Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мультимедиалық оқу əдісінің бірі ретінде физикалық процестерді модельдеуді қолдану мүмкіндіктері

Қазіргі уақытта қоғамның қажеттілігіне сай білім беру жүйесіне жəне оқыту əдісіне енгізілген өзгерістер нəтижесінде технологияның маңызы зор. Модельдеу — табиғатты түсінудің тиімді жолы.

«Физика» сөзінің жəне бір мағынасы — ол табиғат процестерінің моделі, яғни қандайда бір зерттеу нысанын оқып-үйрену барысында, алдыңғы зерттеу нысанын алмастыратын басқа зерттеу нысанын қолдану. Зерттеу нысандарының сипаттамаларын біліп алу немесе анықтап алу үшін, басқаруды жақсарту немесе нұсқа жөнінде сəйкес болжамды тексеру үшін, жаңадан құрастырылатын нысандарды жасау тəсілдерін тиімді ету үшін модельдерді зерттеу нəтижесін пайдалану əдістерінің жиыны.

Кредиттік технология формасы бойынша оқып үйрену дəстүрлі оқу жүйесіне қарағанда толықтай қысқартылған. Негізгі ақпарат алу əдісі біржақты коммуникация бойынша жүреді: оқытушы білімді өңдейді, ал білім алушы жүзеге асырады. Негізгі үйрену көзі — педагог тəжірибесі. Ал, кейде екі жақты коммуникация да болады (1-сур.):

  1-сурет. Екі жақты коммуникациялар сызбасы   

Осы əдіспен оқып үйренудің негізгі кемшіліктері

  1. Дəріс уақытында білім алушының пассивті болуы, оның функциясы — тыңдау ғана. Америкалық зерттеушілер Р. Карникау жəне Ф. Макэлроу: адам оқыған нəрсенің 10%-ын, 20% — тыңдағанын, 30% — көзбен көргенін, 50% — көріп жəне естігенін, 80% — өзі не айтса сол, ал 90% — практика барысында есте сақталады деп сендіреді.
  2. Біржақты коммуникацияны тек ақпарат аз кезінде ғана, яғни лектордың айтуынан, басқа əдіспен ала алмайтын кезде іске асады.

Осы кедергілерден шығу үшін біз көпжақты коммуникация ұйымын құру керек. Көпжақты коммуникация формасын ұйымдастырған кезде дəстүрлі оқу формасынан келесі артықшылықтарға жететін болады:

  • барлық қатысушылардың белсенділігі;
  • тепе-теңдік;
  • басқару мен бақылаудың репресcивті болмауы;
  • білім алушының білімін оқу процесіне енгізу.

Бірақ оқу процесін бұлай ұйымдастырғанда мынадай мəселелер туындайды:

  1. Оқыту барысында білім алушыға əлеуметтік пайдалы білімді, мінез-құлық сипаттарын жəне сапасын қарым-қатынасты, тəртіп тəжірибесін өндіруде жеке тұлға өмірімен іс-əрекетін даму динамикасының ерекшеліктерін əр түрлі оқыту технологиясының спецификасын жəне жеке тұлғаның, қоғамның жəне мемлекеттің қажеттілігін ескеру.
  2. Тұлғаны емес, оның даму процесін басқару. Бұл мəселелерді шешу үшін:
  • біріншіден, орташаланған педагогикалық əсердің тəсілдерін қолдану, педагогикалық əдісті тиімді пайдалану;
  • екіншіден, диалогтық қарым-қатынас əдістерін қолдану, шындықты бірігіп шығару жолын іздеу;
  • үшіншіден, мультимедиалық оқыту əдістерін қолдану.

Оқу-тəрбие үрдісіне теориялық, іс-тəжірибелік талдаулар, оның тарихына пайымдаулар, ғалымдардың ойлары, əдіскер, тəжірибелі мамандардың пікірлері, озық, тиімді, оңтайлы ықпалдар, нəтижелер келесі тұжырымдама жасауға жеткізеді:

  • оқытудың техникалық құралдары — пассивті оқыту құралдары;
  • компьютерлік технологиялар — активті оқыту құралдары;
  • мультимедиалық технологиялар — интерактивті оқыту құралдары.

