Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Кеңес өкіметінің Қазақстандағы діни ұйымдарға қатысты саясаты (ХХ ғасырдың 30–40 жж.)

Мақалада Кеңес өкіметінің Қазақстандағы ХХ ғасырдың 30–40 жж. дінге қатысты ұстанған саясаты қарастырылды. Діни ұйымдарға қатысты большевизмнің негізгі идеологтарының көзқарасы негізінде Кеңес өкіметі орнаған тұстағы дінге көзқарастың өзгеруі талданды. Орталықта қабылданған з,ацпамалық-күкықплқ актілердің Қазақстанға әсері, нүсқаулардың орындалуы, діни саясатты жүргізудегі асыра сілтеу әрекеттері қазақстандық мысал негізінде жазылды. Қазақстандағы дінге қатысты саясаттың өзгеруі, репрессия жылдарындағы діни үйымдар, діндарлардың ахуалы мен Екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейінгі мемлекеттің дінге қатысты саясатын өзгертуге мәжбүр еткен жағдайлар талданды. Отандық жəне шетелдік авторлардың зерттеулеріне қорытынды жасалды. КСРО аумағындағы діни үйымдардың қызметін тоқтатудағы жіберілген өрескел қателердің, посткеңестік кезеңдегі елдердің, оның ішінде Қазақстан аумағындағы салдарымен байланыстырылды.

Қазақстан тарихының жетпіс жылдық кезеңі кеңес дәуірі ретінде тарихқа енді. Тарихи кезеңдеу бойынша қысқа уақыт аралығы болса да, түбегейлі өзгерістер əкелген кезең ретінде тарихта қалды. Бүл кезең отандық тарихта атеизмді күштеп енгізілуімен ерекшеленді. Кеңес өкіметі түсындағы өлкедегі діни ахуалды шетелдік зерттеуші Д. Мантгомери: «Кеңестік кезеңде дін жаппай аяқасты етілді. Бүл саясат, өз кезегінде, өлкеде діннің нашар дамуына әкелді. Соған қарамастан, Орталық Азиялық әрбір адам өзінің мəдени бірегейлігін мұсылман дінімен байланыстырады», — деп сипаттайды [1; 356, 357].

Кеңес өкіметі орнамай түрып, идеологиялық жүмыс басталған болатын. Большевиктер Қазан төңкерісінің көсемі В.И. Лениннің бастамасымен дінмен күрес жүргізді. Жүмысшы партиясы саясатының дінге байланысты негізгі қағидаларына партия көсемі В.И. Лениннің 1905 жылы жазған «Социализм жəне дін» атты шығармасында: «...дін — рухани қанаудың құралы. Ол əлеуметтíк теңсіздік пен қаналған таптың шарасыздығынан туындайды» [2], — деген баға беріп, дінге қарсы күрестің қажеттілігін айқындады. Əлемдíк революцияны жүзеге асыруды мақсат еткен большевиктер үшін кез келген қарсы түрар күш пен кедергіні жою негізгі міндеттердің бірі болды.

Кеңестер билігі түсында жалпы дін мен діни үйымдардың жай-күйі қалай болды? ХХ ғасырдың 30–40 жж. дінге көзқарас қалай өзгерді? Екінші дүниежүзілік соғыс дін мен мемлекеттің арақатынасына қалай əсер етті? Осы сүрақтарға мақала шеңберінде жауап беруге тырысамыз.

Мақаланың хронологиялық шеңберіндегі мəселелердí талқыламас бұрын, алғышарттарын, яғни большевиктер билігі орнаған түстағы діни ахуалды, қарастырып өткен дүрыс. Қоғамдағы ықпалынан айыруды мақсат еткен билік қүқықтық-нормативтік негізін жасап, қабылданған заңдар аясында дін мен діни үйымдардың мүмкіндіктерін шектеуді мақсат етті.

