Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Патша үкіметіне қарсы Жоламан батыр бастаған соғыс

Аласапыран заманда да ұлы тарих көшінде халқын басқарған, ұлт- азаттығының туын көтеріп артына дүйім жұрт еріткен батырлар қазақ қоғамында шешуші рөл атқарды. Сондай тарихи тұлғалардың бірі патша үкіметіне қарсы ұлт-азаттығы соғысын жариялаған халық батыры Жоламан тархан Тіленшіұлы.

Қазақи шежірені сөйлетсек: Жоламан батыр Кіші жүздің табын руынан оның ішінде тарақты бөлімінің Жиенбет атасынан тараған оның арғы атасы Бөкенбай Қарабатырұлы [1]. Жазбаша деректерде Бөкенбай Қараұлы деп те беріледі [2, с. 515;516].

Кіші жүз руларының рулық шежіресін 1748 жылы М.Тевкелев орыс тілінде қағазға түсірген [3, с. 406]. Табын руы М.Тынышбаевтың шежіресі бойынша: жаман – керей, бозым, бегім, қайыр – қожа болып өз ішінен төрт руға бөлінеді [4, с. 28-29]. Табындардың таңбалық белгілері әртүрлі болған. Жалпы рулық таңбасы О – тостаған, сонымен бірге шөмішті руының таңбасы да – Q, тостаған, ал тарақты табын руының таңбасы – m, тарақ. Ал Н.И.Гродековтың жинаған мәліметі бойынша, Сырдариялық табындардың ұраны – Серке, Тостаған, ал табылған дала материалдарына қарағанда батыс табындарының ұраны – Алаш болған [5, с. 97]. Олай болса Жоламан батыр Тіленшіұлы – Алаш ұранды, тарақты табын, оның ішінде Жиенбет аталығынан тарайды. Жиенбет аталығынан тарайтындығы туралы шежірені мұрағат деректері де растайды [6, 13 п.].

Атасы Бөкенбай батырдан тараған ұрпақтары батырлық дәстүрді атадан балаға жалғаған батырлық даңқымен қатар, тархандық атақты ұрпақтан-ұрпаққа мұраға иеленген атақты батыр Тіленші тархан балалары – Жоламан Тіленшіұлы мен Бостыбай Тіленші ұлдарының есімдері тархан лауазымымен мұрағат құжаттарына да түскен [6]. Белгілі қазақ батырларына тархандық грамота берген патша үкіметінің көздеген саяси мақсаттары болды [6,130-135 бб.].

Батырлар ұрпақтарының ұлт азаттығы үшін күрестерінің сабақтастығы тарихымыздағы Бөкенбай батырдың ұлы Тіленші тарханға оның ұлы Жоламан тарханның ұлт-азаттығы үшін соғыс тарихымен жалғасты.

ХІХ ғасырдың 20 жылдары Елек өзені бойына Жаңа Елек ауданы салынды. Ол алты форпостан тұрды: Изобимильный, Боран, Жаңаелек, Линев, Угольный және Ветлян редуты, Хан және Берден бекінісі [7, с. 95]. Жайық, Елек, Берден және Құрат өзендері аралығындағы ең шұрайлы 600 мың десятина жер бөлігі Кіші жүздің табын руларынан тартып алынды. Бұл жерлерге патша үкіметі орыс шаруалары мен Орынбор әскери казактарын қоныстандыра бастады. Патша үкіметінің мұндай басқыншылық әрекеті табын руының рубасы Жоламан тархан Тіленшіұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының патша үкіметіне қарсы соғыс жариялауына себеп болды [8, 201 б.]. Жоламан тархан Ресеймен соғысып жүр, оның соғысқа дайын кем дегенде 3 000 адам әскері бар, – деп кезінде Шекара комиссиясының төрағасы Генстің өзіде мәлімдеген болатын [8, 204-205 б.].

