егеуқүйрықтардың фосфорға «төзімді» тобы бацылаудың барлық кезеңінде белсенді, қимылдары ширак болып қала берді, тәбеттері жақсы және зерттеудің 30-ы тәулігінде 25-30 граммнан салмақ қосты. Түк жабыны таза және тегіс болып қалды. Бүл топтағы егеуқүйрықтардың өлімі 30 тәуліктің ішінде 1,67% -ға тең болды.
Фосфорға «сезімтал» жануарлар ксенобиотикті енгізген соң 2 сағаттан кейін тынышталып, қимыл әрекеттері төмендеп, тамақтан бас тартқаны байқалды. Алғашқы 1-ші тәулікте жануарлар тынышталып, қимылдары азайды, бірақ 3-ші тәуліктен бастап олардың қимыл-әрекеттері жоғарылап, тәжірибенің аяғына дейін сақталынды. Фосформен жіті уыттанған тәжірибелік жануарларда 3-ші тәуліктен кейін 25%-ында диспепсиялық қүбылыстар байқалып, 4-ші тәулікте жоғалды. 6-7 тәулікте дене салмағы 15-20 г төмендеді. Одан кейін дене салмағы біртіндеп өсе бастады, 14-ші тәулікте тірі қалған егеуқүйрықтардың салмағы қайта қалпына келе бастады. Түктері үйпаланған, бірак таза болып қалды. Тәжрибенің 10-11-ші тәулігінде 16% егеуқүйрықтар (жалпы топта 25%) аяқтарында және қүлақтарында нүктелі қан қүюлу байқалды. Жануарлардың 25%-ның басында түктерінің түсуі фосформен уыттанған нан кейін 21-ші тәуліктен бастап кездесті.
Тірі қалған жануарлардың 1/4 бөлігінде тәжірибенің 20-шы тәулігінде бастарындағы түктері түскен. Ксенобиотикке «өте сезімтал» жіті уыттанған жануарлар тәжірибеден 2 сағат өткеннен кейін тынышталып, қимыл әрекеттері төмендеп, тамақтан бас тартқаны байқалды. Алғашқы 1-ші тәулікте жануарлар тынышталып, қимылдары азайды, бірақ 2-ші тәуліктен бастап олардың қимыл-әрекеттері төмендеді, тәжірибенің аяғына дейін сақталынды. Фосформен уыттанғаннан кейін 3-ші тәуліктен бастап 85%-ында диспепсиялық қүбылыстар байқалып, 4-ші тәулікте жоғалды. 3-4 тәулікте дене салмағы 25-30 г төмендеді. Одан кейін дене салмағы біртіндеп өсе бастайды, 23-ші тәулікте тірі қалған егеуқүйрықтардың салмағы қайта қалпына келе бастайды. Тәжрибенің 4-5 күндері жануарлардың 8%-да, 13-15-ші тәуліктері 20%-да, 20-21-ші тәуліктері ақ егеуқүйрықтардың 6%-да қүлағында және аяқтарында қан қүйылу байқалған, соның нәтижесінде жануарлар өлген. Тірі қалған жануарлардың 1/3 бөлігінде тәжірибенің 20-шы тәулігінде бастарындағы түктері түскен.
Фосформен жіті уыттанған жануарлардың өмір сүру қабілеті мен өмір сүрулерінің орташа үзақтығы 1- ші кестеде көрсетілген. Жіті уыгтанғаннан кейін жалпы топта 5-ші тәулікке дейін егеуқүйрықтардың өлуі басталды, олар 5% қүрады. 6-10 тәулікте жануарлардың 28,3% өлді және тәжірибенің 11-15, 16-20 тәулік кезеңдерінде жануарлардың 6,7% өлді, тәжірибенің 20-шы тәулігіне дейін жануарлардың 46,6%-ы өлді, ал 54,4%-ы тірі қалды. Тәжірибенің 21-30 тәулігінде жануарлардың 3,33%-ы өлді. Тәжірибенің толық кезеңінде жануарлардың жалпы топта 50 %-ы өлді. Фосфордың сулы қалқымасының өлтіре алатын орташа дозасымен уьптанған жануарлардың өмір сүрулерінің орташа үзацтығы жалпы топта 15,3±0,62 тәулікке тең болса, бүл көрсеткіштің мәні «төзімді» тобында 63,3%-ға үзарды, ал «сезімтал» және «өте сезімтал» топтарында 10,5%-ға және 51,6%-ға қысқарды.
