Бүгінгі тандағы ғылым мен білімнің, өнер мен мәдениеттің даму сатылары тілімізде әртүрлі үғымдар мен олардың атауларының пайда болуына ықпал етуде. Жаңа қолданыстар, жаңа ғылыми терминдер мен терминдік атаулар санатына қосылып жүрген бүл атаулардың тілдік табиғаты мен жалпы жасалу болмысының өзіндік ерекшелігі бар. Еркін сөз тіркесінің құрамынан шығып, атаулық тіркес ретінде танылып жүрген түлғалардың тілдік табиғатын анықтап, олардың грамматикалық, кызметтік және семантикалык мәнін айқындаудың ғылыми маңызы зор.
Тіркесті сөздерді атаулык тіркестер деп тану үшін а) еркін тіркестердің лексикаланып, бір бүтін лексема ретінде жүмсалуын; ә) мағыналык, тұлғалық жағынан түтасуын; б) бір сөйлем мүшесі қызметін атқарып, бір ғана сөздің орнына жүретінін; в) аталымдык қызметте жүмсалуын негізге алу кажет. Еркін сөз тіркестерінің лексикалануы арқылы жасалыи, құрамындағы компоненттер мағыналык түтастыкка ие болып, бір ғана сөйлем мүшесі қызметін аткарып, аталымдык қызметте жұмсалатын тіркесті сөздер атаулык тіркестер деп аталады.
Атаулык тіркес туралы теориялык мәселелердің зерттелуі, шындап келгенде, сөз тіркесімен тығыз байланыста қарастырылады. Олай болуының өзіндік ішкі себептері бар. Атаулык тіркестің номинативтік мағынаға ие болып, жаңа сөз ретінде танылуы, ең алдымен, олардың сөз тіркесі ретінде қолданысынан бастау алады. Еркін сөз тіркесі сипатында қалыптасып, тілдік қолданыста жүмсала жүріп, даяр қалпында қолдану деңгейіне жеткенге дейінгі түлға мағыналык құрылымында әртүрлі өзгерістер мен дамуға үшырайды.
Атаулык тіркестер қазіргі тілдік қолданыста аса жиі және белсенді жүмсалғандықтан, оның семантикалык табиғатын анықтап, қызметі мен күрылымдық мазмүнын қарастырудың өзектілігі азаймайды.
Атаулык тіркестердің семантикалык сөзжасамдык мазмүнын көру үшін компоненттік талдау әдісін колданамыз. Еркін тіркес калпындағы сөздердің мағыналары жеке-жеке түлға ретінде өздерінің толык мағыналарын сактап, сөз тіркесінің бір сыңары болады. Атаулык тіркестің күрамына енген түлғалардың семантикалык күрылымында бүл мағыналар архисема, өзексема ретінде сакталып, негізгі және ерекше семасы жаңа туынды мағына күрайды.
Компонентгік талдау лексеманың үғымдык сатысына дендеп, оның бойындағы семалардың атауға катысын, семалардың жиынтык мағынасын айкындау болып табылады. Бүл талдауды Л.М. Васильев семдік талдау деп атайды. Автор: «Семдік талдау - сөздің ары карай бөлшектеуге келмейтін кішкентай бөлшегі - семаларды карастыратып семантикалык зерттеудің айрыкша бір түрі», - деп жазады [1.158]. Атаулык тіркестердегі семдік талдау мына сатылардан түрады: 1) атаулык тіркестің алғашкы компонентінің семасын аныктау; 2) соңғы компоненттің семаларын аныктау; 3) ортак семаны белгілеу; 4) атаулык тіркестің жалпы мағынасын көрсету; 5) ортак семаның жалпы мағынаға катысын белгілеу.
Г.С.Кузнецов: «Егер толык мағыналы екі сөз бір тіркесімділікте жиі кайталанып және осы жүбымен әртүрлі морфологиялык түрленімдерге түссе, онда екі сөздің лексикалык мағынасының жүйесінде өзара байланысатын кем дегенде ортак бір семантикалык компоненттің болғаны», - дегенді айтады [2.16].
Семаға профессор Б.Сағындыкүлы «Қазіргі казак тілі» атты оку күралыпда мынадай аныктама береді: «Элементар (үсак) мән беретін семантикалык белгілер немесе мағына бөлшектері тіл білімінде сема деп аталады. Нақтырақ айтканда, сөз мағынасының ең кіші, әрі карай бөлінбейтін бөлшегі, акикат дүниемен байланысатын семантикалык элементі сема деп танылады» [3.19].
Ғалым М.Оразов тіл біліміндегі зерттеушілердің ғылыми түжырымдарын саралап, семаларды архисема, дифференциалды сема деп екі топка бөледі [4.180]. Архисема (жалпылаушы сема) бірнеше сөздерге ортак болып саналатын мағына, ал дифференциалды сема жеке сөздердің өздеріне тән болатын да, оны сол лексика-семантикалык топтың баска мүшелерінен ажыратып түратын, сөздердің жеке дербестігін камтамасыз ететін сема. Сондай-ак, семантикалык талдаулар Б.Қалиев пен А.Жылқыбаевалардың азған еңбектерінде жаксы талданады. Семаларды саны нактылы екі үштен аспайды. Олар: 1) жалпылаушы сема; 2) нақтылаушы сема; 3) ықтимал сема деп жазады зерттеушілер [5.12].