Белгілі тарихшы Ермұхан Бекмахановтың еңбегінде Жоламан батыр Тіленшіұлының патша үкіметіне қарсы көтерілісі алғаш рет толық талқыланған болатын [8, 200 б.]. Қазақ тарихы тәуелсіз елдің тарихы тұрғысынан қайта жазыла бастағалы, Жоламан батыр көтерілісінің тарихы азаттық соғыс тұрғысынан қаралып, «Жоламан Тіленшіұлының Ресейге жариялаған соғысы, қазақтардың 1824-1864 жж. отаршылдыққа қарсы күресінің хабаршысы болды» деген Е.Бекмаханов, С.Аспендияров пікірлері одан әрі жалғасын тапты. Соны зерттеулер Жоламан батыр Тіленшіұлының Ресейге жариялаған соғысы деген баға береді [9].

Өз жерлерінің тартып алынуына қарсы шығып, табын руының игі жақсылары бірнеше рет Орынбор әскери губернаторы П.К. Эссенге өздерінің бұрынғы жайылымдарын қайтару жөнінде өтініш жасағанымен, Эссен: «Патша ағзам император олардың шағымдарын негізсіз деп, ал тіпті қандай да бір қанағаттандыруға тұрарлық емес деп мойындады» [10, с.155] деген жауап қайтарады.

Ресей патша үкіметінің қазақтардан тартып алған жерлерді қайтаруда табын руының ру басшысы Жоламан тархан Тіленшіұлы ерекше белсенділік көрсетті. Алғашында 20 жылдардың басында Жоламан тархан қазақтардың өз жерлеріне құқығын бейбіт жолмен қорғауға тырысты. 1822 жылы Орынбор әскери губернаторы Эссенге жолдаған хатында Жоламан батыр: «Әбілқайыр ханның тұсында қазақтарға Жайықтың арғы жағындағы шабындық, тоғайларды пайдалану және өзеннің жартысынан балық аулау еркіндігі беріліп еді; 1810 жылға дейін қазақтар бұл еркіндікті кедергісіз пайдалынды, ал кейін Ресей патша үкіметі Елек өзеніне алып, ірі бекіністер тұрғызып, бұрын берілген жерлерді пайдалануымызға тыйым салды. Ал, біз болсақ, орманы, суы жоқ иен далада қалып, көптеген ауылдарымызбен сумен мал жайылымына мұқтаждық көріп отырмыз.Өзен мен Самара өзендері маңындағы Нарын құмдарында орыстардың үлкен қарауылдары қазақтардың мал жаюына қысым жасауда, сондықтан біз ірі бекіністер мен қарауылдарды әкетуді өтінген едік, бірақ өтінішіміз ескерілмей отыр. Біз сізден 1810 жылға дейінгі құқығымызды иемденуге, Жайық пен Елек өзендері аралығындағы даланы ешбір кедергісіз пайдалануға рұқсат етуіңізді екінші рет өтіндік, бірақ тағы да жауап ала алмай отырмыз ...» [11, с. 444], – деп жазған.

Дегенмен Жоламан бидің әділдікті бейбіт жолмен орнатуға тырысқан әрекеттерінің сәтсіздікке ұшырауы оның ендігі жерде қарулы күрес жолын таңдауына итермеледі.

Жоламан тархан бастаған қарулы күрес 1822 жылдың көктемінде қазақтардың Жаңа Елек шебіне шабуылы, шекаралық барымта, малды айдап әкету, патшылықты қолдаған билеуші-сұлтандардың ауылына шабуылдармен басталды.

