Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақстанның металлургия өндірісін инженерлік-техникалық кадрлармен қамтамасыз ету жолдары.ХХ ғасырдың 50–60 жылдары

Соғыстан кейінгі ширек ғасырда металлургия өнеркəсібі жоғары қарқынмен дамыды. Кейінірек білікті мамандар даярлауға көңіл бөлінді, мол тəжірибе жинақталды. Ал сол тəжірибе қазіргі күннің өзінде маңызды, яғни көптеген жағдайда өндіріс орындарының түпкүлікті жұмыс қорытындысы, мамандар мен өндіріс басшыларының ұйымдастыру үшін саяси жəне іскерлік қасиеттеріне байланысты екендігін мойындатады. Металлургия саласындағы инженер кадрларының өндірісті дамытудағы, жаңа технологияны игерудегі белсенділігі, өндіріс басшыларының жарқын өмір жолдарын көрсету тəуелсіз Қазақстанның жаңа инженер отрядтарын тəрбиелеуде айтарлықтай маңызы бар.

Инженер қызметінің ерекшелігі, біріншіден, бұл қызмет практикалық болып табылады; екіншіден, ол техникалық міндеттерді шешумен тікелей байланысты, үшіншіден, ғылыми білімді талап етеді. Инженерлік өнер арқылы ғылым өндіргіш күшіне айналады.

ХХ ғасырдың 40-жылдарының соңында Қазақстанның металлургия өндірістері Қазақ металлургия, Ақтөбе ферроқорытпа, Балқаш мыс-балқыту, Өскемен қорғасын-мырыш зауыттарымен жəне тағы басқа кəсіпорындармен көрсетілді. Олардың Қазақстанның халық шаруашылығы барлық Кеңес Одағы үшін маңызы зор болды. Онда 100 мыңнан астам адамдар еңбек етті жəне инженер- техникалық кадрлармен қамтамасыз ету 90 %-дан асты. Дегенмен, металлургиядағы жұмысшыларды жəне инженер-техникалық мамандардың 2/3-і (яғни 60 %-дан артығы) Кеңес  Одағының Орталық жəне Батыс аудандарында ғана болды.

ХХ ғасырдың 50–60-жылдары Қазақстанның өндірістеріндегі  жұмысшылардың құрамында үлкен өзгерістер болды. Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Оңтүстік Қазақстан сияқты индустриялық орталықтарының халық шаруашылығында жұмыс істейтін адамдардың саны 1,5–3 есеге өсті. Кеңес Одағының Коммунистік партиясының ХХ жəне ХХΙΙ съездерінен кейін Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналды.

Кеңес Одағының Коммунистік партиясы арқасында металлургия  өндірістерінің құрылыстарында, əсіресе  Қазақстанның  қара  металлургиясында  жұмысшылардың  саны  1956– 1965 жж. аралығында 7,5 есеге өсті [1; 117].

ХХ ғасырдың 50-жылдары металлургияның үлкен кəсіпорындары болып Қазақстан Магниткасы, Ермаков ферроқорытпа зауыты (қазіргі Ақсу), Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинаты есептелді, сонымен қатар қара жəне түсті металлургияның басқа да кəсіпорындарының көлемі ұлғайтылды.

Жоғары білікті инженерлік-техникалық жұмысшы кадрларға деген қажеттілік арта түсті (оларға аз уақыттың ішінде 100 мың адам қажет болды). Түйінді мəселелерінің бірі жаңа кəсіпорындарды жұмысшылармен, құрылысшылармен қамтамасыз ету мүмкіншіліктері болды. Дегенмен, білікті мамандарды дайындау үшін уақыт қажет.

ХХ ғасырдың 50–60-жылдары Қазақстанның инженерлік-техникалық интеллигенция қатары қалыптасты. Бар əдебиеттерді, диссертациялық зерттеу материалдарын талдай отырып, инженер- металлург кадрларын дайындау жолдарын келесі негізгі бағыттарға бөліп көрсетуге болады.

  • Кадрлар дайындаудағы республикадағы бар оқу орындарының, яғни Қазақ политехникалық институтының, Қарағанды политехникалық институтының, кейінірек завод-жоғары техникалық оқу орнының (завод-жтоо) бітірушілерін пайдалану.
  • Ресейдің, Украинаның ірі металлургия кəсіпорындарынан жоғары білікті кадрларды шақыру жəне олардың келуі.
  • Мəскеу, Магнитогорск, Челябі, Днепропетровск, Днепродзержинск сияқты Ресей мен Украина қалаларының ірі жоғары оқу орындарында Қазақстанның бітірушілерін оқыту жəне инженерлік- техникалық кадрлардың біліктілігін арттыру.

