Жүктілік кезінде қасаға буыны созылып, жамбас буындары жүмсарып үрықтың жамбас қуысынан өтуіне жағдай жасайды. Бірақ бүл өзгеріс физиологиялық шегінен шығып, қасаға буыны тым босаңсып, ауырсыну синдромының және механикалық әсерден, әсіресе оперативті шаралар қолданғанда босану кезінде қасаға буынының ажырауына әкелуі мүмкін. Бүл патологияның симптомдарын жеткілікті сипаттағанымен осы күнге дейін бірыңғай терминологиясы жоқ. Әдебиеттерде «симфизит», «симфизиопатия», «қасаға буынының ажырауы», шет елдік авторлардың пікірінше «қасаға буынының дисфункциясы» деп аталып келеді. Соңғысы дүрыс түжырымға сәйкес келеді. Жүктілік кезінде қасаға буын дисфункциясы (ҚБД) кездесу жиілігі шамамен 0,12-ден 56%-ға дейін жетеді. Осындай жиілікте кездесуі ҚБД-ның біркелкі диагностикалық критерийінің болмауымен, сонымен бірге дәрігерлер мен науқастар жағынан бүл мәселеге көңіл бөлмеуімен байланысты. Шетелдік авторлар жүктілердегі бүл патологияның Солтүстік Европа елдерінде (Дания, Норвегия, Швеция) кездесетінін көрсетеді, бірац себебін түсіндіре алмайды. Әдебиеттерге қарағанда бүгінгі күнге дейін ҚБД жөнінде этиологиясы мен патогенезін түсіндіретін бірыңғай көзқарас жоқ.. ҚБД клиникасы көптеген симптомдармен сипатталады. Негізінен симфиз аймағында ауырсыну және жамбас сақинасы мен іштің төменгі бөлігінде ауырсыну болады. Ауырсыну белгісінің айқындылығы қасаға буынының ажырау дәрежесіне байланысты болады. Симфизиопатиямен жүктілік ағымын анықтау және зерттеу, осы ауруға әкелетін факторларды анықтау, клиникалық көрінісі мен дәрежесін, жүктілік, босану, босанудан кейінгі ағымының ерекшелігін анықтау маңызды болып табылады. Репродуктивті денсаулықты жақсарту, босану жарақатын төмендету және перинатальды өлімді азайту жағынан актуальды мәселеге жатады. Біздің зерттеуіміздің мацсаты да осы болып табылады.
Материалдар мен зерттеу эдістері. Осы патологиямен Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ клиникасына 2011 ж. босану және жүктілер патологиясы бөліміне түскен 35-40 апта мерзіміндегі 27 әйелдің ауру тарихына ретроспективті анализ жүргізілді (қаңтар-қыркүйек айларында). Әйелдер қасаға буын аймағындағы ауырсынуға шағымданды. Біздің зерттеуімізше ҚБД жиілігі 2011ж 1,4 % қүрады, яғни 77 босануға 1 жағдай кездеседі. Оның ішінде алғаш босанушылар- 2 (7,4 %), қайта босанушылар -25 (92,6 %). Экстрагенитальды патологиясы бар әйелдер жағынан зәр жолдарының аурулары -11 (40,7 %), варикозды ауру -5 (18,5%), бел бөлігінің остеохондрозы-3 (11,1%) жүктілік үзілу қаупі -4 (14,8%), анемия-10 (37,0%) гестоз-2 (7,4%) көпсулылық -1 (3,7%) плацентарлық жетіспеушілік ҰҚІК -2 (7,4%) қүрады.
Негізгі көрсеткіші болып тыныштық жағдайда қасаға буынында ауырсыну, дененің қалпын ауыстырғанда, пальпацияда, жамбас сүйегіне билатеральды қысым жасағанда, қынаптық тексеру жасағанда ауырсыну белгісінің болуы болып табылады. Анамнезінен 1 триместрге жүктілер арасында қасаға буынында 11,1%, 2 триместрде жүктілер арасында 18,5%, және 3 триместрде 70,4% жүктілікте кездеседі. Жеңіл дәрежелі ауырсыну 23,3% жүктілерде, орта дәрежелі ауырсыну- шамамен 48,1 % және ауыр дәрежелі ауырсыну 29,6% кездеседі. ҚБД-мен диагнозды дәлелдеу үшін УДЗ жасау көрсетіледі. Бірақ ол хаттамада жазылмағандықтан дәрігерлер жасамайды. Бүгінгі күні УДЗ, рентгенпельвиометрия, МРТ ( R пельвиометрия, МРТ 38 аптадан кейін көрсеткіш бойынша жасалады) мәліметтеріне қарап қасаға буынының ажырауының 3 дәрежесін бөледі: 1- дәреже-6-дан 8мм-ге дейін, 2- дәреже буын 8ден 10мм-ге дейін, 3-дәреже 10мм -ден көп ажырауы. Жүкті емес әйелдерде қасаға буынының кеңдігі: 3,11±0,6мм, жүктілік ағымында ол кеңейеді және жетілген жүктілікте 5,22±0,54 мм, босанғаннан кейін (4-5 тәулікте)- 4,5±0,9 мм болады.