Сонымен, 1917 жылы 26 қазанда Кеңестердің ІІ бъезі қабылдаған «Жер туралы» Декрет, 1917 жылы 18 желтоқсанда РКФСР ХКК қабылдаған «Азаматтық неке туралы, балалар жəне хал-ахуал кітабын жүргізу туралы», 19 желтоқсандағы «Неке бүзу туралы» Декрет Қазақстандағы мешіттер, шіркеулер, діни қауымдардың иелігіндегі жерлер Жер-су комитеттерінің қарамағына берілді. Шіркеу мен мешіт некесіне тыйым салынбады, дегенмен тек азаматтық некенің заңдық күші болды. Ал, діни үйымдар жөніндегі кеңестік заңдардың негізгі қағидаларын жариялаған қорытынды қүжат болып 1918 жылдың 20 қаңтарындағы РКФСР ХКК қабылдаған «Мемлекеттің шіркеуді жəне мектепті шіркеуден бөлу туралы» Декреті саналды [3]. Жаңа форматтағы кеңестік адамды, атеистті қалыптастырудың алғашқы қадамдары осылай жүзеге аса бастады. Дегенмен, əлí де болса, нақты күшке ие болмаған кеңестерге дінді, діни үйымдарды түбегейлі жою мүмкін болмады. Елдегі азамат соғысы, XX ғасырдың 20 жж. аштық, В.И. Лениннен кейінгі «таққа» талас дін мəселесíн кейінге шегерді.

Сталиннің саясатын Қазақстанда жүргізген, Қазақ өлкелік комитетін басқарған Ф.И. Голощекин түсында Қазақстандағы діни үйымдардың жағдайы мүшкіл еді. М.Қ. Қозыбаев Қазақ өлкеліккомитетінің басшысы Ф.И. Голощекин жайлы: «...Қазақстанға патшаның отарлау саясатының кеңестік нұсқасын енгізген кішкентай Сталин» [4; 16], — деген болатын. Голощекин басқарған шолақ белсенділер діни қызметкерлерді қудалап, мешіттер мен шіркеулерді қиратты. «Иттихат-ва-Тарахки», «Шуро-и-Ислами» партияларының мүшелері де қуғындалды [4; 152].

Кеңестердің алғашқы билікке келгеннен кейінгі дінге қатысты солақай саясатының нәтижелерін қайта қарау мақсатында 30-жж. жеңілдіктер жасай бастады. Мысалы, 1930 ж. 19 наурызда қабылданған Қаулыда: «1. Дін орындарын ауыл, поселке халқының көпшілігінің ырзалығынсыз жабу, иə болмаса, олардың шын көңілден ырзашылық білдірмей жабу тоқтатылсын. 2. Мешіт, шіркеу иелері ауыл, поселке халқының көпшілігінің шын ырзашылығы алынған соң ғана Қазақстан Орталық Кеңес Комитеті Президиумы тиісті тоқтамды бекіткен соң ғана жабылсын», — деген болатын. Бұл Қаулының орындалуын бақылау Ішкі Істер Комиссариаты мен оның жергілікті бөлімдеріне жүктелді. Қаулыдан билік басындағылардың діни орындарды жабуға бұқара халықтың талап- тілектерін, көңіл-күйлерін ескеруге мəн беруге тырысқандығын көреміз.

Дегенмен орталықтың бұйрық-нұсқауларына бағынышты республиканың заң шығарушы, атқарушы органдары дін орындарын сақтап қалуға дəрменсíз еді. Сондықтан да азаматтардың жеке құқықтарына қатысты мəселенí шиеленістірмей, халықтың наразылығын тудырмай шешудің жолдарын қарастырды. Осыған орай кеңестік билік облыстар мен аудандардағы ахуалды бақылап отыру үшін діни мəселелердí қарау жөніндегі тұрақты жергілікті комиссиялардың рөлін күшейтуді көздеді.

