Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Аймақтағы су-энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Орталық Азия мемлекеттерінің тактикасы

Мақалада Орталық Азия Республикалары арасында су бөлінісі сұрақтарының тактикалық шешімдер қабылдау мəселелері қарастырылған. Осы жағдайларда мəселені шешуде даулы тұстар бар. Механизмдердің келісілмегендігі жəне мемлекеттер арасындағы жер-су қатынастарындағы территориялық қақтығыстар, көрсетілген саладағы шешімдердің қабылдануындағы олқылықтарды ушықтыра түсуде. Осыған орай автор қақтығыссыз шешу деңгейіндегі келісімді қамтамасыз етуде мəмілелесу үшін мемлекеттер арасында тактикалық шешімдерді тұжырымдау талпыныстарын, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттерінде аймақтық су-энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тактикалық шешімдердің нұсқаларын ұсынды.

2016 жылдың 22–24 қыркүйек аралығында Алматыда БҰҰ жариялаған «Су — өмір үшін» онжылдығының қорытындысына арналған «Орталық Азияның су ресурстары жəне оларды пайдалану» атты Халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция болып өтті. Аталған конференция кейінгі жылдары өте күрделі қажеттілікке тап болып отырған су-энергетикалық ресурстар, оларды пайдалану, басқару, су ресурстарына басқару əдістерін жасау, су-энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Орталық Азия мемлекеттерінің тактикасына арналған бірқатар мəселелерді көтерді. Аталмыш конференцияға БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (ЕЭК), ЮНЕСКО жəне басқа да халықарылық ұйымдар мен Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан, Тəжікстан, Белоруссия, Сербия, Италия, Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Швейцария, Нидерланды, Франция, Қазақстан мамандарының қатысуы қазіргі күн тəртібінде тұрған өзекті мəселелердің бірі су- энергетика саласы екенін айқындады. Аталған шаралар мемлекеттердің осы саладағы бірлескен диалогының басталғандығының айқын көрінісі болды.

Қазіргі уақытта Орталық Азия мемлекеттері үшін геоландшафттық құрылымда бірқатар жетілдірілмеген жоспарлар бар. «Өзіне Түркіменстан, Өзбекстан, Тəжікстан жəне Қазақстанның оңтүстік бөлігін қосып отырған Орталық Азия, шөлейтті жəне жартылай шөлейтті, ланшафттардың басымдығымен белгіленетін ойпаттар жиынтығын (Тұран ойпаты) жəне 7,5 км биіктіктегі мұздықтарымен белгілі Тянь-Шань мен Памир-Алтай тау жоталарының жүйесін құрайды. Аймақ ішкі ағыс бөлігі, əсіресе ірі көлдер — Арал теңізі мен Балқаш көлі. Аймақтың ерекшеліктерінің бірі құрғақ климат жəне жауын-шашынның аз түсуі болып табылады. Бұл өз алдына суды өте бағалы ресурс ретінде көрсетеді жəне Орталық Азия мемлекеттерінде су ресурстарын тиімді пайдалану — маңызы аймақтық мəселелік құрылымдардың бірі болып отыр [1; 30]. Аталған құрылымның тактикасы «Нұқсан келтірме!», əсіресе Орталық Азия мемлекеттері үшін аталған тезис қосарланған үш леп белгісімен айқындалуы қажет.

Орталық Азияның су-энергетикалық ресурстары азайып келеді, осы мəселе өз алдына қақтығысты жағдайлардың туындауының себебі болып отыр. Негізгі себептердің бірі — құрғақшылық, мұздық суларының еруі, соның салдарынан аймақтағы өзен суларының ағысының мұздық бастауларының тежелуі салдары. Климаттың жаһандық жылынуы салдарынан мұздық суларының азаюы аймақтық деңгейде, тіпті халықаралық деңгейде су-энергетикалық қауіпсіздікті сақтау тактикасын жасаудың қажеттіліктерін белгілеп отыр. Аймақтағы су ресурстарының деңгейінің тартылуы суды тұтынудың өсуі байқалуда. Əсіресе электр энергиясының негізгі бөлігі ГЭС-ғы суды шығындау салдарынан жүргізілді. Мемлекеттер аймақтағы қалыптасқан барлық су ресурстарын тұтынуда. Сонымен қатар трансшекаралық ағыс көлемі де азаю үстінде, оның себебі Орталық Азияда ағатын трансшекаралық өзендердің едəуір бөлігі ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан бастау алады. Бұл аймақтағы су ресурстарының деңгейінің тартылуы қарқынды түрде жүруде.

