Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Бастауыш мектепте «Информатика» пəнін оқытудың маңыздылығы

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға жəне кəсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», — делінген болатын [1].

Қазіргі уақытта адам өмірін есептеуіш техника құралдарынсыз елестету қиын. Компьютер еңбекті жеңілдетеді, бос уақытты толтырады, уақытты үнемдейді жəне алыс арақашықтықты қысқартады, есептейді, жазады, ақпаратты сақтайды ғаламтор арқылы бүкіл əлеммен тілдесуге жол ашады. Бүгінгі таңда компьютер арқылы көркем туындылар жасалынады, музыкалар жазылады жəне кинофильмдер түсіріледі. Компьютер ғылыми аспаптан тұрмыстық техникаға айналады, ал онымен жұмыс жасау дағдысы мектеп оқушыларынан бастап үлкен жастағы адамдарды да баулиды.

Компьютерлер білім жүйесінде кеңінен қолдана бастағаннан бастап, «оқытудың жаңа ақпараттық технологиясы» термині пайда бола бастады. Кез келген педагогикалық технология — бұл ақпараттық технология, себебі оқытудың техникалық үдеріс негізінде ақпарат пен оның қозғалысы (өзгеріс) жасалынады.

Ақпараттық технология арқылы оқыту тəжірибесі деп арнайы техникалық-ақпараттық құралдарды пайдалануды айтады. Компьютердің білім жүйесінде кең түрде қолдана басталуынан бастап, жаңа ақпараттық технология арқылы оқыту термині пайда болды.

Компьютерлік технологиялар оқытуды жоспарлау идеясын дамытып, қазіргі заманға сай компьютердің жəне телекоммуникацияның бірегей мүмкіндіктерімен байланысты оқытудың əлі зерттелмеген, жаңа нұсқасын ашады. Компьютерлік (жаңа ақпараттық) оқыту технологиясы бұл компьютер көмегімен дайындық үдерісі мен ақпаратты білім алушыға жеткізу болып табылады.

Ал солардың ішінде кейінгі уақытта бастауыш мектептің білім мазмұнына информатика пəнін енгізу туралы ой толғаныстар болып жатыр.

Мектепте оқылатын информатика пəні қарқынды дамып келе жатқан информатика ғылымының мазмұнын құрайтын сан алуан мəліметтердің бəрін қамти алмайды. Дегенмен, мектеп пəні ретінде жалпы білім беру қызметін атқара отырып ғылымның мəнін ашатын, өте елеулі іргелі ұғымдар мен мəліметтерді, терминдерді қамтып, мектепте оқушыларды басқа ғылымдардың негізін оқып үйрену үшін, сонымен қатар жастарды заманауи ақпарат құралдары туралы мəлімет, өмірге сүруге қажетті білім, біліктілік, дағдылармен қаруландыруы тиіс.

Қазіргі заманғы дидактика жалпы білім беру мазмұнын анықтайтын принциптер, ғылым логикасы мен оқу пəнінің бірлігі жəне қарама-қайшылығы принципін ерекше атайды. Осыған байланысты, Б.Т. Лихачев айтқандай, «ғылым логикасы мен оқу пəнін құрастырудың бірлігі мен қарама-қайшылық идеясы ғылымның қайшылықтарымен дамитындығын негіздеген». Ол ескішіліктер қат-қабатын бұза өзіне жол ашып, алға қарай секіріс жасайды, орнында табандап, тіпті артқа да шегінеді [2].

Бастауыш мектепте оқитын балаларға жаңа нəрсе ұсынса, олардың қызығушылықтары оянып, талапшыл, тапқыш болатындары белгілі. Осыған сəйкес жаңа ақпараттық технологияларды кез келген сабақта қолдануға итермелейді. Дəстүрлі сабақ кезінде компьютерді қолдану оқушыларға оқу материалын түсіну мен есте сақтау үдерісін тездетеді, ең бастысы, балалардың оқуға деген қызығушылығын айтарлықтай көтереді.

«Информатика» пəнін бастауыш сыныптан бастап оқуға болатындығы жəне оның тиімділігі дүниежүзілік тəрбие негізінде дəлелденіп отыр. Ғалымдардың, практик-мұғалімдерінің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналалар:

  • бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
  • ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
  • бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мəдениетін қалыптастыра отырып, əлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау [3].

