Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Педагогикалық кадрларды дайындауда дуалды оқыту жүйесін енгізу жəне жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту əдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі (НЗМ) оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нəтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс», — деп атап көрсеткендей, жоғары білім беру жүйесін жетілдіру қажеттілігі туындауда [1].

Əлемдік бəсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін педагогикалық білім беру жүйесіне дуалды оқытуды ендіру қажеттілігі туындауда. Дуалды оқыту барысында теорияның практикамен ұштастырылуы жүзеге асады. Дуалды оқыту алғаш Германияда пайда болып, негізі қаланды. Дуалды оқыту жүйесінің кəсіби мамандар даярлауда тиімділігі мен нəтижелілігі зор екендігі əлемдік тəжірибеде дəлелденген (Германия, Австрия, Швейцария т.б).

Кəсіби мектеп пен өндірістің өзара тиімді байланысын, өндірістегі кəсіби оқыту экономикалық рентабельділігін У.Грайнерт, Ф.Кюберт, Ф.Липцмайер, Г.Пуэтц А.Шелтен, Г.Шмидт, К.Штратман зерттеген. Кəсіби білім берудің дуалды формасының даму тарихын қарастырғандар: Р.Ф.Хенсен, У.Хиппэх-Шнайдер, Г.Вланкертц, Д. Бунк, Г.Абел, Г.Бланкерц, У.Грайнерт, Д.Грюнер, К.Койниг, К.Куэмелл, А.Липцмайер, П.Мюнч, Г.Шнайдер, К.Штратман, С.Тиссен.

Дуалды оқыту жүйесі ТМД елдерінде де кеңінен зерттеліп, кəсіби-техникалық білім беру процесінде ендірілуде [2–8].

Еліміздің педагогикалық жоғары білім беру жүйесіне дуалды білім беруді енгізу бойынша алғашқы қадамдар жасалуда. Себебі қазіргі таңда республикада 16 Назарбаев Зияткерлік мектебі ашылғанымен, ешбір педагогикалық жоғары оқу орындары Назарбаев Зияткерлік мектебіне арнайы маман дайындап жатқан жоқ.

Сондай-ақ орта мектептерде жұмыс жасайтын дарынды мұғалімдер НЗМ-не ауысуынан білім беру сапасының төмендеуі, білікті педагог кадрлардың тапшылығы орын алуда.

Қазіргі кезеңде бəсекеге қабілетті педагог кадрларды даярлау үшін педагогикалық жоғары оқу орындарында дуалды оқыту жүйесін енгізу қажеттілігі туындауда:

  1. Жоо барлық мамандықтар бойынша көптілді маман даярлануы тиіс.
  2. Білім сапасын арттыру үшін болашақ маман оқытудың заманауи технологияларын тек теориялық тұрғыдан емес, НЗМ базасында тəжірибеден сынақтан өте отырып, кəсіби біліктілікті меңгеруі тиіс.

Елімізде дуалды оқыту жүйесі техникалық, ауылшаруашылық, көлік, мұнай жəне газ, химиялық өндіріс мамандарын дайындайтын оқу орындарында ендіріле бастады. Жалпы 2014–2015 оқу жылында көптеген кəсіптік-техникалық оқу орындары дуалды оқыту жүйесіне көшті. Бірақ Қазақстанның бірде-бір педагогикалық жоо-да дуалды білім беру жүйесі ендірілмеген.

Шет елдерде дуалды оқыту жүйесіне бөлетін инвестициялық қаржысы таң қалдырады. Германияның көптеген өндірістерінде оқытудың дуалды жүйесі өскелең ұрпақтан резерв дайындауда ажырамас бөлігі болып тұр. Өндірістің бұл бағытта көрсететін белсенді əрекеті көпқырлы, кең көлемді жəне берік: жыл сайын кəсіби білім беру жайлы жарты миллионға жақын келісім жасалады.

Осындай өзекті мəселені шешу үшін «Жоғары педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: педагогикалық кадрларды дайындауда Тараз мемлекеттік педагогикалық институты мен Тараз қаласындағы НЗМ-нің инновациялық ынтымақтастығы негізінде дуалды оқытуды ендіру жəне жүзеге асыру» қанат қақты жобасы қолға алынды.

Жобаның мақсатыТараз мемлекеттік педагогикалық институты мен Тараз қаласындағы НЗМ-нің инновациялық ынтымақтастық байланысы негізінде білікті педагогикалық кадрларды дайындауда жоғары педагогикалық білім беру жүйесіне дуалды оқытуды ендіру жəне жүзеге асырудың теориялық-əдіснамалық негіздерін анықтау, əдістемесін жасау.