Соғыс жылдарынан кейін 50-жылдардың екінші жарты жылдығына дейінгі кезеңде Қазақстанда инженерлік-техникалық интеллигенция кадрларымен қамтамасыз ету, олардың өсуі негізінен, республикамыздың жоғары оқу орындары мен техникумдары арқасында болды. Тау-кен өнеркəсіптері жүйесіндегі қара металлургия кəсіпорындары үшін инженер кадрларын дайындау, негізінен, республиканың оқу орындарында, əсіресе Қазақ политехникалық институты жəне Қарағанды политехникалық институтында жүргізілді.

Қазақ металлургия зауытының пайда болуына байланысты жəне Қарағанды металлургия комбинатының өндірістік қуаттарын енгізудің болашағы бар болғандықтан, қара металдар металлургиясы бойынша мамандар дайындау үшін шаралар қолданылды.

Республикада инженер кадрларды даярлауда Ресей жəне басқа да одақтас республикалар жоғары техникалық оқу орындары елеулі үлес қосты. Мысалы, 1951–1958 жж. аралығында Мəскеудің болат жəне балқыма институтын оншақты жас мамандар бітіріп шықты, олардың ішінде А.М.Қонаев, Э.А.Түркебаев, М.А.Ақбиев, А.К.Омаров, К.Умаров, Т.Хамзин жəне тағы басқалары, кейінірек олар атақты ғалымдар, ғылыми ұйымдардың, оқу орындарының жəне өнеркəсіп кəсіпорындарының жетекшілері болды. Мəскеудің болат жəне балқыма институтында қара металлургияның əр түрлі салалары бойынша оншақты жас мамандар дайындалды. Республиканың қара металлургиясының дамуында инженерлік-техникалық жəне ғылыми интеллигенцияның қалыптасуы үлкен рөл атқарды [2].

Сонымен қатар Қазақстанның инженерлік-техникалық интеллигенция кадрларының өсуі соғыс жылдарынан кейінгі бесжылдықта негізінен республикамыздың жоғары оқу орындары мен техникумдарының бітірушілерінің есебінен жүрді. Маңызды рөлді, Қазақ тау-кен металлургиялық институты (қазіргі Қазақ политехникалық институты) атқарған, қазір ол мемлекетіміздің ірі жоғары оқу орындарының бірі болып есептеледі. 1934 жылы ұйымдастырылған бұл жоғары оқу орны жыл сайын жүз шақты білікті геологтарды, тау-кен инженерлерін, инженер-металлургтерді шығарды. Оларды барлық металлургия, тау-химия өнеркəсіптеріне жəне геологиялық экспедицияларға, құрылыс материалдарының өнеркəсіптеріне жіберді. 1960 жылға дейін институт 4000 инженерлерді дайындады [3; 43].

Қарастырылып отырылған жылдары орныққан жəне үлкен қарқын алған кадрлар дайындаудың өте қажетті түрі — өндіріс орнынан босатылмай оқыту (өндірістен қол үзбеген), əскер қатарындағыларды мамандармен толтыру болды. Егер 1947 жылы республикамыздың оқу орындарында сырттай оқу бөлімі арқылы барлығы 264 маман дайындалған болса, ал 1950 жылдың аяғында сырттай жəне кешкі бөлімдерде 23760 адам оқытылды. 1955 жылы Алматыда Бүкілодақтық сырттай инженерлік-құрылыс институтының филиалы ашылды. Бұған дейін Қазақстанда инженер- құрылысшылар дайындалмады [4].

Бір жылдан соң, яғни 1956 жылы, Бүкілодақтық политехникалық институтының оқу кеңес беру пункті төмендегі факультеттерімен жұмысын бастады: энергетикалық, машина жасау, химия- технологиялық, металлургиялық, электрофизикалық, автохимиялық, инженерлік-механикалық. Егер 1956 жылы Бүкілодақтық политехникалық институтында сырттай барлығы 25 адам оқытылса, ал 1956–1957 оқу жылында 671 адам дайындалды. Сонда да республикада машина жасау, қара металлургия, құрылыс жəне көлік бойынша мамандықтар қажеттілігі қатты байқалды. Мысалы, төртінші бесжылдықтың бірінші жылы Қарағанды металлургия зауытында инженерлік қызметкерлердің бос орындары — 57, ал келесі жылы 784 болды. ҚСРО Құрылыс материалдар өнеркəсіп министрлігі бойынша орта білімі бар мамандар қажеттілігі 1956 жылы 221 адамнан 1960 жылы 378 адамға дейін артты [3; 44].