Бастауыш мектепте кез келген пəнді оқыту жалпы бастауыш сыныптың мақсатына сəйкес болуы жəне өзінің пəндік шеңберінде бастауыш білім берудің ортақ міндеттерін шешуге бағытталуы тиіс.

Бастауыш мектепте жалпы білім алу білімді игеру деңгейі кейінгі оқу процесі кезінде табысты болуды қамтамасыз ететін шеберлік пен дағдының құрылымы болып табылады.

Сонымен қатар бастауыш мектепте информатиканы оқыту келесі мақсаттарға жетуге бағытталған базалық курсты оқыту міндеттерін шешуі тиіс:

  • базалық білімдер жүйесін меңгеру;
  • ақпараттарды жинау мен талдау кезінде компьютерлік технологияларды қолдана білу шеберлігі;
  • əр түрлі оқу пəндерін оқу барысында танымдық қызығушылық пен информатикалық əдістерді қолданудың дамуы;
  • ақпараттық қызметте этикалы жəне құқықтық шаманы сақтауға жауапкершілікпен қарауға тəрбиелеу.

Сонымен қатар бастауыш мектепте информатиканы оқыту білім беру тəсілінен бірлесіп алған білім парадигмасы арқылы инновациялық тəсілдер негізінде өткізілу керек екендігі айқын.

Информатиканы оқытудағы перспективті тəсіл келесідей мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталуы тиіс:

  • əлемнің ақпараттық көрінісі туралы түсінігін дамыту;
  • қоғамда ақпараттық технологиялардың рөлі мен орны туралы түсініктерін қалыптастыру;
  • ақпаратты алу мен өңдеуде тұрақты дағдыларды қалыптастыру;
  • қызмет ортасында өзеріп отыратын ақпараттық қоғамға тез бейімделу қабілеттерін дамыту;
  • өмір бойына ақпараттық дайындығын ары қарай жетілдіріп отыру.

Кіші мектеп жасындағы балаларда болашақта табысқа жеткізетін оқуға деген талпыныс пен қызығушылық, ең берік білім мен əдет қалыптасып, ойын жинақтай бастайды. Осы арқылы да бастауыш сыныпта информатика пəнінің негізгі ұғымдарын оқу керектігін түсінуімізге болады.

Информатика курсын жоғарғы сыныптардан төменгі буынға көшіру қажеттіліктерін осы бағыттағы жүргізілген ғылыми зерттеулер көрсетті. Бұған дəлел ретінде информатиканы төменгі сыныптарда оқыту жөнінде жүргізіліп жатқан мұғалімдердің эксперименттері мен жарияланып жатқан мақалалары, сондай-ақ 1–4 сыныптар үшін информатикадан ұйымдастырылған үйірме жұмыстары мен факультатив сабақтарды айтуға болады.

Информатика курсының бастауыш сыныптарда оқытылуы жөнінде шетелдерде жəне Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінде бірқатар жинақталған тəжірибелер бар.

Көптеген əдіскер-ғалымдар мен оқытушылар информатиканы пəн ретінде жоғарғы сыныптарда оқыту оқушылардың компьютерді пайдалану дағдысының қалыптасуын кешеюілдетеді, бұл пəнді оқу барысында қалыптасатын дағды бір ғана пəнге тəн емес екенін, жалпы білім беретін мəні бар болып есептелетінін атап көрсетеді [4].

Біздің балаларымыздың ертеңгі күні — бұл ақпараттық қоғам. Компьютермен жұмыс жасау, толықтыру, қисындау жəне керек ақпаратты іздей білу қажет. Жылдан жылға өздерінің дербес компьютерлері бар оқушылардың саны артуда. Балалардың компьютердің мүмкіндіктерімен танысуы үлкендердің басшылығымен болғаны дұрыс (ата-ананың немесе мұғалімнің). Бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп табалдырығын аттатағанда көп жаңалықты ашу керек болатын білім əлеміне түседі. Əрбір бастауыш сынып мұғалімі баланы шығармашылық үдеріске тартудың тиімді жолдарын білуі қажет. Олар:

  • ойын;
  • жағымды эмоционалдық жағдай туғызу;
  • топпен жұмыс;
  • проблемалық оқыту.