Патша шенеуніктері: «Кіші жүз қазақтары «жабайы, елірген, айқын көрінетін мінезбен» ерекшеленген, далада қазақ жеңілмейді, ал қол айқастарында дене күші мен суық қаруды қолдану және астына мінген тұлпардың құлағында ойнайтын ептіліктері патша әскерлерімен соғысқанда үлкен басымдылық береді [12, с. 300-301], – деп қазақтардың жауынгерлік қабілеттерінің артықшылығын мойындап жазған болатын. 1822 жылдың 5 наурызында Орынбор корпусы штабының бастығы геннерал-майор Веселитский басқарған барлаушылар мәліметі негізінде, жазда қазақтар: «Електің тартып алынуы және шепке 15 шақырымға дейін жақындап көшуге тыйым салынғанына байланысты» шепке шабуыл жасамақшы деп мәлімдеген. Әскери губернатор Обручев қазақтарға Електегі Шеп онда қоныстанған тұз тасушыларды қорғау үшін құрылғандығын, оларға шекараға 15 шақырым қашықтықта, аманат беріп, ормандағы тұрғындарға «зардап» келтірмей көшуге болатындығын түсіндіруді бұйырған [13, с.165].

1822 жылғы 3 маусымда губернатор Эссен Орал Әскери кеңсесіне «Шепте қатаң сақтықты ұстануды және бұйрықтарға сәйкес егер шекараға шабуыл жасауға батылданса «жыртқыштарды қолға түсіріңдер» (Бұл жерде Жоламан тархан бастаған көтерілісшілер туралы сөз болып отыр, – Ө.И., Н.Е.) [14, 5-6 пп.], – деп тапсырады. Өз кезегінде, Орал Әскери кеңсесі барлық қашықтықтағы командирлар мен резервтік топтың бастығына «шоғырланған «ұрлықшы» қырғыздар тобынан, шепке шабуылдаушылардың алдан алу, сонымен қатар оларды қолға түсіру мен сотқа жеткізетін түнгі разъездер мен жасырынған пикеттерді жасақтауда сақтық шараларын жасау» [14, 13 п.] қажеттігі туралы тапсырма береді. Бұл шараларға жауап ретінде Жоламан Орал казак әскерінің атаманына хат жіберді, онда ол бұрынырақ далада екі тұтқын казактарды сатып алып және оларды қайтарғанын ескертті, «егер мен Ресейге қарсылардың жағында болсам, бұлай жасамас едім» [15,103-105 пп.], – деген. Сонымен өздерінің шарттарын ұсынған. Онда: Әбілқайыр хан тұсында біздің халқымыз пайдаланғандай, Нарын құмдары толық және үш өзендіберіңдер, ал егер ол мүмкін болмаса: ең болмағанда Елек өзені бойындағы Жаңа Шепті әкетіңдер. Онда бізді дос санайсыздар. Мен сұраған жерлерді берсеңіз онда біз дос боламыз, егер бермесеңіздер, онда жау боламыз деген. Жоламан тарханның заңды талаптарына отаршылдықтың көзілдірігімен қараған патша үкіметі: Жоламан тарханның хатында «әр түрлі жат талаптар» қойылған деген қорытынды жасаған [15, 140-143, 159, 161 пп.].

1822 жылы тамыздан қарашаға дейінгі кезеңде Орал Әскери кеңсесінің губернаторы Эссенге адай және табын руы қазақтарының Жайықтың сыртқы жағында шоғарланғандығы, олардың пикеттерге шабуылы мен жылқыларды айдап әкетулері жөнінде хабарлайды. Мысалы, 1822 жылы 14 тамыздағы баянатта адай мен табын рулары адамдарының Шептің ішіне кіріп және пикетке шабуыл жасау ниеттері жөніндегі хабарламада: «Қырғыздардың адай және табын руларынан 100 шақты адам Оралдың сыртқы жағына жиналып және түнгі сағат 12-де 10 адамдай қырғыздар урядник Чеботаревтің пикетіне шабуыл жасады, қарулы қарсылыққа тап болған олар кері кетті» [14, 30-32, 41-42, 51 пп.] делінген.

