Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Репродуктивті жастағы әйелдер арасындағы жатыр мойны рагының таралу ерекшеліктері

Қатерлі ісіктерді ерте кезеңнен анықтау денсаулық сақтау жүйесінің аса маңызды мәселелерінің қатарына жатады. Соңғы 50 жылда жыныс жүйесі органдарының қатерлі ісіктері жылдам өсіп, маңызды әлеуметтік патологиялық аурулардың қатарына қосылып отыр. Сондықтан, жыныс жүйесі органдарының қатерлі ісіктері денсаулық сақтау жүйесінің тиімді және сапалы профилактика жұмыстарын ұйымдастыруын талап етуде. Соңғы 10 жылдағы жетістіктерге қарамастан денсаулық сақгау жүйесі рак ауруларына және профилактикасын ұйымдастыруда жеңіліске ұшырады деуге болады. Себебі, әйелдердің жыныс жүйесі саласындағы қатерлі ісіктердің таралуы жылдан-жылға серпімді өсім береді. Жатыр мойны рагы бойынша еңбек ету жасындағы әйелдердің арасында аурушандық көрсеткіштері жылдам өсіп, олардың ерте жастан өлімін арттыру үсінде.

Соңғы 20 жылда жатыр мойны рагының деңгейі 5 еседен астам өсім береді. Оның негізгі себептерінде көптеген шетелдік және отандық ғалымдар жыныс жүйесі арқылы берілетін инфекциялық аурулардың артуынан меңзеді. Көп жылдар бойы емделмеген жыныс жүйесі арқылы берілетін инфекциялар әйелдердің репродуктивтік органдарда созылмалы патологяны қалыптастырады. Олар ұзац уақыт жазылмайтын жаралардың бластотрансформациясын күшейтіп, оның рак клеткаларына айналуына себеп болады. Сондықтан, гинекологтар және онкогинекологтар жыныс жолы арқылы берілетін инфекцияларды қатерлі ісіктердің дамуына алып келетін негізгі себептердің қатарына жатқызылуы тиіс деп есептейді. Ал организмдегі жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялар ошағы бар әйелдерді қатерлі топтардың қатарына жатқызуы тиіс деп есептейді.

Біздің Республикамызда жатыр мойны рак ауруы жылдам қарқынмен өсу үстінде, олардың 100 000 турғынға балап есептегендегі таралу деңгейі 2001 жылы 1,80/0000 құраса, 2008 жылы оның деңгейі 4,50/0000 құрап отыр. Патологияның динамикалық өсімі 238,9% құрап отыр. Басқаша айтқанда соңғы 5 жылдағы өсім деңгейі 2,8 есені құрап отыр. Сондықтан жатыр мойны рагының профилактикасы Республикада аса жақсы тиімділігін көрсетіп отырған жоқ деп айтуға болады. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 2001-2008 жж. аралығында жатыр мойны рагымен 132 ауру есепке алынды, оның 129 (97,7%) екінші клиникалық топ бойынша есепке алынғандар. Осы аурулардың алынған статистикалық деректерге қарағанда анықталған онкологиялық аурулардың үшеуінде аурудың төртінші сатысы, 18 үшінші, 111 бірінші және екінші кезең анықталып отыр. 2008 жылғы деректерге қарағанда аурушаңдық көрсеткішінің төмендегені байқалмайды, алайда асқынған түрлері біршама 3,2% төмендеді. Аурулардың 5 жылға дейінгі өмір сүру оқиғалары 4,3% артты.

Жалпы Қазақстан Республикасындағы көрсеткіштермен салыстырғанда Оңтүстік Қазақстан облысындағы көрсеткіштің деңгейі едәуір темен, мысалы, 100 000 адамға балап есептегенде аурушаңдық деңгейі 2,50/0000, аурудың анықталған түрлерінің деңгейі 7,750/0000, осы аурудан елім оқиғалары 1,650/0000- ге темен. Ал 5 жылға дейінгі емір сүру оқиғаларының керсеткіші бойынша 16,1%-ға темен болып отыр. Алайда, б=л керсеткіштердің нақтылығы мен шынайылығына күмәнмен қарау қажет. Оған кептеген себептер бар: Оңтүстік-Қазацстан облысы тұрғындарының 64% ауылды жерлерде емір сүреді, олардың басым белігі күнделікті дәрігерлік кемекке зәру. Олардың арасында скринингтік зерттеулердің нысаны мүлдем жүргізілмейді, қажетті гинеколог, онкогинеколог жоқ. Оларға қажетті медициналық кемек фельдшерлік кемек деп есептеуге болады. Сондықтан, Оңтүстік-Қазацстан облысының ауылдық жерлерде қалыптасқан онкогинекологиялық аурулардың таралу керсеткіштері нақты емес, кебінесе ол ауруларды езгеше

