Педагогика

Мақалада ғалымдардың əлемдегі көптілділікті меңгеруде, алдына мақсат етіп қойған өзекті мəселелері қарастырылған. Авторлар көптілді білім беру саласында жəне ақпаратты технология арқылы білім беруде көптеген мəселелерді зерттеген. Нақты ақпараттың дидактикалық құралы анықталып, соның ішінде көптілді білім берудегі маңызы көрсетілген. Көптілді білім беру — көпқырлы мəселе. Оның əр міндетін əр қырынан карастыру біздің жоо ұжымының алдында тұрған басты міндеттердің бірі болғандықтан, осы мақалада алдымызға қойылған мақсаттың орындалу жолдары айқындалды. Қазіргі таңда жас мамандардың білімділігін арттыруға ерекше назар аударылған.
2015

 Мақалада бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тəлім-тəрбие мен білім беруді жетілдірудің басым бағыттары, ұлттық құндылықтарымызды əлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тəрбиелеу мəселелері сипатталған. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тəрбиелеуге байланысты жанұя, мектеп, сынып жетекшілерінің тəрбие туралы беретін білім негіздері қарастырылған. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы ұрпағына азық болған ақыл-кеңес, өсиеттері, асыл мұрасы, ұлттых рух, ұлттық мақтаныш, ұлттық намыс, ана тілі мен ұлттық мəдениетін қалыптастыру жайындағы түсініктер келтірілген.
2015

Мақалада бала өміріндегі ұлттық тəрбиенің рөлі туралы айтылған. Сол мақсатта ұлттық ойындардың, ұлттық мерекелердің, тілдің, салт-дəстүрдің маңызының ерекшелігі жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар осы айтылғандардың арасындағы сабақтастық жəне байланыс жақсы көрсетілген. Қазіргі замандағы көкейкесті мəселелерді шешуге байланысты ұлттық тəрбие арқылы Отанды сүюге балаларды баулу, үлкендерді сыйлау жайлы ойлары жұмыста жүзеге асырылған.
2015

 Мақалада физика бойынша электронды оқулық мысалында физикалық үрдістерді модельдеуді қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. Авторлар «Microsoft Visual Studio 2010» мультимедиалық электрондық оқу құралын шығарған. Бұл кітап оқушыларға қажетті жаңа компьютерлік технологиялар қолданудағы білім мен дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. Оқу құралында шығарылған физикалық үрдістердің математикалық моделі негізінде компьютерді оқу жүйесінде қолданудың қажеттігі көрсетілді.
2015

 Мақалада бастауыш мектепте оқытылатын информатика пəнінің рөлі, ақпарат туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру, компьютермен жұмыс жасау жолдары баяндалған. Авторлар бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақты қызықты өткізу, бастауыш мектеп оқушыларының сабаққа деген қызығушылықтарын көтеру мəселесін қарастырған. Білім беру жүйесіне үлкен өзгерістер алып келген ақпараттық-коммуникациялық технологияның түрлері мен құралдары сараланған. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру мазмұнын анықтауға негіз болатын оқытудың жалпы дидактика негіздерінің тиімді жолдары көрсетілген.
2015

Мақалада педагогика мен практиканың жалпы өзара заңдылықтары қарастырылды. Авторлардың пікірінше, педагогикалық практика теорияға негізделуі керек. Бұл мəселеде зерттеушілер практика мен теория біртұтас ұғымды қалыптастырады деген қорытындыға келді. Тəжірибе көрсетуі бойынша, негізгі тапсырма адамзатқа білім беру болып табылады. Оқушылардың тұлғалық жəне оқытушы мен оқушы арасындағы гуманистік сенім қарым-қатынас құруды сақтау оқытудың басты міндеті болып табылады.
2015

Мақалада инновациялық технологияларды қолдану арқылы мүмкіндігі шектеулі балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыстық кемшіліктерді түзету мəселелері жайлы қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеу кезінде ең басты əрекеттердің бірі — ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалану мəселелері бойынша кəсіптік міндетін жəне педагогтық шеберлігін көтеру. Инновациялық технологияны меңгеру мүмкіндігі шектеулі балалардың интеллектуалдық, кəсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық жəне басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі əсерін тигізетіндігі, өзін-өзі дамытып, оқу-тəрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектесетіндігі жайлы аталып өткен.
2015

