Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Төлеңгіттер институты

Дәстүрлі қазақ қоғамында қоғамның билік басындағы ақсүйек өкілдері хан-сұлтандар мен дала шонжарларына тәуелді және жартылай тәуелді бірнеше әлеуметтік топ өкілдерінің болғандығы белгілі. Олар қазақ қоғамындағы төлеңгіт, жатақ, жалшы және сол сияқты т.б. әлеуметтік топтар болатын.

Солардың бірі қазақ жұртындағы төлеңгіт институтын мақаламызға арқау етпекпіз. Қазақ қоғамындағы төлеңгіт институтының тарих сахынасына шығуы, оның қоғамдық өмірдің, әлеуметтік жүйесінің құрамдас бөлігіне айналуы қай кезден бастау алды, оның негізгі қызметі қандай және т.б. мәселелердің беті ғылымда әлі толық ашылып, өз шешімін таба қойған жоқ десе болғандай. Қазақ қоғамындағы төлеңгіт институтының пайда болуы мен қалыптасуы тарихына әр кездерде Қазақ тарихын зерттеумен айналысқан белгілі ғалымдар қалам тартты. Олардың қатарына Ф.Зобниннің, Е. Бекмахановтың, М.Вяткиннің, В.Шахматовтың, М. Масеевичтің, С. Зимановтың т. б. еңбектерін жатқызуға болады.

Қазақ қоғамында халықтың қандай тобы төлеңгіттерге айналғандығы және төлеңгіттердің қоғамда атқаратын қызметтерін ашып көрсету бұл институттың қоғамдық жүйедегі орны мен рөлін тануға мүмкіндік береді.

Көшпелі қоғамның әлеуметтік жүйесі және әлеуметтік қатынастарымен біршама таныс болған Г.Е. Марков өз еңбегінде бұл тақырыпқа байланысты: «қазақ қоғамында шағын төлеңгіттер тобының әлеуметтік жағдайын анықтап алу қиынға соғады, себебі көптеген деректер олар жөнінде көп жағдайда тек үзінді мәліметтерден тұрады» [1, 154 б.], – деп атап өткен болатын.

Төлеңгіттер – дәстүрлі қазақ қоғамындағы ақсүйек-төрелерге (хандар мен сұлтандар) қызмет етуші адамдардың әлеуметтік қауымы. Негізінен жаугершілік замандарда сырт елдерге жорық жасау барысында қолға түсіп, билеушілердің жеке иелігіне берілген соғыс тұтқындарынан тұрды. Сондықтан олар үш жүздің ешқайсысына кірмейді, тек төрелерге ғана қызмет ететін әлеуметтік топ болып есептелген. Олар хандар мен сұлтандардың барлық шаруашылық жұмыстарын атқаруға міндетті болды. Төлеңгіттердің енді бір бөлігі – сұлтанның немесе хан ордасында билеушілердің жеке басын қорғайтын әскери жасақ, бейбіт уақытта олардың тапсырмаларын орындаушы, зекет, соғым жинаушы, сот биліктерін орындатушы шабармандар міндетін де атқарған. Мысалы, Абылай ханмен бірге 1000-нан астам төлеңгіт отбасы көшіп-қонып жүрген [2, 471 б.].

Төлеңгіт сөзінің шығу төркінінің тарихы хақында тарих ғылымында әлі де болса бір жүйеге келіп қалыптасқан пікір жоқ.

«Төлеңгіт» деген сөз қазақ сөзі емес, ол Алтай қалмақтарының «теленгет» деген сөзінен алынған деп дәлелдейді кейбір зерттеушілер.

Төлеңгіт сөзінің этимологиясы туралы осы мәселені алғашқылардың бірі болып зерттеген Ф.К. Зобниннің еңбегінде: «Тюленгутъ (теленгутъ, тулюнгуть - по некоторымь авторамь) слово не киргизское, оно заимствовано киргизами отъ алтайскихъ калмыковъ - теленгетовъ (теленгуты, теленгиты), вь языкь которыхъ и теперъ сохранилосъ это слово, какъ обознашеніе своей народности» делінген [3, 27 б.].

Ал қолда бар деректер төлеңгіттіктің пайда болуының екі жолы туралы сөз етуге мүмкіндік береді.

Біріншіден, төлеңгіттер бұрынғы қүлдардың ұрпақтарынан қүралған. Өкінішке қарай, қүлдың төлеңгітке айналу барысын айқындау қиын. Қазақтардың әдеттегі қүқығына сәйкес, «қүлдар өз қожайындарының қалауы бойынша ақы төлеп бостандық алуы мүмкін, бүл үшін қожайын талап еткен сомада ақша немесе бәлен мал, қандай да болсын дүние мүлік беруі керек». Сонымен бірге басында бостандығы бар қазақтың күңмен некелесуінен туған балаларға бостандық беріледі.

