Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлытау өңірінің тарихи-географиялық тұрғыдан жəне топонимикасының зерттелуі

Ұлытау өңірінің тарихигеографиялық тұрғыдан жəне топонимикасының зерттелуі жанжақты саралау мен талдауды қажет етеді. Себебі бұл өңірдің тарихы қазақ тарихының құрамдас бөлігі бо лып табылады жəне осы территория туралы тарихигеографиялық мəліметтер, қалыптасқан топони микалық жүйесі өлке тарихы үшін де, отан тарихы үшін де өте мол тарихи ақпарат береді. Шын мə нінде де, дала өлкесі кеңістігіндегі Қазақстан тарихынан ерекше орын алатын Ұлытау территориясы, яғни Сарыарқа өңірінің батыс бөлігі. Ұлытау — қазақ сахарасындағы қасиетті мекендердің бірі, отан дық тарихшылар тарапынан «көшпелілер өркениетінің алтын бесігі» деген бағаға ие болуы да тегін емес. Шынында да, Ұлытау өңірінде қазақ тарихының барлық кезеңдері, сонау көне дəуірден бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарих куəлары аяқ аттап басқан сайын «мен мұндалап» тұрады. Əсіресе көне дəуір мен ортағасырлар тарихынан сыр шертетін тарихи ескерткіштер барша тарихшығалымдардың назарынан тыс қалған емес. Бұл аумақта қола дəуірінің қайталанбас ескерткіштері, тасмола мəдениеті ашылып, қазақ тарихының ұлы ескерткіштері Алаша хан кесенесі, Жошы хан кесенесі, Едіге мырза есімімен аталатын тау жəне т.б. орналасқан. Ежелгі кезден таукен ісі дамып, ортағасырлардағы көш пелі тайпалардың даму деңгейінің көрсеткіші қалашықтар мен бекіністер де осы территориядан орын алған.

Ұлытау өңірін зерттеу бірнеше ғылым салаларымен ұштасып, өзара байланыстылықта ізденіс жүргізуді талап етеді. Ұлытау өңірінің тарихигеографиялық жəне топонимикалық зерттелу деңгейін анықтауда, осы уақытқа дейінгі зерттеулерді екі топқа бөліп қарастырған дұрыс деп ойлаймыз.

Бірінші топқа тарихи зерттеулерді іріктеуіміз керек. Бұл топқа Ұлытау өңірін тарихигеография лық тұрғыдан сипаттаған жəне осы өңірдің топонимдерін арнайы түрде зерттемегенмен, бірақ осы өңірдегі тарихи немесе т.б. зерттеулер жүргізу барысында əр түрлі топонимдердің тарихына тоқтал ған немесе сөз еткен, мəлімет қалдырған зерттеулерді жатқызуымызға болады. Сонымен қатар бірін ші топқа өлкетанушылық сипаттағы еңбектер мен жариялынымдарды топтастырып қарастыруды да жөн көрдік. Тəуелсіздік жылдары Республикамызда өлкетанушылық ізденістер айрықша орын алып отыр. Жергілікті жерлер, өлке тарихына қатысты түрлі материалдар жарияланып, көптеген тың де ректер жүйесі қалыптасты. Бұл арада нақтылы Ұлытау өңірінің тарихы мен мəдениетіне жəне тарихи топонимдері қарастырылатын еңбектерді жатқызуымызға болады.

Екінші топқа арнайы топонимикалық зерттеулерді біріктіріп қарастырған дұрыс. Бұл топта да зерттеулер нақты Ұлытау өңірінің топонимикасына немесе топонимдерінің тарихына арналмаса да, зерттеу жұмысы барысында аталмыш өңірдің топонимдері туралы мəліметтері бар зерттеулерді қа растыруға болады. Сонымен қатар топонимикалық зерттеулердегі ұқсас мəселелерді салыстырмалы түрде қарастыруға мүмкіндік береді.

Ұлытау өңірі туралы тарихигеографиялық мəліметтерді 1627 жылы құрастырылған «Үлкен сыз ба кітабынан» табамыз. «Үлкен сызба кітабы» Ресейде «патшаның үкімімен» дайындалып, оны көбі не «мемлекеттік қызметтегі» адамдар қолданғаны белгілі [1; 3]. Бұл, бір жағынан, анықтамалық жи нақтан біз Ұлытау өңіріне қатысты келесідей мəліметтерді оқи аламыз: «А от тое горы 170 верст гора Улутова, по нашему Великая гора, а в ней олово. Из Улутовой горы потекли 3 реки однем прозвищем, все 3 Сорилы; Верхняя Сорила пала в Ышин реку, Средняя и Нижная, обе Сорилы реки пали в Табол реку. Ис тое же горы потекли 3 реки Кандерлики да река Зиланчик, а в неи в берегу краски жолтые и червчатые.