Жүктіліктің ерте кезеңінен бастап УДЗ қорытындысына қасаға буынының ені есептеліп, жазылуын дүрыс деп санаймыз және клиникалық протоколға енгізуді ұсынамыз. Бұл нәтиже акушер-гинекологтің дер кезінде қасаға буынының дисфункциясы диагнозын қоюға (ҚБД), жүктілікті болжауға және босану ағымын жүргізуге көмектеседі. ҚБД кезінде 8 (29,6%) әйел табиғи жолмен, 19 (70,4%) әйел кесар тілігі арқылы босанады. Операцияға көрсеткіштер: - 29,6% әйелде ҚБД асқынған түрі, оның ішінде 3,7% ҚБД-на қосарланған анатомиялық тар жамбаспен, 11,1 % әйелдің анамнезінде кесар тілігі, 18,5% ауыр экстрагенитальды патология жағдайларында, ірі үрықтың жамбаспен келуі, жасы 30-дан асқан 1-ші рет жүкті болған асқынған акушерлік анамнезі (ААА) бар әйелдер 11,1% қүрайды.Шұғыл кесар тілігіне көрсеткіш 2 (7,4%) олар, қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен ерте ажырауы (ҚОПМБА), клиникалық тар жамбас, босану жолдарының 9лсіздігі (1 сурет)
№ |
ҚБД критериясы |
1-3 балл жеңіл дәрежесі |
4-6 балл орта дәрежесі |
7-10 балл ауыр дәрежесі |
1 |
Тыныштық кезіндегі қасаға буынының ауырсынуы |
Анық емес ауырсыну |
Аздап ауырсыну |
Қатты ауырсыну |
2 |
Қалпын өзгерткен кездегі н/е қозғалыс кездегі қасаға буынының ауырсынуы |
-//- |
-//- |
-//- |
3 |
Пальпация кезінде ҚБ және қасаға сүйегінің ауырсынуы |
-//- |
-//- |
-//- |
4 |
ҚБ диастазы (УДЗ б/ша) |
6дан 8 мм дейін |
8-10мм |
10мм жоғары |
ҚБД-ң жеңіл және орта дәрежелері анықталса өзге асқынулар орын алмаса босануды табиғи жолмен кардиомониторлы бақылаумен жүргізеді. Босану кезінде эпидуралды аналгезияны, ауырсынуды басатын (анальгин, промедол) спазмолитикалық заттарды (Но-шпа, баралгин) қолдануға болады. Жүктілік кезінде ҚБД консервативті емдейді. Бандажды сан ұршықтарын қамтитындай етіп қолдану, кальцеминмен, ультракүлгінмен қыздыруды тағайындайды. Ең тиімді препарат кальций Д3 никомед форте (1 таблеткада 500мг кальций және 400 МЕ Д3 витамин) күніне 1 таблеткадан 2 апта қабылдайды. ҚБД кезінде жүктілерден клинико-лабораториялық зерттеу нәтижелерінде сүйек метоболизмін анықтап, консервативті ем жүргізу тиімді болып саналады. Бірақ осындай шаралардың жүргізілмеуі бірың<ай диагностикалық критерийлердің және осы патологиямен байланысты жүктілік және босану алгоритмінің болмауында болып отыр.
Босанғаннан кейін қасаға аймағында ауырсыну бәсеңдейді және 5-6 күннен кейін толық жазылады. Бұл осы патологияның тек жүктілік кезінде ғана болатынын дәлелдейді. Әдебиеттерге сүйенсек босанғаннан кейінгі 4-5 тәуліктен кейін УДЗ арқылы жатырдың жағдайын, қасаға буынының енін өлшеп, босануға дейінгі көрсеткішпен салыстыру керек. Әдебиеттерге және әр түрлі зерттеулерге сүйене отырып біз ҚБД бар әйелдердің жүктілік және босану ағымын жүргізу алгоритмін ұсынамыз (2 сурет).
Анамнезінде
(жүрек-тамыр ауруы, миопия, тамырлардың варикозды кеңеюі,
анамнезінде ҚБД, қасаға буынының ажырау, эндокринді және
бүйрек аурулары, т.б.)
Сонымен, бұндай жағдайда біркелкі дифиницияның жоқ болуын ескере отырып, ҚБД диагностикалық критерийлерінің жеткіліксіздігіне көңіл бөліп ҚБД-на біркелкі алгоритм енгізу керектігін ескертеміз.(клиникалық хаттамаға енгізуін ұсынамыз.). Бул шара акушер-гинекологгың дер кезінде осы патологияларды анықтап диагноз қойып, босану ағымын қалыпты жүргізуіне және асқынуларды алдын-алуға көмек береді.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Е.А.Чернуха, Е.В. Ананьев «Диагностикаб лечение и выбор метода родоразрешения при дисфункции лонного сочленения у беременных»// Акушерство и гинекология №3, 2008 г., с.42-4б.
- Rost C.C. Jacqueline., Kaiser A. et al. // Spaine. -2004. -Vol/29,N22.-P.2567-2572.
- Е.А.Чернуха, А.И. Волобуев, Т.К. Пучко, С.Б.Куринов, Е.В. Ананьев, А.А. Игнатьева «Роль магнитно-резонансной томографии в определении состояния лонного сочленения при беременности»// Акушерство и гинекология №6, 2006, с. 108-112.
- Owens K., Pearson A., Mason G. // Eur. J. Obstetr. Gynecol.Reprod.Biol.-2002.-Vol.105.-P.143-146.
- Bjoklund K., Bergstrom S., Nordstrom M.L., // Act. Obstetr.Gynecol.Scand.-2000.-Vol.79, №4, -P.269-275.
- Щербаковская Э.А.,Гельцер Б.И. Патофизиологические аспекты остеопении и остепороза при беременности// Рос.мед.вести.-2003, №2,-с.28-34.