Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ұлттық тəрбиенің бала өміріндегі маңызы

Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақты азаматтық пен имандылыққа баулу — тəрбиенің басты міндеттердің бірі. Бұл саладағы күш-жігер, алдымен, бүлдіршіндерді отаншылдыққа тəрбиелеуге бағытталуы тиіс. «Отан» деген ұғым балаға дүние есігін ашатын туған жері, кең байтақ гүлжазира даласы. Балаға «Отан», «туған жер» дегеніміз — тарихи қалыптасқан əлеуметтік, саяси жəне мəдени орта. Тарихқа көз жүгіртсек, халқымыз, ата-бабаларымыз ғасырлар бойы жинақтаған өмір тəжірибесін, бай рухани қазынасын жас ұрпақты тəрбиелеуді пайдаланған бала тəрбиесіне ерекше мəн бере, үміт арта, сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына асқарлы мақсат қойылып, келелі міндеттер жүктеген. «Болашақ ел қамқоры», «Отан қораушысы», «Шаңырақ иесі», — деп жақсы сөзін қазақ халқы баласына арнаған. Отанды сүю халық ауыз əдебиетінде, ақын жыраулардың шығармаларында, халықтың тəрбие-дəстүрлері, əдет-ғұрыптары, отбасындағы тəрбие, халық ойындары мен мерекелері, музыкалық шығырмалары, бейнелеу өнері, қол өнері туындыларында тəрбиелік мазмұнда көрініс тапқан. Жас ұрпақты намысшылдыққа, ерлікке, отаншылыққа «Ер жігіт елі үшін туады» деп, кішіпейілдікке «Кішіпейіл болсаң, кішіреймейсің» деп, бауырмашылыққа, білімпаздылыққа, ақылдылыққа «Ақыл азбазды, бегім тозбайды» деген, тазалыққа «Тазалық — саулық кепілі», еңбекке

«Еңбек түбі — береке» дей келе туған жер табиғатын, ерлік дəстүрін сүюге тəрбиелеген. Адам бойындағы сапалы адамгершілік қасиеттерді жаман əдет, жат мінез-құлықтарға қарсы қоя отырып, жамандықтан жирену керек деген екен. Балалар тіл мəдениетін үйретіп, шығармашылыққа тəрбиеледі. Қанатты асыл, көркем сөздердің ықпалы ерекше тиімді (1-сур.).

Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде бала жас кезінен бастап көпшіл, ынтымақшыл, үлкенге сый-құрмет көрсете білетін өнегелі адам болуға, адамгершілікке тəрбиелейді.

Халқымыздың ежелден берік ұстаған əдеп-салтының бірі — адамдар арасындағы ілтипатты қарым-қатынастар, екі жақты сыйластық. Сол себепті жас үлкенді сыйлап атын атамай, оларды:

«Ата, əже, апа, аға, тəте, көке, əпке, жеңге» — десе жасы кішілерді үлкендер өз тарапынан: «Інішек, қарындас, шырағым, бауырым т.б», — деп құрметтеп атайды. Ұрпақтан ұрпаққа ауысқан бұл өнегелі əдепті біз қазақтың мақал-мəтелдермен нақыл сөздерінен, бүгінгі таңдағы шығармалардан көптеп кездестіреміз. Мысалы: «Үлкенге — құрмет, кішіге — ізет», «Əдепті бала өсірсең, елдің абыройы» осы сияқты сөздер əрқашанда əдептілікті сақтағаның, сыпайы, кішіпейіл адамды үлгі, жас ұрпақтын тəлімді, тəрбиелі болып өсуіне назар аударып, көңіл бөліп отырған. Сондай-ақ сырттан жасы үлкен адам кіргенде, тұрып сəлем беру, орнынан тұруға көмектесу, шығарып салу — жас балаға тəн деп санаймыз. Қонаққа сай құрмет көрсету — үлкен арыс, бұлжымас міндет.

 сурет. Қанатты сөз, сөз тіркестердің тиімділігі 

Мектеп жасына дейінгі балалар тəрбиесіндегі ұлттық тіл дамытуындағы басты міндет — балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Тіл дамыту əдіс-тəсілдер арқылы жүзеге асыру. Ол сұрақ-жауап, сөздік қорды дамыту, сөйлесу, əңгімелесу, көрнекілік. Əр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекілік құралдар, түрлі суреттер, кестелер, сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады деген ойдамыз. Заман өзгерген сайын əдіс-тəсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отыр. Əр түрлі жаңа технологияларды өз тəжірибемізде қолданып жүреміз. Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру əдіс-тəсілдерді таңдауымен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын түрлері қойылады. Адам мəдениеті ойын арқылы дамиды, демек, балалық шақтан бастап қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады. Ойын дегеніміз не? Ойын — қоғамдық тəжірибені қалыптастыру бағытындағы іс-əрекеттің бір түрі, яғни тəртіпті, өзін- өзі басқаруды жетілдіреді. Ойын — мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-əрекеті. Ақын Н.Баймұхамедов: «Ойын ойнап əн салмай, өсер бала болар ма?» [1] деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады (2-сур.).