Олай болса, лексикаланған туынды сөздегі сема да белгіленетін заттар мен күбылыстардың ерекше белгілерінің тілдегі ең кіші көрінісі. Семаға ғалымдар әртүрлі аныктамалар беріп, олардың түрлерін де әр түрге бөлген. Сема атаулык тіркестердің мағыналык күрамындағы заттык, қүбылыстық, қимылдық, сапалык т.б. мән беретін ең негізгі, әрі ең кіші мағыналык бөлшек ретінде танылады. Осы семалардың негізінде сөзжасамдык мағына калыптасады.
Осы түжырымдарды лексикаланған атаулык тіркестерге колданар болсак, екіншілік мағынаның калыптасу жолын сипаттауға болады. Лексикаланған атаулык тіркестер екі не бірнеше сөздердің тіркесуі аркылы жасалатын болғандыктан, олардың мағынасынан тыс бола алмайды.
Мысалы, әдебиеттану терминдері асыл сөз, билер сөзі, жацсы сөз, накыл сөз, ділмар сөз, шешен сөз, шешендік сөз, аталы сөз, аталар сөзі, канатты. сөз, өсиет сөз, көсем сөз деген атаулар сөз тірек сөзі аркылы қалыптасқан. Бүл атаулык тіркестердегі ортак мағына сөз сөзі аркылы орныккан. Ал әр атаулык тіркестің өзіндік ерекше семалары бар, айырушы семалары күрамындағы асыл, билер, жаңсы, накыл, ділмар, шешен, шешендік, аталы, аталар, канатты, өсиет, көсем сөздері арқылы қалыптасып, негізделген. Бұл терминдердің жасалу мотивтеріне, тура және ауыспалы мағыналарына академик Ә.Қайдардың «Халык даналығы» атты казак мақал-мәтелдерішң түсіндірме сөздігі және зерттеу еңбегінде этнолигвистикалык түсініктеме береді [6.16-22]. Мәселен, билер сөзі - ел билеген билердің тауып айтқан әрбір қысқа да нұсқа сөзі, бейнелі де беделді ой-толғаныстары халық жүрегіне жол тауып, жадында сақталып, атадан балаға ауысып, рухани мүра болып қалып отырған сөздер. Аталы сөз// аталар сөзі - түркі әлемінде «мақал-мәтел» мағынасында ең алғаш қолданылған және халык даналығының қорланып, қалыптасуына ұйыгқы болған байырғы атаулар. Қанатты сөз - қоғамдағы әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи т.б. жағдайларға байланысты айтылып қалатын және сол сәтте жұртшылық құлақтанып, қарапайым халык арасына тез тарап, елдің рухын көтеріп, патриоттық сезімін оятатын ұтымды да әсерлі айтылған жалынды сөздер деген түсініктер береді [6.17-21]. Бұл атаулык тіркестердің өзіндік ерекше семасы мен катар әрқайсысының айырушы семалары да бар.
Нан сөзінің тірек мағынасы арқылы пэтір нан, жаппа нан, тандыр нан, төцкерме нан, күлше нан, көмеш нан, шелпек нан, бөлке нан, катырма нан т.б. сияқты атаулар лексикаланған. Көрсетілген атаулар о баста анықтауыштық қатынаста келген қабыса байланысқан еркін сөз тіркестерінен жасалып, тілдің дамуына байланысты пайда болған атаулык тіркестер ретінде екіншілік мағынаға ие болған. Әр сөз - туынды атау болғандықтан, номинативтік қасиетке ие. Нанның түрі мен жасалуына байланысты олар жаңа номинативтік белгіге ие болып, ерекше үғымды анықтау үшін қызмет етеді. Бүл - номинативтік қызмет болып саналады. Атаулардың ортак мағыналары нан сөзі аркылы жасалады. Ал ерекше және негізгі семалары туынды сөздің сөзжасамдық мағынасы аркылы қалыптасады. Бұл сөздердің сөз тіркесі емес, туынды сөз екенінің негізгі белгілері - жаңа үғымды таңбалауы, және сөз тудыру қабілеті, сөзжасамдық жұп жасай алу қабілеті.
Ас үй, киіз үй, төр үй, кара үй, ауыз үй, күры.м үй, киіз үй, агаш. үй, тургын үй, караша үй бұл туынды сөздердің әрқайсысына тән ерекше мағыналары бар. Ол мағыналарды туғызып түрған сөз семантикасындағы әртүрлі семалар. Барлық туынды сөздердің архисемасы ортак болғандықтан, олардың арасындағы мағыналык тектестік сақталады. Ортак мағыналар түбірлес сөздердің мағыналарынан айқын анғарылады. Қогамдыр келісім, кока.мдык пікір, когамды.) билік, когамды.) кор, кока.мдык сана, когамды.) үйы.м, когамды.) бірлестік атаулык тіркестердегі ортак мағына «қоғамдық» деген ортак сөздің келуімен байланысты. Осы ортак сөздің болуы туынды сөздер тізбегі мен сөзжасамдық ұядағы мағына сабақтастығын көрсете алады.