А мимо тое горы, за 40 верст от горы, течет река Сарсу; а в реку Сарсу пала река Кендерлик: а промеж реки Кендирлика и Сарсу Казацкая кочевая орда да Колмыки» [1; 170].

Ұлытау өңірінің сипаттамасы, тарихи тұлғалары мен жерсу атаулары ХІХ ғасырдағы орыс сая хатшыларының, ғалымдарының, жай шенеуніктерінің жазбаларында көптеп кездеседі. Мəселен, орыс əскери адамдары əкелібалалы П.И. жəне Н.П.Рычковтардың Орынбор тарихы мен қазақ даласында жорықта болған кездегі күнделікті жазбалары [2], ағылшын суретшісі Джон Кэстльдің Əбілқайыр ханға сапары туралы жазбаларын [3] ерекше атап өтуге болады. Дж.Кэстльдің жазбаларында Ұлытау өңіріндегі тарихи тұлға Төлек батыр туралы мəлімет бар [3; 40]. Төлек батыр Ұлытау өңіріндегі есім дері белгілі Ерден, Дүзен билердің атасы, Сандыбай батырдың əкесі болып табылады.

ХІХ ғ. басында (1800) Бурнашев жəне Поспелов Колыван зауыттары жанындағы Сібір басқарма сы шебінің бұйрығы бойынша Бөкей сұлтанның баласын алып жүрді. Ат үстінде олар Ямышев қорға нынан өтіп, Ташкентке дейін барып жəне кейін қайтады. Олар 2 рет Бетпақ Даланы Тасбұлақ жəне Уанас керуен жолдары арқылы кесіп өтеді. Қызметтерін орындай жүріп, «жердің табиғи қалпы, өңдеу үшін құнарлығы жəне жергілікті халықтардың өмірі» туралы мəліметтер жинақтайды [4].

Бұқараға орыс елшілігін басқарушы Я.П.Гавердовскийдің жолжазбаларынан да Ұлытау өңірі ту ралы біршама мəліметтер кездестіреміз. Я.П.Гавердовскийдің осы сапарының барысы туралы дайын даған «Журналы» жəне кейін 1806 жылы баспаға дайындаған «Обозрение киргизкайсацкой степи» атты монографиясы Ұлытау өңірі туралы, осы өңірді мекендеуші рулар мен олардың шығу тегі тура лы аңыздар жəне ең маңыздысы тарихи орындар туралы мəліметтер береді [5].

1813 ж. Сібір корпусының тілмашы Ф.Назаров қызметін атқарып жүріп, Қоқан елшілерін Петро павл қамалынан Қоқанға бастап барады. Олар керуен жолдары арқылы жүріп отырады жəне оларды əскери отряд қорғап жүреді. Назаровқа берілген бұйрық — жаңа жол ашу болды. Ол өзінің барар жə не қайтар жолында Бетпақ Даланың əр түрлі аймақтарын басып өтеді. Бетпақ Даладан Жетіқоңыр құ мы арқылы Уанас жолымен Созаққа барады. Қайтарда Созақтан шығыс маршруты бойынша тіке Са рысудың жоғарғы ағысына барады. Бұл сапары барысындағы жолжазбалары «Кейбір халықтар жəне Азияның орта бөлігіндегі жерлер туралы жазбалар» деген атаумен жарық көрді [6].

Ұлытау өңірінде көп зерттеу жүргізген ғалымдардың бірі А.И.Шренк. Ол 1842 жылы Ұлытау тауларында, Кеңгір, Жезді, Сарысу өзендерінің бойында экспедициялық зерттеу жұмыстарын жүргі зіп, Аяққамыр, Болған ана, Талмас ата, Айболат күмбездерін қарастырады. Таңбалы тасты зерттеуге көп уақытын бөледі, ондағы жазуларды, таңбаларды қағаз бетіне түсіріп алады [7].

1886–1889 жж. аралығында геодезист Ю.А.Шмидт бірнеше жылдар бойы Омбы əскеритопогра фиялық бөлімінің ұсынысымен Ақмола облысында астрономиялық зерттеу жұмыстарын жүргізді. 1886 ж.  оңтүстік  аймақтарда  зерттелген  жерлер:  Ұлытау,  Ескене,  Арғанаты  болды.     Нəтижелері «1886 ж. геодезист, подполковник Шмидттің Ақмола облысында жүргізген астрономиялық жұмыста ры» атты мақалада баяндалды. 1888 ж. астрономиялық жұмыстар Сарысу мен Ертіс өзендерінің орта сынан оңтүстікке Қаракеңгір беткейіне дейін жүргізілді, нəтижелері аталмыш мақалада көрсетілді [7]. 1895 ж. Л.Кузнецов Ақмола қаласының дəрігері өз саяхаты барысында, аудармашы Х.Бекход жиннің айтуымен, Бетпақ Даланың оңтүстік шебінен «Таңбалы тас» атты тастағы жазуларды тапты. Бұл туралы деректер «Таңбалы тас» жазулары Ақмола губерниясындағы Атбасар уезі, Бетпақ Дала шөлінде» атты мақаласында жазылған. «Таңбалы тас» жазбалары сол жердегі қазақтардан қалған ес кілік дүние. Автордың пікірінше, мұның кейбіреулері монғол жалаушысы Темірдің кезеңімен  сəйкес келеді [7].