Тәжірибелік жануарлардың «төзімді» тобында зерттеудің 21-30 тәулік арасында 1,67 %-ы өлсе, «сезімтал» тобында егеуқүйрықтардың өлуінің деңгейі 1,67%-ға, 6-10 тәулік арасында 5%-ға тең болса, «өте сезімтал» топта тәжірибелік жануарлардың өлуі 1-5 тәулікте 5%-ға, 6-10 тәулік арасында 23,3%-ға тең болды.
Зерттеудің толық уацытында жануарлардың өлуі «төзімді» тобында 1,67%-ға, «сезімтал» тобында 20%-ды қүраса, «өте сезімтал» тобында 33,3%-ға тең болды. Сонымен сары фосфордың сулы қалқымасының уытты әсерінен жануарлардың өлуі «өте сезімтал» топта жоғары деңгейде орын алып және олардың орташа өмір сүру уақыты қысқарды.
1-кесте - Фосформен жіті уыттанған тәжірибелік жануарлардың сары фосфорға даралық сезімталдығына байланысты өлуі мен өмір сүруінің орташа үзақтығының өзгеруі
Бақылау уацыты |
Топтар |
|||
төзімді |
сезімтал |
өте сезімтал |
жалпы |
|
1-5 тәулікте |
3(5%) |
3(5%) |
||
6-10 тәулік |
- |
3 (5%) |
14(23,33%) |
17(28,3%) |
11-15 тәулік |
- |
3 (10%) |
1 (1,67%) |
4(6,67%) |
16-20 тәулік |
- |
2(3,33%) |
2 (3,33%) |
4(6,67%) |
21-30тәулік |
1 (1,67%) |
1(1,67%) |
- |
2(3,33) |
Жалпы |
1 (1,67%) |
9 (20%) |
20 (33,33%) |
30 (50%) |
ООУ, тәулік |
25,0±0,85 |
13,7±0,82 |
7,4±0,39 |
15,3±0,62 |
Қорыта келгенде, сары фосфордың сулы қалқымасының өлімге әкелетін орташа дозасымен (DL50) уыттанған жануарларда патологиялық өзгерістер диспепсиялық бүзылыстармен, бас аймағында түктердің түсуімен білінеді, бүлардың барлығы фосформен жіті уыттанудың айғақ көрсеткіштері. Фосформен жіті уыттанған жануарлардың тіршілігін сақтап қалуы туралы алынған деректер әдебиеттерде келтірілген мәліметтерге сәйкес келеді, сондықтан алынған фосформен уыттану үлгісі дүрыс жасалынған деп айтуға болады.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Голованова, Е. В. Диагностика и лечение внутрипечёночного холестаза при хронических заболеваниях печени / Е. В. Голованова // Терапевтический архив. - 2011. - № 2. - С. 33-39.
- Жумашов, С. Н. Морфологическая светооптическая и электронномикроскопическая характеристика эритроцитов крови при воздействии желтого фосфора и ее изменение под влиянием кобавита и иммуномодулина/ С. Н. Жумашов // Вестник ЮКГМА. - 2006. - № 3. - С. 65-67.
- Фосфорно-кальциевый обмен и состояние сердечно-сосудистой системы у пациентов с ранними стадиями хронической болезни почек/ А. В. Смирнов [и др.] // Терапевтический архив. - 2010. - № 6. - С. 25-28.
- Дисфункции миокарда, оцениваемые методом тканевой допплерографии и фосфорно-кальциевый баланс у пациентов на хроническом гемодиализе/ М. М. Волков [ и др.] // Нефрология. - 2008. - № 3. - С. 18-23.