«Қазақстанда толықтырылып тұратын су ресурстарымен қамтамасыздану орташа əлемдік деңгейден жоғары, өзге мемлекеттерде ол айтарлықтай төмен. Жарты жүз жылдық ішінде Қырғызстанда судың көлемі 2,6 есеге, Түркіменстанда — 3,3 есеге, Өзбекстанда — 3,5 есеге жəне Тəжікстанда 4 есеге азайған» [2; 7].

Егемендік алғаннан кейін Орталық Азия мемлекеттері трансшекаралық суларға өз еріктерінше иелік ете бастады. Осы уақыттарда мемлекет басшылары су ресурстарын тиімді пайдалану тактикаларын оңтайлы түрде шешуге тырысты. Əрине, сол кездегі кеңестік су жүйесін пайдалану үлгісі əлі де болса сақталып отырды. Орталық Азия республикаларының бірінші тұлғалары су ресурстарын бірлесе пайдалану бойынша жəне қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі тактикалық шешімдердің қабылдануында оңтайлы істер атқарды.

1991 жылы 24 маусымдағы Қырғызстан Республикасының Президенті А.Ақаевтың Қазақ ССР Президенті Н.Ə. Назарбаевқа жолдаған хатында: «Полностью разделяю Вашу обеспокоенность со- стоянием земельно-водных и других вопросов, сложившихся за многие годы между Республикой Кыргызстан и Казахской ССР.

Прежде всего хотелось бы затронуть вопросы совместного использования водных ресурсов.

В настоящее время вододеление стока рек Чу, Талас между двумя нашими республиками осуществляется на основании действующих положений, в бассейнах реки Асса — согласно плану совместного водопользования, разработанному Кировским управлением оросительных систем Таллаской области Республики Кыргызстан и совхозом № 10 Туркестанского военного округа Джамбулской области Казахской ССР. При этом следует отметить, что по всем трем бассейнам рек водные ресурсы, причитающиеся нашей республике, полностью используются в воде только на нужды народного хозяйства. Причем в маловодные годы потребность в воде удовлетворяется на 60– 70 процентов» [3; 2], делінді.

1991 жылы қараша айында өткен Ташкент, 1992 жылы ақпан айында орын алған Алматы кездесулерінде су-энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Орталық Азия мемлекеттерінің тактикасының қалыптасуына талпыныс болған еді. Əрине, мұндай бастамалар орталық-азиялық аймақтың ортақ шешімдерді бірлесе шеше алатындығына қабілетті екендігін аңғартты.

Бұл мəселелер бүгінгі күні екі-жəне көпжақты келісімдердің нəтижесінде шешілу керек екенін талап етеді. Бірақ осы мəселе бойынша тəуелсіз мемлекеттердің ұстанымдары мен мақсат-мүдделері сай келмейді жəне олар тек Орталық Азия мемлекеттерінен басқа шекаралас шетелдік мемлекеттердің (Қытай, Ресей) қатысуымен де шешілу керек. Ол үшін əлемдік тəжірибеге сүйеніп, халықаралық шарттар мен келіссөздерге көңіл аударған жөн. Осыған байланысты Қазақстан мен Орталық Азия аймағындағы су-энергетика мəселелеріне байланысты мемлекетаралық деңгейдегі атқарылған шараларға тоқталатын болсақ, олардың бастамасы 1995 жылғы 14 сəуірде Шымкент қаласында Қазақстан, Қырғызстан жəне Өзбекстан Республикалары Президенттерінің кездесуі барысында алғаш рет айтылды. 1996 жылы Орталық Азия Республикаларының Премьер-Министрлері аймақтың жылу-энергия жəне су ресурстарын пайдалану, газ құбырларын салу сияқты мəселелерді Мемлекетаралық Кеңесте қарады. Осы мəселеге байланысты шешім қабылданды. Ал осы жылдың 6 мамырында Бішкек қаласында Қазақстан, Қырғызстан жəне Өзбекстан Республикаларының басшылары трансшекаралық су-энергетика ресурстарын пайдалану туралы мəселені қарастырды [4; 470, 471].

