Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көптілді білім берудің болашағы

Халқымыз ежелден тіл мəселесіне көп мəн беріп, «Өнер алды — қызыл тіл» деп, сөз өнерін бар өнердің алдына қойып, жоғары бағалаған. Əдетте, тіл жөнінде «тіл — адамдар арасындағы қарым- қатынас жасау құралы» деп, оған жай ғана анықтама берілгенімен, іс жүзінде тіл тек адамдар ара қарым-қатынас жасау құралы ғана болып қалмастан, қайта одан да маңыздысы, ол белгілі бір ұлттың сана-сезімі, халықтың қасиеті, оның жалпы тарихы, əдет-ғұрпы, мəдениеті қатарлыларды тұтастай өз бойына қамтып жататын күрделі ұғым. Сондықтан тіл мейлі қайсы ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, тəрбиесі мен тағылымының, бүкіл халықтық болмысының баға жетпес асылы, сарқылмас құнды қазынасы, ұлт рухының ұйтқысы болып келген.

Адамның өз ана тілін жетік білуімен қатар өзге бір ұлттың тілін жетік игеріп, сол ұлт азаматтарымен өзара түсінісе алатыны үлкен біліктіліктің белгісі деуге болады. Өмірде өзге бір ұлттың тілін білетін адам сол халықтың ішкі жан-дүниесін түсініп, барлық мəдени қүндылықтарымен танысу орайына ие бола алады. Азаматтарымыздың қазіргі ай сайын алға қадам басып, күн сайын жаңарып, тез қарқынмен дамып бара жатқан өзгерістерге толы өмірге ойдағыдай сəйкесуі үшін қос тілді болып қана қалмай, сонымен қатар көп тілді болуы басты қажеттілікке айналуда. Бұл іс əр азаматтың өзіне де, өзгеге де тиімді. Сондықтан қазіргі қоғамда көп тілді меңгеру кез келген адамды жарқын болашаққа бастайтын жол іспеттес. Кезінде халқымыздың «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл» деген аталы сөзі дəл бүгінгі дамыған дəуірімізге сəйкес айтылғандай [1].

Қазіргі заманның талабы — көптілділік. Адам баласының рухани байлығы, тəрбиесі, білімі — бəрі де тіл арқылы жетіледі. Яғни, жақсылық та — тілден, жамандық та — тілден. Əр адамның сөздік қоры бай болуы үшін тілін, ой-өрісін жан-жақты дамытуы керек. Сол себепті болашақ ұрпағымызға үштілділікті қажетті деп ұғындыру ұстаздың ең басты міндеті болып саналады.

Қазіргі уақытта еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы артып отырған шақта үштілділікті еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару — біздің қазіргі кездегі ең басты міндетіміз. Көптілділік мəселесі — тек Қазақстан үшін ғана емес, əлем алдында тұрған шешімін таппай тұрған мəселелердің бірі. XXI ғасырдан бастап Қазақстан білім саласында əлемдік білім кеңістігіндегі секілді тенденциялар байқалуда. Бұл тенденциялар қатарына, біріншіден, қарқынды реформаларды жатқызуға болады, яғни білім саласының барлық деңгейін қамтитын жəне біліс саласының өзгерісін бақылайтын жүйелік сараптама (талдау); екіншіден; бұл тенденция қатарына білім саласының əртараптануын (диверсификация) қосу; үшіншіден; білімді халықаралық деңгейге жеткізу, яғни дамыған мемлекеттердің өзара саяси-экономикалық ықпалдасуының арқасында ұлттық білім беру дəстүрін сақтай отырып, жалпы тұжырымдамасын құру. Жоғарғы мектептерде реформалау процесі көптеген жаңашылдықтарға алып келеді. Айта кету керек, Қазақстандағы бірқатар мектептердегі деңгей модернизация тұрғысында Еуропаның көп елдеріндегі сияқты біршама қиындықтарды басынан өткеруде.

Еліміздің қазіргі заман талабына сай ҚР «Білім туралы» Заңының 5-бабында: «Барлық оқу орындары мемлекеттік жалпы міндетті стандартқа сəйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білу мен дамытуды, орыс тілі жəне бір шетел тілін оқып үйренуді қамтамасыз етуге тиіс», — деп көрсетілген [2]. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту — қазіргі заман қажеттілігі.

Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан, тең дəрежеде оқытылады.

