Бүл жүмыста балаларда кездесетін әр түрлі жіті пневмонияларда липидтердің сутектік тотығу көрсеткіштері зерттелген. Нозокомиалді пневмониямен ауыратын балаларда липидтер гидроперекисі мен малонды диальдегид деңгейі ауруханадан тыс пневмониямен ауыратын балаларға қарағанда жоғары болып шықты. Липидтердің сутектік тотығу процесі өкпе тінінің зақымдалу аумағы мен ауру ағымына тэуелді екендігі анықталды, бүл факторды жіті пневмониямен ауыратын балаларды емдегенде ескерген жөн.
Кейбір зерттеушілер жіті пневмониямен ауыратын балаларда липидтердің сутектік тотығуында барлық клеткалардың биомембраналарын зацымдайтын белсенді оттегі радикалдары пайда болуына экелетін айқын өзгерістер туындайтынын анықтаған. Өкпе қабынуы барысында оттегінің бос радикалдары жылдам түзілуі оларды бейтараптайтын эндогенді антиоксиданттардың шығынын күшейтеді. Малонды диальдегидтерден, липидтер дигидроперекисінен, супероксидті радикалдардан пайда болатын оттегінің белсенді формаларының деңгейі жоғарылауы каталаза, супероксиддисмутаза жэне басқа да оксиданттық жүйе ферменттерінің тежелуіне экеліп соқтырады. Осыған байланысты организмге жасанды антиоксиданттар енгізу организмдегі антиоксидантты жүйені күшейтуде жэне ауру баланың тез айығуында шешуші орын алуы мүмкін. Сонымен қатар, липидтердің сутектік тотығуының бузылуы және соған сәйкес антиоксидантты қорғаныс балалардағы пневмония түрлеріне байланысты болуы да ықтимал. Дегенмен, әдеби көздердегі деректер бул мәселенің толық дәлелденбегенін көрстіп отыр. Сол себепті біз балаларда кездесетін әр түрлі жіті пневмонияларда липидтердің сутектік тотығу көрсеткіштерін зерттеуді мақсат еттік.
Зерттеу нысандары мен эдістері. Липидтердің сутектік тотығу кинетикасын көрсету үшін біз оның аралық (липидтер гидроперекисі) және соңғы (малонды диальдегид) өнімдерін анықтадық. Липидтер гидроперекисі деңгейін В.Б. Гаврилов және оның әріптестері, ал малонды диальдегидті Л.И. Андреев және оның әріптестері усынған әдістермен анықтадық.
Зерттеу нэтижелері мен талқылау. Өкпедегі инфекциялық-қабыну процесі физиологиялық реакциялардың қалыпты ағымына липидтердің сутектік тотығуын өзгертетін бос радикалдар арқылы эсер ететіні белгілі. Бос радикалдар оттегінің оксигеназды жолмен қолданылуы нэтижесінде пайда болады. Соның нэтижесінде реактивті метаболиттер түзіледі: жоғарғы белсенді синглетті 02 (0-) -не ауыса алатын қасиеті бар супероксидті анион -радикал (0.), көмірсу тотығы (Н202), гидрооксидті радикал (Н0-). Липидтердің сутектік тотығуының белсендірілуі биологиялық мембраналар тутастығының бузылуына, олардың өткізгіштігі жоғарылауына, мембрана байланысты ферменттердің тежелуіне экеліп соқтырады. Бос радикалдардың турақгы деңгейі бузылуы жэне соның нэтижесінде липидтердің сутектік тотығуы процесінің күшеюі организмдегі қабыну процесінің ең ерте белгісі болып табылады. Жіті пневмония гипоксия жэне гиперкапния тудырады, сонымен бірге біріншілік жэне екіншілік бос радикалдар түзіледі.
Бос радикалдар организмде белсенді радикалдардың липидтер, белоктар жэне т.б. молекулаларымен байланысуы арқылы тотығу процесін күшейтеді. Фосфолипидтерде қосымша топтардың пайда болуы олардың физикалық-химиялық қасиеттерін өзгертеді, гидрофобты қосылыстар гидрофилді күйге көшеді. 0сы аталғандарды қорыта отырып, гипоксия липидтердің сутектік тотығу процесін күшейтетінін байқауға болады. Ал бул процестің белсендірілуі өкпенің барлық бейспецификалық ауруларында, соның ішінде пневмонияларда да негізгі патогенетикалық механизм болып табылады. Сондықтан біздің зерттеуіміздің мақсаттарының бірі жіті пневмониямен ауыратын балаларда липидтердің сутектік тотығуына инфекциялық-қабыну процесінің эсерін анықтау. 0сы мақсатта біз жіті пневмониямен ауыратын 120 баланы тексеруге алдық жэне оларда липидтік сутектік тотығудың аралық (липидтер гидроперекисі) жэне соңғы (малонды диальдегид) өнімдерін анықтадық, жэне бақылау тобындағы сау балалармен салыстырдық.