Соңғы жылдары өткізілген бірқатар кездесулер мен дөңгелек үстелдер барысында Орталық Азия мемлекеттері ортақ мақсаттар қойып, ынтымақтастық механизмдерін жетілдіру жолымен аймақта серіктестік құруды ұсынды. Нəтижесінде секторлар арасындағы интеграцияны нығайтып, қоғамның қатысуын белсендіре түсу үшін, сонымен қатар экономикалық қызмет пен тұрақты қаржыландыруды тиімді түрде жүзеге асыру үшін Орталық Азияда құрылған аймақтық құрылымдарды қайта құру қажеттілігі баса көрсетілді. Қызмет етіп отырған құрылымдарды нығайту жəне неғұрлым тиімді үйлестіру механизмдерін қалыптастыру аймақтағы маңызды мəселелердің бірі болып отыр. Бұл орайда 2005 жылы БҰҰ БА аясында өткізілген Мыңжылдық Мақсаттары қабылдануының 5 жылдығына арналған мемлекет басшыларының саммитінде Тəжікстан Президентінің сансыз декларациялардан ынтымақтастықтың нақты механизмдерін құруға жəне инвестицияларды тартуға көшуді жəне осы мəселе жөнінде келісім дайындауды ұсынғанын атап өту қажет.

ХХ ғ. 90-жылдарынан бастап Өзбекстан ауыл шаруашылығында бір ғана мақта шаруашылығы көтере білді жəне ол сол кезеңдерде дүние жүзінде мақта өндіруде төртінші, экспортқа шығаруда екінші орынды иемденді. Қазіргі уақытта Өзбекстанда, ауылшарашылық секторы өнеркəсіпке қарағанда, сол сияқты басқа Орталық Азия Республикаларымен салыстырғанда жақсы қарқынмен дамуда. Соңғы жылдары Өзбек үкіметі ауылшаруашылығы өнімдерінен күтпеген өнімдер алды. Оған сол кезеңдегі Президент И.Каримов əкімшілігінің экономикалық қайта құрылымдарды жүргізуде басымдылық танытуы, суармалы жерлерді отбасы шаруашылығына тегін беру саясатымен байланыстыруға болады. Сондай-ақ қазіргі кезде Өзбекстан егіншілік жерлерінің артуы, соның нəтижесінде суармалы алқаптардың өсуі байқалады. Өз алдына, Өзбекстанның суармалы алқаптарға суды Қырғызстан территорияларынан келетін су қорынан пайдаланылатындықтан, су ресурстары үшін сұраныс артуда. Бұл тағы да мемлекеттер арасындағы территориялық трансшекаралық даудың туындауының себебі болып отыр.

2016 жылдың 18 наурызында Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында даулы жағдай орын алды. Өзбекстан Республикасының шекара қызметкерлері мемлекеттік шекараның белгіленбеген аймағына екі бронетранспортер мен солдаттарын қойған болатын. Осыған байланысты Өзбекстан Республикасының сыртқы істер министрлігі арнайы хабарлама жасамаған болатын. Осы орайда Қырғызстан Республикасы жəне қырғыз халқы тарапынан сұрақтар туындады. Қырғызстанның əскери күштері мен техникаларын шекараға шоғырландыру орын алды [5; 2].