1959 жылы 18 қыркүйекте шыққан «Жоғары жəне орта білімі бар мамандарды дайындауға жоғары оқу орындары мен техникумдарды жинақтауға өнеркəсіп кəсіпорындарының, совхоз, колхоздарының қатысуы туралы» КСРО Министрлер Кеңесінің Қаулысы Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындарының студенттерінің құрамының сапалы өзгеруіне үлкен əсерін  тигізген болатын.

Осы қаулыға сəйкес Балқаш тау-кен металлургия комбинатының басшылығы 1960 жылы мемлекетіміздің жоғары оқу орындары мен техникумдарына 17 адам, ал 1961 жылы 40 адамды оқуға бағыттады. Қазақстан Комитетінің Коммунистік партиясының жəне Облыстық Партия комитетінің нұсқауы бойынша жұмыс істеп жатқан жастардың жоғары оқу орындарына жəне техникумдарға түсуге дайындық курстары ашылды. Ол жерлерге кəсіпорындардан, құрылыстардан, колхоз жəне совхоздардан ұсынылған адамдар қабылданды. Мұндай курстар, мысалы, Шымкент, Ленгер, Жамбыл (қазіргі Тараз), Кентау қалаларында ұйымдастырылды. Тек 1960 жылы осындай курстарда 847 адам оқытылды [3; 50].

Жұмысшы ұжымының қатысуымен жоғары оқу орындары мен техникумдарға өндіріс тəжірибесі бар адамдарды жинақтау, студенттердің құрамының едəуір жақсаруына алып келді. 1960 жылы Алматы қаласының жоғары оқу орындарына бірінші курсқа қабылданған  4362  студенттің 2933-і (68,8 %) өндіріс өтілі (стажы) кем дегенде екі жыл немесе Кеңес Əскерінің қатарынан, қайтып келгендер еді [3; 51].

Соғыс жылдарынан кейінгі кезеңнің ерекшелігі, мамандық бойынша практикалық жəне теориялық үлкен жұмыс өтілі бар, тəжірибесі мол, өндірісте жұмыс істейтін инженерлерді техникалық оқу жүйесінде жұмыс істеуге тарту болды. Қазақ тау-кен металлургиялық институтының түлегі Ө.А.Байқоңыров Жезқазған мысбалқыту комбинатында үлкен маманға айналды, яғни аға инженері болып, содан кейін комбинаттың бастығына дейін өсті. Ө.А.Байқоңыров өндірістегі жұмысын ғылыми жұмыспен байланыстырып, 1951 жылы кандидаттық диссертацияны қорғап шықты. 1959 жылы Қазақ тау-кен металлургия институтындағы «Кен орындарын игеру» кафедрасында оған профессор атағы берілді. 1952 жылдан бастап 10 жыл аралығында академик Ө.А.Байқоңыров осы жоғары оқу орынының ректоры болды [3; 66].

Жоғары оқу орнының профессорлық-оқытушылық құрамының сапасын жақсартып, қатарын толықтырудың негізгі көзі — аспирантура еді. Аспирантураға талантты, теориялық даярлығы мен қоғамдық жұмыстарда белсенділігімен көзге түскен түлектер қабылданды. Ғылыми мекемелер басшылары мен аспирантура жетекшілері болашақ ғалымдардың кəсіби даярлығына ерекше қамқорлықпен қарады. Мысалы, Қазақ ССР Ғылым академиясы Тау-кен институтының ғылыми кеңесіне 1952–1953 оқу жылында аспиранттар қабылдау мəселесі 14 рет қаралды. Ғылыми кадрларды даярлау төмендегідей жолмен іске асты: өндіріспен байланысты адамдар үшін төрт жылдық сырттай аспирантура; өндірістен қол үзген үш жылдық күндізгі аспирантура; жергілікті ұлттық кадрлардан Одақтың алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына жіберілетін үш жылдық мақсатты аспирантура; өндіріспен байланысты жəне диссертация қорғауға дайындалып жүргендерді жоғары оқу орындарының белгілі ғалымдарына кеңес алу үшін тіркеу; жылдық аспирантура. 1951–1955 жж. бесінші бесжылдық жоспары бойынша ХΙХ съездің нұсқауларында аспирантура арқылы ғылыми кадрлардың құрамын алдыңғы бесжылдыққа қарағанда шамамен екі есеге ұлғайту көзделді.

