Біздің мемлекетімізде тиімділігі жоғары жаңа дәрілік заттарды өндеп, медициналық тәжірибеге енгізуге үлкен көңіл бөлінеді. Өсімдік тектес дәрілік заттарға ерекше мән беріледі. Бүл түрғыда, қүрамында фенолы бар қосылыстар мен терпеноидтар және басқа да емдік заттары бар өсімдктерге ерекше қызығушылық танытылуда. Түттар (Moraceae) түқымдасына жататын маклюра (Maclura) биологиялық белсенді заттардың шығу көзінің бірі болып табылады [1]. Орта Азия мен Кавказда, Қрымда, Африкада, Солтүстік Американың тропиктік аймақтарында жабайы түрде өседі. Күрең маклюра (Maclura aurantiaca) Қазақстанның қалалық саябақтарында кездеседі (Алматы, Шымкент) [2, 3]. Маклюра халық медицинасында әр түрлі қолданысқа ие. Маклюраның жемістерінің препараттарын өкпе, тері, тамақ, ерін және жыныс мүшелерінің қатерлі ісіетерінде, фибриоам, миома, мастопатия, асқазан асты безі, асқазан-ішек жолы мен онкологиялық аурыларда ішке қолданылады.
Маклюраның түнбасы - радикулитте, түз жиналуларда, остеохондрозда, подаграда, полиартритте және түз-су алмасуының бүзылыстарында қолданылады [4, 5]. Ресми медицинада маклюра толық зерттелінбеген. Бірақ, қүнды, пайдалы заттардың көзі ретінде көрсетіледі. Зерттеудің басты мақсаты - Күрең маклюраның жекеленген мүшелерінің өсіп-өнуінің әр түрлі фазаларындағы ылғалдылықты, күлді және экстрактивті заттардың сандық көрсеткіштерін анықтау. Экспериментальді бөлім. Алынған шикізат экстрактивті заттардың ылғалдығының, күлінің (түз қышқылында ерімейтін жалпы күлдің) мөлшерін анықтау бағытында зерттелді. Алынған нәтижелер мемлекеттік фармакопеяның XI (МФ XI) басылымының талаптарына сай болатын, шикізатты үсынуға арналған сандық көрсеткіштер негізіне жатқызылды.
Ылғалдылықты анықтау. Заттардың жеке топтарын зерттеу барысында әрқашан қүрғақ шикізаттың ылғалдығы анықталатын, себебі есептеу мүлдем қүрғақ салмақта жүргізілді. Сондықтан, шикізат ылғалдығын сипаттау барысында жыл барысындағы әр түрлі уацыт мезгілдер ескерілді (Кесте 1).
Күлін анықтау. Түз қышқылында ерімейтін барлық күлдің мөлшері МФ XI басылымы бойынша (Кесте 1) анықталды. Күзгі және көктемгі жиналған қабығында барлық күлдің мөлшері қабықта 5%-дан 6%-ға дейін өзгеріп түрды. Ең жоғары күлдің мөлшері жапырақтарында және жемістердің толық пісу кезеңінде жоғарылап, 12%-дан 14%-ға дейін өзгеріп түрды.Қызықтыратыны, жидектердегі минералды заттардың жиналуы (барлық күлдің) пісіп жетілу фазасы үшін ерекшеленген (7%-дан 8%-ға дейін) және содан кейін пісіп жетілу кезеңінде кенет түсе бастайды; ал 10%-дық түз қышқылында ерімейтін күлдің мөлшері жемістердің пісіп жетілу кезеңінде көбірек.Күлде тағы кальций түздары мен темір түздарының мөлшері анықталды, перманганатометрия және йодометрияға сәйкес кальций түздарының көп мөлшері бүтақтардың қабығы мен жапырақтарының күлінде байқалады, бүл анатомиялық ерекшеліктерімен үйлеседі, өйткені жапырақтардың эпидермисінде кальций оксалатының кристаллдары көп, қабықта (микроскоппен) - кристалдар ромб түрінде. Бүл мүшелердің күлдерінде кальций түздарының жиналуында қатты өзгерістер байқалмайды. Жеке мүшелердегі темір түздарының мөлшері көп емес, жапырақтар күлінде олар көбірек.
Шыққан күлдік элементердің мөлшерін спектральді талдау әдісі арқылы сапалық зерттелініп, келесі нәтижелер алынды: жас бүтақшалар қабығында 20-дан 21-ге дейін элементтер байқалды, қүрамында SI, AI, Ca (көп мөлшерде) Na, K, Fe, Mg, Sr, Kn,Vn, Cr, Ag (соңғы элементтер күз кезінде жоғалады, Cu, Pb, Co - күзде ғана пайда болады, жапырақтарда жеке күлдік элементтердің саны 18-ге жетеді, қабықпен салыстырғанда, Ag, Pb, және Co кездеспейді. Жемістерде күлдік элементтер саны 17-ге дейін байқалады. Жемістердің қалыптасу және пісіп жетілу фазаларында 24-ке дейін.