Бастауыш сыныптарда бала үшін оқудың негізгі саласы ойын болып табылады. Ойын жəне ойын жағдайлары баланың жан-жақты ой-өрісінің дамуына да, тəрбиесіне де əсер етеді. Сонымен қатар əр түрлі педагогикалық мəселерді де шешуге көмектеседі. Информатиканы əр түрлі ойын əдістемесі негізінде өткізу өте пайдалы. Себебі бұл өзіне барлық жұмыс түрлерін қосып баланың шығармашылықпен жұмыс істеуіне, ой-өрісінің дамуына кең мүмкіндік береді.

Ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен əсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Оқушылар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатынын да біледі. Ойын оқу пəндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нəтижелер береді.

Жаңа ақпаратты іздеу үшін адамнан білім мен дағдының дамуын талап ететін қоғамға қызметтің жаңа əдіс-тəсілдері керек, оның өңдеуінің, басқа адамдарға көрсету, жаңа нысанның жəне үдерістің модельдеулері, өзіндік жоспарлау мен өз əрекетін құрастыру. Бірінші сыныптан бастап оқу, жазу дағдысымен қатар, компьютерлік техниканы күнделікті өмірде оқу құралы ретінде пайдалануды үйрету өте маңызды.

Бастауыш мектепте қазіргі ақпараттық технологиянының мүмкіндіктерін сауатты игеру ықпал етеді: танымдық қызметтің белсенділігіне; оқушылардың сапалы үлгерімінің көтермелеуіне; қазіргі бастауыш мектептің сабақтарында пайдалануға арналған электрондық оқу материалдардың көмегімен оқытудың мақсатына жету; кіші мектеп жасындағы оқушылардың өзіндік оқу жəне өз-өзін бақылау дағдысын дамыту; сабақта отырғандарда белсенділік пен талапшылдықтың көтермеленуі; оқушыларда ақпараттық ойлаудың дамуы; ақпараттық-коммуникациялық құзыреттіліктің қалыптасуы; бастауыш сынып оқушыларының компьютерде жұмыс жасағанда қауіпсіздік ережелерін сақтау дағдысын қалыптастыру.

Мектепте оқылатын информатика пəні қарқынды дамып келе жатқан информатика ғылымының мазмұнын құрайтын сан алуан мəліметтерді қамти алмайды. Дегенмен, мектеп пəні ретінде жалпы білім беру қызметін атқара отырып ғылымның мəнін ашатын, өте елеулі іргелі ұғымдар мен мəліметтерді, ұғымдарды қамтып, мектепте оқушыларды басқа ғылымдардың негізін оқып үйрену үшін сонымен қатар жастарды заманауи ақпараттық қоғамдағы болашақ қызмет пен өмірге дайындауға, қажет білім, біліктіліктерімен, дағдыларымен қаруландыруы тиіс [4].

Информатика оқушы қолына ақпаратты өңдеу, сақтау жəне тасымалдау құралын беретін пəн болып табылады. Сондықтан информатиканы дербес компьютерде жұмыс істемей үйрену мүмкін емес. Оқушылардың компьютерде өзіндік тапсырмаларды орындап, жеке жұмыс істеуі тиімді түрде өтуі үшін əр түрлі деңгейдегі тапсырма, карточкалардың көлемді базасы болу керек. Осы карточкалық базаларды тұрақты түрде пайдалану оқушылардың шығармашылық белсенділігін, өзін- өзі бақылауын арттырып, практикалық сабақтардың да санын көбейтуге мүмкіндік береді. Ол оқушылардың білім сапасын жетілдірудің негізі деуге болады. Компьютерлік бағдарламалар арқылы əр түрлі есептер, ойындар, жобалар, суреттер салуға компьютерді меңгерген кез келген адамның мүмкіндігі болады. Пəнге қызыққан оқушы ғана белсенділік танытатыны бəрімізге белгілі, сондықтан оқушылардың сабаққа ынтасының жоғары болуы, жоғарғы деңгейде көрінуі ұстазға жүктелетін міндет. Қазіргі кезде оқушылардың компьютерге деген қызыңушылығы басым. Сабаққа алғаш келген күннен бастап компьютер туралы көп білгісі келеді. Бала үшін компьютермен жұмыс жасау, олардың жаңа технологияларды меңгеріп, сауатты жазып үйренуіне, компьютердің құрылысы туралы алғашқы ұғымдарды білуге жетелейді.