Сөйтіп, қазақтардың әдеттегі қүқығына сәйкес, қүлдардың бір бөлігі бостандық ала алатын болды. Қоғамның толық мүшесі болған бүл қүлдар төлеңгіт бола алатын еді.

Екіншіден, басында бостандығы бар қазақтар да төлеңгітке айналған. Бүл мына жағдайға байланысты еді: көшпелі қауымның ыдырауына орай қауымдар өз мүшелерінің мал-мүлкін барымталардан және өзара қырқыстан бүрынғыдай қорғай алмады, соның салдарынан қазақтардың бір бөлігі мүлде күйзеліске ұшырап, материалдық жағдайларының ауырлығынан сүлтандарға баруға мәжбүр болды [4, 112113 б.].

Қазақ қоғамында күрделі этникалық процестердің негізінде пайда болған этнографиялық топты төлеңгіттер деп атайды. «Ақсүйектерден» төлеңгіттер бірнеше сипаттамасына байланысты ерекшеленеді.

Біріншіден, төлеңгіттердің шығу тегі әр қилы: оның қүрамында өзге этностардың да, қазақтың да болуы мүмкін, екіншіден әлеуметтік орны да әр қилы, олардың ішінде маңызды саяси шаруаларға жүретіні, байлары, сонымен қатар мінерге аты, ішерге асы жоқ кедейлері де бар. Төлеңгіттер деп төре маңына жинақталған, төренің қамқорлығындағы топты атайды. Олар малдарына төре таңбасын басады, төренің үранын шақырады, бейбіт уақытта төренің шаруашылығын қарап, жаугершілікте ең сенімді жауынгерлерге айналады [5, 201 б.].

Жетісу мен Сыр өңірін зерттеген, көрнекті шығыстанушы, этнограф, қазақ халқының түрмысы мен мәдениетін зерттеген Н. Аристов төлеңгіттерді - «хан мен сүлтандардың сарбаздары немесе жасақтары деп атайды». Торғай облыстық басқармасында қызмет істей жүріп, қазақ халқының әлеуметтік қүрылымына байланысты мәліметтерді жинаған И. Крафттың еңбектерінен «төлеңгіттерді мәңгі бақи хандар мен сүлтандардың қызметшілері деген» деген пікірді кездестіреміз [6, 39 б.].

Қазақ қоғамындағы төлеңгіт институтының құл және құл иелену институтымен өте тығыз байланыстылығы бар екендігі сонау замандардан белгілі еді. Сондықтанда болар Ресей патшалығы дәуірінде 1836 жылдары патшалық әкімшілік тарапынан сол кездегі Қарқаралы округінде төлеңгіт пен басқа да басында еркіндігі жоқ қоғамның әлеуметтік топтарының айырмашылығы және арақатынастары туралы халық ішінде сұрау салып, зерттеулер жүргізген болатын. Бұл шара Ресей патшалығының отарлау саясатын тереңдетуге бағытталған болса да, оның біз үшін құнды тұсы сол кезде жиналған материалдар төлеңгіт, құл және басқа жартылай тәуелді және толық тәуелділіктегі халықтың әлеуметтік тобы туралы нақты деректер мен тарихи дәлелдемелердің көзі болып табылатындығында.

Бұл жерде құл мен төлеңгіттің жағдайын олардың таңдау мүмкіндіктері ерекшелеп отыр. Құл кұлдыққа айналуды таңдай алмайды. Ал төлеңгіттің таңдау еркі болады. Сонымен бірге төлеңгіт қай уақытта болса да, өзінің сұлтанынан басқа сұлтанның қарамағына өтуге еркі бар. Ал құлда басқа қожайынға, оның қарамағына өзінің еркімен өтуге деген құқығы мүлдем жоқ. Төлеңгіттің басқа сұлтанның қарамағына өтуі күнделікті өмірде жиі кездесе бермейтін құбылыс еді [7, 44 б.] Бұл туралы М. Вяткиннің ойы төмендегідей: «Правда, это право перехода ограничивалось материальной зависимостью тюленгута от владельца; иначе и быть не могло при условии феодального характера собственности тюленгута, но все же право фактически существовало. Очевидно, тюленгут переходил к другому владельцу вместе со своим скотом. Однако есть еще ряд данных, которые заставляют говорить о значительно большей потере правоспособности тюленгута» [8, 27 б.].

Осы ойды өрбітетін В. Шахматовтың мына пікірі де өте қызықты: «Сами тюленгуты считали себя свободными людьми и протестовали против каких бы то ни было попыток со стороны султанов приравнять их к рабам или крепостным [9, 83 б.].