1822 жылы 27 маусымда Жаңа Елек шебінің командирі есауыл Аржанухин: «Қазақтар Жаңа Елек шебіне шабуыл жасауда шекара барымтасын жасап малдарды әкетуде және бұхар керуенінен 330 сом күміс ақша тұратын тауарларын тартып алды», – деп баяндаған [15,175-185 пп.]. 1822 жылы 4 тамызда есауыл Аржанухин Орынборға көтерілісшілер шабуыл жасау үшін үлкен топтармен Електен өтіп жатыр деген хабар берген. Оларға қарсы полковник Струнов басшылығымен 2-ші тептер әскери казак полкі жіберіледі. Красногор бекінісінен Оралға дейінгі барлық елді мекендерге шабуыл жасалды.

Бұл туралы патша үкіметінің офицері әскери статистик И.Ф.Бларанберг Жоламан тарханның туының астына 3 мыңдай адам жиналып, өлкені үрейде ұстағандығын мәлімдей отырып, одан әрі:« Ценой крови купили казаки обладание плодоносными берегами Илека; старинные владетели его не раз под предводительством своих батыров собрались огромными толпами и дрались на смерть, желая лучше расстаться с жизнью, нежели с кочевьем предков» [16, с. 96], – деп көтерілісшілердің азаттық үшін жандарын құрбан етуге дайын екендіктерін жазды.

1822 жылы Жоламан тархан өзінің әділдікке жетуге ұмтылысы сәтсіз аяқталғанына қарамастан, бір жыл өткен соң Жоламан Эссенге тағы да хат жолдайды. 1823 жылы 6 тамызда урядник Плешков арқылы Эссенге жолдаған хатында, Жоламан қазақтардың наразылығының басты себептерін айқын да анық ашып көрсетіп, талаптарын баяндайды. Жоламан тархан хатында: «Жоғары мәртебелі патша ағзамның мақсаты бізге дәл осындай арсыздықпен қарау емес шығар деп үміттенеміз. Егер олай болмаса, мен тархан ретінде сізден Нарын құмдарын, жаз жайлап, қыс қыстаған Өзен бойын, Жайықтың далалық жағын, Елек қорғанысынан тыс жатқан Елек өзенінің екі жағын да бізге беруді, сол жерлерге салынған ірі бекіністер мен отрядтарды әкетуді сұраймын. Егер сіздің қолыңызданкелмесе, онда патша ағзамға осы туралы хабарлауыңызды өтінемін. Онсыз да Санкт-Петербургке жіберген елшілеріміз Арынғазы сұлтан мен Жүсіп тархан Сырымұлының қайтып оралмауына байланысты және олардың елге қайтуына император патша ағзамның неге рұхсат етпей отырғанын білмегендіктен ордалықтар мазасыздануда, егер біздің өтінішімізге патша ағзам құлақ асып, көңіл бөлсе, онда біз оған риза болар едік, егер олай болмаса, біздің ордалықтардың көңілі қалып, мазасы кетері хақ ...» [8, 201202 бб.], - деп жазды. Солай болар-ау деп ойлағандай, бұл хат та жауапсыз қалды. Осыдан соң Жоламан тархан 1823 жылы 3 қыркүйекте тағы да Эссенге алдыңғыларынан да ұзақ етіп тағы да хат жазады. Бұл хатқа да Эссен жауап бермеді, оның орнына «тұтқындарды босатудағы үлкен табыстары» үшін Жоламан батырға 327 сомдық сыйлық жібереді. Сонымен бір мезгілде Орынбор Шекара Комиссиясы Жоламан тарханға бұдан былайғы келіссөздердің Шерғазы хан арқылы жүргізілуі керек екендігін хабарлайды. Ал Жоламан тархан оны халқын сатқан опасыз ретінде өте жек көретін. Патша өкіметі тонаған қазақтардың өмір сүруге қажет талаптарын бейбіт жолмен қанағаттандыруға тырысқан Жоламанның әрекеттері осылайша нәтижесіз аяқталады [8, 202 бб.].