Бастауыш мектепте информатика жəне ақпараттық технологияны оқыту келесідей мақсаттарға жеткізеді:

  • қоршаған ортаның ақпараттық тасқындарын бағалау дағдысының дамуы;
  • ақпараттың тəжірибелік əдісін меңгеру: ізденіс, талдау, өзгеріс, жіберу, ақпаратты сақтау жəне оны оқу барысында немесе күнделікті өмірде қолдану;
  • алғашқы компьютерлік сауаттылықтың жəне ақпараттық мəдениет элементтерінің қалыптасуы;
  • ақпараттармен алмасу дағдысының дамуы, бар техникалық құралдармен жұмыс жасау (телефон, компьютер т.б.). Кіші жастағы мектеп оқушыларына мақсатты түрде тек қана компьютерлік сауаттылықта ғана үйретіп қоймай, информатика негіздері туралы алғашқы білімдер беру, негізгі білімдерін қалыптастыру жəне жұмыс істеу əдісін үйрету;
  • ақпаратты өңдеу аймағындағы компьютердің мүмкіндіктері туралы түсінік қалыптастыру (компьютер сурет салуда, есептеуде, жазуда), ақпараттарды сақтау (компьютер суреттерді, сандарды, мəтіндерді сақтап қалады) жəне ақпараттарды жіберу (адамнан компьютерге, компьютерден компьютерге, компьютерден адамға);
  • негізгі ұғымдармен танысу: ақпарат, тіл, білім, қалып, алгоритм, құрылым жəне т.б.;
  • пернетақтамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру (мəтін теру, сандарды теру, қозғалысты жəне нысанның дисплей экранындағы тіркелімін басқару, мəзір бойынша жұмыс істеу тəртібін таңдау). Информатиканың əдістерін көрсететін жұмыстың əдіс-тəсілдерін меңгеру: формалдауды (компьютерде орындалуын бағдарлаумен тапсырманың шарты мен оны шешуді сипаттау), алгоритмдеуді («тарамдау», «талғам», «топтама» сияқты қарапайым құрылымдық жауаптар), компьютерді қолдану арқылы қарапайым тапсырмаларды шешу (ауа райын, өсімдіктер мен жануарлар өмірін бақылау барысында компьютерлік күнделік жасау).

Компьютерді оқыту білім алушыларға компьютерлік сауаттылықты үйретумен ғана шектеліп қалмай, алгоритімдік ойлау, логикалық ойлау дағдысын қалыптастырады. Бастауыш сыныпта информатика курсын оқытуда оқу-əдістемелік жинақтамалармен жүргізілетін түрлі жолдары бар.

Бастауыш сыныпта информатика пəнінде оқытушылар əрбір оқушының жеке мүмкіншіліктерін ескере отырып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беретін келесідей əдістер мен сабақ түрлерін ұсынады:

  • диалогтар;
  • топпен жұмыс;
  • ойын əдістері;
  • ақпараттық минуттар;
  • эвристикалық тіл табу.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушы мен мұғалім арасындағы зерттеушілік, эвристикалық сипаттағы іс-əрекетіне байланысты жүзеге асыруға болады. Оқушылардың есте сақтау зейіндік қабілеттерін дамыту, пəнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақты шығармашылық, ізденушілік жұмыстары арқылы өткізген өте тиімді. Ол үшін оқушылар алдын ала берілген тақырып бойынша ізденіс жұмысын жүргізеді. Оқушылар берілген тақырыптар бойынша өз беттерімен ізденіп, алған білімдерін бір-біріне түсіндіре отырып, компьютерде тапсырмалар орындайды. Əр сабақта жеке бағалау парағы бойынша барлық оқушылардың білімі бағаланады [5].

Компьютерлік технологияны қолдану сабақ мазмұнын кеңейтуге мүмкіндік береді. Нəтижесінде кіші жастағы мектеп оқушыларында шаршағыштық сезімі төмендеп оқу үдерісі еркін түрде жəне тез өтіп кетеді. Бала шығармашыл, бастамашыл болады, оқу үдерісінің жақсы өтуіне ықпал ететін психикалық үдерістер (ойлау, қабылдау, көңіл аудару, жадыда сақтау, қиял) іске қосады. Балада білім алуға көмекші құрал ретінде компьютерді пайдалануға деген қажеттілік қалыптасады.

Бұдан ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу жəне бейнелеуді қамтамасыз ететін бірыңғай технологиялық тізбекке біріктірілген əдістер, өндірістік үдерістер жəне программалық техникалық құралдар жиынтығы, ол өз кезегінде ақпараттық ресурстарды пайдалану үдерісінің оңтайландырады, сондай-ақ оның сенімділігі мен жылдамдығын арттыратын құралдар болып табылатынды дей келе, оған Д.Н. Исабаева төмендегідей анықтама береді: «Ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары компьютерлік техника мен желілерді қолдану негізінде ақпараттық үдерістерді жүзеге асыруға бағытталған аппараттық жəне программалық құралдар» [6].