 2-сурет. Ойынның балаларға пайдасы

 Мектеп жасына дейінгі мекемелердегі ұлттық тəрбиенің бала өміріндегі маңызына байланысты келесі жұмыстар түрлері қолданылады:

  1. Қазақ тілі — тіл үйрету барысына əрбір сабақта ойын түрлерін жəне өзара сөйлесу үлгілерін қолданған дұрыс. Сабақ барысында ойын элементтерін дидактикалық материал ретінде пайдаланудың пайдасы бар. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады.
  2. Ұлттық ойындар — сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын жəне ойын түрлері қойылады. Ойын — балалар өмірінің нəрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғышарты жəне халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылыстарын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділікпен дамыту. Ойын арқылы балалар қоғамды тəжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойын баланың жан-жақты дамуын көздейтін, оның тілін жаттықтыратын, қимыл-қозғалысын жетілдіретін, белсенділігін арттыратын, басқа адамдармен қарым-қатынасын реттеп, құрдастарымен ұйымшылдығын арттыруға негіз болып табылады. Халқымыздың тарихи-мəдени мұраларының түрлері өте көп. Солардын қай-қайсы да адам игілігіне қызмет етуге бағытталған. Сондай аса құнды мəдени игіліктердің бірі ұлттық ойындар болып табылады. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, батылдылықты, дененің шынығуын қажет етеді.

«Орамал ілу», «Асық ату», «Түйілген орамал», «Қыз қуу», «Ұшты-ұшты», т.б ұлттық ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, өмір тəжірибесін кеңейтуге, ептілік қабілетін жетілдіруге өз əсерін тигізеді.

  1. Ұлттық мерекелер — əрбір халықтың осы күні жарқыратып, көрсететін мəдениет мен дəстүрлі ұлттық тағамдары болады. Дəстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл, ел болып, əсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан, тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғазып, гүл егу рəсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан əрмен халық ойындармен («Ақ серек пен көк серек»), («Айқыш-ұйқыш»), т.б əн салып, би билеумен, ақындар айтысымен, қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мəселесі — жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тəрбие беру.

Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінде басталуы керек.

Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік, құнды қасиеттерді сіңіріп өз-өзіне сенімділікті тəрбиелеуге отбасы мен педагогтар шешуші рөл атқарады. Рухани-адамгершілік тəрбие — екі жақты үдеріс. Бір жағынан, бұл үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ұқпалын, екінші жағынан — тəрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым- қатынастарынан көрінеді. Сондықтан белгілі бір мазмұнды іске асыра, адмгершілік ұғымның əр түрлі əдістерін пайдалана отырып, педагог істелген жұмыстардың нəтижелерін, тəрбиеленушілердің жетістіктерін зер салып талдау керек. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адал еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға адамгершіліктің өзге де формалары, бұл — сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, оларды негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары деп жатады. Баланың өмірге белсенді көзқарасы бағыты үлкендер арқылы тəрбиеленеді. Тəрбиелеу, білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтылынады. Адамгершілікке, еңбекке тəрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан жұмысты ұйымдастыру үдерісінде, ойын жəне оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Тəрбиешінің ең бастапқы формалары педагогтың балалармен мазмұнды қатынасында, жан-жақты іс-əрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстарымен танысу кезінде, балаларға арналған шығармаларымен, суретшілер туындыларымен танысу негізінде іске асады. Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбексүйгіштікке, ізгілікке ұжымдық пен патриотизм бастамасына тəрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды жəне жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегін нəтижесін бағалауға тəрбиелеуге мүмкіндік жасайды. Бұл мəселе қазіргі зерттеулерде айтылып жүр [2].

Балаларда ортақ пайдалы жұмысты істеуге, бірге ойнау, бір нəрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою жəне оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады. Мұның бəрі де баланың жеке басының қоғамдық бағытын анықтайды, оның өмірге белсенді ұстанымын бірте-бірте қалыптастырады.