Мемлекетіміздің жоғары оқу орындарында 1952 жылы, толық емес мəліметтер бойынша, 9277 аспиранттар дайындықтан өтті, ал 1946 жылы 6986 аспирант болды. 1960 жылы Қазақстанның ғылыми мекемелері мен жоғары оқу орындарында 879 аспирант оқытылды [3; 67].

1956 жылға дейін кадр дайындау ісінде өте көп жұмыстар жасалды. Жоғарыда аталып көрсетілгендей, ХХ ғасырдың 50-ші жылдардың 2-ші жартысында Қазақ Республикасында Қазақстан Магниткасы, Ермаков ферроқорытпа зауыты(қазіргі Аксу), Соколов-Сарыбай тау-кен байыту комбинаты сияқты ірі металлургия кəсіпорындары пайда болды жəне көптеген жұмыс жасап тұрған түсті жəне қара металлургия кəсіпорындары ұлғайтылды.

Осыған байланысты кадрлар, əсіресе инженерлік-техникалық кадрлар қажеттілігі қайта туды. Сондықтан ХХ ғасырдың 50-ші жылдардың соңы мен 60-шы жылдардың 1-ші жартысындағы кезеңде қара жəне түсті металлургияның жаңа кəсіпорындарын кадрлармен қамтамасыз ету жəне дайындауға үлкен рөл тигізген, біріншіден, Кеңес Одағының ірі жоғары оқу орындарына оқуға Қазақстанның бітірушілерін жіберу, екіншіден, Ресей, Украина, Сібір қалаларынан инженерлердің келуі.

Орталық Қазақстанның темір рудаларының көптеген кен орындары бірінші жəне екінші бесжылдықтың өзінде толық зерттелді. Алынған нəтижелер республикамызда қара металлургияның жаңа базасын құру туралы мəселені қоюға мүмкіндігін туғызды. Қазақстанда толық металлургия циклімен қара металлургия кəсіпорынын құру идеясын ХХ ғасырдың 30–40-жылдардың өзінде инженерлер-геологтар Қ.И.Сəтпаев пен М.П.Русаков ұсынған болатын. Сол уақытта ірі металлургия зауытын құру үшін, Қазақстанның барлық қажетті алғы шарттары болды, атап айтқанда: қосымша іздеу жəне барлау жұмыстар өткізгеннен кейін темір рудасымен металлургия зауыттарын қорекпен қамтамасыз ете алатын бірқатар ірі теміррудалық кен орындарының болуы. Қарағанды металлургия зауытын жобалау 1942 жылы басталды. ҚСРО-да осындай кəсіпорынды құрудың орынды екендігі туралы («Гимпромез») металлургия зауытын жобалау мемлекеттік институтының жобасында айтылды. Қарағандыдан 40 км орналасқан Нұра өзенінің су қоймасының, яғни Самарканд поселкесінің, маңы зауытты салу орны болып таңдалды.

1947 жылдың қаңтарында КСРО мемлекеттік жоспарының ғылыми-техникалық кеңесінің сараптамасы Қарағанды металлургия зауытының тұрған орнын, күшін жəне құрамын, Қара металлургия министрлігінің таңдап, ұсынған жерлерін қабылдады. Кейінгі жылдары бұл кəсіпорынның құрылыс жобалық тапсырмасы бірнеше өзгеріске ұшырады. 1956 жылдың мамыр айында ақырғы нұсқасы дайындалған жəне 1956 жылдың қыркүйегінде КСРО-ның Қара металлургия министрлігі қарастырғаннан кейін мақұлданды.

Кеңестік жұмысшылардың ерлік ісінің тарихындағы ең жарқын беттерінің бірі болып Қазақстан Магниткасының құрылысы есептеледі. Қазақстан Магниткасы деп халық атап кеткен қара металлургиясының бұл ірі алыбы, республикадағы индустриализацияның базасы, оның өндіріс күшінің дамуының негізгі факторлары болып табылды [1; 62].

