Педагогика

Мамандарды кəсіби тұрғыдан дайындау əр уақытата өзекті проблемалар қатарына жатады. Бұл бағыттағы ғылыми зерттеулер елімізде жəне шет елдерде көптеп жүргізілген, бірақ олардың арасында болашақ дəрігерлерді медициналық техникалар бойынша дайындауға арналған зерттеулер жоқ. Мақалада болашақ дəрігерлерге медициналық биофизика пəнінде медициналық техниканы меңгертудің педагогикалық негізі анықталып, болашақ дəрігерлерге медициналық техника бойынша білім берудің технологиясы ұсынылған.
2015

 Мақалада жоо-ның негізгі мақсаттарының бірі — болашақ мамандардың шығармашылығын, шығармашылық ойлау қабілетін қалыптастыру. Осыны негізге ала отырып, мақала авторлары «Оптика» пəнін оқыту үдерісінде электрондық оқыту құралдарын қолдануды ұсынды. «Физика» мамандығы бойынша оқитын студенттердің басым бөлігі линзалардан кескіндер алуды түсіндіруде қиналатындары рас. Осы қиындықты жеңілдету мақсатында «Оптика» пəні бойынша есептер шығарудың, тəжірибелер мен демонстрациялардың компьютерлік үлгілерін жасаған. Физика курсының «Геометриялық оптика» бөліміне жасаған анимациялық компьютерлік модельдері туралы мəліметтер жəне оларды оқу процесінде қолдану əдістері баяндалған.
2015

Мақалада графикалық білім беруде «Инженерлік графика» пəнінің əдістемесі жəне құрылымын меңгеру бойынша сұрақтар қарастырылды. Авторлар графикалық тапсырмалар жүйесін ұйымдастырудағы негізгі қағидаларды көрсеткен. Оқу жəне шығармашылық тапсырмалар орындауға қажетті жоғары деңгейдегі графикалық білімдері мен іскерлігін меңгеруді қамтамасыз ету мақсатын талқылаған. «Инженерлік графика» пəнінің құрылымы мен əдістемесі жүйесін жан-жақты жетілдіру ұсынылған.
2015

Мақалада физиканы оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданып, «Электр жəне магнетизм» бөлімінен есептерді шығарудың тəсілдері көрсетілген. Есептерді шығару физиканы оқып-үйренудің ажырамас бөлігі болып табылады. Студенттердің физикалық заңдарды түсіну деңгейін, заңдарды нақты физикалық құбылыстарды талдауға, яғни есептер шығаруда сапалы түрде қолдануына қарай бағалайды. Кез келген есептерді шығару үрдісі белгілі бір мақсатқа бағытталады. Сол себепті білімгерлердің алдына есеп шығарудың айқын мақсатын қою керек.
2015

Мақалада Кембридж тəсілінің оқытудағы тиімділігі қарастырылды, яғни оның теориялық негіздері оқыту əдістемелері арасында кең тараған жəне орта білім беру жүйесінде əлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал əдістер болып табылады. Атап өтетін жайт, оқытудағы сындарлы тəсіл студенттерге өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, тиісті сұрақ қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар аталмыш үдерістердің сипаты, студенттің өз болжамдарына күмəнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы əлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады.
2015

Мақаланың негізгі арқауы экологиялық тəрбиеге арналған. Қазіргі өркениеттің ең ғаламдық проблемасы — экологиялық апаттың төнуі. Тірі табиғаттағы бір түр болып саналатын адам əрекетінің барлық саласында табиғатпен шиеленушілік байқалуда. Мəселенің өзектілігі өркениеттің тек қана өзін-өзі жойып жіберу ғана емес, барлық қоршаған тіршілікті Жер бетінен құртып жіберу қауіпінде. Осы тұрғыда экологиялық мəдениет аса маңызды болып табылады. Биосфераның саулығы адамзаттың қолында екендігі жəне ол мəселе жан-жақты тəрбиелі, экологиялық мəдениетті тұлға тəрбиеленуімен байланысты. Оқу-тəрбие үдерістерінде осы проблемаға баса көңіл аудару қажеттігі баяндалды.
2015