Осы бағытты іске асыруда 1931 жылы 31 мамырда БОАК-нің «Діни мəселелердí қарау жөніндегі тұрақты Орталық жəне жергілікті комиссиялар жайлы Ережені бекіту туралы» Қаулысы шықты. Ережеде тұрақты Орталық комиссияның діни мəселеге байланысты барлық басқарушы қаулылары мен талаптары бүкіл жергілікті ұйымдар үшін міндетті деп атап көрсетілді [3; 55]. Осы ереже негізінде КАКСР ОАК, ҚАКСР прокуратурасы, қазақ кəсíподаĸ кеңесі, халық ағарту халкоматы жəне қаржы халық комиссариатының өкілдері енгізілді. Төралқа бекіткен комиссия мүшелері келесідей: Завиратько (ҚазОАК Төрағасының орынбасары); төраға орынбасары — Ярмұхамедов (қалалық кеңестің төрағасы); мүшелері: Өтешов — республика прокуратурасынан, Əлкенов — халық ағарту комиссариатынан, Қазбеков — қазақ кəсíподаĸ кеңесінен, Сытдыков — қазақ қаржы халық комиссариатынан.

Сонымен қатар орталық тұрақты комиссияға келесі міндеттер жүктеді:

а) діни бірлестіктер жөніндегі заңдарды дұрыс жүргізу мəселелерí бойынша қажетті басшылық нұсқауларды жер-жерге тарату;

ə) аудандық атқару комитеттері жанынан діни мəселелер жөніндегі комиссияларды құру туралы мəселелердí қарастыру;

б) ҚазОАК-нде шоқыну мекемелерін жою туралы материаларды шұғыл қарастыру.

Комиссияға дін туралы заңдардың дұрыс жүргізулерін бақылау, діни үй-жайларды ашу жəне жабу туралы мəселелердí қарау, республика көлемінде діни съездер өткізуге рұқсат беру, Қазақ АКСР-індегі барлық діни қоғамдар мен топтарды есепке алу сияқты міндеттер тапсырылды. Ресми уақытша құрылымның жергілікті органдары облыстық жəне аудандық аткомдар жанындағы комиссиялар болып табылды. Комиссия өз жұмысын 1935 жылы 23 ақпанда тоқтатып, оның міндеттері тікелей ҚАКСР ОАК-не берілді.

ҚазОАК төралқасы жанындағы Дін мəселесí жөніндегі Тұрақты комиссиясы құжаттарында діни мекемелердің мынадай түрлеріне сипаттама беріледі:

  • сыйыну, дұға ету ғимараттары — діни жоралғыларды орындау үшін арнайы салынған ғимараттар (шіркеу, мешіт жəне с.с.);
  • сыйыну жайлары — арнайы діни құрылыс емес, дінге сенушілердің, діндарлардың жай үйлерден (жеке немесе муниципалды) сыйыну, дұға қылу жиындары үшін жалға алған ғимараттар;
  • үй шіркеулері деп жеке оқшауланған ғимараттары жоқ, ескі тәртіптегі аурухана, түрме, орта оқу орындары жəне сол сияқты мекемелерде орналасқан (негізінен қалаларда) шіркеулер аталады. Бұл үй шіркеулері РКФСР Халық Ағарту Комиссариатының олар туралы Ерекше Қаулысына сəйкес міндетті түрде жабылуға тиіс болды;
  • діни қоғам деп кəмелетке толған, саны жағынан 20 адамнан кем емес діндарлардың бірлестігін атайды, ал діни топ деп саны жағынан 20 адамнан аз діндар азаматтардың бірлестігі саналды [3; 55].

Тоталитарлық жүйе қалыптасқан ХХ ғасырдың 30-жж. қатаң саяси шектеу орнықты. 1937–1938 жж. дін өкілдері үшін өте ауыр кезең болды. Дінге қатысы барларды қамап, кемсітіп, ату жазасына кесті. 1937 жылы Қазақ өлкелік комитетінің Бюросы «еңбекшілерге троцкист-зиновьевшілдер, қылмыскерлер, контрреволюционерлер, ұлтшылдар, молда, поп жəне сектанттарды əшкерелеуде, діннің таптық мәнін түсіндіріп, дінге қарсы кең көлемде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу» жайлы Қаулы қабылдады.

