Педагогика

Мақалада отбасылық тəрбиенің ерекшеліктері, баланы əлеуметтендіру факторы ретіндегі отбасылық қатынастардың сипаттамалары, отбасылық тəрбиенің мəнері, отбасылық тəрбиенің педагогикалық негіздері ашылып көрсетілген. Отбасы адам өзінің онымен байланысын бүкіл өмірінде сезініп өтетін, баланың қоршаған ортаға деген пікірі реттелетін, адамгершіліктің бастапқы сабақтарын алатын алғашқы тəрбие институты ретінде көрініс берген. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас, ата- ана беделі, бала тəрбиесіндегі ата-ана мен мектеп арасындағы байланыс мəселелері қарастырылған.
2015

Мақалада мектептегі жоғары сынып оқушыларының бейорганикалық жəне органикалық химия сабақтарына экология негіздерін кірістіре оқытуды ұйымдастыру жағдайына талдау жасалынып, оны сабақта жəне сабақтан тыс кезеңдерде жүзеге асырудың формалары мен əдіс-тəсілдері қарастырылған. Авторлар осы тəсілдердің тиімділігін тəжірибелік эксперимент барысында тексеріп, ғылыми болжамның дұрыстығына көз жеткізген.
2015

Мақалада білім беру сапасын көтеру, болашақ мұғалімді даярлау мəселесі айтылған. Аталмыш мəселеде педагогикалық инновацияны пайдалану проблемасы болашақ педагогтарын даярлаудың аспектісі ретінде алынды. Сондықтан болашақ мұғалімдерді даярлауда педагогикалық инновацияны пайдалану ерекшелігін қарастыру керек. Оларды даярлауда арнайы курстың маңыздылығы көрсетілді. Болашақ мұғалімдерді даярлауда педагогикалық инновацияны пайдалану жөнінде арнайы курстың мазмұны, мақсат, міндеттері, құрылымы ұсынылды. Оқу процесінде енгізілген арнайы курстың нəтижелері талданды.
2015

Мақалада осы уақытқа дейін бірыңғай көзқарасқа ие болмаған «құзырет» жəне «құзыреттілік» ұғымдары қазіргі заманғы əдістемелік ғылым тұрғысынан қарастырылды. Сонымен қатар зерттеу барысында олардың өзара байланысы, өзіндік ерекшеліктері мен айырмашылықтары айқындалып, сипатталды. Оқушы тұлғасына бағыттылығымен, оқытылатын тіл құралдары арқылы білім алушының өз бетімен даму қабілеттерінің жетілуімен сипатталатын құзыреттілік əдісін зерттеумен айналысқан отандық жəне шетелдік зерттеушілердің пікілеріне сараптама жасалған.
2015

Мақалада «Технология» мектеп пəнін оқытуда оқушының функционалдық сауаттылық ролі қарастырылған. Бағдарламалық материалдың мазмұны талданған. Оқушының кілтті жəне пəндік құзыреттілігі анықталған. «Технология» пəнін оқытудың оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық моделі көрсетілген.
2015

 Мақалада жетімдік, əлеуметтік жетімдіктің пайда болу себептері қарастырылды. Авторлар əлеуметтік жетім жəне отбасында тəрбиеленетін балалардың психологиялық-педагогикалық даму ерекшеліктерін айқындауға көп көңіл бөлген. Əлеуметтік жетім жəне жетім болу қауіпінде тұрған балаларға əлеуметтік, ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек жəне қолдаудың мүмкін болар түрлерін атап көрсеткен. Сондай-ақ отбасылық үлгідегі балалар ауылының балалардың психологиялық- педагогикалық даму ерекшеліктеріне əсерін, балаларды тəрбиелеу ерекшелігіне жəне оның интернаттық мекемелердегі тəрбиеден айырмашылығын атап көрсеткен.
2015

Мақалада əр түрлі қызмет саласындағы маманның педагогикалық кəсіби қызметі мен кəсіптік қарым- қатынасында көрінетін тұлғалық құзыреттілігі қарастырылған. Ендеше осы қызметтегі қарым-қатынас үдерісіне қажетті қабілетті, білімді, білікті жəне дағдыны құрайды. Авторлар осы түсініктердің арасындағы ерекшеліктерді көрсете отырып, бірқатар авторлардың құзыр жəне құзыреттілік ұғымдарына берген анықтамаларына талдау жасап, білім беру нəтижесіндегі құзыреттіліктің түрін айқындаған.
2015

Мақалада ақпараттық қоғам жағдайында болашақ химия мұғаліміне ақпараттық- телекоммуникациялық технология құралдарын өзіндік білім алуға қолданылуы мен оның мүмкіндіктерін кəсіби қызметтеріне танымдық жəне дидактикалық құрал ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырылуы қарастырылды. Сонымен қатар «Бейорганикалық химия» пəні бойынша білімді ақпараттандыру жағдайында болашақ химия мұғалімдерін даярлығын қалыптастырудың мазмұны анықталды. «Бейорганикалық химия» пəнінен ақпараттық- телекоммуникациялық технологиялар қолдану нəтижесінде өткізілген сабақтардың əдістемелері жасалынды.
2015

Мақалада қазіргі заманның өзгерістерге ұшырауы жағдайында педагогикалық мамандықты дамытудың негізгі бағыттары берілді. Авторлар кəсіби-педагогикалық саладағы əлемдік үрдістерге жүргізілген талдау негізінде мұғалімнің педагогикалық кəсіпқойлығымен қатар, оның жеке басының қасиеттеріне де қойылатын талаптарды күшейте түсу қажет екендігіне баса назар аударды.
2015

ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы, тау-кен ісінің білгірі Əбілқас Сағыновтың педагогикалық жəне қоғамдық қызметі, сондай-ақ ғылыми мұрасы суреттелген. Оның Қарағанды политехникалық институтының ректоры ретіндегі қызметіне, сондай-ақ Қазақстанның тау-кен ғылымдарының дамуына қосқан үлесіне баға берілген. Ə. Сағыновтың ғылыми-педагогикалық мұрасы — оның шығармаларының құнды естелігі — Қазақстан Республикасына ұзақ жылдар қызмет ететіндігі туралы қорытынды жасалған.
2015

Мақалада Қазақстандағы көптілді білім беру мəселелері қарастырылды. Көптілді білім беру кеңістігіне тəн бағыттар анықталды. Өз тілін жетік білу арқылы қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқып үйренуде, авторлар үштілділіктің кезеңдерін сипаттайды. Егер үштілділік мемлекеттік тілдің негізінде дамыса, аталған мəселе өз шешімін табады. Біздің елдің тілдік саясатында басымдыққа ие қазақ тілі, өзінің тілдік дəрежесін біртіндеп нығайтуда.
2015

Мақалада болашақ дизайнерлерді кəсіптік компьютерлік дайындауда педагогикалық əдістердің мəлелелері қарастырылған. Болашақ дизайнерлерді мамандығы бойынша жоғары оқу орындарында кəсіби компьютерлік білім беру жəне жобалау үрдістері мен оларды қолдану жолдары көрсетілген. Сондай-ақ автормен кəсіби компьютерлік бағдарламаларды оқу үрдісінде пайдалану амалдары ұсынылған.
2015

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.