Мəселенің шиеленісті тұсы бойынша, «Клоп» интернет-ресурсының мəліметі бойынша, «20 наурыз күні ұзаққа созылған келіссөздер нəтижесінде екі тарап өздерінің əскерлері мен қаруларын Кербен-Ала Бұға жолында азайту туралы келісті. Шекарадағы даудың туындауының басты себебі келесі жағдайлармен түсіндіріледі:

  • Өзбекстан тарапы Қырғызстаннан өздерінің мамандарын Орто-Тоқой (Қасансай) су қоймасының территориясына өткізуді сұрады;
  • Қырғызстан мұндай жұмыстарды қырғыз билігі жүргізу қажет деген түсініктеме беріп, территорияға енуге рұқсат бермеді;
  • Қырғызстан тарапының рұқсатын алмағаннан кейін Өзбекстан билігі шекара бекетіне екі БТР мен əскерилер бар екі камаз атокөліктерін орналастырды;
  • Қырғызстан осы жағдайда жедел қимылдап, шекараға екі БТР мен əскерилерін шоғырландырды.

Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі жағдайды түсіндіру мақсатында Өзбекстан билігіне наразылық нотасын жіберді. Өзбекстан мемлекеті əскерилердің Наурыз мейрамының тойлануына байланысты шекарадағы тұрақтылықты сақтау үшін жіберілді деген жауап қайтарған болатын» [6].

Өзбекстан мен Қырғызстан арасындағы мəселе тағы да бір трансшекаралық жағдайға байланысты орын алғандығын, яғни, Өзбекстан тарабы Қырғызстаннан өз жерлерін суармалы жүйемен қамтамасыз етіп тұру үшін Орто-Тоқой су қоймасын уақытша пайдалануға алған болатын. Ал кейіннен Өзбекстан бұл су қойманың КСРО кезеңінде Өзбекстанға тиесілі болғандығы жəне оның құрылысына Өзбекстан тарапы қаражат жұмсалғандығын алға тартты. Бірақ КСРО ыдырағаннан кейін бұл шекаралық бөлініс бойынша Қырғызстанның территориясы болып есептелінеді, фактілі түрде өзбектер оның пайдаланушысы ретінде қалып отырған болатын. Сондай-ақ Өзбекстан Тəжікстандағы Рогун ГЭС-ның салынуына қарсылық танып отыр. Оның басты себебі — Рогунның құрылысы жүзеге асқан жағдайда аймақтағы ең ірі гидроэлектр станциясының құрылысы болмақ. Тəжікстан үшін Өзбекстаннан энергетикалық тəуелділіктен арылып, өзінің энергия көздерін көрші Пəкістан жəне Ауғанстан елдеріне сатуға мүмкіндік бермек. Алайда Тəжікстанның бұл жобаны жуық арада жүзеге асырылуына көптеген ішкі саяси жəне əлеуметтік-экономикалық жағдайлар кедергі жасайды. Осындай жағдайлар мемлекеттер арасында аймақтағы су-энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Орталық Азия мемлекеттерінің тактикасының олқы тұстарын, яғни шиеленісті жақтарын жəне мемлекеттер тарапынан бірлескен тактиканың болмауына байланысты ұлттық деңгейде ғана емес, территориялық тұрғыдан да Орталық Азияның қауіпсіздігіне ықпал ететіндігін аңғартты.

Мəселені реттеу тактикасы қазіргі уақытта толықтай жетілдірілмеген. Əртүрлі сипаттағы даулар, траншекаралық өзендер территорияларында орын алып тұрады. Су-энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде аймақ елдерінен бөлек кешенде Қытай жəне Ресей мемлекеттерінің орнын айқындау керек, себебі су артериялары осы аймақ елдерімен де тығыз байланысып жатыр. Осы негізде Орталық Азия мемлекеттері құрлықтық кеңістікте геосаяси мүмкіндіктеріне қарай орасан мүдделердің тоғысқан жерінде орнықты. Сондықтан Орталық Азиядағы су-энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану бойынша бəсекелестіктің жəне оның аймақтық қауіпсіздік үшін, ондағы бүгінгі айқын көрінісін байқатып отырған əлемдегі жетекші мемлекеттер мен халықаралық құрылымдардың сыртқы саяси ұстанымдары мен мүдделері тоғысқандығын ескеру қажет. 

