Өзектілігі: Бүгінгі танда жіті парапроктиттің, оның рецидивтерінің жиілігі төмендемей отыр және шүғыл проктологияның өзекті мәселесіне айналды. Аталған патология еңбекке жарамды жастағы науқастарда жиі кездесіп отырады. Жиі парапроктитке дүрыс ота жасамау сәйкесінше оның созылмалы түріне алып келеді, нәтижесінде емдеуге қосымша қиындықтар туғызады, сонымен қатар күрделі параректальді тесіктерге қатысты әлеуметтік-психологиялық аспектілермен байланысты мәселелер туындайды. Жіті парапроктитегі емдеудің жалғыз түрі-ішкі тесікті кесіп, іріңдікті ашу арқылы ота жасау (1-5). Толыққанды ота жасаудың кепілі -адекватты анестезия болып табылады.
Зерттеудің мақсаты: Жіті парапроктит нәтижелерін жақсарту. Материалдар мен әдістер: Оңтүстік Қазақстан облысында, ОКА, проктология бөлімшесінде, 2010 жылы жіті парапроктитпен 18-55 жас аралығында 229 науқас емделді. Оның 178-і (77,8%) ерлер,50-і (22,2%) әйелдер болды. Теріасты парапроктитпен 125 науқас (54,2%), теріасты- сілекейасты-63 (27,8%), ишеоректальді -38 (16,6%), пельвиоректальді-3 науқаста (1,4%) анықталды. Бүл оталарға анестезия ретінде тамырға наркоз жіберу таңдалды. Салыстырмалы түрдегі «жеңілдеріне» теріасты анестезиясы пайдаланылды. Отаны Габриэл бойынша ішкі тесікті кесіп алып тастау және Рыжих -Боброваша мөлшерленген свинктеротомия бойынша жасадық.
Нэтижелері: Ишеоректальді парапроктитте іріңдікті ашқаннан кейін кейінгі кезеңдік мөлшерленген свинктеротоминиямен Гиппоктарша бунақжіп өткізу арқылы үңғыманы кесіп алып тастау жүргізілді. Пельвиоректальді парапроктит жағдайында ішкі тесікті кесіп алып тастау мүмкін болған жоқ, сондықтан абцессті ашу ғана жүргізілді. Рецидивті парапроктитте оперативті алмасуға тыртықтар кедергі жасады. Бүл науқастарға міндетті түрде залалданға үңғыманы кесіп алып тастау жүргізілді, сонымен қатар патологиялық үдіріске айналу қауіп бар үңғыманы да алу жүргізіледі. Отадан кейінгі кезеңде негізінен кең ауқымды әсерге ие антибактериалды дәрілік заттар қолданылды. Жараны буып таңуда науқастарға әлсіз калий перманганаты ваннасында отыру тағайындалды.
Науқастарға отадан кейін озонотерапия қолданылды. Озонды алу үшін жылжымалы озонатор «ОТРИ- 01» пайдаланылды. Озон калий перманганаты ваннасын қабылдағаннан кейін жараны буып таңу барынсында озондалған антисептикалық ерітінді ретінді қолданылды. Ерітіндіні 10-15 уақыт озондадық. Стационарлық емдеу мерзімі 8-10 тәулік жалғасты. Науқастар амбулаториялық емге түйіршіктелген жараларымен жібірілді. Одан әрі науқастар емханада бакыланды. 229 науқастың кейіннен 7-і (4,6%) парапроктит рецидиві пайда болды, оның ішінде 5-і (4,2%) алдында парапроктит рецидивімен түскен болатын. 19 науқастың 8,3% ауруы жіті үдерістен тесікке (жылан көзге) айналғандығы байқалды, ол кейіннен қайта араласуды талап етті.
>орытынды: Сонымен жіті парапроктитті емдеу нәтижелері іріңді ошақты адекватты сауықтыруға байланысты болады, ішкі тесікті кесіп алып тастау, зақымданған үңғымаларды толығымен жоюға байланысты. Төмендегі мәселелер адекватты емделуде маңызды орын алады: Осындай абцессті туғызатын миркобтар шартты патогендерге жатады, олар дені сау адамдарда агрессивті түрде инфекция туғызады. Аноректальді аумақтағы май тінінің айтарлықтай көлемі. Май тінінің жасушаларында терминалды көлемде глюкоза болады, олар тарапынан ол шығңарылмайды, сәйкесінше қарапайымдылар мен бактериалардың азық көзіне айналады. Сызық кесікте абцесстің ішін адекватты ревизиялау мен дренаждауға мүмкіндік бермейтін осы аумақтың топографисы, мүндай жағдайда ол ешқашан адекватты болған емес (жаракат қуысында, 1 күннің ішінде, жылдам коллапс болады). Төменгі геморройлық жүйкенің қабыну үдерісінің дамуынан. Жүргізілген түзетулер нәтижесінде абцесстерді ашу барысында қабыну фасасын 4 күнге дейін қысқарта алдық.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Проктология. В.Д.Федоров, Ю.В.Дульцев. Москва «Медицина» 1984г, стр.66-107.
- Колоректальная хирургия. Под ред. Робина К.С. Филлипса. Москва ГЭОтар-Медиа» 2009г350стр.
- Руководство по колопроктологии. В.Л.Ривкин, С.Н.Файн, А.С. Бронштейн, В.К.Ан. Медпрактика, Москва -2004. - С.96-110.
- Колопроктология Е.Н.Селононкин. Медпрактика, Москва. - 2004. С.49-59.
- Клиническая колопроктология. Руководство для врачей. -Харьков: «Факт».-2006.-С. 49-59, С.107-108.