Түркістан БК(б)П аудандық комитеті бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша шешімінде (1937 ж. 9 ақпан) «мешіттер жанындағы контрреволюцияшыл ұлтшыл жəне бай-кулак элементтер, фашистік бұзақы троцкист жəне зиновьевшілдермен бірігіп, қазақтардың Ауғанстанға қоныс аудару, ұжымшарлардағы аштық, большевиктік режиммен күрес жайлы айтып, пасық діни- контрреволюциялық үгіт-насихат жүргізуде» деп айыптады [5; 17].

КСРО-ны қамтыған репрессия дін өкілдерін де қырғынға ұшыратты. Түрмеде оларға жасалмаған қылмыстарын мойындатты [6]. 1940 жылы Карлагта 355 дін өкілдері қамақта отырды. Ал түрме мен жала жабудан құтылғандардың жағдайы мəз емес еді. Олар дін қызметкерлеріне салынатын үстеме салық төледі. Отбасылары, балалары мен немерелері қоғамда қуғын көрді. Мысалы, 1938 жылы Торғай ауданының мұғалімі Ахметовты, баласының молда болғаны үшін, жұмыстан шығарып жіберген [5; 17].

Большевиктер мерзімді басылымдар, кітаптар шығару арқылы да күрес жүргізіп, дінсіздікті насихаттады. Дінге қарсы сипаттағы әдебиеттерді жариялауға мүдделі болған Кеңес үкіметінің бастамасымен, шамамен 1926–1939 жылдар аралығында-ақ 300-ге жуық атеистік бағыттағы, үгіт жүргізу сипатындағы еңбектер жарық көрген. Бұл тек бір Ұлттық кітапхана қорында сақталғандары ғана. Аталмыш еңбектердің көлемі шағын болғанымен, ішкі мазмұны діннің пайдасыздығын, тиімсіздігін, ең бастысы, зияндығын дәріптеген шығармаларға толы болды. Тіпті 90-шы жылдарға дейін жарық көрген зерттеулерде дінге қарсы біржақты баға беріліп, таптық көзқарас тұрғысынан шыға алмады [7; 39].

Коммунистік партияның дінге қатысты ұстанымдары партия бағдарламасында арнайы қарастырылып, кейінгі кезеңде партия конференциялары барысында шешімін тауып отырғандығын мұрағат құжаттары дəлелдеп бере алады. Партия бағдарламасының діни қатынастар саласындағы пунктінде былайша белгіленген: «Бүгінде партия діннің мемлекеттен бөлінгенін қанағат тұтпайды... Партия қанаушы тап пен діни насихат ұйымдары арасындағы байланысты толық үзуге жəне жұмысшы таптың діни қағидалардан азат етуге тырысады. Ол үшін кең көлемде ғылыми- ағартушылық жəне дінге қарсы үгіт-насихат ұйымдастырады» [8].

Жалпы алғанда, большевиктік партия пікірінше, дін қанаушы таптың рухани құралы болғандығын, теңсіздікті, жеке меншікті, адамды адамның қанауын ақтап отырады, халықты қанаушылыққа төзуге шақырады. Құлдық психологияны тәрбиелеуші болатындығы тұжырымы халық санасына тереңдете енгізілді [7; 39].

Сонымен, ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына дейін, кеңестік билік дінмен күресті кең көлемде жүргізді. Заңнамалық-құқықтық базаны осы бағытта жүргізумен қатар, дін жолында жүргендерді қудалап, түрмелерге қамап, діни ғимараттарды бұзу немесе оларды басқа да мақсатта қолданды.

Ал Ұлы Отан соғысы басталысымен дінге көзқарас өзгерді. Орталықтан шеткері орналасқан Қазақстанда дінмен күрестің кеш келгені сияқты, діни ұйымдардың қайта қалпына келіп, жұмысын бастауы да кештеу жүзеге асты. Себебі дінмен байланысы болғаны үшін адамдарды қудалау жұмыстары соғыс басталған алғашқы жылдарда Қазақстанда әлі де болса жалғасып жатқан болатын.

