Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы дизайн мамандардың кəсіби даярлаудағы маңызы

Бүкіл дүние жүзін қамтыған жаhандану дəуірінің дамуына елеулі ықпал етіп отрыған қоғамның барлық салаларын ақпараттандыру үдерісі қарқынды түрде іске асырылуда. Осы орасан зор əлемдік құбылыс біздің еліміздің дамуы бағытына айтарлықтай əсер етуде. XXI ғасырдың жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры деп аталуы адамзат өркениетінің дамуының келесі сатысына енгендігін білдіреді. Дүниежүзілік көлемде өтіп жатқан техникалық прогрестің кезекті даму тармағына сай болу экономикалық дамудың жаңа жағдаятына бейімделуді көздейтін кез келген елдің басты мақсатына айналмақ. Демек, осы ұлы көштен өз орынын табу біздің еліміздің де басты мүдделерінің бірі болмақ. Осындай ауқымды да маңызды қызметті іске асырудың жолдарын анықтайтын құзыретті мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың міндеттері болып табылады. Жаhандану дəуірінің талаптарына сай даму саясатын жүргізе отырып, ұлттық мүддемізге лайықты сара жол табуымыз қажет. Заманауи озық ақпараттық технологияларды тиімді қолдану арқылы қоғам салаларын ойдағыдай дамытудың бірден-бір кепілі — оларды жетік меңгерген мамандардың болуы. Бұндай мемелекеттік маңызы бар мəселені шешу қоғамдық институттың бірі болып саналатын кəсіби білім беру саласына жүктеліп отыр [1].

Белгілі қазақстандық ғалымдардың пайымдауынша, ақпараттандыру — əлемдік қоғамдастықта демократиялық жəне ашықтық қағидаларын ұстанған еліміздің объективті қажеттілігі. Демек, оны дұрыс шешу үшін еліміздің ішкі ақпараттық ортаның сыртқы ақпараттық ортамен үйлесімділігін қамтамасыз ететін, əрі ақпараттық ресурстар мен технологиялар деңгейіне бірдей талаптар қойдыратын бірегей ақпараттық кеңістікте болуы тиіс. Қоғамды ақпараттандыру білімді ақпараттандырудан басталады жəне ақпараттандыру процесі ғылыми, құқықтық, ұйымдастырушылық жəне ресуртық тұрғыда қамтамасыздандырылады.

Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының міндеттері білім берудегі басқаруды одан əрі демократияландыру негізінде қазақстандық білім беру моделінің жұмыс істеуінің заңнамалық, нормативтік, құқықтық базасын жетілдіру, білім берудің мазмұны мен материалдық-техникалық базасын жетілдіру, білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру, білім берудегі ғылым мен өндірісті ықпалдастыру, кəсіптік білім берудің сапасын арттыру үшін нақты экономика салаларын тартудың тетіктерін құру, əлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыруды қарастырады.

Қазіргі кезде мамандарды кəсіби даярлауда ақпараттық технологияларды оқу үдерісінде қолдану кең өріс алуда. Ал, ақпараттық үдерістер — ақпаратты жинау, жіберу, жинақтау, сақтау, өңдеу, іздеу, беру жəне пайдаланушыға жеткізу. Компьютерлік технологияларды нақты бір салаға қажет кəсіби маман даярлау ісінде қолдану мəселелері толығымен қарастырылмаған. Соның бірі графикалық дизайн саласына маман даярлауда қолданылатын компьютерлік технологиялар болып табылады. Сондықтан, қазіргі уақытта жоғарғы оқу орнында озық компьютерлік технологиялардың кəсіби бағыттағы жаңа ақпараттық жəне бағдарламалық құралдардың енгізілуі, компьютер қолданушы санатынан кəсіби маман ретінде қолданушы санатына ауысуын, сонымен бірге жалпылама «ақпараттық технология» ұғымын мақсатты «компьютерлік технология» түсінігіне ауысу үдерісі жүріп жатыр.

Жалпы «ақпарат» ұғымы — «мағлұмат», немесе «хабар», деген түсінікті білдіреді. Адамзат тарихына үңілсек, ақпаратты қолдану жəне таратудың даму кезеңдерін көруге болады. Бастапқы кезең адамның санасының оянуы кезеңімен қатар келеді. Адамдардың өзара араласу тəсілі құралы болып табылатын сөйлей білу қабілетінің пайда болуы адамзат санасының үлкен жетістігі болып табылады. Сөйлеу қабілеттілігі өз кезегінде тілдің пайда болуы мен дамуына негіз болды. Ал тілдің дамуы адамзат қауымының өзара қатынас жəне жинақтаған тіршілік тəжірибелерімен бөлісу құралы, яғни ақпарат тарату құралы, болып табылады [2].

