Тарих

ХХ ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға, азаттық пен тəуелсіздік күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін шығарды. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқақ білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматтары ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола білді. Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Ғабдұлғазиз Мұсағалиев, тағы басқалар, бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады. Шын мəнінде олар ғұмыр кешкен ХХ ғасырдың басы алып адамдарды қажет еткен, əрі осыған орай өздерінің ойлау, болжау қасиеттері айырықша, энциклопедиялық білім, талғам-танымдары жан- жақты алыптарды дүниеге келтірген дүбірлі заман болды.
2010

XXI ғасыр басында халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі тұрақтылық пен қауіпсіздік беріктігіне қатаң сынақтан өтуде. Бір жағынан, Кеңестік блоктың ыдырауымен жəне Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуымен құрылған биполярлы жүйенің құлауымен біртекті халықаралық қатынастар жүйесін ұйымдастыру мүмкіндіктері туралы либералды-идеалистік болжамдар ақталмады, жаңа біртекті халықаралық қатынастар жүйесінің негізінде оның барлық қатысушылары үшін ортақ либералды мүдделер жəне жалпыадамзаттық құндылықтар жату қажет еді, ал олардың арасындағы қарама-қайшылықтардың орын алуы мүмкін емес еді. Екінші жағынан, əлемде жаңа имперлік типтегі халықаралық жүйе қалыптасуда, онда жалғыз супердержава жинақтық қуаты бойынша қалған барлық мемлекеттерден асып түсіп, оларға өз ойын шарттарын тануға тырысуда.
2010

Достастық кеңістігіндегі жас тəуелсіз мемлекеттер ғасырлар бойы Ресей, кейін Кеңес империясының құрамында болғандықтан, саяси қатынастардың практикасын жəне стратегиясын өте қиын жағдайда меңгеруге мəжбүр болды. Сондықтан бастапқы кезеңде осы салада жетістіктер мен қателіктер де аз болған жоқ. Əрине, ең бастысы бұрынғы КСРО территориясында қалыптасқан саяси проблемаларымен жаңа мемлекеттерге жəне олардың басшыларына есептесуге тура келді. Əр түрлі саяси топтардың арасындағы билік үшін күрес Ресей, Грузия, Əзербайжан, Тəжікстан, Молдова сияқты мемлекеттердегі жағдайды шиеленістіре түсті [1; 521]. Тəжікстанда азамат соғысы басталып кетіп, ол бүкіл Орта Азиядағы жағдайды күрделендіре түсті. Таулы Қарабақ үшін күрес Армения мен Əзербайжан арасындағы жағдайды ерекше шиеленістіріп, Кавказда дау-жанжал тоқтамайтын ахуал қалыптасты [1; 522]. Ал ТМД мүшелерінің екі мемлекетке ұсынған бейбіт баста- малары керекті нəтижеге жеткізбеді. Өйткені Ресей Федерациясы əзербайжан-армян жанжалында Арменияны қолдап, оған саяси, моральдық əскери көмек көрсетті.
2010

Палестина — Азиядағы көптеген ғасырлар тарихы бар Жерорта теңізінің шығыс жағалауындағы жер аймағы. Б.з.д. 3500 жылы Арабия түбегінің түпкі аймақтарынан қазіргі Египет, Сирия, Ливан, Ирак жерлеріне, кейінірек Египет пен Ассирия мəдениетін қабылдаған арамей мен хананейлердің — семит тайпаларының топ өкілдері қоныстана бастаған аймақ. Осы тайпалардың бір бұтағы — хана- нейлер б.з.д. 3000 жылы қазіргі Палестина жеріне қоныстанып, өздерінің мемлекетін құрады.  Ал б.з.д. 1025 жылы бұл аймақта Израиль патшалығы бой көтерді. Соломон патшадан кейін Израиль патшалығы ыдырап — солтүстігінде Израиль, оңтүстігінде Иудей патшалығы құрылады. Б.з.д. 722 жылы ассириялықтар Израиль патшалығын жаулап алды.
2010