Жоламан 1823 жылы күзде тұтқындағы есауыл Падуровты босату жайлы келіссөз жүргізуге келген хорунжий Биккининге Ресейге қарсы соғысты Елек өзені бойына бекініс Шебін салғаны үшін жүргізіп отырғандығын, себебі «ол жерлерде бұрын қазақтармен бірге мұның өзінің де мал азығына ыңғайлы жерлері болғаны, ал қазір тақыр далада көшіп қонуға мәжбүр болғанын, олар үшін қазір аштан өлу немесе өз істері үшін күресіп өлудің бәрібір екендігін, Жаңа Елек Шебі бойындағы жерлер ордалықтарға берілмесе, Өзен, Қамыс-Самар жанындағы қарауылдар әкетілмесе, онда ордалықтар бекініс Шебіне шабуыл жасауды тоқтатпайтындығын» ашып айтқан [8, 203 б.].

Жоламан тархан Тіленшіұлы бастаған көтерілісшілердің шабуылы 1824 жылы қайта жанданды. Сәуірде Жоламан тархан Шерғазы ханның ауылына шабуыл жасады және 120 бас жылқыны айдап әкетті. Хан Красногор бекінісіне қарай көшіп кетті. Айшуақ сияқтылардың ауылдары тоналып, 300 бас жылқы айдап әкетілді, Тоқходжа және Баймұхамед Айшуақов тұтқынға түсіріліп, Ілеге әкетілді. Мамырда Орск бекінісінің коменданты Ордың бас жағында, ішкі жаққа шабуыл жасау үшін «адамдар мен малдарды айдап әкету үшін» 400 «ұрылар» жиналғандығы туралы хабарласа, 30 мамырда есауыл Прихвостов Шекаралық комисияға көтерілісшілер Әлімұлы руынан Бүркітбай және Жетіру руынан Тоқтыбай 150 адамымен Орынборға дейін Губерлин, Ильин, Жоғарыкөл, Гирьян және т.б. бекіністерге шабуыл жасау үшін, Елек арқылы Жайыққа өтті деп хабар жеткізеді. Ақырында, Орал әскери кеңсесі Шекаралық комиссияға Ембі мен Іле өзендерінде Оралдан 100 шақырымда Горск бекінісіне қарсы Есет Көтібарұлы және Табылды басшылығымен шепке шабуыл жасау және жылқыларды айдап әкету үшін «тым көп мөлшерде» көтерілісшілер жиналуда [15, 344, 349, 351-354 пп.], деп хабарлайды.

Жоламан тархан бастаған көтерілісшілерге қарсы 500 Орынборлық казактардан құралған жазалаушы отряд жорыққа жіберілді. 1825 жылы наурызда мықты қаруланған жазалаушы отрядтар Бұлдырты, Шиелі және Талды өзені бойындағы жүздеген қазақ ауылдарын талқандады. Қазақтар қайтпас қайсарлықпен қорғанды. Қанды қақтығыстан қазақтардан 195 адам өлді, 125 тұтқынға алынды оның ішінде әйелдер мен балалар да бар. Олар Орал түрмесіне әкетілді, онда өте ауыр жағдайда ұсталған тұтқындардың көбісі түрмеде аурудан қайтыс болды. Ал, Жоламан тарханның сағын сындырмақшы болған патша үкіметі оның көтеріліске қатысқан алты бірдей туыс бауырын Орал түрмесіне қалдырмай ит жеккенге айдатып жіберді. Осы қантөгіс шабуылдың нәтижесінде Жоламан Тіленшіұлы қарсылықты уақытша тоқтатуға мәжбүр болды [10, с.158-159].