Əр баланың жеке басы, оның моральдік дамуы үшін қамқорлық жасау — бүгінгі күннің жəне алдағы күндердің талабы, оған педагогтың күнделікті көңіл бөлу талап етіледі. «Балалар бақшасындағы тəрбие бағдарламасы» мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуын, олардың мектепке дайындығы қарастырады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыруда басты рөлді атқарады. Оның ықпалы неғұрым белсендірек болып, баланың сезімдерін жан-жақты қамтыған сайын олардың ерік- күшін жұмылдырып, санасына ықпал етеді. Мектепке дейінгі жастағы баланың рухани-адамгершілік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Əрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін өзіндік ерекше жағдайлар керек. Мəселен, ойында ұнамды əдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік парыздық сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар т.б. қалыптасады.

Мектепке дейінгі жаста балаларды адамгершілікке тəрбиелудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тəрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас тұрмыстың қарапайым ережелерін орындау, кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау жəне т.б. ұжымға тəрбиелеу, балалардың ұжымда өзара қарым- қатынасын қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікке тəрбиелеу, əр түрлі ұлт өкілдерін қадір тұту жəне сыйлау. Осылайша мейрімділіктің негізі қаланады, немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды. Қарапайым əдеттерді тəрбиелей отырып, педагог балдырғанның бар істі шын пейілімен əрі саналы атқаруына қол жеткізеді, яғни сыртқы ұнамды мінездері оның ішкі жан дүниесін, оның ережеге деген көзқарасын айқындайды.

Атақты педагог В.Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан, он екі жасқа дейінгі аралықта əр адам өз рухани дамуына қажетті нəрсенің бəрін де ертегіден алады. Тəрбиенің негізгі мақсаты — дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дəрежесін биік, мəдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тəрбиелеу. Ертегінің рухани тəрбиелік мəні зор. Ол — балаға рухани лəззат беріп, қиялға қанат бітіретін, жас баланың рухының өсіп жетілуіне қажетті нəрсенің мол қоры бар рухани азық» [3], — деп атап көрсеткен.

Руханилық — жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау жəне адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі мейірімділікке, ізгілікке шақырады.

Рухани-адамгершілік тəрбие — бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларың нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мəдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дəрежесі оның мінез-құлқы мен іс-əрекетін анықтайды. Сананың қалыптасуы бала мектепте бармастан бұрын жақын адамдардың өзара қатынасын басталады. Баланы жақсы адамгершілік қасиеттерге, мəдениетке тəрбиелеуде тəрбиелі адаммен жолдас болудың əсері күшті екенін халқымыз ежелден бағалай білген. Оны «Жақсымен жолдас болсаң — жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң — қаларсың ұятқа...», «Жаман дос жолдасын жауға қалдырар» деген мақалдарды көруге болады. Мақал-мəтелдер, жұмбақ, айтыс, өлеңдер — адамгершілік тəрбиенің арқауы. Үлкенді сыйлау — адамгершіліктің бір негізгі. Адамзаттық құндылықтар бала бойында іс- əрекет барысында əр түрлі ойындар, хикаялар, ертігілер, қойылымдар арқылы беріледі. Адамгершілік — адамның рухани байлығы, ол болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханият дəуіріне қадам болып табылады. Адамгершілік тəрбиенің нəтижесі адамдық тəрбие болып табылады. Ол тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады. Адамгершілік қоғамдық сананың ең басты белгілерінің бірі болғандықтан, адамдардың мінез-құлқы, іс-əрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасымен сипатталады. Олар адамды құрметтеу, оған сену, əдептілік, кішіпейілдік, қайырымдылық, жанаршылық, ізеттілік, инабаттылық, қарапайымдылық т.б. Адамгершілік — ең жоғарғы құндылық деп қарайтын жеке адамның қасиеті, адамгершілік жəне психологиялық қасиеттерінің жиынтығы.

Адамгершілік тақырыбы мəңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру — ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Адамгершіліктің қайнар бұлағы — халқымда, отбасымда, олардың өнерлерінде əдет-ғұрпында. Əр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс-тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді.

Көрнекті педагог В.Сухомлинский: «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады» [3; 8], — дейді. Демек, шəкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Қай заманда адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тəрбиелеу. Ұрпақ тəрбиесі — келешек қоғам тəрбиесі. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол мəдени-ғылыми өрісі озық етіп тəрбиелеу — біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Мектепке дейінгі адамгершілік тəрбие балалардың адамгершілік сана-сезімін, мінез-құлқын қалыптастыруды қамтиды. Дəлірек айтқанда, адалдық пен шыншылдық, адамгершілік, кішіпейілділік, қоғамдық жəне өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық — адамгершілік тəрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мəселелері.