Қазақстан тəуелсіздік алған осы жылдар ішінде еліміз үлкен өзгерістерге қол жеткізді. Ел ішінде экономиканың салалары барған сайын даму үстінде. Демократиялық үрдістер мен азаматтық қоғамға бастайтын саяси реформалар жүргізілуде. Осылармен қатар білім беру саласы да маңызды реформаларды басынан өткеруде. Кеңестік кезеңде КСРО тұсында қалыптасқан білім беру жүйесінің өзіндік дəстүрлері, құндылықтары мен артықшылықтарына қарамастан, ұлт республикаларында ана тілдері мен тарихтарына өте аз сағат бөлінді жəне тарих оқулықтары кеңестік идеологияға сəйкес бұрмаланып жазылған. «Қазақ тарихы» жеке пəн ретінде 1960–1961 оқу жылына дейін оқылмай келді. Қазақстанның білім беру жүйесі еліміздің Конституциясының қағидаларына, «Қазақстан–2030» Стратегиялық бағдарламасына, ел Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған жолдауларына, сонымен бірге халықаралық білім саясатына арналған құжаттарға негізделеді. Осыған сəйкес Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі  аталмыш құжаттарды басшылыққа ала отырып, білім беру жүйесін қалыптастырып əрі оны дамытуда.  Аталмыш министрлік «Білім туралы», «Ғылым туралы» ҚР Заңдарымен қатар Білім беруді дамытудың 2005– 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жасап, осы заңнамалық негіздерге сəйкес іс- шаралар атқарылуда. Осы іс-шаралардың ішінде ұлттық мүдде мен идеяны қалыптастыруға көмектесетін «Қазақстан тарихы» пəнін оқыту мен оның оқу құралдарымен қамтамасыз ету де бар.
2010

 Біз өмір сүріп жатқан XXI ғасыр жан-жақты дамыған, өз ісіне жəне өзгенің ісіне əділ баға бере алатын, өзіне сенімді, Отанның əлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына зор үлесін қоса алатын азамат тəрбиелеуді талап етіп отыр. Қазір білім беру стандарты талаптарына сай тарих пəнінің оқытылуына, тарихшы мұғалімдерге ерекше жауапкершілік пен міндет жүктелді. Өйткені жас ұрпақтың бойына ұлтжандық сезім мен сана, дүниетаным қалыптастыруда тарих пəні басты рөл атқарады.
2010

Білім беру бағытында заман талабындағы өзекті мəселелердің бастысы оқушыны шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелеу, олардың біліктері мен іскерлігін  қалыптастыру, өздігінше білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тəжірибесінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндік аумағын кеңейту болып табылады. Бұл процестерді жүзеге асыруда тарих пəнінің міндеті мен қызметі, əрине, ерекше. Тарих оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін қолайлы шарттарды, əдіс- тəсілдерді, алуан түрлі дидактикалық, түрлендіру жолдарын беретін пəндердің бірі жəне бірегейі болып табылады [1].
2010
Тарих пəнін оқытуда проблемалық əдістерді қолдану

Бүгінгі таңда бүкіл елімізде жүріп жатқан ұлттық мемлекетті нығайту жолындағы игі істер, жаңалықтар өте көп. Солардың ішінде ең бастысы əрбір халықтың тарихын, тілі мен əдебиетіне, мəдениетіне, əдет-ғұрпына, жалпы рухани мұрасына зор құрметпен қарау мəселесі болса керек. Міне, осындай қамқорлықтың бір көрінісі 1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес дайындаған Қазақстан Республикасында тарихи сана қалыптасу тұжырымдамасы [1] болды. Онда отандық тарихты оқытудың басымдықтары, негізгі проблемалары айқындалды. Тəуелсіз мемлекет ретінде Қазақстанда жаңа əлеуметтік-саяси ахуал қоғамда да, оның азаматтарының санасында да үлкен сілкініс туғызды. Дүниеге, халық пен оның тарихына деген көзқарас та түбегейлі өзгеріске ұшырады. Егеменді ел болып, іргелі дамуға тұғыр болатын ұлттық сананың ұстанымды ерекшеліктерін айқындау қажеттігі туды.
2010