Түркістан өңірін зерттеуші В.И.Масальский де өз еңбегінде «Ұлытау» атауының этимологиясы на тоқталып: «Қырғыздардың (қазақтардың) пікірінше, қырғыз даласындағы барлық таудан биіктігі асып түсетіндіктен, осылай қойылған» деген дерек келтіреді [8].

Ұлытау өңірінің тарихиархеологиялық ескерткіштеріне алғашқы назар аударған Қ.И.Сəтпаев болатын [9; 44–51, 69–75]. Оның ғылыми мақалалары Жезқазған–Ұлытау өңірінің тарихын зерттеуге арналған бастамалардың бірі деп есептеуімізге болады.

Ұлытау территориясының ескерткіштерін жанжақты зерттеуші академик Ə.Х.Марғұлан бола тын. 1940–1950 жж. оның басқаруымен Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының жұмы сы барысында жүздеген тарихимəдени ескерткіштер ашылды. Ə.Марғұлан жəне Г.И.Пацевичтің же текшілігімен 1946 жылы жүргізілген экспедициялық зерттеу жұмыстары Қазақстанның тарихи топог рафиясы бойынша көптеген материалдар жинақтады. Экспедиция Орталық Қазақстанның Бетпақ Да ла, Сарысу өзенінің бассейнін, Кеңгір өзенінің бойын, Шу өзенінің төменгі ағысын қамтып, ежелгі көш жолдарындағы отырықшы мəдениеттің қалдықтарын зерттеп, көптеген көне архитектуралық құрлыстарды жəне бұрын белгісіз болып келген VII–XVI ғғ. жататын қала мəдениетінің ескерткіште рін анықтады [10]. Бұл тарихи ескерткіштер тарихи атауларға ие екенін ескерсек, Ұлытау өңірінің то понимикасынан археологиялық барлау жұмыстарының нəтижесінде көптеген материалдар жинақтал ды деп айта аламыз.

Келесі бір айта кететін мəселе, Ə.Х.Марғұланның Орталық Қазақстан территориясындағы белгі лі тарихи орын — Таңбалы тасқа байланысты жазған еңбегі. Таңбалы тас, аңыз деректері бойынша, «қазақ руларының таңба бөліскен жері», əр рудың таңбалары осы жердегі жартасқа қашалып салын ған көрінеді. Бұл тарихи орын көптеген саяхатшылардың, ғалымдардың назарына ілігіп, тастағы таң балары мен жазулары хатқа түсіріліп, жарияланған. Ғалым ағамыз осы жердегі қазақ руларының таң балары турасында бірнеше тың пікірлер, ғылыми салыстырулар мен сараптамалар айтып еді [11].

Сонымен қатар Ұлытау өңіріндегі топонимдерді зерттеу мəселесінде ортағасырлық жазба ескер ткіштерін зерттеуге арналған тарихшылар мен шығыстанушылардың еңбектері өте маңызды. Мұндай жазба ескерткіштердің талдануы Ə.Х.Марғұлан, Б.Е.Көмеков, В.П.Юдин, С.М.Ахынжанов еңбектері нен көрініс тауып отыр.

Ортағасырларда Орталық Қазақстан территориясын мекендеген қимақтардың тарихы отандық ғалым Б.Е.Көмековтың зерттеулерінің нəтижесінде мəлім болды. Б.Е.Көмековтың «IXXI ғғ. Қимақ мемлекеті араб деректері бойынша» еңбегінде ортағасырлық араб деректерінің негізінде қимақ елі жанжақты сипатталады [12]. Əсіресе зерттеудегі қимақ елінің географиясы, керуен жолдары жəне олардың нанымсенімдері туралы мəліметтер Ұлытау өңірінің ортағасырлық топонимдерін анықтауда көп мүмкіндіктер беріп, жаңа тұжырымдарға əкеледі. Сонымен қатар Б.Е.Көмековтың əлИдрисидің мəліметтеріндегі қимақ қалаларының қазіргі кезде орналасуы жүйесін анықтауға, қарлұқ тайпалары ның қоныстану территориясын көрсетуге арналған зерттеулерінің негізінде тарихи географиялық зерттеулердің бастамасын қалыптастырды деп айта аламыз [13].