Кесте 1 - Аурудың түрлеріне байланысты жіті пневмониямен ауыратын балалардың липидтік перекистік тотығу көрсеткіштері
Бакылау тобы |
Липидтердің сутектік тотығуының аралық өнімдері |
Липидтердің сутектік тотығуының соңғы өнімдері |
||
Липидтердің 1 мл шаққандағы ГП |
МДА, нмоль/л |
|||
М |
m |
М |
m |
|
1. Дені сау балалар п=30 |
0,72 |
0,03 |
0,55 |
0,06 |
2. Жіті ауруханадан тыс пневмониямен ауыратын балалар п=84 |
1,50* |
0,14 |
1,61 |
0,07 |
3.Жіті аурухана ішілік пневмониямен ауыратын балалар п=36 |
2,12** |
0,20 |
2,42** |
0,20 |
Ескерту: * - бақылау жэне зерттеу топтар арасындағы айырмашылықтың дэлдігі (р>0,05)* жэне (р>0,01) **
1-ші кестеде көрсетілген көрсеткіштер жіті ауруханадан тыс пневмониямен ауыратын балалармен салыстырғанда жіті ауруханаішілік пневмониямен ауыратын балаларда липидтік сутектік тотығу үрдісі айқынырац өзгерістерге ушырайтынын дэлелдейд. Нозокомиалді пневмониямен ауыратын балаларда гидроперекись деңгейі 1 мг липидке шаққанда 2,12±0,20, ал бацылау тобында 1 мг липидке шавданда 0,72±0,03 (р<0,01). Малонды диальдегид деңгейі 3-3,5 есе жоғары жэне бакылау тобымен салыстырғанда 0,55±0,06 нмоль/мл (р<0,01) ауруханаішілік пневмониямен ауыратын балаларда 2,25±0,15 нмоль/мл. Ауруханадан тыс пневмониямен ауыратын балаларда бул көрсеткіш 1,61±0,07 нмоль/мл, бақылау тобында 0,55±0,06 нмоль/мл (р<0,01). Липидтік сутектік тотығу көрсеткіштерінің барлығы бул процестің соңғы өнімдерінің деңгейі ең жоғарғы шыңға жететін аурудың жіті кезеңінде анықталғандығын атап кеткіміз келіп отыр.
Алынған деректерде экологиялық «таза» аймақта туратын жіті пневмониямен ауыратын балалармен салыстырғанда қоршаған орта ластануы жағынан қолайсыз аймақтарда туратын ауру балаларда жіті пневмония липидтік сутектік тотығу көрсеткіштерінің соңғы өнімдерінің деңгейі айқын жоғары болуымен ерекшеленгені анықталды. Липидтік сутектік тотығу процесі белсенділігі мен пневмонияның ағымдық ауырлығы арасында тікелей тэуелділік бар екендігін ескере отырып, орта ластануы балаларда жіті пневмония кезінде липидтік сутектік тотығу процесін күшейтіп, ауру ағымын ауырлатады деуге болады. Сонымен қатар, липидтік сутектік тотығу процесіне өкпе тінінің зақымдалу ауқымы да эсер етеді. Балаларда пневмонияның нозокомиалді түрінде сегментарлы және түтасқан , кейде асқынулармен пневмония түрлері жиі кездеседі. Пневмонияның бүл түрлері қосымша қуатты антиоксидантты және бактерияға қарсы ем жүргізуді талап етеді. Біздің деректерімізден липидтік сутектік тотығу процесінің бүзылуы балалардағы жіті пневмонияның түрлеріне және ағымына байланысты, және бүл факторды жіті пневмониямен ауыратын балаларды емдегенде ескерген жөн.
ӘДЕБИЕТТЕР
- 1. Джафарова С.А., Талушлы З.С. Клиническое значение определения функциональной активности эритроцитов и процессы ПОЛ при острой пневмонии у детей раннего возраста // Азерб. Мед. Журнал. - 1989. №5 - с. 3 - 7.
- 2. Козьменко Д.Н. Липидный обмен при бронхопневмонии // Педиатрия и детская хирургия Казахстана - 2001. №4 - с. 58 - 59.