Қазақ-жоңғар аралық қатынастарда орын алған этникалық үрдістер екі халықтың мəдениетінде, саяси-экономикалық, əлеуметтік негіздерінде өзіндік із қалдырды. Өзара байланыстардың ұзаққа созылуының нəтижесі аталмыш  халықтардың құқықтық жүйесінде де орын алды. Бұл ішінара екі халықтың құқықтық негіздерінің ұқсастығын анықтау мəселесін туғызады. Аталмыш мəселе бүгінгі таңда толық зерттелмеген. Құқықтық негіздерінің ұқсастығы мəселесі кеңестік жəне қазақстандық тарихнамада зерттеліп талданбады. Бұның басты себебі, тарих жəне заң ғылымдарының қиылыспауынан туындауы мүмкін.
2010

Қытайдан бастап Батыс Еуропа елдері арасындағы байланыста Каспий теңізінің солтүстік-батыс бөлігі, қазіргі Атырау облысының аумағы үлкен маңызға ие. Орта ғасырда бұл арада Орта Азия мен Батыс елдерін жалғайтын құрлық жəне теңіз жолы жұмыс жасаған. Үстірт қыраты арқылы Сарайшық пен Көне Үргеніш қалаларын қосатын құрлықтың жолы бойымен Орта Азиядан алып келінген тауарлар Сарайшық қаласына жетіп, Жайық өзенінен Еділ бойындағы Алтын Орда астанасы Сарай- Бату қаласына немесе Каспийдің батыс жағалауына алып баратын желкенді кемелерге тиелетін. XIII– XIV ғғ. бұл жол Батыс пен Шығысты байланыстыратын негізгі керуен жолына айналды.
2010
Таскешу керуен сарайы туралы жазба жəне археологиялық деректер

Қазақстан Республикасы егемендігін жəне тəуелсіздігін жариялаған кезде 70 жыл бойы үстемдік еткен əміршіл-əкімшіл жүйенің жойылу процесі басталды. Тоталитарлық жүйеден демократияға аяқ басып отырған мемлекетте саяси, экономикалық жəне мəдени салалар бойынша үлкен бетбұрыстар мен өзгерістер жасалынды. Қазақстанда діннің қайта жандануы байқалды. Əміршіл-əкімшіл əдістерге негізделген экономикадан нарықтық қатынастарға өту барысында кеңестік идеологияның жариялаған «догмаларын» қайта қарастырып, қоғам санасында заманға сай рухани құндылықтарды қалыптастыру ұмтылыстары өте маңызды қадам болды. Адамдарға болашаққа сенім беретін, жаңа өмір сүру ортасын қалыптастырып, алға жетелейтін рухани күш қажет еді. Бұның барлығы  қоғам өмірінде діннің маңызды деңгейге шығуына əсер етті.
2010

Ежелгі заманнан-ақ Жерорта теңізінен Қытайға дейін Еуразияны көктей өткен Ұлы Жібек Жолы арқылы Үнді, Қытай, Византия, тағы басқа мемлекеттермен үнемі ғылыми, мəдени, экономикалық, дипломатиялық байланыста болып, қалаларында ғылым мен мəдениеті, сауда өндіріс, далаларында егін, мал шаруашылығы қатар дамыған, қазақтың ұлт болып қалыптасқан алтын бесігі, отырықшы мəдениеттің ошағы, алғашқы адамдардың тұрағы, əлемдік мəдениеттің ірі орталықтарының бірі, дүниеде теңдесі жоқ ұлы ойшыл Əбу Насыр əл-Фарабидің туылған жері, Қ.А.Иассауидің ұлы ұстазы, бабтардың бабы Арыстанбабтың, Орта Азияны билеген ұлы Əмірші Əмір Темірдің Алла аманатын тапсырған жері, Отырар алдымен араб пен монғол шапқыншылығына, содан кейін Қазақ хандығымен Əбілхайыр əулетінің Мауреннахр билеушілерінің Сыр бойы үшін болған өзара қырқысына, жоңғар шапқыншылығына ұшырап, ақыры Отырар суландыру жүйесі талқандалып, Отырар кітапханасы жойылып, Ұлы Жібек Жолындағы қатынас үзіліп, өндіріс тоқтап, қалалары құм басқан төбелерге, далалары шөлейтті аймаққа айналды.
2010