Зерттеушілер Б.Х.Қармышева, Дж.Х.Қармышевалар «Арқа» атауының мағынасына талдау жа сауы да Қазақстандағы тарихи географиялық жəне тарихи топонимдер бойынша ізденіс жүргізудің үлгілі көріністерінің бірі болып табылады [14; 108–114]. Бұл ізденістің нəтижесінде авторлар «Арқа» ұғымының кеңістіктік мағынасы — солтүстік, арт жақ, тыл; орографиялық мағынасы — арқа, су айрық, биіктіктегі ел; тарихи мағынасы артта қалған жұрт деп түсіндіреді [14; 114]. Бұл арада көрсетілген анықтамалармен келіспеуге де болады. Түркі халықтарының түстік анықтамасы бойынша «Арқа» ұғымының бір компоненті «сары» сөзі — орта деген мағынаны білдіретіні де белгілі болып отыр [15].

Белгілі ғалым С.Аманжоловтың «Қазақ тілінің тарихы мен диалектология мəселелері» еңбегі де Ұлытау өңірінің топонимикалық жүйесінен орын алып отырған бірнеше этнонимдік жерсу атаула рының пайда болуын анықтауда көп мүмкіндік береді. Автор қазақ тілінің, оның диалектілерінің қа лыптасуын анықтауда қазақ руларының этногенезі мəселелерін жəне тарихын жанжақты қарасты рып, этнонимдердің этимологиясына талдау жасайды, негізгі рулардың тарихи кезеңдерде өмір сүруі не шолу жасайды [16]. Бұл зерттеуден Ұлытау өңірінде қалыптасқан этнотопонимдердің тарихына байланысты мəліметтерді алуға болады.

С.М.Ахынжановтың қыпшақтардың тарихына арналған зерттеуінде қимақ тайпасының тағы бір қосымша атауы уранкай деген пікір білдіре отырып, осы жорамалды дəлелдеу барысында қимақтар дың мекендеген территорияларындағы топонимдер — Уранкай тауы, Уранхай өз., УрунгЧакыл өңірі жəне т.б. қимақ тайпасының екінші атауы негізінде қалыптасқан деген пікір білдіреді [17; 123–131]. Ұлытау өңіріндегі Жыланшық өзенінің атауы да қимақ тайпасымен байланысты екендігін автор атап көрсетеді [17; 127–128].

Белгілі этнограф М.С.Мұқановтың қазақтардың этникалық территориясын сипаттауға, жекеле ген рутайпалардың Қазақстан территориясында қоныстануын көрсетуге арналған еңбегінде Ұлытау өңірін мекендеуші рутайпалар туралы да мəліметтер келтірілген [18].

М.К.Сембінің Қазақстанның «архитектуралық» ономастикасын зерттеу тəжірибесінде Ұлытау өңірінің Басқамыр, Аяққамыр, Бескүмбез, Келінтам жəне т.б. да архитектуралық ескерткіштердің ат тарына талдау жасалған [19].

Зерттеуші Қойшығара Салғараұлының «Қазақтың қилы тарихы» еңбегінде Ұлытау өңірінің та рихи жерсу атауларына байланысты біршама пайымдаулар бар [20; 111, 217]. Əсіресе Алаша хан ке сенесінің кімге арналып салынуы мүмкін деген сауалға жауабы назар аударуға тұрарлық. Автордың пайымдауынша, «қазіргі жұрттың бəріне мағлұм тарих деректеріне зер сала пайымдап қарасаңыз, бұл да Алаша ханды Хақназар деген жорамалымыздың шындыққа айналуына қол үшін беретін тəрізді» деген пікір айтады [20; 130].

Мұрағат деректері, зерттеулер мен əр түрлі естеліктерге негізделіп құрастырылған өлкетанушы Клара Əмірқызының жинағында Ұлытау өңіріндегі 1916 жылғы тарихи оқиғалар мен жер атауы ре тінде сақталып қалған Арыстанбек, Оспан тұлғаларына қатысты тұжырымдар мен мəліметтер келті рілген [21].

Белгілі ғалым А.Сейдімбек «Қазақ əлемі. Этномəдени пайымдау» еңбегінде Ұлытау өңірінің то понимдеріне тоқталып, Алтыншоқы, Домбауыл, Хан Ордасы жəне тағы басқа атаулардың қалыптасу тарихына талдау жасайды [22].

Ұлытау өңірінің ортағасырлық археологиясы Ж.Е.Смайылов зерттеуінде кеңінен орын алып, осы өңірдегі орналасқан қалашықтар мен бекіністердің топографиясы жəне типологиясы нақты қазба жұ мыстарының нəтижелерімен сипатталған [23].

Қарағандылық зерттеуші Т.Т.Аршабековтың «Атамекен» аталатын өлке тарихын зерделеуге ар налған оқу құралында Орталық Қазақстан өңірінің топонимдеріне анықтамалар берілген [24]. Бұл оқу құралында Ұлытау өңірінің біршама топонимдері де қамтылған.

Нақты тарихи топонимдерді зерттеу тəжірибесін ТобылТорғай өңірі бойынша Қ.Орманов ұсын ды, оның ішінде Ұлытау өңіріне қатысты «Қарасиыр жазығы», кейін «Қалмаққырылған» аталып кет кен топонимге талдауы ерекше көңіл аударады [25].