Кез келген лексикаланған атаулык тіркестердің өзіндік айырушы семасы болатыны белгілі. Айырушы семасыз жаңадан туынды сөз жасалмайды. Мысалы, тоц май - ерітіп қатырылған іш май; іш май - малдың ішек-қарнынан сылынып алынатын май. Бұл мағыналар айырушы сема ретінде тоц май, іш май атаулык тіркестерін ғана айқындай алады.
Мысалы, ак бата сөзі «өмірде көпті көрген қазыналы қарттардың мәнді де мағыналы тілектері» мағынасында жұмсалатын атаулык тіркес болып табылады.
А) сөзі «кар, сүт тәрізді нәрсенің түріндей, қараға қарама-қарсы түс» мағынасын береді. Мұндағы «түс» лексеманың архисемасы болса, «кар, сүт тәрізді нәрсенің түріндей» айырушы семасы болып табылады да, «караға карама-карсы түс» интегралды семасы болып саналады. Ал атаулык тіркестің «бата» сөзінде «тілек» архисеманы, «жаксы сөз» дифференциалды семаны, «көпті көрген кісі» интегралды семаны күрайды. Сөйтіп, бүл аталған семалар лексеманың денотатив семаларын күрайды, яғни сөздің тура мағынасын білдіреді. Мағына кашанда даму үстінде болатыны белгілі. Ак сөзінің де, бата сөзінің де денотат мағыналарымен катар коннотат мағыналары бар. Мысалы, а) сөзі «асыл, мәнді, таза, пәк, әділ» деген ауыспалы мағыналарында жиі колданылады. Ал бата сөзі бірнеше тіркес күрастыруға негіз болады. Мысалы, бата алу, бата беру, бата ору. Сонда а) сөзінің «асыл, мәнді» деген ауыспалы мағыналары мен бата сөзінің «тілек» тура мағынасынан ак бата атаулык тіркесі пайда болған деп топшылауымызға болады. Бір семантикалык өрістегі екі атаудың тіркесуі ортак семаларының косылуына, сөйтіп, олардың ортак мағыналык шоғырға жинакталуына әкеледі, «өмірде көпті көрген казыналы карттың мәнді де мағыналы тілегі» мағынасындағы ак бата атауын жасайды. Сөйтіп, ак бата сөзі сөзжасам процесіне араласып, ак батадай, ак батасыз, ак баталы сөздерін туғызып, сөзжасамдык жүп жасайды.
Осымен байланысты К.Күдеринованың осындай мазмүндағы «жаңалыкты» күрделі семантикалык күрылым ретінде ала отырып, мағыналык өзгерістерді оның ішкі күрылымындағы элементтердің сыр-сипатынан іздейтін, сөз мағынасының ішкі күрылысындағы өзгерістерді сигнификаттык (семалык бөлшектерден), денотаттык, коннотаттык, прагматикалык компоненттерден іздейтін зерттеу жүмыстары бар. Екі сөздің тіркесінде лексемалардың мазмүнындағы кейбір компоненттер өзгеріп, кайсыбірі өзгеріске үшырамауы ыктимал. Зерттеуші біріккен сөздердің мағына деңгейіндегі белгілерін осы аталған компоненттердің ерекшеліктерінен іздестірудің мәні айрыкша екеніне ерекше көңіл бөлді [7. 15].
Лексикаланған атаулык тіркестердің мағыналык күрылымы күрделі болады. Ал мағынаның өзі түлғаның ішкі мазмүны мен мәнінен келіп шығатын болғандыктан, атаудың мағынасын терең зерделеу үшін оның жасалу уәжі мен мазмүндык мәнін аныктау да маңызды саналады. Қазіргі казак тіл білімінде атаулык тіркестердің мәндік сипаты туралы мәселеге көп көңіл бөліне коймаған, сондыктан оны карастырудың өзектілігі және ғылыми жаңалығы да бар деп есептейміз.
ӘДЕБИЕТТЕР
- Васильев Л.М. Семантика русского глагола. М: Высшая школа, 1981.
- Кузнецов А.М. От компонентного анализа к компонентному синтезу. М.: Наука, 1986.
- Сағындыков Б. Қазіргі казак тілі. Алматы: Қазак университет!, 2008.
- Оразов М. Қазак тілінің семантикасы. Алматы: Рауан, 1991.
- Қалиев Б., Жылкыбаева А. Сөз мағыналарының негіздері. Алматы: Арыс, 2002.
- Қайдар Ә. Халык даналығы (казак макал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеу). Алматы: Толғанай T., 2004.
- Күдеринова Қ. Қүрама сөздер және олардың емлесі //Сыздык Р. Тілдік норма және оның калыптануы. Астана: Елорда, 2001.