КСРО-да дінге қысымның азаюының бірнеше себептері болды. Біріншіден, оккупацияда қалған аймақтарда оған дейін жабылған шіркеулерді фашистік Германияның қайта ашып, діни әдебиеттердің таратылуы, діни ұйымдар жұмысының қайта жандануы себеп болды. Мемлекет пен дін арасындағы ара-қатынастың реттелетіндігін, дін еркіндігі мен ұлттық діни ағымдардың дамуын қамтамасыз ететіндігін дәлелдеді. Басқыншыл фашистердің болжамынша, осы əрекеттер арқылы КСРО-да большевиктердің беделі түсіп, түрлі діни бағыт өкілдері арасында көтеріліс басталып, мұсылмандар осы тұрғыдан құқығы ең көп шектелген халықтар ретінде алғашқылардың бірі болып, көтеріліске шығуы тиіс еді [9]. Дегенмен, соғысқа КСРО халқының бірігіп қатысуы ол ойды теріске шығарған болатын.

Екіншіден, дінге қарым-қатынасының өзгеруі себептерінің бірі, КСРО-ның сыртқы саясатымен де байланысты болды. 1943 жылы өткен Тегеран конференциясында екінші майданды ашуға Англия мен Францияны көндіру үшін, КСРО-да діни еркіндікті қалпына келтіруі керек еді. Сталиндемократиялық мемлекеттерде көп мәселенің шешімі қоғамдық пікірге байланысты екендігін жақсы түсінді. Көп ұзамай одақтастардың талаптары қанағаттандырылды [9; 70].

Үшіншіден, КСРО-да дінге көзқарастың жұмсаруының негізгі себебі ішкі факторларға да байланысты болды. Соғыс жылдарында фашизмге қарсы халықты біріктіру үшін шіркеулердің қалыпты жұмыс жасауына жағдай жасала бастады. Елге төнген қауіптен қорғану үшін дінбарлық адамдардың дүниетанымына қарамай, ортақ жауға күш біріктірер негізгі құралдарының біріне айналуы тиіс еді. Діни ұйымдардың да отансүйгіштік ұстанымы, соғыстың алғашқы күндерінде-ақ байқалды. ОПШ (Орыс православиелік шіркеуі) Мəскеу жəне Коломна митрополиті Сергей, православиелік христиандарға Отан алдындағы қасиетті борышын орындауға шақырған үндеу жариялады.

Негізінен, діннің қоғамдық өмірге жəне саясатқа араласуы кеңестік заңға қарама-қайшы еді. Дегенмен, шіркеудің жауға қарсы күресуге шақырған үндеулері елдің қорғанысына көмегін тигізіп, ішкі саясатпен ұштасып жатқандықтан, митрополит Сергей әрекетіне тыйым салынбады. Керісінше, оның үндеулері мемлекеттік баспаханаларда басылып, көбейтіліп ұшақтармен жау тылына тасталып отырды [10].

Соғыс жылдарында отансүйгіштікке шақырған үндеулерді православиелік христиандардан өзге де діни ұйымдар жасады. Мысалы, КСРО Орталық діни басқармасы барлық мұсылмандарға «КСРО мұсылмандардың орталық діни басқармасы барлық діншілдерді туған жерін қорғауға, мешіттерде Қызыл Әскердің жеңісі үшін жəне соғысып жатқан ұлдар үшін дұға оқуға шақырады... Өз еліңді сүй, себебі ол — мұсылманның борышы» [11] деп үндеу тастады. 1942 жылдың мамыр айында Уфада КСРО-ның сібір мен еуропалық бөлігінің мұсылмандарының Діни басқармасының Төтенше кеңесі өтіп, Кеңестер Одағының барлық мұсылмандарына Отанды қорғауда өз өмірлерін аямауға шақырған үндеу жасалды. Бұл үндеулер барлық мешіттер мен діндарлардың жиындарында оқылды. Жүргізілген іс-шаралар 1943 жылдан Орыс православиелік шіркеуіне, кейінірек ислам діні мен өзге де діндерге билік саясатының жұмсаруына әкелді [5; 30].