Білім беру жүйесіндегі ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарды аппараттық жəне бағдарламалық құралдарға бөлуге болады. Төмендегі кестеде аппараттық жəне бағдарламалық құралдардың түрлері көрсетілген.

 Аппараттық жəне бағдарламалық құралдардың түрлері К е с т е

  Аталған құралдарды өзінің ерекше қызметімен қатар, оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың құралы ретінде қамтамасыз ету мəселесі де өзекті болып отыр. Бұл ақпараттық- коммуникациялық технология құралдарын бастауыш мектептің оқу үдерісіне қолдануды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қайта қарауды қажет етеді.

Оқыту үдерісіне аталған құралдарды қолдану қазіргі психологиялық жəне педагогикалық ғылымдардың мəліметтеріне негізделе отырып, оқыту қағидалары мен мазмұны оңтайландырылған жағдайда ғана дидактикалық қағидалар жүйесіне бағынады. Мұндағы негізгі мəселе дəстүрлі дидактикалық қағидаларды ауыстыруда емес, кез келген жағдайда оны тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін, дəлірек айтқанда, оқыту үдерісі дербес компьютердің көмегімен ұйымдастырылған жағдай үшін дидактикалық қағидалардың жаңа мазмұнмен толықтырылып, қайта қаралуында болып отыр. Білім мазмұны негізінен оқыту қағидаларына сүйеніп таңдалады. Төменде бастауыш мектеп оқушыларының оқу үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастыру мазмұнын анықтауға негіз болатын оқытудың жалпы дидактикалық қағидалары көрсетілген:

  • теория мен практиканың байланыстылығы қағидасы бойынша бастауыш мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру мазмұны теория мен тəжірибені байланыстырыла отырып берілуі тиіс. Қазіргі бастауыш мектепте оқушының интербелсенді, қызығушылықпен өзіндік жұмыс жасауына ерекше мəн беріліп келеді. Ал оқыту үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын пайдалану оқушылардың ынта-ықыласын, танымдық қызығушылығын, эвристикалық, шығармашылық іздену қызметін қалыптастыруға бағытталады. Сондықтан аталған құралдар арқылы берілген проблемалық-ізденуші жəне зерттеушілік тапсырмалар теория мен практиканың байланысын көрсететіндіктен, ұсынылған қағиданы толық іске асыруға мүмкіндік береді;
  • ғылымилық қағидасы, кейінгі кезде бастауыш мектеп оқушыларының ғылыми жұмыстарды жаза білу, зерттеу жұмыстарының нəтижесін шығару, сонымен қатар оқыту үдерісінде соңғы ғылыми жетістіктердің болуымен анықталады. Оқу материалына ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары арқылы ғылыми танымның негізгі əдістері: эксперимент, салыстыру, бақылау, абстракциялау, жалпылау, нақтылау, ұқсастық, индукция жəне дедукция, талдау жəне синтез, модельдеу жəне жүйелі талдау жүргізілетіндей болуымен сипатталады;
  • жүйелілік жəне бірізділік қағидасы мұғалім оқу материалын бірыңғай жүйемен əрбір соңғы ғылыми қағиданы кейінгі сабақтарда өрістетіп, өткен мен жаңа материалдарды сабақтастырып отырса, оқушылар білімді сапалы, саналы, əрі баянды түрде меңгеретіндігімен анықталады. Мұны ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарын қолдану арқылы жүзеге асыруға болады, өйткені бұл құралдар арқылы ақпаратты оқу материалының логикасына жəне оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне негізделіп, тізбектелген түрде беруге мүмкіндік береді. Мұнда мұғалім оқу материалдарының ішінен өзекті мəселелерді іріктеп, оқушылардың санасына сіңіре білуі керек. Бұл орайда оқушы аталған құралдармен жұмыс жасау барысында оқытудағы жүйелілікті, тізбектілікті өзі ұйымдастырады;
  • пəнаралық байланыс қағидасы бастауыш сынып оқушыларының аталған құралдар арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы негізгі қағидалардың бірі болып табылады. Тек қана бір пəн бойынша берілген оқу мазмұнын меңгеру танымдық қызығушылығын қалыптастыруға мүмкіндік бермейді. Əр түрлі пəннен алынған білімді тəжірибеде жəне білімнің əр түрлі саласында қолдану арқылы оқушылардың білімі нақтыланады, танымдық қызығушылығы қалыптасады. Пəнаралық байланысты жүзеге асыру бүгінгі таңда аталған құралдарды қолдану арқылы нақты болмыста кездесетін күрделі мəселелерді шешуге болады. Бұдан басқа, ақпараттық- коммуникациялық технология құралдары арқылы неғұрлым материал əр түрлі пəндер бойынша біліммен, əрі күнделікті өмірмен байланыстырылып берілсе, соғұрлым оқу материалы жақсы меңгерілетін мүмкіндігінің де бұл қағиданы жүзеге асырудағы орны зор;
  • лайықтылық қағидасы, ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары арқылы түсіндірілетін оқу материалы оқушылардың физиологиялық жəне психологиялық ерекшеліктеріне сəйкес, оқу уақытына өлшеніп берілуімен анықталады;
  • жағымды мотивация жəне оқытуда эмоционалдық климат құру қағидасы, олар білім мазмұнын оқытудың ішкі түрткілерін ынталандыру негізінде: қызығу, қажеттілік, тануға ұмтылысы. Ақпараттық құралдар арқылы танымдық қызығушылықты қалыптастыруда оқу мазмұнының эмоционалды қызықты болуымен жəне мұғалім сабақты оқушылардың есінде қалатындай тартымды өткізуі тиістігімен сипатталады;
  • мəдениетке сəйкестік қағидасы, қазір ақпараттық қоғам бастауыш мектептен бастап оқушылардың бойында ақпараттың ағынымен жұмыс істеуге деген қабілеттіліктің, компьютерлік сауаттылықтың, құзырлылықтың, ақпаратты мəдениеттіліктің болуын талап етуге бетбұрыс жасағандықтан, бұл қағида аталған тетікті жүзеге асыруға көмектеседі.