Жоламан тарханның патша үкіметіне жариялаағн соғысының кең қанат жайған кезі 1835 жыл болды. Осы тұста Орск мен Троицк арасында Жаңа Шеп салынуы нәтижесінде 10 мың шаршы шақырымнан астам жерінен айырылған, жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын, қыпшақ рулары өз беттерінше күреске шыға бастады. Осы қазақ руларының жағдайы адам төзгісіз ауыр болатын. Олар Ырғыз бен Торғайға қарай ығыстырылып, шекараға жақын жерлерде көшіп-қонуға және сол үшін өте үлкен сомада ақы төлуге тиіс болды. Осында қолайлы жайылым таппаған көптеген ауылдар шоғырланды, халық арасында шекаралық басшыларға қарсылық өсті. Қазақтар өз тараптарынан қарсылықтарын Шеп маңы бекіністеріне, сауда керуендеріне шабуыл жасау арқылы көрсетті [8, 203 б.]. Кейінірек Жоламан Тіленшіұлына Іле, Қобда, Елек, Ембі өзендері бойында көшіп- қонып жүрген қазақтар қосылды, Жоламан батыр бастаған соғыстың кейінгі кезеңі Исатай Тайманұлының бастаған көтерілісіне қосылуымен жалғасын тапты [8, 204 б.]. Сонымен, ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы Жоламан Тіленшіұлы басшылығымен болған қозғалыстың тарихи маңызы зор: бұл бұқара халық тың патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы маңызды қарсылықтарының бірі болды; Жоламан Тіленшіұлының патша үкіметіне қарсы жүргізген соғысының соңғы кезеңі Кенесары Қасымұлы көтерілісіне ұласып, одан әрі жалғасын тапты [8, 203;188 бб.].

Жоламан тарханның өліміне қатысыты деректе: Жоламан тархан Тіленшіұлы царизмге қарсы барлық батырлар мен қоқан, хиуа халықтарының басын қосу қамында жүрген кезінде Ташкент құшбегі өлтірген [17, 131 б.]. Ташкент құшбегінің Жоламан батыр Тіленшіұлын өлтіруінің себебіне келсек: Бұхарлықтар мен Жоламан тархан одақтасып Қоқандықтарға қарсы күш болады, деп қорқуларынан туындаған болуы мүмкін. Бұл – бір. Екіншіден, Жоламан Тіленшіұлының жұмбақ жағдайдағы қазасына патша үкіметінің де қатысы бар сияқты. Өйткені 1848 жылғы 23 қазанда әскери старшын Арыстан Жантөрин шекаралық комиссияға Жоламан тарханның қайтыс болғандығы туралы мәлімет береді [18, 5 б.]. Патша үкіметі Жоламан батырдың өз қатарына бұхар, хиуа, қоқан халықтарын қосып алып үлкен күшке айналуынан қорыққан болатын. Осыған қарғанда, ұлт азаттығы көтеріліснің ұйымдастырушысы, 153

әрі басшысы Жоламан тарханның ізіне көп жылдар бойы шам алып түскен патша үкіметінің батырдың қазасына қатысы болмаса, үкімет басшыларына берген арнайы рапорттары міндетті түрде жазбаға түсіп тіркелген болар еді. Ал, 1848 жылғы 23 қазандағы Жоламан Тіленшіұлының қайтыс болуының себебі баяндалмай жай ғана хабарлама түрінде берілуінің өзі батырдың қазасына патша үкіметінің пұлға жалдаған жансыздарының тапсырмаларын нақты орындағандығы туралы ресми хабарлауы болып көрінетін ойға жетелейді.

Энциклопедист – ғалым Телжан Шонанұлы: «1836-1838 жылдары Исатай Тайманұлы мен Жоламан тархан Тіленшіұлдары бастаған үлкен көтеріліс болды. Бұл көтерілістер – жер үшін болған көтеріліс, «жер тағдыры – ел тағдыры» [20, 263 б.], – деген болатын. Олай болса, жер үшін, ел үшін болған бұл көтеріліс қазақ мемлекеттігін сақтап қалу үшін қан төгілген ұлт азатық көтеріліс дегенге келіп саяды. Сонымен ойымызды түйіндей келе айтпағымыз:

– біріншіден, Жоламан тархан патша үкіметіне қарсы жариялаған ұлт-азаттығы үшін болған соғысының соңғы кезеңін Кенесары Қасымұлының туының астында өткізді. ХІХ ғ. 20-40 жылдардағы ұлт- азаттық көтерілісін арнайы зерттеген белгілі тарихшы Е.Бекмаханов Кенесарының туының астында топтасқан серіктерінің арасында азаттық соғыстың мүддесіне аяғына дейін берілген, қанды шайқастарда ерлігімен көзге түскен қара халықтан шыққан батырлармен бірге феодал бекзаттардан шыққан сұлтан Наурызбай, табын руының биі Жоламан Тіленшіұлының да есімін атайды [21, 61 б.]. Олай болса, кезінде М.Вяткин айтқан Жоламан тархан қозғалысы кең аймақты қамти алмады, тек Жеті руды ғана қамтыды деген пікірдің [19 с. 229] жаңсақтығын дәлелдейді;

– екіншіден, Жоламан батыр бастаған ұлт-азаттық соғысы сәтсіздікпен аяқталғанымен, Ресей патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы ХVШ ғ. 50-жылдарындағы Есет тархан Көкіұлының башқұрт бауырлармен бірге бастаған отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттығы күресінің [21]. және Сырым тархан Датұлы мен әкесі Тіленші тархан Бөкенбайұлы бастаған (1783-1797 жж) ұлт азаттық қозғалыстарының сабақтасқан жалғасы болды [22].

– үшіншіден, дәстүрлі хандық билік институтының заңы бойынша соғысты тек қана хан жариялауға құқылы болатын. Жоламан би көшпенділердің дәстүрлі дала демократиясына сүйене отырып, патша үкіметінің басқыншылық саясатына қарсы соғыс жариялауына тура келді [23]. Өйткені хандық институтты патша үкіметі саяси реформа арқылы жойған болатын.

Азаттық туын көтерген батырлардың қандары текке төгілмеді. Халқымыздың ғасырлар бойына жалғасқан ұлт-азаттық жолындағы күресі – Қазақстан Республикасының тәуелсіз, егеменді ел болуына жеткізді.

 