Экстрактивті заттар. Бөліп шығару су және спиртті қолдану арқылы (40% және 70 %) ОҚМФА лабараториясында жасалды.
1 Кесте. Күрең маклюраның әр түрлі мүшелеріндегі ылғалдылықты, күлділікті және экстрактивті заттарды зерттеу нәтижелер (шикізатқа үш анықтаманың ортақ мәні % түрінде берілген)
Мүшелер |
Өсіп өну фазасы |
Ылғал- дық |
Күлдік қурамның мөлшері |
Экстрактивті заттардың мөлшері |
|||||
Барлы 8 күл |
10% туз қышқы-лында ерімей-тін күл |
СаО кальций түз-дарына |
FeO3 темір тұздарына |
сул ы |
Спиртті |
||||
40% |
70% |
||||||||
Қабығы |
Көктемгі жиналым |
7,3%- дан 8,7%-ге дейін |
5,3 |
0,05 |
1,59 |
0,13 |
28, 1 |
27,4 |
26,4 |
Күзгі жиналым |
5,23 |
0,1 |
1,5 |
1,5 |
17, 6 |
17,5 |
16,5 |
||
Жапырақ- тары |
Пісіп жетілудің қалыпта суына дейін |
10%- дан 11,8%- ға дейін |
9,5 |
0,28 |
2,7 |
0,27 |
35, 9 |
34,2 |
30,7 |
10,1 |
0,31 |
2,8 |
0,28 |
36, 6 |
38,1 |
32,3 |
|||
Толық пісіп жетілуі |
12,6 |
0,36 |
3,5 |
0,36 |
37, 7 |
37,9 |
31,1 |
||
Жемістер |
Пісіп жетілудің қалыпта суына дейін |
10,2%- дан 12,8%-ға дейін |
6,9 |
0,03 |
0,26 |
0,08 |
20, 3 |
35,3 |
24,1 |
7,5 |
0,2 |
0,23 |
0,13 |
18, 5 |
28,3 |
25,5 |
|||
Толық пісіп жетілуі |
4,6 |
0,41 |
0,17 |
0,07 |
16, 2 |
26,7 |
29,6 |
Сумен сығындылауда алынған заттардың ең жоғарғы мөлшері жемістердің пісіп жетілу фазасында дайындалған жапырақтарда байқалды. Экстрактивті заттардың мөлшері қабықта және жемістерде спиртпен сығындыланған заттардың мөлшеріне жақын түсті, сонымен бірге қабықта олардың жоғары мөлшері көктемгі жиналымға сәйкес келді. Спирттік сығындылауда 40% спирт басым болды. Маклюраның жеке мүшелерінің өсіп-өнуінің әр түрлі фазаларында жүргізілген фитохимиялық зерттеу барысында келесілер анықталды: жас бүтацшалар қабығындағы эсер етуші заттардың ең көп жиналуы - көктемгі жинау фазасында, жапырақтар мен жемістері үшін - жемістердің толық пісіп-жетілу фазасында болатындығы анықталды.
Сандық көрсеткіштер: Ылғалдық: Жас өркендердің қабығында - 7,3%-дан 8,7%-ге дейін. Жапырақгарда - 10%- дан - 11,8%- ға дейін. Жемістерде - 10,2%-дан 12,8%-ға дейін. Жалпы күл: Жас өркендерді; қабығында - 5% -дан 5,6%-ға дейін. Жапырақтарда - 9,1%-дан - 10,7%-ға дейін. Жемістерде - 7,2%-дан 8,0%-ға дейін. Экстрактивті заттар саны (40% спирт): Жас өркендерді; қабығында 26,4%- дан 29,8%-ға дейін. Жапырақтарда - 35,2%-дан 38,4%%-ға дейін. Жемістерде - 27%-дан 29,6%-ға дейін.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Пронченко Г.Е. Лекарственные растительные средства. - M.: Гэотар-Мед., 2002. - 285 с.
- Атлас ареалов и ресурсов лекарственных растений Казахстана.- Алматы: Ғылым, 1994. - 200 с.
- Иллюстрированный определитель растений Казахстана.(Байтенов М.С., Васильева А.Н., Рамаюнова А.П.).-Алма-Ата:Наука, 1972.- T.II. - 489 с.
- Сбежнева В.Г., Югин В. А. Природные полиацетилены в лечении злокачественных новообразований и пострадиационных поражений // Тезисы докладов 5-я (юбилейная) международная конференция «Фитотерапия и новые технологии. 21-й век» - Пятигорск, 2004. -72 с.
- Головкин Б.Н., Руденская Р.Н., Трофимова И.А., Шретер А.И. Биологически активные вещества растительного происхождения. - M.: Наука, 2001. - 240 с.