Əрине, су-ресурстарының қазіргі тактикасы мемлекеттердің бірлескен шешімдері, олардың аймақтың су-энергетикалық ресурстарын бірлесе басқаруға деген ынтасы негізінде қалыптаспақ. Орталық Азиядағы су ресурстарының тиімді тактикасын құруға қатысты үкіметаралық мемлекеттік комиссияның берген есебінде: «Суға деген сұраныстың өсу проблемасы аймақ елдерінің əлі де болса ортақтаса отырып іс-əрекет жасауында шектеулердің болуына орай жүргізіледі. Еске сала кетуіміз керек, су жəне энергетикалық ресурстармен алмасу кеңестік кезеңде еркін жəне жоспарлы түрде жүзеге асырылып отырды жəне тек бұл жерде республикалардың əкімшілік шекаралары ғана айқындалып тұрды. Ал Мəскеу болса белгілі көлемде қаражат бөліп, инфрақұрылымды дамытып отырды. Бес орталық-азиялық республикалар ішіндегі ұлтшылдық пен бəсекелестің өсуі, кеңестік су- энергетика саласын басқару жүйесіне қарсы жаңа аймақтық тактиканың ойлап табылмағандығын көрсетеді. Шын мəнінде, соңғы жылдары орын алып отырған осы саладағы Орталық Азия мемлекеттерінің қысым көзі қазіргі кездегі белең алып отырған терроршылдық пен экстремизмнің алдын алу тактикаларынан ғана қалып отыр. Жыл сайын даулар екі топтағы мемлекеттер арасында туындайды: өзендердің төменгі сағасындағы Қазақстан, Түркіменстан жəне Өзбекстан жəне жоғарғы жақтағы Қырғызстан мен Тəжікстан арасында» деп айқындап кетеді [7]. Əрине, бұл оймен толық келісуге болады, біріншіден, бұрынғы кеңестік жоспарлы саясат негізінде су-энергетикалық мəселелерді реттеп отырған мемлекеттер үшін егемендік алғаннан кейінгі осы саланың оңтайлы дамуына, оның жүйелі тактикасын құруға деген қызығушылықтарының болмауы бұл бірінші себеп болмақ. Екінші, осы күнге дейін толық айқындалмаған шекара саласындағы даулар тактикалық əдістердің қолданылуына кедергі жасауда (Тəжікстан-Қырғызстан, Қырғызстан-Өзбекстан, Қазақстан-Өзбекстан арасындағы), əсіресе өзбек-тəжік қатынастарының жағдайы қазіргі уақытта Орталық Азиядағы шиеленісіп, əрі қарай өршуге дайын тұрған мəселелердің бірі болып отыр. Осы мəселеге қатысты тактикалық шешімдер əлі де болса қабылданбай отыр. Үшінші, бұл аймақ елдерінің кейбір өңірлеріндегі қиын əлеуметтік-экономикалық жағдай, осы салалардағы дұрыс реформалардың жүргізілмеуінде.

Орталық Азияда 4000-нан аса су қоймалары – теңіздер мен су сақтағыштары орналасқан. Олардың ішінде ірісі құрғап тартылып бара жатқан Арал теңізі, əлемнің терең көлдерінің бірі Ыстық көл, батыс бөлігі тұщы жəне шығыс бөлігі ащы Балқаш көлі. Сонымен бірге 3000-нан астам мұздықтардан бастау алатын ұсақ көлдер, ондаған маусымдық реттеліп тұратын су сақтағыштар, мыңдаған бассейндер мен тоғандар бар. Орталық Азия мемлекеттерінің Сырдария жəне өзге де су объектілерін қарқынды түрде пайдалануы, су ресурстарының ластануы мен тартылуы аймақтық деңгейде оны тиімді пайдалану тактикасын қажет етеді.

Сырдария солтүстік сағасында Қазақстан бойынша ағып Өзбекстан шекарасынан өтіп, осы территорияға қайта бұрылысында Тəжікстанның территориясын кесіп өтеді. Оңтүстік Қазақстан территориясын кесіп өткеннен соң Арал теңізіне солтүстік жағынан барып құяды. Амудария өзені болса, тəжік-ауған жəне өзбек-ауған шекарасын белгілейді, одан əрі Түркіменстан территориясымен аға отырып, түркмен-өзбек шекарасының бойымен Өзбекстанға бұрылмас бұрын оңтүстігінде Арал теңізіне барып құяды [7].