Адамгершілік тəрбиесінің əрқайсының ерешеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дəстүрлерді, əдет-ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Ата-ананың болашақ тəрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда.

«Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы — балаға үлкен сабақ. Жас балалардың үлкендер нені айтса соны айтатынын, не істесе соны істегісі келетін бəріміз де білеміз. Баланың үйден көргені, етене жақындарынан естігені — ол үшін адамгершілік тəрбиесінің ең үлкені, демек жақсылыққа ұмытылып, жағымды істермен айналысатын адамның айналасындағыларға көрсетер, берер тəлімі мол болмақ.

Жасөспірім тəлім-тəрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тəрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады. Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тəлім-тəрбие берілуі керек.

Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізгі отбасында қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады. Əсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар жəне еңбектене білуде өзін көрсететін балаларды еңбексүйгіштікке тəрбиелеу басты міндет болып табылады.

Өз халқының мəдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мəдениетіне, салт-дəстүріне құметпен қарайтын нағыз мəдениетті азамат қалыптасады. Қазақ халқының əлуметтік өмірінде үлкенді сыйлау ұлттық дəстүрге айналған. Отбасында, балабақшада, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дəстүрін бұзбау жəне оны қастерлеу əрбір адамнан талап етіледі. Халқымыздың тəлім-тəрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті, қайырымдылықты, мейірбандықты дəріптейді.

Ата-бабаларымыз баланы бесігінен жақсы əдеттерге баулыған. «Үлкенді сыйла», «Сəлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлғатты сөздердің мəні өте зор. Адамгершілікті, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өз парасатты болады. Ондай адамды халық

«иманжүзді кісі» деп құрметтеп сыйлаған. Балаларымызды имандылыққа тəрбиелеу үшін олардың, ар-ұятын, намысын оятып, мейірімділік, қайрымдылық, кішіпейілдік, қамқорлық көрсету, адалдық, ізеттілік сияқты қасиеттерді бойына сіңіру қажет. Баланы үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, иманды болуға, адамгершілікке баулу — адамгершілік тəрбиесінің жемісі.

Балаларды адамгершілікке тəрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тəрбиесін үлгі ұстайды. Ал адамгершілікке тəрбиелеудің бірден-бір жолы – осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру. Осы қасиеттерді балаға жасынан бойына сіңіре білсек, адамгершілік қасиеттердің берік іргетасын қалағанымыз. Бұл мəселе Жүсіппек Аймауытовтың еңбектерінде жан-жақты талданған [4].

Адамгершілік — адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адалдығымен, қайырымдылығымен ардақталады. Адам баласының мінез- құлқына тəрбие мен тəлім арқылы, тек білім мен ақылды ұштастыра білгенде ғана сіңетін, құдіретті, қасиеті мол адамшылық атауының көрінісі болып табылады.

Адам бойына кішіпейілдік, сыйластық, рақымшылық, жанашырлық, тілектестік сияқты қасиеттерді жəне өзгелерді қадірлей, сыйлай, құметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйрету де «Өзін-өзі тану» пəнінің үлесіне тимек.

Тəрбиешінің алға қойған мақсаты — бойында ұлттық санасы қалыптасқан, халқының əдет- ғұрпын, салт-дəстүрлерін көңіліне тоқыған, дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тəрбиелеп өсіру. Рухани-адамгершілік тəрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа, қайырымдылыққа, мейірімділік, ізгілікке тəрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам». Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым һəм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Бұл үш қасиет — əркімнің өз құдайы. Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде, өлгенмен тең депті Ақан сері. Жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, əрбір іс-əрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тəрбиелеу — адамгершілік тəрбиесінің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Кедергіге қарсы тұра білетін қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды.

«Еліміздің күші — патшада, сəбидің күші — жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз — адамгершілігімізде болуы керек.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Тілеужан М. Рухани өнегелі тəрбие // Бала тəрбиесі. — Алматы, 2006. — № 2. — 24-б.
  2. Ахметова М.Т. Адамгершілік-рухани тəрбиенің маңыздылығы // Өзіндік таным. — Алматы, — № 2. — 18-б.
  3. Бабаев C.Б. Бастауыш мектеп педагогикасы // Бастауыш мектепте оқыту. — 2007. — №
  4. Аймауытов Ж. Тəрбиеге жетекші // Бала тəрбиесі. — 2008. — № 47. — 38–43-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.