Ресей өкіметінің 1822 жылғы жарғысына сәйкес хандық жойылғаннан кейін Қазақстандағы жағдайға байланысты бұл әлеуметтік қауым үлкен өзгерістерге ұшырады. Хандық жүйенің жойылуына байланысты қазақ билеушілері өз төлеңгітін асырау, ұстап тұру мүмкіндіктерінен айырылды. Сондықтан жеке шаруашылығы бар бар төлеңгіт біртіндеп басқа руларға қосыла бастады. Кейбір рулар ішінде төлеңгіт деген аталар пайда болды. Орта жүз бен Бөкей хандығында бұрынғы төлеңгіттерден жеке төлеңгіт рулары шықты [2, 471 б.].

Төлеңгіттілікті күрделі әлеуметтік құрылымға тән құбылыс деп қабылдауға болады. Қолда бар деректерден төлеңгіттердің хандар мен ұлыс сұлтандарына өте сенімді адамдар екенін аңғарамыз. Әбілқайыр хан мен Нұралы сұлтанның өте маңызды шаруаларын тындыратын адам Байбек Ағлұқ төлеңгіт, Абылайдың 1759 жылы Қытайға жіберген елшілігінің «құрамында 25 қазақ пен төлеңгіт болған» [10, 152 б.]

Әлеуметтік топ өкілдері төлеңгіттер туралы деректі Абылай сұлтаннан да кездестіреміз. Ол өзінің 1762 жылы Давыдовқа жазғанхатыда: « – Мен өз төлеңгіттерімді қазақтардан кем көрмеймін, себебі олар менің басыбайлы жалшыларым емес. Оларды жақсы көргендіктен өз қасымда ұстаймын, бірге көшіп жүремін» деген [11, 9 б.].

Елбасы Н.Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде төлеңгіттер туралы: «Қазақ этножүйесіндегі сатылы бағыныштылықтың жанама айғағы ретінде – қызмет етуге мойынсұнған төлеңгіттер институтының болғанын айтуға болады.

Қандас руластарының сатылы жүйесінен тысқары қалған адам өз руластарының көмек-қолдауын, яғни горизантальды ынтымақтастығын жоғалтқан. Мұның өзі вертикальды сатылы жүйе бойынша басқа рулармен толыққан кезде де горизанталды ынтымақтастық жүйесінің реттеп отыратын қасиетін жоғалтуға себепші болған. Мұндай аралық ахуалға тап болған адам ұдайы ара-дара күй кешкен» деген [12, 47 б.] жағдайларын айтады. Мұнан түрлі себептермен руынан бөлінген адамдардың төлеңгіттерге айналғанын да білуге болады.

Қорыта келе айтпағымыз, қазақ қоғамындағы төлеңгіттер институты хан мен сұлтандар төңірегінде жүрген ерекше әлеуметтік топтық құрылым болып табылады. Төлеңгіттер институтының дамуы сол замандағы Қазақ хандығының саяси ұйымдасуымен, экономикалық дамуымен тығыз байланысты болды. Сондықтан дәстүрлі қазақ қоғамында болған өзгерістер бұл топтың әлеуметтік жағдайының өзгеруіне әкелді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Марков Г.Е. Кочевники Азии. – Москва, Изд. Московского университета, 1976. – 315 с.
  2. Қазақстан ұлттық энциклопедия. 8-том. С-У. «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы – Алматы, 2006. – 704 б.
  3. Зобнин Ф.К. Рабы и тюленгуты в казахской степи. 2-е изд., доп. – Астана: Алтын кітап, 2009. – 280 с.
  4. Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. (Оқу құралы). – Алматы: Санат, 1994. – 416 б.
  5. Артықбаев Ж.О. ХVШ ғасырдағы қазақ қоғамының этноәлеуметтік құрылымы. Тарих ғылым. докторының диссерт. – Алматы, 1997. - 474 б.
  6. Елемесов Ә.Қ. Отандық және Ресей тарихнамасындағы төлеңгіт мәселесінің революцияға дейінгі кезеңде (ХVШ-ХІХ ғғ. бойынша) зерттелуі. // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы, 2009. – № 3(54). – 36-40 б.
  7. Ахатов У.А. Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша құл иелену. Заң ғылымдары кандидатының диссерт. – Алматы, 2004. – 115 б.
  8. Вяткин М.П. Тюленгуты в ХVШ в. // Известия Казахстанского филиала АН СССР. Серия история. – 1940. – Вып. 1. – с. 27-35.
  9. Шахматов В. Институт тюленгутства в патриархально-феодальном Казахстане // Известия АН КазССР. Серия истории, экономики, философии, права. – 1955.– Вып. 2. – с. 83-91.
  10. Международные отношения в Центральной Азии. ХVIJ-ХVШ вв. Документы и материалы. Кн.1. – Москва, 1989. – с. 375
  11. Материалы по истории Казахской ССР. Т. IV. (1785-1828 гг.) - Москва, 1940∙ 12∙ Назарбаев Н.Ә. Тарих толı‹ыııыııда∙ - Алматы: Атамұра, 1999, - 296 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.