Көп тілді меңгерген адам өз өмірін қалайда мағыналы өткізетін айтулы тұлға болып жетілері анық. Бүгінгі таңда елімізде «көптілділік» мəселесі көкейкесті мəселелердің бірі болып саналады. Елбасымыз сол үшін де тілдердің үштұғырлылығын міндеттеп отыр. Көптілділіктің үш тілді меңгеру дəрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың өмір сүрген тілдік ортасы, əлеуметтік, экономикалық, мəдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген факторларға байланысты. Ұлттық құрамы бірыңғай, бір ғана этнос мекендейтін мемлекетте көптілділік сирек болып келеді.

Н.Ə.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының XII сессиясында сөйлеген сөзінде:

«Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең кемі үштілді болуы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруі тиіс». Көп тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық жəне мəдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының шетелдермен халықаралық байланыстары күннен күнге арта түсуде. Сол байланыстарды дамыту үшін шет тілін жетік меңгерген мамандар қажет. Елбасымыз өзінің халыққа арнаған Жолдауындағы білім беру жүйесінде үш тілдің: мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілін жəне əлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын тілін меңгерген бəсекеге қабілетті маман даярлау міндетін атап көрсеткенін білеміз. Қазіргі уақытта мұғалімнің жақсы шəкірт тəрбиелеп оқытуына бар жағдай үкімет тарапынан жасалып отыр деп жоғарыда тоқталып өткен болатынмын. Ұстаздың мақсаты — өмірден өз орнын таңдай алатын жəне өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделе алатын, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді жəне көпмəдениетті құзыреттілікті игерген полимəдениетті жеке тұлға қалыптастыру. Мектептерде көптілді білім беру үшін тілді терең меңгерген мұғалімдер даярлау қажет. Қазіргі уақытта мемлекеттік тілдің қызмет аясын кеңейту бізде шешімін таппай келе жатқан мəселелердің бірі. Ең алдымен, шəкірттеріміздің патриоттық сезімдерін нығайтуымыз керек.

Кем дегенде үш тілді меңгеру — заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі. Қазіргі таңда адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үрдісі орын алғандықтан, білім беру саласында қайта қарастырулар болып жатыр. Сол себептен ақпараттық-коммуникативтік құзырлықпен қатар, полимəдениеттілік бүгінгі уақытта білім беру құзырлығының басты бағыттарының бірі ретінде анықталды [3].

Көптілді білім — көп мəдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту— жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, əлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілеттерін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту заман талабы десек, оның негізгі мақсаты — бірнеше тілді меңгерген, əлеуметтік жəне кəсіптік бағдарға қабілетті, мəдениетті тұлғаны дамыту жəне қалыптастыру. Қазақ тілі — мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мəдениетін, толеранттілігін жəне планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Маманға шет тілін меңгеру кез келген шетелдік ортада өзін еркін ұстап, жаңа ақпараттық ғаламшарға бейімделу мүмкіндігіне ие болады. Əр адамның түрлі əлеуметтік қызметтерінде жеткен жетістіктерінің нəтижелері түрлі болады, сол себептен шетел тілін оқытудың мақсаты тек нақты білім іскерліктерін біліп қана қоймай, сондай тілдік тұлғаны қалыптастыру болып табылады, оған шет тілі «өмір заңдылықтарында» жəне «нақты жағдаяттарда қарым-қатынас жасай алу үшін» қажет болмақ.

Қазіргі кезде студенттерге ағылшын тілін оқытудың əр түрлі деңгейлеріне сəйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық жəне компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Шетел тілін оқытуда лингафондық құрал- жабдықтар, аудио-, видеокешені оқушылардың ауызша жəне жазбаша аударудағы білім жетілдіру, сөздік қорын қосымша жаңа сөздермен байыту, толықтыру, ой-өрісін дамыту мақсатында қолданылады. Сондай-ақ оқыту процесінде мультимедиабағдарламасының көмегімен, ғаламтордан алынған əлемдік жағдайлар, педагогикалық технологиялардың түрлі əдіс-тəсілдері, коммуникативтік бағыттағы оқыту элементтері кең қолданылады. Тілге байланысты оқу процесінде жүйелі жетілдіру жұмыстары жүргізіліп отырады, атап айтсақ, ашық сабақтар, пікір-сайыстар, семинар, конференциялар, практикалық сабақтар, дөңгелек үстелдер, кездесулер, өзара сабаққа қатынасып талдау, оқушылардың зерттеу жұмысымен айналысулары, сонымен қатар студенттердің жеке ізденіс жұмыстарына басшылық ету.