Нәтижесінде, 1943–1944 жылдарда үш – орталығы Ташкент қаласында орналасқан Орта Азия жəне Қазақстандық (ОАМДБ — САДУМ ор.), алғашқыда орталығы Буйнак, кейінірек Махачкала қаласы болған Солтүстік Кавказ жəне Дағыстан, үшіншісі орталығы Бакуде орналасқан Закавказье Мұсылмандар басқармалары құрылды. ОАМДБ-ға КСРО-дағы жалғыз кəсíби діни қызметкерлерді дайындайтын мұсылмандық жоғарғы оқу орны Бұхарадағы Мир Араб медресесі қарады [12].

1943 жылы 15–20 қазанда Ташкентте Орта Азия жəне Қазақстан мұсылмандардың Бірінші құрылтайы өтті. Құрылтайда Орта Азия мен Қазақстан Мұсылмандарының басқармасын құру туралы шешім қабылдап, төрағасы болып Ишан Бабаханов сайланды [13].

Соғыс жылдарындағы діни ұйымдардың кеңес халқын рухани біріктірудегі рөлі ескеріліп, тартылып алынған мешіттер қайтарыла бастады. Мысалы, 1944 ж. Петропавл қаласында 1937 ж. жабылған мешіт мұсылмандарға мерзімсіз пайдалануға берілді. 1945 ж. Алматы қаласының мұсылмандарының өтінішімен жатақханаға айналдырылған бұрынғы Шалақазақ мешітін ашуға ресми рұқсат берілді. Ал 1946 ж. жергілікті халықтың өтінішіне сəйкес Ақтөбе облыстық атқару комитетінің рұқсатымен Шалқарда мешіт ашылды [12; 49].

Ал, 1945 жылдың басынан бастап КСРО-дан қажылыққа баруға рұқсат етілді. Қажылыққа барғандардың алғашқы тобын мүфти Ишан Бабаханов бастап барды. Сол кезден бастап жылына 2025 кеңестік мұсылмандар, Қазақстаннан үш адамнан қажылыққа барып отырды. Олар имамдар, мешіт әкімшілігінің мүшелері еді [5; 30].

Осы бағытта белсенді жұмыс жасағандардың бірі христиан евангелистер мен баптистер болды. Соғыстың ауыр кезеңдерінде христиан евангелистер мен баптистер өзара келіспеушіліктерді ұмытып, мемлекетті жаудан азат етуге белсенді қатынасуға, жеңіс күнін жақындату үшін күресуге шақырды. 1942 жылдың мамыр айында баптистер мен христиан евангелистер өкілдері қол қойылып діндарларға арналған үндеу-хат жасалып таратылды.

Діни ұйымдар патриоттық үндеулермен ғана шектелмеді. Мешіттер мен шіркеулерде майданға қаржы, киімдер мен азық-түлік жиналды, мемлекеттік облигациялар, лотерея билеттері сатылды. Қазақстанның барлық шіркеулері мен мешіттері осы іс-шараларға қатысты. Солтүстік Қазақстан облысында жұмыс жасайтын жалғыз шіркеу соғыс басталған уақыттан бастап қорғаныс қорына қаржы аударып отырды. Сондықтан халық арасында діндарлықтың артуымен санасуға тура келді. Кеңестік билік діннің біріктіруші жəне рухтандырушы рөлін мойындады.

Бірақ Екінші дүниежізілік соғыс аяқталысымен, дін мен діндарларды қудалау қайта басталды. Бейбіт жағдайға көшу барысында соғыс жылдарында ортақ жауға қарсы идеологиялық күресте көмек көрсеткен діни сала керексіз болып қалды. Мемлекеттің атеистік саясаты өз күшіне қайта мінді. Дін партия, мемлекеттік қауіпсіздік органдары тарапынан қатаң бақылауда болды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанынан Дін істері бойынша Уəкíлеттí кеңес құрылды. 1947 жылы Қазақ КСР ҒА-ның Тарих институты жанынан Дін жəне атеизм тарихы секторы құрылды. Осы бағыттағы секторлар өзге де институттар жанынан құрылды. Мұсылмандардың шетелдердегі діни орталықтарымен байланысы үзіліп, қатаң шектеулер мен саяси қысым жағдайында қаржылай көмексіз қалған ислам діні Қазақстанда даму мүмкіндігінен айрылды [5; 30].

