Тарих

Мақалада Орталық Азия Республикалары арасында су бөлінісі сұрақтарының тактикалық шешімдер қабылдау мəселелері қарастырылған. Осы жағдайларда мəселені шешуде даулы тұстар бар. Механизмдердің келісілмегендігі жəне мемлекеттер арасындағы жер-су қатынастарындағы территориялық қақтығыстар, көрсетілген саладағы шешімдердің қабылдануындағы олқылықтарды ушықтыра түсуде. Осыған орай автор қақтығыссыз шешу деңгейіндегі келісімді қамтамасыз етуде мəмілелесу үшін мемлекеттер арасында тактикалық шешімдерді тұжырымдау талпыныстарын, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерінде аймақтық су-энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тактикалық шешімдердің нұсқаларын ұсынды.
2016

Мақалада АҚШ пен Қытай сияқты халықаралық қатынастарда жетекші орын алатын елдердің сыртқы саясатындағы Орталық Азия аймағының алатын орны қарастырылды. Аталған мемлекеттердің қатынастарының даму тарихы мен аймақтағы мүдделердің эволюциясы талданған. АҚШ пен Қытайдың аймақ елдеріне қатысты сыртқы саясатындағы басым бағыттары анықталды. Мемлекетаралық қатынастардың экономикалық, энергетикалық салаларына айрықша көңіл бөлінді. АҚШ-тың Жаңа Жібек жолы мен Қытайдың Жібек жолы экономикалық белдеуі тұжырымдамалары қарастырылды. 
2016

Соғыстан кейінгі ширек ғасырда металлургия өнеркəсібі жоғары қарқынмен дамыды. Кейінірек білікті мамандар даярлауға көңіл бөлінді, мол тəжірибе жинақталды. Ал сол тəжірибе қазіргі күннің өзінде маңызды, яғни көптеген жағдайда өндіріс орындарының түпкүлікті жұмыс қорытындысы, мамандар мен өндіріс басшыларының ұйымдастыру үшін саяси жəне іскерлік қасиеттеріне байланысты екендігін мойындатады. Металлургия саласындағы инженер кадрларының өндірісті дамытудағы, жаңа технологияны игерудегі белсенділігі, өндіріс басшыларының жарқын өмір жолдарын көрсету тəуелсіз Қазақстанның жаңа инженер отрядтарын тəрбиелеуде айтарлықтай маңызы бар. Инженер қызметінің ерекшелігі, біріншіден, бұл қызмет практикалық болып табылады; екіншіден, ол техникалық міндеттерді шешумен тікелей байланысты, үшіншіден, ғылыми білімді талап етеді. Инженерлік өнер арқылы ғылым өндіргіш күшіне айналады.
2009

Қазақстан Республикасының өз тəуелсіздігін алуы, қоғамдағы түбегейлі өзгерістер халықтың отандық тарихқа деген қызығушылығын оятты. Тоталитарлық жүйеде идеологиялық басылымдар оқиғаның шын көрінісіне жаңа көзқарас білдіруге жол бермегендіктен, республиканың шынайы тарихын көрсету мүмкін болмады. Сондықтан отандық тарих ғылымында сталиндік жүйе  «ұлтшыл»,«халық жауы» деп айыптаған мемлекет жəне қоғам қайраткерлерінің өмірі мен қызметін, қоғамдық- саяси көзқарасын қайта зерттеу қажет. Тарих ғылымындағы заманауи өзгерістер тарихтағы тұлға роліне жаңаша қарауға септігін тигізуде. Қазақстан тарихын зерттеуге жаңа көзқараспен қарау, өлкенің əлеуметтік, экономикалық, мəдени дамуына орасан зор үлес қосқан республика басшыларының өмірімен жəне қызметімен тереңірек танысу бізге тарихи үрдістің динамикасын біршама толығырақ көрсетуге мүмкіндік береді.
2009