Мақалада Қазақстандағы 12 жылдық білім беру мəселелері қарастырылған. Кейінгі жылдары білім беру жүйесі біршама ілгері қадам басты. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын жасау мен енгізуге, вариативті оқытуға, білім беру сапасының өлшемдерін жетілдіруге мүмкіндік жасалды. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу білім беру, ғылым саласындағы орасан зор жаңашылдық болды. Қазақстандық жалпы орта білім беретін мектептер кейінгі жылдары жаңа сипатқа қол жеткізді. Соның ішінде жалпы білім берудің мемлекеттік стандартын жасау жəне енгізу, несиелік технология негізінде үш деңгейлі жоғарғы білім беру моделін енгізу, вариативті оқытуға, білім беру сапасының өлшемдерін жетілдіру мықтап қолға алынды.
2015

Мақалада Тараз мемлекеттік педагогикалық институты мен Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ынтымақтастық байланыс аясында педагогикалық кадрлар дайындауда дуалды оқыту жүйесін енгізу жəне жүзеге асыру алғаш рет қарастырылды. Бəсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды дайындауда жоғары педагогикалық білім беру жүйесіне дуалды оқытуды енгізу жолдары ашылды.
2015

Мақалада мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың денсаулығының жақсаруына бағытталған бірқатар денсаулық сақтау технологиясының бағыттары қарастырылған. Ғылыми-əдістемелік əдебиеттер мен авторлардың қоршаған ортаның бала денсаулығына əсеріне байланысты зерттеулері денсаулық сақтау технологияларын жетілдіруге мүмкіндік жасады. Мектепке дейінгі білімде баға жетпес гигиеналық тəрбиенің тəжірибесі мол болғанымен, қазіргі заманға сай баланың денсаулығының нашарлап, əлеуметтік жағдай баланың дұрыс өмір сүру бейнесін қалыптастыруда жаңа қарым-қатынасты мегзейді. Ұлттық денсаулық сақтау ұйымында баланың салауатты өмір салтына тəрбиелеу негізгі міндеттердің бірі болып саналады.
2015

Мақалада бастауыш сынып оқушыларының əлеуметтенуі жəне адами қарым-қатынасқа үйренулері жəне өзін-өзі пəні бойынша елімізде жүзегі асып жатқан мəселелері қарастырылды. Авторлардың пайымдауынша, бүгінгі күннің қояр басты талабы əрбір адамның өзі өмір сүріп отырған кезеңдегі өзгерістерді ой елегінен өткізіп, жаңа жағдайға, өмірге қарай бейімделуі, яғни өздерін қайта құруы, бойларындағы құндылықтарды қайта бағалап, байыта отырып, өмір сүре алуы болып отыр.
2015

Ізгілeндіpy, гyмaнитapлaндыpy бaғытындa жoғapы білім бepy мaзмұнын тoлық peфopмaлay Қaзaқcтaндa жoғapы білім бepyді дaмытyдың cтpaтeгиялық бacым бaғыттapдың біpі бoлып тaбылaды. Кeз кeлгeн caлaдaғы бoлaшaқ мaмaндapдың гyмaнитapлық дaяpлығын күшeйтyдің өзeктілігі зaмaнayи əлeмдeгі білім бepy тұжыpымдaмacының тapиxи дaмyымeн aнықтaлaды. Мaқaлaдa «гyмaнитapлық» тepминінің ғылымғa eнyінің қыcқaшa тapиxы тypaлы бaяндaлғaн. Ғaлымдapдың «гyмaнитapлық», «білім бepyді гyмaнитapлaндыpy» тypaлы oй-пікіpлepі кeлтіpілгeн. Мaтeмaтикaның гyмaнитapлық əлeyeтінің бaғыттapы мaзмұндaлғaн. Oқытyдың мaзмұнынa қoйылaтын тaлaптap тaлдaнғaн. «Гyмaнитapлық тəcіл» ұғымының мaзмұны cипaттaлғaн. Мaтeмaтикaлық білім бepyді гyмaнитapлaндыpy тexнoлoгияcынa нeгіз бoлaтын мaқcaттap тypaлы aйтылғaн.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.