Жастардың үлкен тобы Оралдың, Сібірдің жəне Украинаның зауыттарында практикадан өтті. Мысалы, 1958 жылы Ресейдің техникалық училищесінен Қазақстаның қара металлургия кəсіпорындары үшін қазақ жастарының арасынан 195 адам дайындалды. 1959 жылы мемлекетіміздің жұмыс істеп тұрған зауыттарда 600-ге жуық жас жұмысшылар машықтанды. Оның ішінде Череповецк зауытында — 91 адам, Челябіде — 191, Кузнецкіде — 104, Кривожорьеде 44 адам оқып үйренді. 1960 жылы Қазақ металлургия зауытында соғылып жатқан Қарағанды металлургия зауыты үшін 117 адам машықтанды. 1962–1963 жж. қазақ жастарынан жұмысқа 700-ге жуық адам жұмысқа қабылданды [1; 133].

Сарыарқа төсіндегі металлургтер қаласын тұрғызуға республика жастары да белсене атсалысты. Олардың ұлы іске деген қайырлы қадамын қазақ басылымдары құп көріп, Теміртауға келген жастар туралы мақалаларды жариялап тұрды. Теміртау Бүкілодақтық екпінді комсомолдық құрылыс деп жарияланғанда осында келген жастардың ішінде еліміздің болашақ Президенті жас Нұрсұлтан Назарбаев та бар еді.

1958 жылы оныншы сыныпты бітіргеннен кейін, Алматы облыстық комсомол комитетінің жолдамасымен бір топ жастар алып құрылыстың іргетасын қалауға шеру тартты. Міне, осылардың ішінде Нұрсұлтан Назарбаев та бар еді. Кейіннен ол Украинаның Днепродзержинск қаласының училищесін бітіріп, металлург мамандығын алып, Қазақстан Магниткасының іргетасын қаласуға атсалысты. Жүрек қалауымен келіп, еселі еңбек еткен Нұрсұлтан Назарбаев сияқты жас металлургтеріміз зауыт даңқын əлемге паш етті. 1960 жылы Мемлекеттік комиссия домна пешін қабылдап алған соң, зауыт директоры мамандықтар бойынша кімнің қайда жұмыс істейтіндіктері туралы бұйрықты оқып берді [5].

Енді Қазақстан Магниткасында инженерлік-техникалық кадрлардың өсуінің қалай өзгергендігін бақылап көрейік. 1957 жылдың басында Қазақстан Магниткасында барлығы 198 инженерлер мен техниктер болса, ал 1958 жылдың 1 сəуірінде олар 250-ге жетті, ал 1959 ж. 1-сəуірінде 402 инженерлер мен техниктер еңбектенді [1; 127].

Бірақ бұл инженерлерге деген қажеттіліктердің 40 %-ын да қанағаттандырмады. Инженер- металлург кадрларының қатты қажеттілігіне байланысты Кеңес Одағының барлық жетекші кəсіпорындарынан инженер-металлург кадрларын көмекке келуі туралы мəселелер қарастырылды.

Осылайша, 1958 жылы Қазақстан Магниткасының құрылысына əр түрлі республикалардан жəне Қазақстанның облыстарынан 548 инженерлік-техникалық жұмысшылар жəне 3205 білікті жұмысшылар жіберілген болатын.

1959 жылдың көктемінде Қарағанды металлургия зауытының құрылысына 130 жас мамандар келді. Көп кешікпей «Қазметаллургқұрылыс» трестінің тұрақты қызмет етушілері бұл жолы үлкен тəжірибесі бар тағы 30 инженерлік-техникалық жұмысшыларын қарсы алды. Ең алдымен алғаш рет жүргізілетін объектілер маманданған кадрлармен қамтамасыз етілді. Мысалы, «Доменқұрылысына» жəне «Коксқұрылысына» басқа кəсіпорындардан 500 жұмысшы, инженерлер жəне техниктер келді.

Қазақстанның қара металлургия кəсіпорындарының негізгі объектілерін мамандармен қамтамасыз ету жұмыстары тек құрылыс барысында ғана емес, құрылыстың іске қосылуынан кейінде жүргізілді.

1957 жылы Қарағанды металлургия зауытында тек 198 инженерлік-техникалық жұмысшылар есептелді. Бұл Қазақстан Орталық Комитет Компартиясының 1958 жылдың көктемінде Қарағанды металлургия зауыты істерінің жағдайын жəне инженерлік-техникалық кадрлармен кəсіпорындарды қамтамасыз етудің нақты шараларын белгілеуіне түрткі болды. Осы шешімдерді орындай отырып, республикадағы партия ұйымдары 1959–1960 жж. Қарағанды металлургия зауытына 1476 инженерлік-техникалық жұмысшылар жəне басқа мамандарды жіберді. 1958 жылдың соңында елдің жұмыс істеп тұрған қара металлургия кəсіпорындарында үйрену үшін 341 адам іссапарға жіберілді.