Ұлытау өңіріндегі көпжылдық өлкетанушылық ізденістердің қорытындысы іспеттес жарық көр ген танымал жазушы Қуаныш Ахметовтың «Ұлытау» атты тарихитанымдық көркем суретті жинағы. Қ.Ахметовтың жинағында Ұлытау өңіріндегі жерсу атаулары арнаулы түрде қарастырылмаса да, ав тордың көтеріп отырған тақырыптарының барлығы дерлік осы өңірдің тарихи топонимикасымен ты ғыз байланысты [26].

Орталық Қазақстан өңірінің жерсу атаулары осы уақытқа дейін республикалық топонимикалық зерттеулерден де, нақты осы территорияға байланысты арнайы зерттеулерден де көрініс тауып келе ді. Топонимдерді ғылыми тұрғыдан зерттеу ХХ ғасырдың 40–50жылдарынан басталады. Қазақстан топонимикасының өзекті мəселелері Ə.Əбдірахманов, Е.Қойшыбаев, Ғ.Қоңқашбаев, Ə.Нұрмағанбе тов, О.Сұлтаньяев зерттеулерінен көрініс тапты. Көрнекті ғалым Ғ.Қоңқашбаев «Қазақтың халықтық географиялық терминдері» атты тақырыпта диссертациялық зерттеу жүргізіп, кейіннен Халықтық терминдердің сөздігін жариялайды [27]. 1955 жылы топонимдерді тарихилингвистикалық тұрғыда, басқа түркімонғол тілдерімен салыстыра отырып, тұңғыш зерттеу жұмысын жүргізген ғалым А.Əб дірахманов болды. Бұл тақырыпта диссертация қорғалып, монография жарияланды [28].

А.Əбдірахмановтың «Қазақстан этнотопонимикасы» зерттеуі бүгінгі күнге дейін топонимдерден көрініс табатын этнонимдерді зерттеудің үлгісі болып табылады. Автор топонимикалық зерттеулер дегі бұл бағыттың негізін қалап, оның мəнмағынасын да ашып берді: «Топонимиканың кесек бір са ласы — этнотопонимика, яғни ру, тайпа, халық аттарынан қойылған географиялық атауларды зерт теу бөлімі. Ал этнонимдерден қойылған жерсу аттары — этнотопонимдер делінеді» [29].

Нақты Сарыарқа өңіріне қатысты зерттеу жұмыстары 1981–1985 жылдары аралығында ономас тика бөлімінің ұйымдастырумен жүргізіліп, Орталық Қазақстан аймағына зерттеу жүргізген ғылыми экспедициясының материалдары «Орталық Қазақстанның жерсу аттары» деген атпен жарық көре ді [30]. Бұл ұжымдық еңбекте Т.Жанұзақовтың жетекшілігімен Орталық Қазақстан өңіріне ұйымдас тырылған ғылыми экспедиция материалдарының негізінде, осы өңірдің топонимдерінің шығуы мен дамуы, қалыптасуы тарихынан, құрамынан жəне т.б. мəселелер қамтылған болатын.

Осыдан кейін бұрынғы Жезқазған облысының территориясындағы 5 мыңға жуық географиялық атауларды қамтитын сөздік жарияланды. Оның ішінде 645 топоним Ұлытау өңірінде орналасқан [31]. Сарыарқа өңірінің топонимикалық зерттеу объектісіне айналуы да біртебірте өз жемісін бере бастады. Ендігі кезекте топонимикалық зерттеулермен жергілікті жердегі ғалымдар айналысып, Ор талық Қазақстан топонимдерін зерттеуде өз үлестерін қосты. Қарағандылық ғалым А.Жартыбаев об лыс көлеміндегі топонимдердің құрамы мен құрылымы бойынша кандидаттық диссертация қорғап, кейін кітап ретінде жариялады [32]. А.Жартыбаевтың зерттеуінде Ұлытау өңірінен орын алып отыр ған этнонимдерден қойылған гидронимдер — «Қыпшық» жəне «Барақ» топонимдерінің қалыптасуы мен мағыналық жүктемесіне анықтамалық талдау жасалған [33]. Сонымен қатар осы автордың жаңа бір еңбегінде Орталық Қазақстан аймақтық топонимика жүйесі бойынша зерттеу жұмысын жалғасты рып, оның ішінде тарихи жазба деректерде топонимдердің көрініс беруіне, топонимдерде тарихи,  тарихи-əлеуметтік жайлардың бейленуіне арнайы тоқталады [34; 33–44, 44–69].

Ұлытау өңіріндегі «Қыпшақ», «Кеңгір» жəне т.б. топонимдер 1991 жылы жарық көрген Дүйсен Жүнісовтың «Өзенкөл атаулары» атты кітабында қарастырылады [35; 14,17]. Автордың зерттеуінде этнотопонимдер ерекше қарастырылып, олардың этимологиялық анықтамасы мен тарихы сипаттала ды. Сонымен қатар автордың монғол тілінен енген топонимдерді жеке бөліп қарастыруы, оның ішін де Ұлытау өңіріне қатысы бар «Дабысун туз», «Сүмбе» топонимдерін талдауы қызықты нəтижелерге əкеледі [35; 108, 114].