Бүгінгі күнде Қазақстанның тарих ғылымының алдында, бұрын қалыптасқан идеялық- теориялық, методологиялық негіздердің өзгеруіне орай, тарихи зерттеулердің мазмұнын жаңарту міндеті тұр. Тарихшылар отандық тарихтың көптеген мəселелерін қайта қарап, жаңаша түсіндіруге ұмтылуда. Аталған міндеттің нəтижелі түрде іске асуы, əр түрлі деректерді кең түрде пайдалану жұмыстарына да тікелей тəуелді. Оның əсіресе ХІХ ғасырдан осы заманға дейінгі Қазақстанның тарихына қатысы бар. Осы дəуірлерде деректердің үлкен қоры қалыптасты. Солардың ішінде сандық мəліметтер ерекше орын алады. Бұл деректер аса үлкен көлемділігімен сипатталғандықтан, оларды бірден зерттеу жұмыстарына пайдалану мүмкін емес. Сонымен бірге сандық мəліметтердің қаншалықты объективті ақпарат бере алатындығын анықтау маңызды. Осыған байланысты, олардың өзін ең алдымен жүйелеу, өңдеу, талдау қажеттіліктері туындайды. Аталған қажеттіліктер, өз кезегінде сандық мəліметтерді тарихи зерттеу жұмыстарына пайдаланудың əдіс-тəсілдерін терең тану жəне үнемі жан-жақты жетілдіріп отыруды талап етеді.
2009

Мақалада Қарағанды қаласында өткен желтоқсан толқуының барысы, толқу аяқталғаннан кейінгі жазалау шараларының жүргізілуі, сол уақыттағы қоғамдағы жалпы ахуал қарастырылды. Қарағанды қаласында өткен толқуға қатысушылардың жай-күйі айтылды. Жазалау шаралары мен жазаланғандар тізімі қарастырылып, сұхбат негізінде сол уақыттағы кеңестік биліктің қуғындау əрекеттерінің ХХ ғасырдың соңындағы бейнесі зерттелді. Толқудан зардап шеккендердің сұхбат негізінде алынған естелік-əңгімелері айналымға енгізілді. 
2016

Жаппай саяси репрессиялар кезеңінің объективтілік мазмұны жеке адамдардың тағдырларын жіті қарастырмай толық бола алмайды. Автор деректемелік негізде жаппай жəне кең ауқымды жазалау шараларының басталуына белгі ретінде БК(б)П ОК-нің 1937 жылдың 2 шілдесіндегі шешімі мен осыдан кейінгі, шұғыл түрдегі Ішкі істер Халкомы Н.Ежовтың қолы қойылған № 00447 бұйрықты айта отырып, бұл арқылы 268950 адамды репрессияға ұшыратып, оның 75950-ін ату жазасына кесу көзделінгендігін, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бірінші категориямен 150 адам ең жоғарғы жазаға кесіліп, екінші категориядағылардың саны 300 адам болып белгіленсе, солардың ішінде 30 қарағандылықтардың да болғандығын нақты көрсетті.
2016

Биыл өзінің ширек ғасырлық табысты белесін атап отырған тəуелсіз Қазақстанның жас мемлекетінің қалыптасу, өсіп, өркендеу жолындағы қарышты қадамы, ауқымды істері, толымды табыстары қоғамдық-саяси ортаны да, ғылыми ортаны да қызықтыруда. Мақалада қазақ мемлекетінің 25 жылдық белестеріне шолу жасалып, жеткен жетістіктері айтылған. 25 жылдық тарихи кезеңде жас қазақ мемлекеті өзінің мемлекеттік шекарасын бекемдеді, көрші елдермен оны ратификациялау өзара түсіністік негізінде жүргізілді. Тəуелсіздіктің бастапқы кезеңінен бастап-ақ Қазақстан өзінің жаңа, демократиялық принциптерге негізделген мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастырды.
2016

Ғасырлар тоғысындағы тəуелсіз Қазақстанның экономикалық дамуында ерекше орын алатын нарықтық қатынастар өзінің бастауын ХІХ ғасырдың екінші жартысынан алатыны тарихтан белгілі. Орталық Қазақстанның қазақ қоғамының дəстүрлі экономикасының нарықтық қатынастарға қарай бейімделуін тарих ғылымдарының кандидаты Б.Т.Төлеуованың біршама зерттегені əрі осы тақырыпта кандидаттық диссертациясын қорғағаны [1] қарағандылық тарихшылар қауымына жақсы таныс. ХІХ ғасырдағы Орталық Қазақстанның жергілікті тұрғындарының нарықтық қатынастарға қарай бейімделуінің себебі қоғамдық еңбек бөлінісінің жүйесі, тауар-ақша айналымы жəне саудамен қатар осы үш процестің бір жерге шоғырлануына негіз болған жəрмеңкелердің пайда болуында. Сондай жəрмеңкелердің бірі — Қоянды.
2009