Пассивті оқытудың техникалық құралдары алдын ала даярланған, бағдарламаға, күнтізбелік тақырыптық жоспарға тікелей қатысты, мазмұны сай келетін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, ұлттық бірыңғай тесті, мемлекеттікаралық бақылауға сəйкес мазмұндағы оқу- ақпараттық материалдарды оқытушы ұсынуға мүмкіндік беретін оқыту құралдары.

Активті оқытудың техникалық құралдары алдын ала даярланған оқу материалдарын кері байланысқа, сұрақ-жауаптарға, бағдарламаға қатысты өзі ізденіп жауап беру, ойластыру, жауаптарын байқаудан өткізу — шəкірттің белсенділігімен жүзеге асырылатын оқыту құралдары.

Интерактивті оқытудың техникалық құралдары — шəкірттерге нақты оқу материалдарын ұсынып, ақпаратты өңдей, талдай, саралай білуге ұмтылыстары жəне берілген жауаптың негізінде өзі оқу материалдарын толықтырады, жеткілікті, тіпті ойдағыдай деңгейге сай мазмұнын құрылымдайды [1].

Біз мультимедиалық оқу əдісімен физикалық процестерді компьютер көмегімен модельдеуді ұсынамыз.

«Мультимедиа» термині бірінші рет 1965 ж. пайда болып, 70-жж. əр түрлі формадағы көріністер жəне ақпараттар, театрлық шоу ретінде, мысалы: слайдтар, кино, бейнетаспалар, аудиофрагменттер, жарық эффектілер жəне жанды дауысты музыкаларды көрсету үшін белсенді қолданды.

Оқу процесінде əр түрлі пəнге оқып үйренетін жəне алған білімін тексеруге тестілік программалар пайдаланылып жүр.

Мультимедиалық технологиялар білім алушылардың болашақ мамандығына қызығушылығын арттырып қана қоймай жəне де пəн бойынша үлкен жетістіктерге жетуде. Көптеген білім алушылар ақпаратты көру арқылы жақсы қабылдайды. Бұл программалар ізденіс пен тəжірибе, озық технологиялар мен инновациялар толықтырып қарқынды оқытуға көмектеседі. Соңғы жылдары əдістемеге енгізілген эксперименттерді компьютер арқылы модельдеудің де, студенттердің эксперименттерді қолдарымен жасағанындай болмаса да, аспапты танып-білуіне, оның қолданылу деңгейін біліп жұмыс істеуінің маңызы зор болып отыр. Пассивті бақылаушы болып емес, активті қатысып жəне де өзінің мүмкіндігін бағалай алады.

Мультимедиалық технологиялар — бейнелік жəне аудио тиімді əр түрлі мультибағдарламалық мүмкіндіктерді интерактивті програмалық жабдықтармен орындай алатын электрондық құжаттарды көрсету тəсілі:

  • жаңа материалды түсіндіру барысында демонстрациялық тəжірибелерді көрсетуге болады. Осындай демонстрациялар өте көрнекі жəне білім алушылардың тақырыпты түсінуіне ғылыми дүниетанымының оянуын жақсартады да, олардың пəнге деген қызығушылығын тудырады. Демонстрациялардың кəдімгі бейне — оқу фильмдерден артықшылығы, мұғалім бағдарламаның параметрлерін өзгерте отырып, оқушылардың «Егер былай болса, қалай болады?» деген сұрағына «Ал ендеше көрейік...» деп жауап бере алады;
  • бағдарламаны физикалық практикум ретінде қолдануға болады. Бұл жағдайда əрбір білім алушы зертханалық жұмысты жеке, өз бетімен орындайды. Осындай зертханалық практикумдарға оқушылар алдын ала теориялық дайындықпен келуі, олардың эксперименттік қондырғылармен саналы түрде жұмыс істеуіне жəне олардың пəнді тереңірек түсінуіне əсерін тигізеді [2];
  • бұл бағдарламаны эксперименттік бейне-мультимедиалық есептер құрастыруға да пайдалануға болады;
  • осы бағдарламаның негізінде жобалар мен зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады;
  • дайын бағдарламаны пайдаланып, білім алушылар білімін тексеретін тест сұрақтарын көрнекі түрде оқушылардың ғылыми дүниетанымын тудыратындай етіп дайындауға болады [3].