Кез келген халықтың мəдениеті өмір сүріп отырған қоғамына байланысты дамиды. Мəдениетке сəйкестік мəні, ең алдымен, өсіп келе жатқан жас ұрпақты ақпараттық қоғамдағы ұлтымыздың мəдениетінің байлығымен, халықтың болмысымен, салт-дəстүрімен таныстыру, өмірмен 

байланыстыру, өз деңгейінде ақпаратпен сауатты жұмыс жасай білуге баулудың негізінде танымдық қызығушылық қалыптасады.

Оқушылардың толыққанды мəдениетті болуын қамтамасыз ету оның барлық компоненттерін ескеретін кешенді оқу-тəрбие үдерісінде ғана мүмкін болады. Оқу үдерісіне ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалануға мұғалімдерді дайындау барысында оқыту құралдарының негізгі мүмкіндіктерін пайдаланудың міндетті білім көлемін, іскерлік пен дағдылардың қамтамасыз етілуі тиіс. Ол, ең алдымен, əдістемелік, ғылыми көзқарас, жалпы мəдени, гуманитарлық, арнайы жəне əдістемелік аспектілерді қамтитын ақпаратты өңдеу үдерісінің мəнін түсіну болып табылады.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының      Білім     туралы     Заңы,     Астана,          —     [ЭР].     Қолжетімділік     тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1100000487
  2. Бидайбеков Е.Ы. Информатиканы оқыту əдістемесі. — Алматы, 2011. — 47-б.
  3. Əбішева Д. Бастауыш сыныпта информатика пəнін енгізудің қажеттілігі // Информатика негіздері. — — № 8.— 13-б.
  4. Мыңжасарова М.Ж. Бастауыш сынып оқушыларына информатиканы оқытудың ерекшеліктері // Бастауыш мектеп.—2012. — № 10. — 7–8-б.
  5. Шокибаева Р. Жаңа ақпараттық технологияларды сабақ барысында қолдану // Информатика негіздері. — № 11. — 3-б.
  6. Исабаева Д.Н. Кіші мектеп жасындағы балалардың танымдық қызығушылығын ақпараттық-коммуникациялық технология құралдары арқылы қалыптастыру əдістемесі // 12 жылдық мектеп мұғалімін кəсіби даярлаудың проблемалары: Респ. ғыл.-практ. конф. материалдары. — Алматы, 2008. — 317–321-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.