Осы өзендердің төменгі ағысындағы табиғи режимі реттелген ағыс есебінен толықтай бұзылған. Қазіргі жағдайлардағы су ресурстарымен қамтамасыз ету төрт негізгі факторлармен айқындалады: тұрғындардың санының артуы, қоршаған ортаның ластануы, климаттың өзгеруі жəне гидротехникалық, əсіресе гидроэнергетикалық құрылыстарды пайдалану мəселесі бойынша мемлекеттердің келіспеушілігі [8; 149].

Сөз жоқ, орталық-азиялық мемлекеттердің экономикалары тек қана аграрлық секторда ғана емес, сонымен қатар гидроэнергетика саласында да тығыз байланыста. Осы салада жоғарғы ағыс пен төменгі ағыста орналасқан мемлекеттер арасында ортақ тактиканың болмауы салдарынан жоғарыда көрсетілген салаларда бірлескен қызметтер жасауда кедергілер бар. Қысымды осы уақытқа дейін ұстап жəне қақтығысты жағдайға жеткізбей тұруға мүмкіндіктер бар, дегенмен ортақ тактика құруда барлық тараптар өз қызығушылықтарын бірінші орынға қоюға тырысады, ал көршілерге үлкен зардабын тигізетін су-энергетикалық саладағы серіктестік мəселесі екінші орынға жылжып отырады.

Су-энергетикалық қауіпсіздік саласындағы тактикалық шешімдер шығару келешегін келесі негізде құруға болады. Халықаралық су құқығының нормалары мен ережелерін негізге ала отырып, қызығушылықтардың ортақ доктринасын мақсатты түрде жəне əдістемелік тұрғыдан жүзеге асыру қажет. Оны басқару біртұтас бөлік ретінде жүргізілуі керек. Осы доктринаға сəйкес бассейн бойындағы əрбір мемлекет басқа мемлекеттердің көршілерінің ынтымақтастығы мен келісімінсіз ресурсқа ықпал еткен жағдайда оның іс-əрекеттеріне қарсы қимылдар жасай алады. Бүгінгі күні су- энергетикалық реттеу тəртібі əрбір мемлекеттің қызығушылықтарын ескере отырып жасалғаны абзал, əсіресе төменгі ағыс мемлекеттерінің суға деген сұранысы мен жоғарғы ағыс мемлекеттерінің энергетикалық ресурстарға деген сұраныстарын ескере отырып жасалуы тиіс. Су-энергетикалық үрдістерді тиімді түрде көлденеңінен жəне тігінен реттеу мақсатында ұлтүстілік жоғарғы құрылым құру керек.

Жұмыстың құрылымдық бөлігі дипломатиялық жолдар арқылы саяси іс-шараларды жүзеге асыру негізінде жасалады.

Дербес — Қазақстан жинақталған халықаралық беделі негізінде ирригациялық басымдықтары бар мемлекеттердің (ортаңғы жəне төменгі ағыстардағы) ортақ позициясын айқындауда Өзбекстанға белгілі ықпал жасайды.

Екі жақты негіздеорталық-азиялық мемлекеттердің біреуі алдын ала келісілген ирригациялық басымдықтары бар мемлекеттер ұстанымдарын негізге ала отырып, энергетикалық басымдықтары бар мемлекеттермен тең негізде бірлескен кеңестер өткізуге бастама жасайды.

Көпжақты негізде — Қазақстан немесе Орталық Азия мемлекеттернің бірі ЕҚЫҰ, ШЫҰ, АӨСШК жəне басқа да халықаралық ұйымдар шеңберінде су-энергетикалық шиеленістерді шешудегі қызығушылықтар негізінде төрағалық ету бастамасын жүзеге асырады, осы мақсатта бірлескен жобаларды іске асыру үшін нақты, əрі келісілген негізде даму институттары мен ұйымдарға шығады.