Жоғары педагогикалық білім беруде дуалды оқытуды жүйесін ендіру жағдайында «Мектеп — ЖОО — Зияткерлік мектеп» интегративті байланысын орнату үшін жоғары оқу орнының базасында «Педагогикалық шеберлік» орталығы ашылады, «Жоғары оқу орнында дуалды білім беру жүйесі» 3 + 1 білім беру бағдарламасы жасалынады. Болашақ педагогтар жоғары білім берудің бакалавр деңгейінің 1–3 курстары теориялық білім алуға, соңғы курсы толықтай практикаға арналады.

Жобаны мақсатына қол жеткізу үшін төмендегідей əдістер пайдаланылады: тұлғаны дамытуға бағытталатын оқытудың Кембридж əдісі, интерактивті əдіс, рефлексия, миға шабуыл, психологиялық-педагогикалық тренингтер.

Жобаның міндеттері:

  1. «Жоғары оқу орнында дуалды білім беру жүйесі» білім беру бағдарламасын жасау;
  2. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты мен Тараз қаласындағы НЗМ-нің инновациялық ынтымақтастық байланысының моделін жасау, интегративтік əдіснамасын айқындау жүзеге асыру тетіктерін анықтау.
  3. Жоғары оқу орнының базасында дуалды білім беру жүйесін ендіру арқылы Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында инновациялық іс-тəжірибесін үйрену, зерттеу, ендіру, қолдану, насихаттау жəне орта білім беретін мектептерде НЗМ-нің озат іс-тəжірибесін пайдаланудың жолдарын ашу; «Мектеп — ЖОО — Зияткерлік мектеп» əдістемелік-желілік байланысын орнату.
  4. Қазақстан Республикасының жоғары білім беруде дуалды оқыту жүйесін ендіру мен оны жүзеге асырудың əдістемесін жасау.

Күтілетін нəтижелер:

  1. Педагогикалық жоғары оқу орны мен НЗМ-нің инновациялық ынтымақтастық байланысынының интегративтік теориялық-əдіснамалық негіздері анықталады.
  2. Жоғары оқу орнының базасында дуалды білім беру жүйесін ендіру арқылы НЗМ базасында инновациялық іс-тəжірибесін үйрену, зерттеу, ендіру жəне орта білім беретін мектептерде НЗМ-нің озат іс-тəжірибесін тиімді пайдалану үшін «Жоғары оқу орнында дуалды білім беру жүйесі» білім беру бағдарламасы жасалынады.
  3. НЗМ-нің іс-тəжірибесін енгізуге арналған аймақтық «Педагогикалық шеберлік» орталығы ашылады.
  4. Жоғары оқу орнының базасында дуалды білім беру жүйесін ендіру арқылы НЗМ-і базасында инновациялық іс-тəжірибесін үйрену, зерттеу, ендіру, қолдану, насихаттау жəне орта білім беретін мектептерде Назарбаев Зияткерлік мектебінің озат іс-тəжірибесін пайдаланудың жолдары ашылады;

«Мектеп — ЖОО — Зияткерлік мектеп» əдістемелік-желілік байланысы орнатылады.

  1. Қазақстан Республикасының жоғары білім беруде дуалды оқыту жүйесін енгізу мен оны жүзеге асырудың əдістемесі жасалынады. Осы жобаны жүзеге асыру барысында педагогикалық жоғары оқу орнының студенттері мемлекеттік практиканы НЗМ базасында өтеді, оның теориялық бөлімін НЗМ оқытушылары дəріс оқып, НЗМ-нің іс-тəжірибесін енгізуге арналған аймақтық «Педагогикалық шеберлік» орталығы ашылады.

Жоо-ның студенттері НЗМ-де жұмыс жасап жатқан шетелдік ғалымдардың өзінен дəріс алады; екіншіден, болашақ педагогтар теорияда алғанын НЗМ-нің тəжірибесінен өткізе алады; үшіншіден, осы дəріске жоо-ның мұғалімдері мен жалпы орта білім беретін мұғалімдері де қатыса алады; төртіншіден, On-line режимінде өзара əдістемелік көмек, ақпарат, тəжірибе алмасуға толықтай мүмкіндік туады; бесіншіден, болашақ мұғалімдер, жоо-ны оқытушылары шетелдік ғалымдармен бірлесе білім сапасын арттыруда инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жол ашылады.

Қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін төмендегідей əдіс-тəсілдер пайдаланылады. Зерттеу нəтижелерін өлшеу, анықтау жəне тіркеу үшін эмпирикалық əдістер қолданылады. Ол үшін хронометраж бақылау, алынған фактілер мен жағдаяттарды талдау, əңгімелесу жəне сұхбаттасу, педагогикалық құжаттарды талдау жəне іс-əрекет нəтижесін бағалау, педагогикалық тəжірибиені жалпылау, салыстырмалы педагогикалық жəне əлеуметтік педагогикалық əдістер, педагогикалық тестілеу, педагогикалық эксперимент жəне т.б. əдістер пайдаланылады.

Сондай-ақ жоба аясында алынған мəліметтерді өңдеудің статистикалық əдісі пайдаланылады: сапалық ранжирлеу, корреляциялық əдіс, факторлық анализ, математикалық-статистикалық əдістер, бағалау, диагностикалау жəне сапалық жүйелеу, топтастыру, синтездеу, бағалау, педагогикалық талдау жəне т.б.

Осы аталған əдістердің ең тиімдісі интерактивті əдістері: рефлексия, өзіндік рефлексия, миға шабуыл, оның ішінде психологиялық-педагогикалық тренингтер, себебі креативті тұлғаны қалыптастыру мəселесі жан-жақты қарастыруды қажет етеді. Ұсынылған əдістеменің артықшылығы сол — қойылған мақсатқа жету үшін отандық жəне шетелдік педагогиканың қол жеткен жетістіктерін озық тəжірибелерін пайдаланған жөн. Атап айтқанда, тұлғаны қалыптастыру процесі заман талабына сəйкес өзара бірлікте өзгеріп отырады жəне бұл процесс ұдайы өзгерісте болады. Осыған сəйкес оқытудың əдіс-тəсілдері де өзгереді. Сондықтан дəстүрлі əдіс-тəсілдерді қолдану нəтижесінде қол жеткен əдіс-тəсілдер инновациялық бағытта үнемі жетілдіруді қажет етеді.

Жобаның ұлттық жəне халықаралық деңгейдегі маңыздылығы жоғары, себебі, біріншіден, жоо- ның студенттері НЗМ-де жұмыс жасап жатқан шетелдік ғалымдардың өзінен дəріс алады; екіншіден, болашақ педагогтар теорияда алғанын НЗМ-нің тəжірибесінен өткізе алады; үшіншіден, осы дəріске жоо-ның мұғалімдері мен жалпы орта білім беретін мұғалімдері де қатыса алады; төртіншіден, онлайн-режимінде өзара əдістемелік көмек, ақпарат, тəжірибе алмасуға толықтай мүмкіндік туады; бесіншіден, болашақ мұғалімдер, жоо-ны оқытушылары шетелдік ғалымдармен бірлесе білім сапасын арттыруда инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жол ашылады.

Əлеуметтік сұраныс жəне (немесе) жобаны жүзеге асырудағы экономикалық жəне индустриалды қызығушылықты жəне оның нəтижесін алу:

  • НЗМ-і арнайы дайындалған білікті педагогтарға жоғары сұранысқа ие болып отыр;
  • болашақ педагогтар бакалавр дипломымен қоса кəсіби біліктілік дəрежесін (сертификат) алып шығады;
  • НЗМ-дер педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етіледі;
  • ең бастысы, «МЕКТЕП – НЗМ – ЖОО»-да білім сапасы артады.

Ғылым мен технологияның дамуына алынған нəтижелердің əсері жəне күтілетін əлеуметтік жəне экономикалық əсер:

  • білікті маман дайындауға жұмсайтын уақыттың көлемін азайтып, бөлінетін қомақты қаржыны анағұрлым дəрежеге дейін үнемдей аламыз;
  • қоғамның бүгінгі    сұранысын   қанағаттандыратын   бəсекеге    қабілетті,   инновациялық технологияларды тиімді пайдалана алатын жоғары білікті маман даярланады.

Дуалды оқыту жүйесінде, бір жағынан, кəсіптік мектеп немесе жоғары оқу орны, екінші жағынан, білім беретін мекеме, өндіріс орындары бірлесе жұмыс жасайды. Екі мекеме де бір-біріне тəуелсіз серіктес бола алады. Ең бастысы, дуалды оқыту жүйесінде білім алған студенттер өндірістік практикадан өткен мекемеде жұмысқа қалдырылады.