Бəйсейіт Қырбасұлы — Шет өңірін жайлаған бесата елінің ішіндегі ең ірі тарихи тұлғалардың бірі. Оның өмірі мен тұлғалық мінез-құлқы жайлы аңыз əңгімелерді ел ішінен ұзақ жылдар бойы тірнектеп жинап, зерттеп, жарыққа шығарған өлкетанушы, шежіреші Төрехан Майбас [1; 66–83] жəне өлкетанушы-жазушы Кəмел Жүністегі [2; 144–149]. Осы жиналған мұрадағы ең басты ерекшелік — оның жан-жақтылығында. Тұлғаға тəн бай мінез аңызда сан қырынан көрініс тапқан. Дегенмен, ел санасында уақыт сүзгісіне түсіп, екшеліп, өмірде бағдарлық қызметін атқаратын құндылық қалпына ие болған аңызда тарихи оқиғалардың желісі, жасалған нақты іс-əрекет пен қалыптасқан қарым-қатынас көмескі тартып, жадыдан тыс қалады. Зерттеу барысында аңыздағы көмескіленгенді мұрағат құжатында баяндалған деректер арқылы нақтылай түсу — тұлғаның ел санасында қалыптасқан бейнесін өзгертуге бағытталмайды. Ол мүмкін де емес. Халық айтса — қалып айтпайды. Бұл бұлжымас қағида. Бұған ешкім күмəн келтіре алмайды.
2009

Ұлытау өңірінің тарихи-географиялық тұрғыдан жəне топонимикасының зерттелуі жан-жақты саралау мен талдауды қажет етеді. Себебі бұл өңірдің тарихы қазақ тарихының құрамдас бөлігі бо- лып табылады жəне осы территория туралы тарихи-географиялық мəліметтер, қалыптасқан топони- микалық жүйесі өлке тарихы үшін де, отан тарихы үшін де өте мол тарихи ақпарат береді. Шын мə- нінде де, дала өлкесі кеңістігіндегі Қазақстан тарихынан ерекше орын алатын Ұлытау территориясы, яғни Сарыарқа өңірінің батыс бөлігі. Ұлытау — қазақ сахарасындағы қасиетті мекендердің бірі, отан- дық тарихшылар тарапынан «көшпелілер өркениетінің алтын бесігі» деген бағаға ие болуы да тегін емес. Шынында да, Ұлытау өңірінде қазақ тарихының барлық кезеңдері, сонау көне дəуірден бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарих куəлары аяқ аттап басқан сайын «мен мұндалап» тұрады. Əсіресе көне дəуір мен ортағасырлар тарихынан сыр шертетін тарихи ескерткіштер барша тарихшы-ғалымдардың назарынан тыс қалған емес. Бұл аумақта қола дəуірінің қайталанбас ескерткіштері, тасмола мəдениеті ашылып, қазақ тарихының ұлы ескерткіштері Алаша хан кесенесі, Жошы хан кесенесі, Едіге мырза есімімен аталатын тау жəне т.б. орналасқан. Ежелгі кезден тау-кен ісі дамып, ортағасырлардағы көш- пелі тайпалардың даму деңгейінің көрсеткіші қалашықтар мен бекіністер де осы территориядан орын алған.
2009

Жаһандану қазіргі халықаралық қатынастар мəселесінде негізгі проблемалардың біріне айналып отыр. Ал жаһандану жағдайындағы күн сайынғы төңіректе болып жатқан жайттар қазіргі заманның тарихи оқиғаларының ең өзектілерінің тізбегін құрау үстінде. Олардың қатарына аймақтану, интегра- ция жəне түрлі деңгейдегі жаңа ұйымдардың құрылуы жатады. Сондай жаңа құрылымдардың бірі — Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі Кеңес (АӨСШК. — Г.С.). АӨСШК процесі — Қазақстан Республикасының превентивті дипломатиясының жемісі. Кеңесті шақыру идеясын алғаш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев 1992 жылы 5 қазан- да БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-ші сессиясында ұсынған болатын. Қазақстан үшін əмбебап құрылым құру екендігі мемлекеттің атын шығару үшін үлкен трибунада тұрып құр айта салған дақпырт емес, керісінше, айтылған идеяны іске асыру жолындағы жұмыс болып табылды.
2009

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.