Аталған іс-шаралар су-энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында келесі тактикаларды құруды қажет етеді деп болжаймыз:

  1. Орталық Азияның Халықаралық су-энергетикалық Консорциумын құру бойынша жұмыстарды жандандыру. Оның ішінде Орталық Азияда Халықаралық су-энергетика Консорциумын құру бағытындағы қабылданған шешімдер, құжаттар жəне аймақтағы су-энергетика ресурстарын пайдалану туралы қабылданған келісімдерді іске асыру жөніндегі шаралар туралы үкіметтің Қаулысын орындау маңызды шара болып табылады. Бұл өз алдына су-энергетикалық ынтымақтастықты интеграция шеңберінде дамытуға бағыттайды.
  2. Орталық Азияның мемлекеттердің су тораптарының жүйелі түрде жұмыс жасауы үшін мемлекеттердің гидроэнергетикалық инфрақұрылымына инвестиция құю мен қосымша қаражат бөлу арқылы қолайлы жағдайлар жасаған дұрыс, себебі көптеген су-энергетикалық құрылғылар ескірген жəне артық көлемде су шығындарына əкеліп отыр.
  3. Мемлекетаралық үйлестіруші су шаруашылық комиссиясының аймақтық органдарын нығайту, олардың құзыреттіліктері мен міндеттемелерін кеңейту қажет.
  4. Су-энергетикалық ресурстарды бірлесе пайдалану мен аймақтық инвестициялық жобаның кешенді бағдарламасын жасау жəне жүзеге асыру керек. Су ресурстарын бірлесіп пайдалануға байланысты даулы мəселелерді реттеу мен шешу, өзара кеңес беру, тиісті ақпараттармен алмасу бастамалары арқылы ғана мүмкін.
  5. Аймақтың су-энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тактикасын құру жұмыстарына ұлттық даму институттарының өкілдерін тарту қажет.
  6. Аймақ елдерінің құрылымдары мен осы саланы зерттеп жүрген институттарының бұл мəселені шешуге деген көзқарастарының əрқилылығын ескере отырып, мемлекеттер арасындағы су- энергетикалық қауіпсіздік мəселелердегі тактикалық үлгілерді ескере отырып, нақтылы келісімдер негізінде жүргізілуі керек. 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Пикулина М.Л. Проблемы трансграничных водных ресурсов в Центральной Азии // Казахстан Спектр. — № 1 (63). — С. 30–42.
  2. Нысанбаев Е.Н., Медеу А.Р., Турсынова А.А. Водные ресурсы Центральной Азии: вызовы и угрозы, проблемы ис- пользования // Водные ресурсы Центральной Азии и их использование: материалы междунар. науч.-практ. конф., посвящ. подведению итогов объявленного ООН десятилетия «Вода для жизни». — Кн. — Алматы, 2016. — 488 с.
  3. Письмо Президента Республики Кыргызстан А. Акаева «О состоянии землеводных отношений между Республикой Кыргызстан и Казахской ССР» от 24 июня 1991 г. Копии. — Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. — 7-қ. — 1-т. — 1375-іс. — 2-п.
  4. Заявление Глав государств Республики Казахстан, Кыргызской Республики и Республики Узбекистан об использо- вании водно-энергетических ресурсов: сб. док. по международному праву. — Т. І. — Алматы, — 548 с.
  5. На границе не спокойно... // Объектив. — 2016. — № 7–8 (188). — С. 2–4.
  6. Что известно     о     напряжений     ситуации      на     границе      с     Узбекистаном?     —     [ЭР].     Режим     доступа: http://kloop.kg/blog/2016/03/21/chto-izvestno-o-napryazhennoj-situatsii-na-granitse-s-uzbek istanom/ (дата обращения 06.2016)
  7. Центральная Азия: вода и конфликт. Отчет № 34 МГПК – Азия Ош/Брюссель. — 30 мая 2002 г. — [ЭР]. Режим доступа: old.crisisgroup.org (дата обращения 06.2016)
  8. Борисова Е.А. Водные и энергетические ресурсы «Большой» Центральной Азии: дефицит воды и ресурсы по его преодолению. — М.: ЛЕНАНД, 2015. — 236 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.