Әдебиеттер

  1. Жақсат Қарылғашов. Бөкенбай баһадур: ескерусіз ерлігімен отты рухы. //Ана тілі, – 27 қыркүйек, 2007. (7 б.); Қалдыбай Бектібайұлы Құттымұрат. Тарақты табын шежіресі. – Ақтөбе, 2009. – 150 б. (30 б.)
  2. История Казахстана в русских источниках ХVІ-ХХ веков. Первые историко-этнографические описания казахских земель. Первая полавина ХІХ века / Сост. И.В.Ерофеева, Б.Т.Жанаев – Алматы: Дайк-Пресс, 2007.– Т. 5.– 620 с.
  3. Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVШ веках (Сборник документов и материалов). – Алма-Ата: АН Каз ССР, 1961. – 744 с.
  4. Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа. – Ташкент, 1925.
  5. Восторгов В.В, Муканов М.С. Родоплеменной состав и расселение казахов (конец XIX – начало XX в). – Изд-во Наука Казахской ССР Алма-Ата 1968. – 256 с.
  6. ҚР ОММ. 4 – қор, 1–тǐзбе, 4901– іс.; Исенов Ө.И. Патша үкіметінің отаршылдық саясаты: тархандар институты (XVIII-XIX ғғ.) // Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жылдығына арналған «Алдамжар оқулары – 2011» атты Халықаралық ғылыми – тәжірбиелік конференциясының материялдары. 9-10 желтоқсан 2011жыл. Қостанай: академик З. Алдамжар атындағы ҚӘТУ, 2011– 483 б. (130-135 бб).
  7. Стариков Ф. Историко-статический очерк Оренбургского казачьего войска. – Оренбург, 1891, – 249 с.
  8. Бекмаханов Е. «Саржан мен Жоламанның өз-өзінен басталған көтерілісі (20-30-жылдары)» Казақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында. – Алматы: Санат, 1994, – (200-211 бб.) – 416 б.
  9. Кузембайулы А., Абиль Е.А. История Республики Казахстан: Учебник для ВУЗов. / 5-е изд. перераб. И доп./ – Астана ИКФ «Фолиант», 2000. – С.183.; Мұқтар Ә. Жоламан батыр: «Мен қарақшы емеспін, Ресеймен соғысып жүрмін» // Егемен Қазақстан – 2008. 19 наурыз.
  10. Рязанов А.Ф. Сорок лет борьбы за национальную независимость казахского народа (1797-1838 гг.) Очерки по истории. В 2-х частях. – Кзыл-Орда, 1926, – 298 с.
  11. Материалы по истории Казахской СССР (1785-1828 гг.) – Изд-во. АН СССР. – М.-Л., 1940,Т. IV, – 543 с.
  12. Казахско-русские отношения в XVΓΓΓ-XΓX веках (Сборник документов и материалов). – Алма-Ата, 1964. – 575 с.
  13. Абдиров М.Ж. Завоевание Казахстана царской Россией и борьба казахского народа за независимость (Из истории военно-казачьей колонизации края в конце XVI- начале ХХ вв.). – Астана: Елорда, 2000, – 304 с.
  14. РФ ОрОММ, 6- қор, 4-тізбе, 7841-іс.
  15. ҚР ОрММ, 4-қор, 1-тізбе, 1856-іс.
  16. Бларанберг И.Ф. Военно-статитистическое обозрение земли киргиз- кайсаков. Внутренный (Букеевской) и Зауральской (Малой) Орды Оренбургского ведомства. - СПб., 1848, Т. XIV, Ч.І, - 322 с.
  17. Әбдікәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін) оқу құралы. - Алматы республикалық баспа кабинеті. - 1997. - 403 б.
  18. ҚР ОММ. 4 - қор, 1-тізбе, 4427- іс, 9 парақ.; Мұқтар Ә. Жоламан батыр: «Мен қарақшы емеспін, Ресеймен соғысып жүрмін» // Егемен Қазақстан - 2008. 19 наурыз.
  19. Вяткин М. Очерки по истории Казахской ССР. Т. 1. С древнейших времен по 1870 г.- ОГИЗ Госполитиздат -1941. - 368 с. ; Исенов Ө.И. Марал ишан - ұлт-азаттық жолындағы күрескер. // Сыр еліндегі діни- ағартушылық ой-сана Марал Ишан Құрманұлының 230 жылдық мерей тойына арналған республикалық ғылыми - теориялық конференция материалдары. Ғылыми басылым. Алматы 2010. 29 қазан. «Орхан» Баспа үйі. - 440 бет. 385-391
  20. Шонанұлы Т. Жер тағдыры ел тағдыры 2 басылуы (көмекші оқу құралы). - Алматы Санат 1995. - 224 б.
  21. Исенов Ө.И. Тама Есет тархан ұлт-азаттық жолындағы күрескер. //«Ұлт- азаттық қозғалысының өзекті мәселелері» Республикалық ғылыми - тәжірбиелік конференция материалдары. 20 мамыр 2011 жыл. Орал, М.Өтеміс атындағы БҚМУ, 2011. 90-104 бб.; Исенов Ө.И. Ел есіндегі Есет тархан. // Алтын орда. 2012. 15 наурыз.
  22. Исенов Ө.И. Қазақ қоғамындағы тархандар институты тарихы (XVIII- ХІХ ғғ.) : Тарих ғылым. канд. ... диссер. - Қостанай. 2009, - 161 б. Соныкі;Табын Бөкенбай батырдан тараған тархандар. // Баһадүр батыр Бөкенбай. /Жинақ/. - Ақтөбе, 2011.- 435 б.(73-77 бб.).
  23. Исенов Ө.И. Патша үкіметіне қарсы соғыс жариялаған - Жоламан тархан (XIX ғ. 20-30 жж.). // Университет, общество, инновационное развитие: опыт и перспективы: Материалы Международной научнопрактической конференции, посвященной 50-летию Кокшетауского государственного университета им. Ш.Уалиханова и высшего образования в Акмолинской области. - Кокшетау, 2012. - 457 с. - С. 232-238.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.