Біз өзіміз құрған физика бөлімдерінен тұратын электронды оқу құралын ұсынамыз. Бұл басылымда əр бөлім бойынша қысқаша теориялық мəліметтермен танысып, физикалық эксперименттерді (демонстрациялық тəжірибелерді, практикалық жұмыстарды) білім алушылар өз беттерінше орындай алады. Практикалық жұмыстар физикалық шамаларды өлшеуге, физикалық тəжірибелерді орындауға, өздерінің бақылауларына дұрыс қорытынды жасауға үйретеді. Ол жерде əр жұмысты орындауға əдістемелік нұсқаулар мен сұрақтар дайындалған. Сонымен қатар өзін- өзі тексеруге, яғни теориялық алған білімдерін тестілеу, практикалық жұмыстардың орындалу барысына жұмысты қорғауға арналған сұрақтар бар. Бұл білім алушылардың іскерлік дағдыларын калыптастырып, шығармашылық қабілетін дамытуға көмектеседі.

Бұл басылым C# бағдарламасымен Microsoft Visual Studio 2010 ортасында құрылды. Төменде (2-сур.) электронды оқу басылымының негізгі беті көрсетілген, ол бірнеше ұяшықтан тұрады (теория, практикалық жұмыс, тестер, бағдарлама нұсқауы).

  2-сурет. Электронды оқу басылымының негізгі беті

Практикалық жұмысты орындау үшін білім алушы «Практикалық жұмыстар» деген ұяшықты ашады. Ашылған беттегі бөлімдер ішінен мына тақырыпты таңдайды «Электрлік тербелмелі контурдағы өшетін тербелістер».

Практикалық жұмыстың орындалу барысы 3-суретте көрсетілген, ол кесте жəне графиктен тұрады.

 3-сурет. «Электрлік тербелмелі контурдағы өшетін тербелістер» тақырыбына практикалық жұмыс

Осы шыққан дайындық кестесіне білім алушы берілген мəндерді қойып, «Есептеу» деген түймешені басады. Осыдан кейін толтырылған кестелері жəне есептеу деректері бар терезе пайда болады. «Электрлік тербелмелі контурдағы өшетін тербелістер» тақырыбына берілген барлық есептеулер 4-суретте көрсетілген.

Білім алушы алынған мəндерден график құра алады. Осы графиктен электр тоғының берілген мəнінде өшетін тербелістің қалай жүретінін көре алады.

  4-сурет. «Электрлік тербелмелі контурдағы өшетін тербелістер» тақырыбына берілген мəндермен толтырылған кесте жəне оның графигі

Физика пəнін өткенде мультимедиалық технологияларды қолданудың мынадай артықшылықтары болады: компьютерді көрсетілімдік құрал ретінде қолдану білім алушылардың қызығушылығын арттырады, компьютерлік оқыту программаларын қолдану жетіспейтін немесе ескірген практикалық құралдар орнын толықтыруға мүмкіндік береді, физиканы оқу барысында білім алушыға компьютерді жете игеруге жəне əр түрлі программалар бумасын (мысалы: MAPLE, Borland Delphi, AutoCAD, С++) қолдана отырып, əр түрлі дəрежедегі есептеулер мен өңдеулер жүргізуді үйренуге үлкен мүмкіндік береді [4].

Қорытындылай келе, білім жүйесінде ақпараттық-инновациялық технологияларды қолдану алған білімнің сапасына, материалды толық түсінуге, оқуға деген ынтасын ашуға, білім алушының алгоритмдік жəне логикалық ойлауына, ойша елестетуіне, ойлау аясы кеңеюіне, алған білімін нақтылауға, қоғам дамуының ақпараттануымен байланысты заман талабына сай болып, табысты жетістіктерге жетуіне көмек береді.

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Гутгарц Р.Д. Компьютерная технология обучения // Информатика и образование. — 2000. — № 5. — С. 44,
  2. Бабанский Ю.К. Методы обучения в общеобразовательной школе. — М.: Педагогика, 1985. — 185 с.
  3. Баранова Ю.Ю. Методика использования электронных учебников в образовательном процессе // Информатика и об- разование. — 2000. — № 8. — С. 43–47.
  4. Коротков Э.М. Управление качеством образования. — М.: Мир, 2006. — 211 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.