Адамзат қоғамының дамуына сай ақпаратты тарату тəсілдері де дамиды. Ең бірінші ақпаратты ауызша тарату, содан кейн жазбаша тарату, кейінде техникалық құралдар арқылы тарату пайда болды. Ақпарат қорының ұлғаюына байланысты ақпаратты сақтау, өңдеу жəне тасымалдау тəсілдері қолданыла басталды. Ақпарат білім көзі болып табылатындықтан, білім беру жүйесінде ақпараттық оқыту технологиялары пайда болды. Өткен ғасырдағы техникалық прогрестің дамуы салдарынан компьютердің пайда болуына байланысты ақпараттық технологиялар адамзат қоғамының барлық салаларында қолданысқа ие болды. Ақпаратты компьютердің көмегімен өңдеу мен тарату тəсілі ретінде ақпараттық компьютерлік технологиялар пайда болды.

Қазіргі таңда ақпараттық орта құрудың басты екі түрі қалыптасқан:

  1. Дəстүрлі — ауызша жəне жазбаша түрлері.
  2. Техникалық — техникалық құрылғылар, компьютерлік техника мен байланыс құралдары.

«Ақпараттық технологиялар» деп электрондық құралдардың көмегімен ақпараттарды жинақтау, өңдеу жəне жасау үдерістерін түсінеміз. Олар іске асыру орталарымен жəне құрылымына кіретін компоненттерімен сипатталады:

  • техникалық орта (басты мақсаттарды шешуге қажетті техниканың түрі);
  • бағдарламалық орта (басты жұмыстарды орындауға қажетті бағдарламалар құралдары жиынтығы);
  • заттық орта (нақты ғылым, білім, техника салаларының мазмұны);
  • əдістемелік орта (ережелер, қолдану реттілігі, тиімділік көрсеткіші жəне басқалар). Терминологияға сараптама жасау барысында компьютерлік технологияларды оқыту іс- əрекетінде қолданылатын электронды құралдар жəне олардың жұмыс істеу тəсілдері жиынтығы ретінде құрастыру қалыптасқаны анықталды.

Ақпараттық технологияларды əр алуан түсініктемелерін саралай келе, осы технологиялардың ерекшеліктеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • оқытудың нақты мақсатын анықтау;
  • нəтиженің жемісті болуын қамтамасыз етуге бағыттау;
  • оқыту субъектілерінің əрекеттерінің кезеңдерінің құрылымдылығы;
  • аралық жəне ақтық нəтижелерді бағалау;
  • тəжірибенің тасымалдауға жəне қайталауға жарамдылығы.

Қазіргі таңда білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кəсіби маманның даярлығын заман талабына сай қалыптастырудың тиімді тəсілі болып табылады.

Білім беруді ақпараттандыру — бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын білім беру құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тəрбиелеудің психологиялық жəне педагогикалық мақсаттарына қамтамасыз ету үдерісі. Оқу үдерісінде білім беруді ақпараттандырудың негізгі бөлігі дербес компьютерлерді қолдану, интернет желісін пайдалану арқылы жүреді. Мемлекеттік білім беру жүйесінде ақпараттық оқыту технологияларды қолдану жүйесінің құрамына төрт түрі кіреді:

  1. Мультимедиалық ақпараттық технологиялар.
  2. Интернеттік технологялар.
  3. Қашықтықтан оқыту технологиясы.
  4. Өндірістік орта технологиясы.

Аталған технологиялар бір-бірімен өзара байланысып, жалпы білім беру жүйесін қамтиды. Қажет болған жағдайда кəсіби білімді жетілдіру мақсатында арнайы кəсіби біліктілікті көтеру ақпараттық оқыту технологиялары оқыту үрдісінде қолдану арқылы мамандардың заман талабына сай білім алуына мүмкіншілік жасайды.

Болашақ мамандарға ақпараттық білім негіздерін беру, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу іс-əрекетін жүзеге асыру. Педагогикалық үдерістің тиімділігін арттыруға, студенттердің білім, білік, дағды сапаларының жақсаруына септігін тигізетін ақпараттық технологияның түрлері көп ықпал етеді. Дизайн саласына қажет мамандарды даярлығын қалыптастыруға бағытталған компьютерлік технологияларды қолданудың бірізді жүйесі болып табылады. Болашақ маманды даярлауға қажетті заманауи оқыту технологиясының ең бастысы компьютерлік технологиялар деп пайымдаймыз. Себебі заманауи компьютерлердің мүмкіншіліктері жоғарыда аталған ақпараттық технологиялардың басым көпшілігін қамтиды жəне оларды қолданудағы ең басты буын болып табылады [3].

Дизайн саласында қызмет ететін заман талабына сай қалыптасқан кəсіби деңгейі бар, компьютерлік технологияларды жетік меңгерген мамандарды даярлау осы күнгі өзекті мəселелердің бірі. Сол себептен жоғары оқу орындарында оқу үдерісінде осы мəселені шешу жолдарын жетілдіру қарастырылуда.

