Тарих

Сонау 70-жылдардың басында студенттік өміріміздің қызығы мен қуанышы мол күндерін қабырғасында өткізген алтын ұя, білім ордасы — Қарағанды мемлекеттік университетінің құрылғанына да, міне, 40 жылдың жүзі болып қалыпты. Уақыт, шіркін, жүйрік қой. Сол бір күндерді еске алсам, кеше ғана болған сияқты. 1972 жылы орта мектепті тəмамдап, қайда барып оқимыз, қандай мамандық иесі боламыз деп толғанып, толқып жүргенімізде, біздің бағымызға қарай Қарағанды қаласында мемлекеттік университет ашылды. Бұлай дейтінім — ол кезде қазіргі уақыттағыдай қаптаған университеттер жоқ болатын. Тек Алматыда ғана С.М.Киров атындағы (сонау 1934 жылы ашылған) университет қана бар еді. Сондықтан 1972 жылғы мектеп түлектері үшін Қарағандыдағы университеттің ашылуы қуанышты жағдай болды.
2011

 Академия «Туран-Профи». Хасен М.Х., тарих ғылымдарының кандитаты , профессор. Қарағанды мемлекеттік университеті жайлы.
2011

Еліміз тəуелсіздігін алған жиырма жылда асқан асуымыз да, шыққан белестер мен биіктеріміз де, қол жеткізген табыстарымызда көңіл қуантарлық десек, қателеспейміз. Мұның баршамыз үшін маңызы зор. Қазіргі таңда білім беру мен тəрбиелеу ісіне байланысты қойылатын талаптар да арта түсуде. Бүгінгі таңда қоғамның жаңаруында 2030 бағытына сəйкес əрбір ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуында ұлттық тəрбие шешуші фактор болуы заңдылық. Сондықтан қазіргі заманның педагогика ғылымында адамның ұлттық қасиетін қалыптастырудың ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеу басты мəселе болып отыр.
2012

Білімі мен мəдениеті төмен, ой-өрісі тар адамдар қоғамның негізгі қозғаушы күші бола алмайтыны белгілі. Ондай қарабайыр тобырға арқа сүйеген мемлекеттің өзге өркениетті елдердің қатарына қосыла алмайтыны да ежелден мемлекет болып келе жатқан басқа ұлттардың тарихынан бəрімізге мəлім. Осындай тарихи жауапты кезеңдерде қоғам мүшелерінің сапалық деңгейінің жоғары болуының қажеттілігі туындап отыр. Ал, ол сапа көкірегі ояу, көзі ашық адамдардың молдығынан тұрады. Үздіксіз білім беру жүйесінде жоғары оқу орындарында білім беру мəселесі оның басқа сатыларындағы сияқты өзгерістер мен жаңартулар, байытулар мен толықтырулар үнемі жүріп отырады. Қазіргі жаңа педагогикалық прадигма білім беруді жеке тұлғаның таңдауына бұруды жəне оның жеке интеллектуалды талаптарын қанағаттандырып отыруды талап етеді. Ал болашақ мамандарды даярлауда бұл мəселе аса өзектілікті болып табылады.
2012

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев Республика Білім жəне ғылым қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде отбасын сақтау ісін реформалаудың стратегиялық міндеттерінің бірі — отбасы қарым-қатынастардың жаңа үлгісін ұсыну қажеттілігі өзекті мəселе болып отыратындығын ерекше атап көрсетті. Мемлекет қызметкерлері осыған байланысты барлық шараларды қабылдады. Мысалы: əйел мен ер адамның əлеуметтік, мəдени тəртіптерінің өзгеруі, жойылған жансақ нанымдарды жəне дəстүрлерді қысқарту барлық қалған тəжірибелер, яғни, əйел мен ер адамның таптаурынды рөлдері немесе жыныстардың біреуінің аса басымдылық пен толық емес құндылық идеясын негіздеді.
2012

Тəуелсіз қазақ елі əлемдегі аса дамыған мемлекеттердің қатарына қосылуға ұмтылуда. Ал сол дамыған, өркениетті елдердің қатарына қандай құндылығымызбен барамыз деген мəселе туындайды. Ұлттық салт-дəстүр, əдеп-ғұрып, ана тілімізді Батыс мəдениетіне айырбастап, дамыған елдердің қатарына қосыламыз деу бос əурешілік. Қашанда өз тілін менсінбейтін «Мен қазақпын» деп айтуға намыстанатын жастардан қорқуымыз керек. Өз ұлтын қадірлемейтін — нағыз мəдениетсіздер. Ал мəдениетті жоғары біліммен өлшеуге əсте болмайтынын əлдеқашан ұғатын кез болды. Қолында дипломы бар, бірақ мəдениеті төмен деңгейдегі жастар қаншама! Оларды «надандығын қағаз жүзінде бекітіп алғандар» деп айтуға болады.
2012

Жалғыздық мəселесi ең ежелгi заманнан бастап адам баласы ойшыларының атақтыларын толқытуда жəне философиялық ойды дамытудағы түбегейлi рөлдi ойнады. Əр түрлi кезеңдер мен халықтардың философтары бұл құбылысқа анықтау беруге, оның ерекшелiктерiн ретке келтiруге, оны жеңу жолы мен əдiсiн тауып немесе оның өмірге қажеттiлiгі бар екендігін дəлелдеуге тырысты. Жалғыздықтың себептерiн ашуға тереңдеп кеткен кей жазушылар мен ақындар шығармашылығында бұл құбылыстың бастауларын iздеп табуға, олардың мағынасын түсiнуге тырысқан болды. Бiрақ олардың шығармаларының қаhармандары жалғыздықты жеңе алмай, көбіне оның құрбаны  болып қала берді.
2012