Мақаланың негізгі арқауы экологиялық тəрбиеге арналған. Қазіргі өркениеттің ең ғаламдық проблемасы — экологиялық апаттың төнуі. Тірі табиғаттағы бір түр болып саналатын адам əрекетінің барлық саласында табиғатпен шиеленушілік байқалуда. Мəселенің өзектілігі өркениеттің тек қана өзін-өзі жойып жіберу ғана емес, барлық қоршаған тіршілікті Жер бетінен құртып жіберу қауіпінде. Осы тұрғыда экологиялық мəдениет аса маңызды болып табылады. Биосфераның саулығы адамзаттың қолында екендігі жəне ол мəселе жан-жақты тəрбиелі, экологиялық мəдениетті тұлға тəрбиеленуімен байланысты. Оқу-тəрбие үдерістерінде осы проблемаға баса көңіл аудару қажеттігі баяндалды.
2015

Мақалада мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісі мəселесіне зерттеу жүргізу жолдары қарастырылған. Жобаны құру жолындағы көкейкестілік мəселелерін шешу əдістері жəне оқытушыларға арналған факультативтік курсты əзірлеумен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісі мəселесіне зерттеу жүргізу жəне талдау жасау тəсілдері ұсынылған. Авторлар ғылыми-зерттеу жоба Қазақстан Республикасының азаматтарына бейімделген нұсқасын берді. Бұл жоба мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісін, əр түрлі жағдаймен мүгедек болған жəне компьютерлік техника меңгеруге мүмкіншілігі бар ересек адамдардың оқыту жолдарын қарастырған.
2015

Авторлар мұғалімнің кəсіби іс-əрекетін, педагогикалық іс-əрекет мазмұнын жан-жақты сипаттай келіп, педагогикалық процесте туындайтын келелі мəселелерге тоқталады. Мұғалімнің кəсіби іс- əрекетінде туындайтын қиындықтарды зерттеген ғалымдардың еңбегін дəйек ете отырып, үрей мəселесін жан-жақты сараптайды. Мақалада мұғалімнің кəсіби іс-əрекетінде туындайтын үрей мəселесі жəне оның тууына əсер ететін шарттар мен факторлар қарастырылды. «Үрей», «қорқыныш», «қобалжу», «мазасыздық» ұғымдарына жан-жақты анықтама беріліп, үрей түрлерін бөліп көрсетті. Мұғалім іс-əрекетінде туындайтын үрей түрлерімен күресу əдістері мен үрей деңгейін анықтауға арналған диагностикалық əдістер аталды.
2015

Мақалада жоғары оқу орнында басқару принциптері, қызметтері жəне де басқару проблемасына пəнаралық сипат тəн екендігін ескере отырып, əлеуметтік жүйелерді басқару теориясы мен педагогикалық менеджменттегі ұғымдық аппараттың талдауларының негізінде, болашақ мамандардың танымдық əрекеттерін басқарудың педагогикалық шарттары анықталған, сонымен қатар студенттердің танымдық іс-əрекеттерін басқару дайындығындағы шеберлік деңгейдің жоғарлығы, арнайы нормаларға сəйкестігі, психологиялық жəне ұйымдастырушылық процестердің шын мəнінде жүзеге асырылуы екендігі негізделген.
2015

Мақала экологиялық проблемаға арналған. Тірі табиғатта организмдердің тіршілік етуіне сыртқы күштің əсері басым болуда. Бұл жағдай адамзат қоғамының табиғатпен əсерлесуінің күшеюінен. Осы мəселеге қатысты планетамыздағы жалғыз саналы тіршілік иесі адамның биосферамен бұл байланысы көп қырлы. Өйткені өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін адам жүздеген, мыңдаған жабайы тірі ағзалар түрлерін пайдаланды. Бүгінгі таңда техномасса (бір жылда адамның жасап шығарғаны) биомассадан (жабайы тірі ағзалар салмағы) бірнеше есе асып түседі. Техникалық ландшафтар өндіріс қалдықтарынан жасалуда. Тұтас бір аймақта тіршілік белгілері жойылған. Табиғат тек қор ретінде қаралады, бұл техникамен қаруланған адамның қоршаған ортаға тигізген кері əсерінің анық жемісі екендігі айтылады.
2015

Мақалада сəулеттік нысандарды жобалаудағы экологиялық дəстүрлі жəне заманауи материалдарды пайдаланудың жаңа жолдары мен тəсілдері қарастырылған. Авторлар жобалаудағы жаңа əдістерді қолдану экологиялық жаңа талаптар жəне аймақтағы климаттық ерекшеліктерді ескере отырып, талдаған. Дизайндық нысандарды жəне заттарды жобалаудағы əр түрлі табиғи материалдар қолданудың үздік үлгілері ұсынылған. Сəулеттік нысандардың əлемдік үлгілерін зерттей отырып, экодизайн мəселелерін жоғары оқу орнында оқытудың əдіснамасы сарапталған.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.