Дуалды оқыту жүйесі бойынша əлемде Германия көш бастап келеді. Германияның оқыту жүйесі өмірлік тəжірибе арқылы дəлелденген жəне Еуропалық одақта үлгі ретінде қабылданған. Дуалды оқыту жүйесін практикаға алғаш ендірген мемлекет ретінде танылған Германияда Еуроодаққа кіретін мемлекеттерге қарағанда, жастардың ішінде жұмыссыздық деңгейі өте төмен жəне экономикасы жоғары дамыған.

Оқыту мерзімінің 2/3 бөлігі өндірістік (мектептік) практикаға, қалған 1/3 бөлігі кəсіптік- теориялық білім алуға жұмсалады. Бұл оқытудың дуалды жүйесі тек қана Германияда емес, Австрия мен Швейцария мемлекеттерін де тиімді жүзеге асырылуда. Ал Швейцарияның жұмысшы күшінің мониторингтік сапа, Халықаралық институтының бағалауынша, Германия кəсіптік білім беру жүйесі кадрлардың біліктілік деңгейі бойынша көшбасшы мемлекет ретінде танылады.

Оқытудың оқу бағдарламасы жұмыс берушінің сұранысы бойынша жасалынады, пəн бойынша оқу материалының көлемін бір мамандық шеңберінде қарастыруға мүмкіншілік бар. Оқытудың практикалық жəне теориялық бөлімдеріне бірдей уақыт бөлінеді. Дуалды оқытудың германдық бағдарламасының мерзімі 2-ден 3,5 жыл аралықты қамтиды.

Германияның дуалды оқыту жүйесі негізінен өндірістік жəне технологиялық секторға бағытталған, ал гуманитарлық бағытта қарастырылмайды.

Ал, біздің ұсынатын жобаның ерекшелігі — дуалды оқыту жүйесін гуманитарлық бағытта, оның ішінде педагогикалық мамандықтарға қатысты қарастыру.

Жобаның ұлттық жəне халықаралық деңгейдегі маңыздылығы жоғары:

  • жоо-ның студенттері НЗМ-де жұмыс жасап жатқан шетелдік ғалымдардың өзінен дəріс алады;
  • болашақ педагогтар теорияда алғанын НЗМ-нің тəжірибесінен өткізе алады;
  • НЗМ базасында шетелдік ғалымдар оқитын дəріске жоо-ның мұғалімдері мен жалпы орта білім беретін мұғалімдері де (тегін) қатыса алады;
  • онлайн-режимінде өзара əдістемелік көмек, ақпарат, тəжірибе алмасуға толықтай мүмкіндік туады;
  • болашақ мұғалімдер, жоо-ны оқытушылары шетелдік ғалымдармен бірлесе білім сапасын арттыруда инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жол ашылады;
  • мемлекет педагог кадрларды дайындауға жəне олардың біліктілігін арттыруға жұмсайтын уақыт көлемін, оған бөлінетін қомақты қаржыны анағұрлым дəрежеге дейін үнемдейді;
  • қоғамның бүгінгі    сұранысын   қанағаттандыратын   бəсекеге    қабілетті,   инновациялық технологияларды тиімді пайдалана алатын жоғары білікті маман даярланады;
  • жоғары педагогикалық білім беру жүйесіне дуалды оқыту жүйесін ендіруде болашақ педагогтар ТарМПИ-де ашылатын «Педагогикалық шеберлік» орталығында біліктілікті арттырудың бірінші деңгейін тегін игеріп, болашақта білім сапасын арттыра алатын, өзін-өзі жетілдіретін креативті құзыреттілігі қалыптасады.

Назарбаев Зияткерлік мектебі мен педагогикалық жоғары оқу орнының бірлескен мақсаты — бəсекеге қабілетті жаңа тұрпатты мұғалім даярлау. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Назарбаев Зияткерлік мектебінің ғылыми-əдістемелік бірлестігі мен педагогикалық жоғары оқу орнының ғылыми-əдістемелік кеңесі бірлескен ғылыми-əдістемелік кеңес құруы қажет (сур. қара).

НЗМ базасында орналасқан педагогикалық шеберлік орталығы осы мектептің базасында тəжірибеден өтіп жатқан болашақ мұғалімдер мен олардың тəлімгерлері-педагогикалық жоо оқытушыларының біліктілігін арттыратын инновациялық зертхана төмендегідей бағыттар арқылы жұмыс жасауы қажет:

  • оқу-əдістемелік жұмыс;
  • ғылыми-зерттеу жұмыс;
  • ғылыми-эксперименттік жұмыстар.