диагноздармен есепке алып, олардың өлім көрсеткіші өзге аурулардың арасында тіркеп отырады. Ал Республиканың өзге облыстарында түрғындардың көпшілігі қалаларда жайғасқан, сондықтан олардың арасындағы скринингтік шаралар жоғары деңгейде жүргізіледі және аурулардың көрсеткіштері дер кезінде есепке алынады деп айтуға болады. Кесте 1. 2001-2008 жылдардағы Оңтүстік-Қазақстан облысындағы жатыр мойны рак ауруы бар науқастардың, емі және арнайы еммен қамтамасыз етілуі жағдайы көрсетілген.

2001-2008 жылдардағы статистикалық деректерге қарағанда жатыр мойны рагы бойынша 129 ауру немесе жалпы осы ауру бойынша тіркелгендердің 97,73% екінші клиникалық топтағы аурулар болып шықты. Осы аурулардың арасынан 93 адам немесе 70,45% арнайы емдік шаралармен қамтамасыз етілді. Олардың барлығы дерлік тағайындалған емдік шараларды түгелінен алды. Осы аурулардың 2,27% 1 жылдың ішінде өлімге үшырады, 5 жылға дейін өмір сүргендердің үлес салмағы 49,3% ғана жетті. Алайда, жатыр мойны рагына байланысты жүргізілген профилактикалық шаралардың аса тиімді болмай отырғандығы байқалады. Егер, 2001 жылы жатыр мойны рагымен ауру 100 000 әйелге балап есептегенде 3,4 оқиғаны қүраса, 2010 жылы оның деңгейі 7,40/0000-ге жетіп отыр.

Он жылда аурушаңдық оқиғаларының деңгейі 217,6% артқан. Ал Қазакстан Республикасында бүл көрсеткіштің деңгейі соңғы он жыл аралығында 4,8% ғана жоғарылады. Аурудың асқынған түрлері Республика бойынша 1,9% жоғарыласа, Оңтүстік Қазакстан облысында оның деңгейі 6,7%-ға төмендеп отыр. Өлім көрсеткішінің деңгейі Республика бойынша 9,5% артса, Оңтүстік Қазақстан облысында бір деңгейде (3,20/0000) қалып отыр. Емдеу шараларының тиімділігі көбінесе аурулардың 5 жылдық өміршеңдігімен анықталады. Соңғы 10 жылда аурулардың 5 жылға дейін өмір сүру оқиғаларының жалпы анықталған аурулардың арасында Қазақстан Республикасында 61,6%-дан 64,6% дейін артса, Оңтүстік Қазақстан облысында 51,2%-дан 54,2%-ға өсім берген.

Соңғы жылдары онкогинекологиялық аурулардың скринигісін жоғарылату мақсатында біздің республикамызда арнайы шаралар қолға алынып жатыр. Әсіресе, елді мекендерде скрининг шаралары автоматты жүйелермен қаматамасыз ету, автотраспорттарды қолданып елді мекендердің барлығын дәрігерлік тексерумен қамтамасыз ету қажетті лабораториялық, биохимиялық сынақтарды өткізу, білікті мамандардың тексеруін қамтамасыз ету шаралары кеңінен ендірілуде. Осының барлығын жатыр мойны рагының азаюына және дер кезінде анықтауға бағытталған шаралар қатарына жатқызуға болады.

Жатыр мойны рагы қалалық жердегі әйелдерде (7,50/0000), ауылдық жердегі әйелдерде 2 еседен астам болып қалыптасқан (3,640/0000). Алайда, әрбір аумақта қоныстанған әйелдердің аурушаңдық көрсеткіші әртүрлі болып келеді. Мысалы, Мақтарал (8,830/0000), Сарыағаш (6,00/0000), Сайрам (6,540/0000), Түлкібас (6,690/0000) аудандарында қоныстанған эйелдер арасындағы көрсеткіш өзге аудандағы эйелдерге қарағанда 2-3 есе жоғары. Бұл жағдай жоғарыда аталған аудандардағы емдеу-профилактикалық мекемелердің диагностикалық жэне прфилактикалық мүмкіндіктерінің жоғары екендігімен түсіндіруге болады. Бұған дэлел ретінде жоғарыда аталған аудандардағы эйелдер арасында жатыр мойны рагының I-II кезеңде анықталу деңгейі 16%-дан 50% жеткендігін байқауға болады, ал өзге аудандарда бүл аурулардың I-II кезеңде анықталу оқиғалары мүлдем байқалмайды.