Аталмыш мəселенің дұрыс шешімін табу жолында ізденіс жұмыстарын саралай келе, түсінгеніміз — жоғары оқу орнында компьютерлік технологияларды оқу үдерісінде қажетті көлемде қолдану əлі күнге дейін шешімін таппауда. Оның басты себептерінің бірі — орта буыннан жоғарғы жастағы мамандардың кəсіби компьютерлік білімдері мен дағдыларының жоқтығы. Бұл мəселе төңірегіндегі ғылыми жəне əдістемелік жұмыстарды саралау барысында жасаған тұжырымдамамыз кəсіби деңгейі жоғарғы маманды даярлау үдерісінде əлі де шешімін табуды қажет ететін тың салалар жеткілікті. Солардың бірі — графикалық дизайн саласында қызмет ететін болашақ маманның кəсіби деңгейді қалыптастыруға негізделген арнайы пəндерді оқу барысында компьютерлік технологияларды қажетті көлемде қолдану мəселесі [4].

Қазіргі ақпараттандыру дəуірі оқу үдерісінде ақпараттық технология мүмкіндіктерін кең көлемде қолдануды қажет етеді. «Білім беру жүйесін ақпараттандыру — кəсіби даярлаудағы берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған үдеріс, еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде қазіргі технологияларды тиімді ақпараттық технологияларға алмастыру, оларды сүйемелдеу жəне дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары» болып табылады. Əлемдік ғылым мен тəжірибеде ақпараттық технологияны оқыту үдерісіне енгізу келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер əрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын психологиялық, педагогикалық жағдай жасау үшін тигізер пайдасы зор.

Қазіргі уақытта кəсіби даярлау мен оқытуда ақпараттық-технологияны қолданудың маңызы ретінде бірнеше негізгі бағыттарын ерекшелеп көрсетуге болады:

  • ақпараттық технологияны кəсіби даярлауда көрнекілікті арттыру, əр түрлі нысан мен үдерістерді үлгілеу, оқу материалын жүйеге келтіру мен логикалық реттеу, жаттықтыру, меңгерілген білімді бақылау үшін көрнекілік құрал ретінде пайдалану;
  • оқытудың əр түрлі формасын жүзеге асыру: дербес, ұжымдық, өзіндік, қашықтықтан оқыту. Оқыту үдерісін автоматтандырылған оқыту жүйелерін қолдану арқылы автоматтандыру;
  • əр түрлі пəндер бойынша компьютерлік оқу курстары мен дизайн программаларының əдістемелік кешендерін жасақтау;
  • ғылыми негізделген компьютерлік оқу программаларының сценарийін жасау, педагогикалық программалық құралдардың сапасын сараптау мен оны бағалау;
  • білім беру жүйесінде компьютерлік телекоммуникацияны қолдану;
  • білім беруді   басқаруда  ақпараттық   технология  құралдарын  кəсіби   қолдануға   баулу (басқарудың автоматтандырылған жүйелері, автоматтандырылған жұмыс орындары);
  • психологиялық-педагогикалық зерттеулерде ақпараттық технология құралдарын қолдану [5].

«Дизайн» мамандығында кəсіби даярлауда ақпараттық технологияны білім беру үдерісінде қолдану — өзінің тəсілдері мен мақсаттары бар, белгілі бір теориялық базаны, ерекше əдістерді қамтитын біртұтас үдеріс болып табылады. Сондықтан олар арқылы орындалатын оқу əрекеттері қарым-қатынастың жоғарғы деңгейіне көшеді, кəсіби оқыту кезінде арнайы іскерліктерді қалыптастырады.

Компьютерлік технологиялардың мүмкіншіліктерін кеңейту үзіліссіз динамикалық үдеріс болып табылады. Үнемі өзгеріп отыратын компьютерлік технологияларды меңгеру үшін, дизайн мамандығындағы кəсіби даярлығын жетілдіру үстінде көп қолданыста болуы қажет.

Қорыта келе, компьютердің техникалық негізі мен жұмыс істеу принциптерін білу, олардың əр түрлі қасиеттері мен мүмкіншіліктерін білу, шыққан тегі мен тарихи даму жолдарын білу болашақ мамандарға компьютерлік технологияларды саналы түрде келешек қызметтерінде қолдануға мүмкіншілік жасайды.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан: Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. — Алматы: Жеті жарғы, 2007. — 10 б.
  2. Мəлібекова М.С. Студенттердің кəсіптік-ақпараттық бағыттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздері: Пед.ғыл.д-ры ... дис. — Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2004. — 32 б.
  3. Исабек Н.Е. Студенттерді компьютерлік графиканы кəсіби іс-əрекетінде пайдалануға даярлау: Автореф. — Алматы, 2005. — 29 б.
  4. Мəлібекова М.С., Исаев Р.К. Дербес компьютерді оқу процесінде қолдану. — Алматы: Білім, 2000. — 180 б.
  5. Исабаева Д.Н., Құрманбаева Ж.И. Білім беру жүйесіндегі ақпараттық технология құралдарын қолданудың мүмкіндіктері. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: kz/ru/b5/252-article.html

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.