Ə.Нұрмағанбетұлының «Жерсудың аты — тарихтың хаты» кітабында мағынасы беймəлім топо нимдерге ғылыми жорамалдар жасалған [36]. Оның ішінде Ұлытау өңірінің топожүйесіне қатысты Арқа, Бетпақ Дала, Кеңгір, Сарыарқа, Шалқар топонимдеріне талдау жасалады [36; 9, 12, 20, 46, 59]. Автордың «Ұлытау» топонимін түсіндіруге арналған гипотезасы да ерекше назар аударады: «Ұлы тау» атауы, қазіргі түсінігіміздегідей, «биік, үлкен тау» дегенді білдірмейді. Оның ертедегі тұлғасы «ұлық тау», немесе «ала тау», қалпында тіркесіп, тұңғыш мағынасы «шоқтық тау», «аласа тау» сияқ ты ұғымға мегзеген. Келекеле «ұлық тау», немесе «ала тау», дыбыстық өзгерістерге душар болуы нə тижесінде қазіргі кездегі «Ұлытау» атауы пайда болған» [36; 57].

Қазақстанның тəуелсіздігі жарияланғаннан бергі уақытта республикамыздың түрлі аймақтарын да топонимдерді зерттеу жандана түсті деуімізге болады. Соңғы 15 жыл ішінде топонимика мəселеле рі бойынша 6 докторлық, 22 кандидаттық диссертация қорғалды [37]. Əрине, бұл зерттеулер негізінен филология жəне география салалары бойынша жүргізілді. Бұл зерттеулердегі көптеген тақырыптар дағы ізденушілік принциптерді Ұлытау өңірінің тарихи топонимдерін зерттеуде басшылыққа алуға болады деп ойлаймыз. Əсіресе жекелеген аймақтарға арналған (Алтай, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қа зақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан аймақтары немесе жекелеген облыстар — Қызылор да, Қостанай, Павлодар топонимдерін зерттеуге арналған) топонимикалық зерттеу жұмыстары топо нимдерді аймақтық принциппен зерттеуге басшылық бола алады.

Қазақ топонимдерінің этноэкологиялық негіздерін зерттеуші К.Қаймолдинованың еңбегінде то понимдердің құрамындағы халықтық географиялық терминдер жанжақты талданып, олардың мағы налық жүктемесі көрсетілген [38].

ҰлытауТорғай өңірінің топонимикасының қалыптасуын анықтауға арналған А.С.Омарбекова диссертациялық жұмысы негізінен топонимдерді географиялық тұрғыдан анықтауға бағытталғанмен, зерттеуші біршама этнонимдік топонимдерді жəне топонимдердің қалыптасуының тарихи себептерін көрсетуге де ұмтылған [39]. Этнонимдік топонимдерді талдауда автор оларды оғыз жəне қыпшақ ке зеңінің атаулары деп бөліп, сонымен қатар этнонимдік негіздегі гидронимдерді де жеке қарастырады [39; 92–127].

Топонимиканы тарихи тұрғыдан зерттеу тəжірибесі Ресейде кеңінен орын алып отырғаны бұл тақырыптың тарихты зерттеудегі орнын анық көрсетіп отыр. Топонимиканың мəліметтерін тарих үшін пайдалану дəстүрі Ресейде ХХ ғасырдың бас кезінен орын алып отырғанын көруге болады. Мы салға, С.Б.Веселовский топонимиканың қосымша тарихи пəн ретіндегі мəнінің жанжақты екенін ай та отырып, профессор Егоровтың 1915 жылғы зерттеуіндегі топонимиканың тарих үшін қандай ма ңызға ие екендігін көрсететін сөздерін келтіреді: «В странах колонизационных при смешанном этног рафическом составе населения, при сплошном почти отсутствии достаточных общеисторических дан ных топографическая номенклатура является нередко чуть не единственным материалом, который позволяет несколько поднять завесу прошлого» [40].

Ресей шығыстануының көрнекті өкілі В.В.Бартольдтың еңбектері тарихигеографиялық жəне та рихитопографиялық зерттеулердің негізін қалыптастырып, осы сала бойынша жанжақты зерттеуші ліктің үлгісін қалдыра білді [41]. В.В.Бартольдтың Арал теңізі мен Əмударияның төменгі ағысы тура лы жазба деректердің мəліметтерін талдауы немесе «Ислам энциклопедиясына» арнап жазған 111 та рихигеографиялық мақаласы бүгінгі күнде де зерттеушілер үшін, əсіресе топонимикалық энциклопе диялар мен сөздіктерді құрастырушыларға үлгі бола алады деп есептейміз.