Жоғарыда аталған 4 ауданда жатыр мойны рагының III кезеңде аны8талу о8иғалары да өте жоғары. Мысалы, Ма8тарал ауданында аурулардың 50,0%, Сарыағаш ауданында 28,6%, Сайрам ауданында 33,3% аурудың III кезеңінде анықталды. Алайда, бүл аудандарда аурудың асқынған IV кезеңіндегі түрлеріде элі күнге жиі кездеседі. Ал өзге аудандарда, аурудың I-II кезеңінде анықтау мүлдем байқалмайды, ал IV кезеңде кездесуі аурудың 100% дейін жетеді.

Осыған 8арамастан, б=л аудандардағы аурудың ерте диагностикасымен профилактикасы мүлдем 8олға алынбаған деп тужырым жасауға болады. Қалаларда аурушаңдық деңгейі 5,630/0000 -ден (Түркістан), 9,460/0000 (Шымкент) жетеді. Шымкент жэне Кентау қалаларында аурушаңдық деңгейін жайсыз экологиялық-гигиеналық жағдаймен, диагностика сапасының жоғарылағанымен жэне ауруларды дер кезінде диспансерлік есепке алу о8иғаларымен түсіндіруге болады. Қала тұрғындары арасында жатыр мойны рагының I-II кезеңде анықталуы 43%-дан (Түркістан) 66,7%-ға (Кентау) дейін жетеді, ал Шымкент қаласында 45,9% күрады.

Кесте 2 - Жатыр мойны рагының таралуы мен емдеу тиімділігі (100 000 түрғынға балап есептегенде жэне % деңгейі)

Көрсеткіштер

2001

2002

2003

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

ҚР 2001

ҚР 2010

100 000 түрғынға аурушаңдық

3,4

3,9

3,3

5,4

4,6

5,0

4,2

5,7

6,1

7,4

8,2

8,6

% бойынша аурудың

асқынған түрлерінің таралуы

30,2

39,9

37,6

26,3

26,5

11,9

23,1

19,9

24,8

28,3

30,8

31,4

100 000 т=рғынға балап есептегенде өлім көрсеткіші

3,2

2,2

2,3

2,7

2,7

2,8

2,6

2,7

2,9

3,2

4,2

4,6

% бойынша бір жылдық өлім

16,1

18,7

16,2

14,2

21,4

9,1

32,6

16,6

32,3

31,9

32,1

32,3

100 000 түрғынға балап есептегенде науқастану көрсеткіші

22,2

21,2

21,8

21,8

22,8

23,0

26,3

28,7

29,2

32,4

59,3

61,8

5 жылдық өмір сүргіштік (% есептегенде)

51,2

53,0

51,1

38,4

44,4

41,7

45

49,3

49,9

54,2

61,6

64,6

Аурудың асқынған кезде анықталуы 21,3%-дан 42,85%-ға дейінгі аралықта (Шымкент) қалыптасқан. Алынған ғылыми деректерге қарағанда алғашқы диагностика және профилактикасы қалалық жерлерде ауылдық жерлерге қарағанда айтарлықтай жоғары сапада. Оған дәлел ретінде қосымша мынандай деректерді жатыр мойны рагы диагнозы қойылған әйелдердің 1 жыл ішінде қайтыс болғандары 53%-ға дейін жетеді, ал қалалық жерлерде әйелдер арасында бұл көрсеткіштер 23,9%-ы қурады.

Қорытынды. Оңтүстік Қазақстан облысындағы репродуктивтік жастағы әйелдер арасында таралған онкогинекологиялық аурулардың ішінде жатыр мойны рагы бірінші рангалық орында орналасқан (3,40/0000), оның ішінде I-II клиникалық топқа жататын аурулардың үлес салмағы 73,5%, III-IV клиникалық топқа жататындардың үлес салмағы 26,5% болып шықты. Бұл жағдай аурудың алдын алу шараларын барынша жетілдіру және нозологияға дейінгі профилактикасын арттыру қажеттігін көрсетеді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Булешов М.А., Кульбаева С.Н., Нартаева М.М и др. Совершенствование системы профилактики рака шейки матки // Вестник Южно - Казахстанской государственной медицинской академии.№3 (44) 2009. С.28-33.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.