Жалпы діннің қоғамдағы орны ерекше. Оның қоғамдағы қарым-қатынасты қалыптастырушы ықпалы зор. Ежелден қалыптасқан рухани институт ретінде, талай кезеңдерден өтіп сұрыпталып келген қағидаларды жою мүмкін еместегін, посткеңестік мемлекеттердегі діннің дамуы дəлелдеп отыр. Діни фанатизмнің ушығуы, реакциялық əрекеттерге баруы наным-сенімнің белгілі бір дəрежедегí азғындауы болып табылады. Дегенмен, кей жағдайда ол қорғаныш реакциясы түрінде де пайда болады. Дінді ауыздықтамай, оны қоғамға бейімдеу керек. Əрбíр ұлттың, халықтың, нәсілдің, тағы басқа өзгеше болатынындай, діндер де мүлдем бір-біріне ұқсамайтындай болып көрінгенімен, оларды байланыстыратын бір ортақ белгі — адамзаттың наным-сенімі болуында еді.

Азаматтық қоғам, əрине, заң үстемдік ететін орта. Сондықтан адамдардың әралуандығын ескере отырып, оның дінді ұстанудағы құқықтарын да шектеуге болмайды. Әлемнің жарты ғасыр бойына екі полюске бөлінуіне себеп болған КСРО-ның өзі дінді, оның ықпалын жоя алмады. Тіпті, дінмен күрескен кеңес билігі кейде оны мемлекет мүддесіне пайдаланып та отырды.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Montgomery D.W. Namaz, Wishing Trees and Vodka: The Diversity of Everyday Religious Life in Central Asia / D.W. Montgomery / Everyday Life in Central Asia: Past and Present, Indiana University Press, 2007. — P. 355–370.
  2. Ленин В.И. Социализм и религия: полное собр. соч. / В.И. Ленин. — М., 1982. — Т. 7.— 662 с.
  3. Күмісбекова Д.А. Қазақстан Орталық атқару комитетінің дін мәселесін шешудегі іс-шаралары / Д.А. Күмісбекова // Вестник КазНУ. Сер. ист. — 2007. — № 1 (44). — С. 53–57.
  4. Козыбаев М.К. Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски / М.К. Козыбаев. — Алматы: Ғылым, 2000. — 388 с.
  5. Нуртазина Н. Борьба с исламом. Религиозная политика Советской власти в Казахстане в 20–40-е годы ХХ века / Н. Нуртазина. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 2008. — 36 с.
  6. Политические репрессии в Казахстане в 1937–1938 гг.: сб. документов. — Алматы: Қазақстан, 1998. — 336 с.
  7. Жаманбаева Л. Қ. Кеңес үкіметінің Қазақстандағы дін саясатының зерттелуі / Л. Қ. Жаманбаева // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сер. — 2010. — № 3 (58). — 39–43-б.
  8. Ленин В.И. Полное собрание соч. / В.И. Ленин. — Т. 38. — М., 1985. — 645 с.
  9. Джунусбаева А. М. Государственная религиозная политика в годы Великой Отечественной войны в Казахстане / А.М. Джунусбаева // Вестн. КазНУ. Сер. ист. — 2014. — № 1 (72). — С. 69–74.
  10. Поспеловский Д. Сталин и церковь / Д. Поспеловский // Континент. — 2000. — № 103. — С. 3.
  11. Саидбаев Т.С. Ислам и общество. Опыт историко-социологического исследования / Т. С. Саидбаев. — М.: Наука, 1978. — 253 с.
  12. Мустафина Р. Ислам в Казахстане в советский период / Р. Мустафина // Отан тарихы. — 2003. — № 4. — С. 48–57.
  13. Ақтаулова Б.Ж. Кеңестік дәуір саясатындағы ислам факторы жəне Қазақстандағы ислами ахуал / Б.Ж. Ақтаулова // ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сер. — 2013. — № 3 (64). — 3–6-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.