Инновациялық зертханада ғалым-оқытушылар НЗМ мұғалімдерімен бірлесе отыра элективті курстардың оқу бағдарламасын жасайды; авторлық бағдарлама ұсынады; оқулық, оқу-əдістемелік құрал даярлайды жəне т.б.

Инновациялық зертхана мүшелері білім сапасын арттыру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді, авторлық инновациялық технологияларды сынақтан өткізеді.

Инновациялық зертхана мүшелерімен педагогикалық оқу, педагогикалық семинарлар конференциялар, дөңгелек үстел, теориялық-əдіснамалық семинарлар, инновациялық жоба тұсаукесер жасалынады.

  Сурет. «Педагогикалық жоғары оқу орны — Назарбаев Зияткерлік мектебі» кешенінің бірлескен инновациялық жұмыстар жүйесі

НЗМ педагогикалық жоғары оқу орнының эксперименттік алаңы болуы керек:

  • ғалым-оқытушылар өз зерттеулерін, ашқан жаңалықтарын алғаш рет өз эксперименттік алаңында зерттеуден сынақтан өткізуі қажет;
  • ғалым-оқытушылар өздері ашқан инновациялық технологияларын өздері сабақ беріп, НЗМ мұғалімдеріне тəжірибе жүзінде көрсетулері керек;
  • педагогикалық жоғары оқу орны ғалымдары тікелей НЗМ-не келіп, мектеп мұғалімдерімен ынтымақтастықта жұмыс жасауына, мектептің бүгінгі күнгі өзекті проблемаларын шешуге, бірлесе ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге атсалысады.

Сондай-ақ педагогикалық жоо-ның ғалымдары үшін НЗМ базасында жұмыс жасап жатқан шетелдік ғалымдармен бірлесіп, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады.

Педагогикалық жоғары оқу орнының инноватор-ғалымдары НЗМ-нің əдістемелік кеңесінің белді мүшесі болуы қажет:

  • НЗМ педагогикалық ұжымы педагогика саласындағы заманауи технологияларды таныстырып, өз іс-тəжірибесімен бөлісіп, теориялық жəне практикалық семинар, педагогикалық- психологиялық тренингтер, педагогикалық оқулар өткізіп тұруы қажет;
  • болашақ мамандар НЗМ қабырғасында педагогикалық практика барысында оқытудың Кембридж əдістерін меңгеруге толықтай мүмкіндігі болады.

Нəтижесінде білім сапасын арттыруға үлесін қосатын технологиялар мен ғылыми жобалар оқу үрдісін басқа қырынан қарауға мүмкіндік туғызады.

Жоғары педагогикалық оқу орны мен НЗМ сапалы маман дайындау үшін бірлесе, ынтымақтастықта жұмыс жасағаны жөн. Ал бұл өз кезегінде жалпы білім беретін мектептің сапасыз мамандар үшін жоо-нын кінəлауды болдырмайды жəне кейбір орын алатын кемшіліктерін дер кезінде жоюға, алдын алуға жол ашады жəне кері байланыстың болуын толықтай қамтамасыз етеді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: poslanie-prezidenta kazakhstan 2014-g
  2. Грайнерт В.Д. Организаторская модель и концепции в высшем образовании. — Штутгарт,
  3. Корнетов Г.Б. ГФР дуалды кəсіби білім беру жүйесінде білім алушы персоналды дайындау мен оқытудың педагогикалық ерекшеліктері. — Екатеринбург: Академия, 2001. — 210-б.
  4. Корягина Е.В. Образование: идеалы и ценности (историко-теоретический аспект). — М.: Просвещение, — С. 139.
  5. Савина М.С. Образование: идеалы и ценности (историко-теоретический аспект). — М.; Ростов н/Д., 2003. — С.
  6. Федотова Е.Е. Оқушылардың кəсіби талғамын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның байланысының педагогикалық негіздері. — М.; Ростов н/Д, 2001. — 146-б.
  7. Федотова О.Д. ҒТП жағдайындағы ГФР мен Швейцарияда жастарға кəсіби дайындық беру. — М.: Просвещение, 2003. — 120-б.
  8. Германия мен ГФР педагогиканың теориялық-əдістемелік негіздері (XX ғ. аяғы мен XX ғ. 90 жж.). — М.: Просвеще- ние, 2001. — 145 б.

  

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.