Кіріспе. Медицинада өзекті мәселелердің бірі мидың когнитивтік қызметінің бүзылысы (есте сақтау, зейін қою, сөйлеу, праксис, гнозис, интеллект) болып саналады, өйткені ол науқастардың өмір сүру деңгейін төмендете отырып, емнің дүрыс нәтижелі болмауына әкеледі [1]. Қазіргі таңда жүрек қан-тамыр жүйесінің аурулары бас миының жедел қан айналым бүзылысы және созылмалы ишемиялық бүзылыстарына әкеп соғуымен қатар, есте сақтау қабілеті және мидың басқа да когнитивтік қызметі бүзылыстарына әкелетіні дәлелденген [2]. Зерттеу нәтижелері бойынша мидың ақ затының өзгерісі артериялық гипертензиясы бар науқастарда нормотензиямен науқастарға қарағанда 2 есе жиі екені анықталды [3]. 2005 жылы Ресейде болып өткен кардиологтар Кеңесінде медицина ғылымының докторы, профессор Е.ВШляхто артериялық гипертензия, атеросклероз, қант диабеті инфаркттың, инсульттің, қан-тамырлық ремодельденудің дамуына, ал б>л өзгерістер когнитивтік бүзылыстардың, әрі қарай деменцияның дамуына әкелетінін баяндаған [4]. Осыған байланысты Түркістан экологиялық аймағындағы жүрек қан-тамыр жүйесі ауруымен науқастардың бас миының когнитивтік қызметі зерттелді.
Жұмыстың мақсаты: Жүрек қан-тамыр жүйесі ауруымен науқастардың бас миының когнитивтік қызметін тексеру. Жынысына байланысты жүрек қан-тамыр жүйесі ауруларымен науқастардың бас миының когнитивтік қызметін зерттеу. Нозологиясына байланысты (артериялық гипертония және артериялық гипертония мен жүректің ишемиялық ауруы қосарланған) науқастардың бас миының когнитивтік қызметтерін салыстыру.
Зерттеу эдістері: Зерттеуге жүрек қан-тамыр жүйесі ауруларымен жалпы 32 науқас (14 әйел және 18 ер адам) алынды. Олардың орта жасы 58-62 жас аралығын қүрады. 10 сөз айтқызып қысқа уацыттық есте сақтау қабілетін тексеру. Шульте кестесі және Шульте-Горбовтың модифицирленген кестесі арқылы зейінді зерттеу. Барлық науқастарға 10 сөз арқылы қысқа уацыттық есте сақтау қабілетін тексеру жүргізілді. Нүсқаулық бойынша науқасқа мағынасы әртүрлі 10 сөз айтылды, науқас бірінші қайталағанда қалыпты жағдайда 6-8 сөз айтуы, келесі қайталағанда 9-10 сөз айтуы керек. Жалпы қайталау саны 5 рет.
Шульте-Горбовтың модифицирленген кестесі бойынша ерлер мен әйелдерде де бас миының когнитивтік қызметі бүзылған. Бағалау жүйесі бойынша: ерлер 3 балл, әйелдер 1 балл алды. Яғни, әйелдерде когнитивтік бүзылыс басымырақ.
159
Кесте 4 - Шульте-Горбовтың кестесімен нозологиялар бойынша зейінді зерттеу нәтижесі
Нозология |
Уақыты |
АГ |
425,5 (7 мин 5 сек) |
АГ+ЖИА |
286,5 (4 мин 46 сек) |
Р |
>0,05 |
Ескерту: Р - салыстырмалы статистикалық нақты айырмашылық |
Шульте-Горбовтың модифицирленген кестесі бойынша науқастарда когнитивтік өзгерістер байқалды. Баллдық жүйе бойынша: артериялық гипертониямен сырқат науқастарда 2 балл, артериялық гипертония және жүректің ишемиялық ауруы бірге кездескен науқастарда 4 балл байқалды. Артериялық гипертониямен науқастарда когнитивтік бүзылыс басымырақ екендігі анықталды.
Қорытынды. Жүрек-қан тамыр жүйесі ауруларымен науқастардың бас миының когнитивтік қызметінің жынысына қарай тексеру нәтижесі бойынша ерлер мен әйелдерде де когнитивтік қызметтің төмендігі, әсіресе әйелдерде айқын өзгерістер байқалды. Нозология бойынша: артериялық гипертония мен жүректің ишемиялық ауруы біріккен науқастарға қарағанда артериялық гипертониямен сырқат науқастарда бас миының когнитивтік бүзылысы басымырақ екендігі анықталды.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Захаров В.В., Яхно В.В. Нарушения памяти. //ГЭОТАР-Медиа, Москва, 2003, №3, 160 с.
- Гулевская Т.С., Моргунов В.А. Патологическая анатомия нарушений мозгового кровообращения при атеросклерозе и артериальной гипертонии. //Медицина, Москва, 2009. №6, 296 с.
- Дамулин И.В. Сосудистая деменция. //Неврологический журнал, Москва, 1999, № 4, 411 с.
- Калинин А.П., Котов С.В. Неврологические расстройства при эндокринных заболеваниях. //Медицина, Москва, 2001, №3, 252 с.
- Яхно Н.Н. Когнитивные расстройства в неврологической клинике. //Неврология. Москва, 2006, №7, 314 с.