Топонимикалық мəліметтерді, тарихи мəселелерді зерттеуде қолдану үлгісін Вл.Гордлевскийдің Кіші Азиядағы селжүктердің тарихына арналған еңбегінен көре аламыз [42, 43–45]. Автор топоними калық мəліметтерді қолдануда: «В главе, посвященной пережиткам старого родового строя у Сельджукидов, мною использован «язык земли» — топонимика; и проф.М.Кёпрюлю обратил уже внимание на важность топонимических исследований», — деп жазады [42, 17].

С.Б.Веселовскийдің «Топонимика на службе истории» зерттеуі де тарихшылардың топонимика ны зерттеудегі бағытбағдарын көрсетіп берді деп айтуымызға болады [41; 25]. 1945 жылы жарық көрген мақаладағы айтылған ойлар əлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Автор өз жазба дəстүрі қа лыптаспаған елдердің тарихын зерттеудегі маңызыдылығын баса айта отырып, сонымен қатар   топонимика жерді пайдалану тарихы мен жазбаша ескерткіштері аз сақталған кезеңдердегі əлеуметтік құрылыстың тарихын зерттеуде өте қажет екендігін жазады [42; 25].

Ұлытау өңірінің тарихи топонимдерінің зерттелуі бойынша бірнеше қорытындылар жасауға болады:

  • біріншіден, Ұлытау өңірінің тарихы, географиясын сипаттайтын негізінен əр түрлі мəселелерге арналған ресейлік зерттеулер мен деректерден орын алып келді (Кэстль, Назаров, Шмидт т.б.);
  • екінші кезекте, Ұлытау өңірінің тарихи топонимикасы отандық тарихшылардың Қазақстан та рихының түрлі кезеңдері мен мəселелеріне арналған зерттеулерден кездестіруге болады (Мар ғұлан, Көмеков, Ахынжанов т.б.);
  • үшіншіден, Ұлытау өңірінің тарихи топонимдері қазақстандық топонимика саласының зерт теушілерінің еңбектерінде орын алып, көбінесе топонимдердің анықтамасы лингвистикалық жəне этимологиялық түрінде  берілген  (Əбдірахманов,  Қойшыбаев,  Жартыбаев,  Омарбеко ва т.б.);
  • төртінші кезекте, Ұлытау өңірінің тарихи топонимдері туралы өлкетанушылық ізденістерден таба аламыз (Сейдімбек, Əмірқызы, Ахметов). Бірақ мəліметтер көбінесе естеліктер, шежіре деректерінің негізінде жазылып, жазбаша жəне мұрағат деректерімен салыстыруды немесе тал дауды қажет етеді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Книга большому чертежу / Подг. к печати и ред. К.Н.Сербиной. — М.Л.: Издво АН СССР, 1950. — 229 с.
  2. Рычков П.И., Рычков Н.П. Капитан жазбалары. — Астана: Аударма, 2002. — 124 б.
  3. Кэстль Дж. 1736 жылы Кіші жүз ханы Əбілқайырға барып қайтқан сапары туралы. — Астана: Аударма, — 140 б.
  4. Масанов Э.А. Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР. — АлмаАта: Наука, — С. 142.
  5. История Казахстана в русских источниках XVI–XX веков. — V т. Первые историкоэтнографические описания казахских земель. Первая половина ХІХ века / Сост. И.В.Ерофеева, Б.Т.Жанаев. — Алматы: ДайкПресс, 2007. — 620 с.+4 с.вкл.
  6. Назаров Ф. Записки о некоторых народах и землях Средней части Азии. — М.: Наука, 1968. — 76 с.
  7. Марғұлан Ə.Х. Тамғалы тас сыры (Орта ғасырда тасқа жазылған қазақша таңба, ұрандар) // Қазақ тарихы. — № 2.
  8. Масальский В.И. Туркестанский край. Россия. Полное географическое описание нашего Отечества. — Т. — СПб., 1913. — С.67.
  9. Сатпаев К.И. Доисторические памятники в Джезказганском районе // Избранное: В 5 т. / Сост. М.К.Сатпаева. — Т. Научнопопулярные и общественнополитические статьи, выступления. — 2е изд., сокр. — Шымкент: Оңтүстік полиграфия, 2007.— 416 с.
  10. Маргулан А.Х. Некоторые итоги и перспективы археологического изучения Казахстана // Изв. АН КазССР. — Сер. археол. — Вып. 1. — 1948. — С.
  11. Марғұлан Ə.Х. Тамғалы тас сыры (Орта ғасырда тасқа жазылған қазақша таңба, ұрандар) // Қазақ тарихы. —№ 2. — 10–30б.; Марғұлан Ə.Х.Тамғалы тас жазуы // Жұлдыз. — 1984. — № 1. — 132–146б.
  12. Кумеков Б.Е. Государство кимаков IX–XI вв. по арабским источникам. — АлмаАта: Издво «Наука» КазССР, 1972. — 150 б.
  13. Кумеков Б.Е. Расселение карлуков по карте алИдриси (XII в.) // Казахстан в эпоху феодализма (проблемы этнополитической истории). — АлмаАта: Издво «Наука» КазССР, 1981. — 192 с.
  14. Кармышева Б.Х., Кармышева Дж.Х. Что такое Аркаюрт (к исторической географии Казахстана) // Ономастика Восто ка. — М.: Наука,
  15. Салғараұлы Қ. Ұлы Қағанат. — Астана: Фолиант, 2008. — С.
  16. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. — Алматы: Санат, 1997. — С. 36–109.
  17. Ахинжанов С.М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. — Алматы: Ғылым, 1999. — 296 с.
  18. Муканов М.С. Этническая территория казахов в XVIII – начале XX вв. — АлмаАта: Казахстан, 1991. — С. 13,
  19. Семби М.К. К изучению «архитектурной ономастики» Казахстана // История и культура АралоКаспия: Сб. ст. —Вып. 1. / Под общ.ред. С.Ажигали. — Алматы: Құс жолы, 2001. — С. 196–204.
  20. Салғараұлы Қ. Қазақтың қилы тарихы: Романэссе. — Алматы: Жалын, 1992. — 304 б.
  21. Əмірқызы К. Ауылым — атамекенім. — Ақмола: «Жаңаарқа» баспасы, 1993. — 93–103б.
  22. Сейдімбек А. Қазақ əлемі. Этномəдени пайымдау: Оқу құралы. — Алматы: Санат, 1997. — 123–132б.
  23. Смаилов Ж.Е. Средневековая оседлая и городская культура Центрального Казахстана: Дис... канд. ист. наук. —Алматы, 1997. — 161 с.
  24. Тоғжанов Е.Л., Аршабеков Т.Т. Атамекен: Оқу құралы. — Қарағанды: ҚЭУ баспасы, 2002. — 324 б.
  25. Орманов Қ. ТобылТорғай өңірі топонимдеріндегі ерлік тақырыбы // ҚарМУ хабаршысы. — Тарих. Философия. Құқық сер. — 2007. — № 2 (46). — 2, 3 б.
  26. Ахметов Қ. Ұлытау. — Астана: Фолиант, 2006. — 344 б.
  27. Конкашпаев Г. Словарь казахских народных географических терминов. — АлмаАта: Издво АН КазССР, — 185 с.
  28. Əбдірахманов А. Қазақстанның жерсу аттары. — Алматы: Қазақ ССР ҒА баспасы, 1959. — 206 б.
  29. Əбдірахманов А. Қазақстан этнотопонимикасы (зерттелу тарихынан). — Алматы: Ғылым, 1979. — 3б.
  30. Орталық Қазақстанның жерсу аттары / Жауапты ред. филол. ғыл. дры Т.Жанұзақов. — Алматы: Ғылым, — 253б.
  31. Қазақстан географиялық атауларының сөздігі. Жезқазған облысы / Жауапты ред. филол. ғыл. дры Т.Жанұзақов. —Алматы: Ғылым, 1990. — 31–63б.
  32. Жартыбаев А.Е. Состав и структура топонимов Карагандинской области: Автореф. дис. ... канд. филол. наук. —Алматы, 1991.
  33. Жартыбаев А. Қарағанды өңірінің топонимдерінің мағыналық жəне құрылымдық сипаты. — Қарағанды: Болашақ Баспа, 1998. — 75–80б.
  34. Жартыбаев А.Е. Орталық Қазақстан аймақтық топонимикасы. — Қарағанды: «БолашақБаспа» РББ, 2008. — 379 б.
  35. Жүнісов Д. Өзенкөл атаулары. — Алматы: Қазақстан, 1991. — 128 б.
  36. Нұрмағанбетұлы Ə. Жерсудың аты — тарихтың хаты. — Алматы: Балауса, 1994. — 64 б.
  37. Жанұзақ Т., Рысберген Қ. Қазақ ономастикасы: жетістіктері мен болашағы. — Алматы: «Азия» баспасы, 2004. — 116– 118б.
  38. Қаймолдинова К. Қазақ топонимдерінің этноэкологиялық негіздері: Оқу құралы. — Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001. — 6–22б.
  39. Омарбекова А.С. Социальное и природное в формировании топонимии УлытауТоргайского региона: Дис... канд. геогр. наук. — Алматы, 1999. — 164 с.
  40. Веселовский С.Б. Топонимика на службе у истории // Исторические записки / Отв. ред. акад. Б.Д.Греков. — М.: Издво АН СССР, 1945. — Т. 17. — С.
  41. Бартольд В.В. Сочинения. — Т. III. Работы по исторической географии. — М.: Наука, 1965. — 712 с.
  42. Гордлевский Вл. Государство сельджукидов Малой Азии. — М.Л.: Издво АН СССР, 1941. — 200 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.