1958 жылы мамырдың ортасында Қарағанды партиясының облыс комитеті Украинаның, Кемеровоның, Пермьнің, Свердловскінің, Челябінің облыстарына бір топ өкілдерін жіберіп, онда партия ұйымдарының көмегімен Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеуге келісімін берген 47 маман таңдалған болатын. 1958–1960 жж. Соколов-Сарыбай тау-кен комбинатына 654 инженер жəне техник келді.

Қарағанды металлургия зауытындағы көптеген жас мамандар технологияны меңгеру барысында жетекші қызметтеріне ұсынылды. Олар Б.Досалиев, Г.Долгих, Ю.Копнов, М.Мұхамеджанов жəне тағы басқалары. Соколов-Сарыбай тау-кен комбинатында тек 1958–1959 жж. аралығында жетекші жұмыстарға 95 жас мамандар ұсынылды [1, 126].

Қазақстан Магниткасының құрылысының қалыптасуына басқа республикалардың жəне Қазақстанның өзінің кəсіпорындарының кадрлары есебінен, Магнитка өкілдерін басқа қалаларға оқуға жіберуі жəне республиканың негізгі жоғары оқу орнының бітірушілерімен қамтамасыз етуі үлкен əсерін тигізді. Сонымен қатар металлургияның инженерлік-техникалық кадрларының қалыптасу тенденциясын айқындау мақсатында Ермаков ферроқорытпа зауытын кадрлармен қамтамасыз ету жəне қалыптасуына тоқтала кеткен жөн. Ермаков ферроқорытпа зауытына кадрлар дайындау мақсатында 1967 жылы Ақтөбе ферроқорытпа зауытына 16 инженерлік-техникалық жұмысшылар өндірістік оқуға жіберілді [1; 129].

Жоғарыда аталып кеткендей, 1950–1960-жылдары инженерлік-техникалық интеллигенцияның қалыптасуына қазақстандықтардың Кеңес Одағының ірі жоғары оқу орындарында оқығандығы əсер етті. Мəскеу, Ленинград, Новосибирск, Свердловск жəне басқа қалалардағы техникалық оқу орындарының аудиторияларында оқығандар Қазақстан ғылымының даңқын алып келді. Олардың ішінде Социалистік Республикалар Одағы Ғылым академиясының Президенті, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.М.Қонаев, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры КСРО Ғылым Академиясының академигі У.И.Жолдасбеков, М.И.Калинин атындағы Шымкент қорғасын зауытының директоры КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреты Р.Хобдабергенов, Теміртау жоғары оқу орнының ректоры Н.К.Ишмұхамедов жəне көптеген басқа тамаша мамандар, республиканың халық шаруашылығының жетекшілері [3; 43].

Сонымен, ХХ ғасырдың 50-ші жылдардың 2-ші жартысы мен 60-шы жылдардың 1-ші жартысында Қазақстанның басқа кəсіпорындарынан ауысқан жəне Одақтас республикалардан мамандардың келуі бағыты ірі жаңа кəсіпорындарды инженер-металлургтермен қамтамасыз етудің негізгі белгілеуші факторы болып табылды.

ХХ ғасырдың 60-шы жылдардың 2-ші жартысының соңында республикада инженер- металлургтарды даярлау əлдеқайда ұлғайды жəне Қазақстанның металлургия өндірісіндегі инженерлік-техникалық интеллигенцияның қалыптасуында бұл анықтаушы фактор болды.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Шаймуханов Д.А. Создание и развитие черной металлургии в Казахстане. — Алма-Ата: Наука, 1981. — 264 с.
  2. Ишмухамедов Н.К. Черная металлургия Казахстана. — Алматы: Ғылым, 2002. — С.
  3. Абубакиров С.С. Рост инженерно-технической интеллигенции Казахстана (1946–1960): Дис... канд. ист. наук. — Алма- Ата, 1984. — 198 с.
  4. Тастанов Ш.Ю. Казахская советская интеллигенция (проблемы становления и развития). — Алма-Ата: Наука, 1982. —С. 106.
  5. Лұқпан Е., Ақын А., Смағұл Т. Тұғыры биік Теміртау. — Қарағанды: Полиграфия, 2005. — 186-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.