Елбасы Н.Ə.Назарбаев өзінің жылдағы дəстүрлі Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мəдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мəн береді. Сонымен қатар бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою — бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі. «Үш тұғырлылық» жобасы аясында қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін үйренуге жағдайлар жасалуда. Бұл жобаның еліміздің əлемнің бəсекеге қабілетті елдерінің қатарына қосылуға үлкен мүмкіндік беретіні сөзсіз. Сонымен бірге осы ретте халықтың біраз бөлігі еліміздің мемлекеттік тілі — қазақ тілі екендігін білу шарт. Көптілділік деп жүргенде өз тілімізді соның бірі ретінде қолданып қалмаймыз ба деген ой туындауы əбден мүмкін. Көптілді оқыту — жас ұрпақтың білім кеңестігінде еркін самғауына жол ашатын, əлемнің ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Əр адамның рухани- адамгершілігін арттыру үшін, бүгінгі тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету үшін жан- жақты болу қажет. Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстанға ақпараттық-технологиялық, ғылыми, медициналық, оқу-əдістемелік т.б. салаларда жаңалықтарды, əлемдік ілгері тəжірибелерден хабары болып, бұл жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшін халықаралық байланыстарды нығайтып, əлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар қажет. Оқу орындарының барлық салаларына жаңа талап, жаңа міндет, жаңа мақсаттар жүктейді. Осыған орай білім беру жүйесінде оқытушыларға қойылатын басты талаптардың бірі — өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мəдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бəсекеге қабілетті маман тəрбиелеу. Көптілді мемлекеттер арасында əлеуметтік-мəдени қатынастар жасай алатын, түрлі елдердің мəдениеті, əдебиеті, тарихымен танысып, қажетін пайдалана отырып, бөтен мəдениеттің ішіне сіңіп кетпей, өзінің елі мен мəдениетін басқаларға таныта алатын, санатты да саналы тұлғаны қалыптастыру — өмір талабы. Бүгінгі Қазақстанға технологиялық ғылыми, медициналық жəне басқа да салаларда жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшің халықаралық байланыстарды нығайтып, əлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар даярлау қажеттілігі туындап отыр. Замана ағымына лайықты қазіргі алдымызда тұрған міндет — халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу. Сол өркениетті елдер санатына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңгі болашағы жастарға білім мен тəрбие беретін мектеп. Болашақ Қазақстанның азаматтары ескінің көзіндей жаңаның ізіндей болып дүниежүзілік мəдениетті танитын, өзінің төл мəдениетін сыйлайтын, басқаға өзін таныта, сыйлата алатын рухани дүниесі бай, білімді, білікті болуы шарт. Əлемдік білім беру іс-тəжірибесінде көптілді жəне билингвалды білім беру жаңалық емес, атап айтқанда, АҚШ пен көптеген Еуропа елдерінде, əсіресе соңғы жылдарда бұл бағытта жетістікке қол жеткен. Бірақ қазақстандық білім беру жүйесінде көптілді жəне билингвалды білім берудің халықаралық іс-тəжірибесінде қолданыс тапқан модельдерін енгізу — жаңа педагогикалық проблема, себебі ол жаңа жағдайларда шығармашылық тұрғыдан іске асырылуы тиіс [4].

Бұл мəселе бүгінде мемлекеттік деңгейде талқыланып, білім реформалары аясында қарастырылып отырғандығы бізді қуантады. Көптілді оқыту — жас ұрпақтың білім кеңестігінде еркін араласуына жол ашатын, əлемнің түрлі ғылыми құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Əр адамның рухани-адамгершілігін арттыру үшін, бүгінде тез өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп, еңбек ету үшін жан-жақты болу қажет. Осыған орай, бүгінгі таңда Қазақстанға ақпараттық-технологиялық, ғылыми, оқу-əдістемелік т.б. салаларда жаңалықтарды, əлемнің ілгері тəжірибелерінен хабары болып, бұл жаңалықтарды өзінің ана тілінде халқының игілігіне пайдалану үшін халықаралық байланыстарды нығайтып, əлем аренасына шығу үшін көп тіл білетін мамандар қажет. Осы бағытта қазіргі уақытта балабақшалар, мектептер, жоо- дары өз үлесін қосуда. Бұл орайда біздің Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті де бұл мəселеге өз үлесін қосуда. Университетімізде көптеген мамандықтар бойынша студенттерді үш тілде тереңдетіп оқытатын оқу топтары ашылған. Бүгінде студенттеріміз үш тілде еркін сөйлеп, əр түрлі сайыстарды үш тілде өткізе алатын деңгейге жетті. Сол жас өркеннің болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру — бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты. Бұл мақсаттың орындалуы үшін оқыту мазмұнының жаңартылуы, əдіс-тəсілдің озығы өмірге келуі, ол тəсілдер əрбір оқушының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтын болып ұйымдастырылуы қажет.

Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың: «Тілдердің үштұғырлығы мəдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл əлемге халқы үш тілді пайдаланатын мəдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар — қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі», — деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. Сонымен қатар Нұрсұлтан Əбішұлы: «Мектептерге ағылшын тілінен шетелдік оқытушыларды тарту қажет. Кез келген ортанқол мектептің балаларға ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дəрежеге қол жеткізуіміз міндет», — деп ерекше атап көрсеткен. Үштілділік — нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым- қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы. Біз үштілділікті тəуелсіз еліміз үшін стратегиялық мəні ерекше құбылыс деп бағалаймыз, сондықтан да бұл құбылысты төрттілділік пен бестілділіктен бөліп қараймыз, үштілділіктің кез келген сыңары ретінде кез келген шет тілін алуға болар еді, бірақ біз бұл жерде де қоғамның нақты сұранысы басым түскен қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне ерекше мəн берген жөн деп түсінеміз. Бүгінгі таңда мемлекетімізде үштілділік мəселесін нақты іс түрінде жүзеге асыру керек пе? Əрине, керек. Еліміз бен жерімізге ие болатын жастар үш тілді де қатар меңгеруі тиіс. Бірақ бұл үш тілдің тұғыры бірдей деген сөз емес. Қазақстанда бір ғана тұғырлы тіл бар, ол мемлекеттік тіл — қазақ тілі. «Тұғыр» сөзі діңгек, қазық деген мағынада қолданылады. Бір шаңырақты көтеру үшін үш діңгек керек емес. Бір діңгекпен көтерген шаңырақтың жан-жағынан уықтар қадалып, оның беріктігін қамтамасыз етеді. Біздің алтын діңгегіміз, тұғырымыз — қазақ тілі, ал жан-жағынан өзге тілдер мемлекеттік тілді қолдап, уық секілді қадалады. Бірақ кейбіріміз үштілділік үдерісі жөнінде басқаша көзқарас танытып жатамыз. Мұның себебі осы бір сөздің мағынасын түсінбеуден келіп шығады. Бірқатары осы бағытты ұстануға оң көзбен қарап, құптаса, енді бірі өз қарсылықтарын білдіруде. Атап айтсақ, саясаттанушы Т.Əбдуəлидің: «Мемлекет басшысы жаһандану жөнінде мəселе көтергенде де өре түрегелдік. Жаһандану дегеніміз, қарапайым сөзбен айтқанда, жоғары деңгейге жеткен елдермен қарым- қатынасымызды нығайту. Соның бірі — тілдік коммуникация. Бұл үшін халықаралық қатынас тілі болып жүрген ағылшын тілін үйренуге жастарымызды жатпай-тұрмай баулуымыз керек. Оның қажеттілігін уақыт өткен сайын өткір сезініп келеміз» деген ойын оқытушы Т.Тəңірбергенқызы ары қарай жалғастырады: «Ағылшын тілін үйренгеннен біз мəңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білуіміз керек. Себебі ағылшын тілі мемлекеттік тілмен бəсекелес емес».

Иə, расында да, ағылшын тілі қазақ жерінде өз үстемдігін жүргізе алмайды. Қазақстанда тек қазақ тілі ғана билік құра алады. Ағылшын тілі — қазақ жерінің жаңа əлемге ашар есігі. Үштілділікті үрейлі кейіпте елестететін кейбір ағаларымыз «мұны ең соңғы өлу деп те қорқатындығын» жасырмайды. Біз өзге тілдерден қорықпауымыз керек. Керісінше, сол тілдерді пайдалана отырып, өзімізді өзгелерге таныта білуіміз қажет. Мəселен, М.Əуезовтің «Абай жолы» романы ағылшын тіліне аударылмаса, Абайдай ғажап ақынымызбен қалай мақтанар едік? Ағылшын тілін үйренгеннен біз мəңгүрттенбейміз. Ағылшын тілі — əлемдік бизнес тілі, мемлекеттік тіл — ұлт тілі. Мемлекеттік тілде сөйлеу — əрбір Қазақстан азаматының борышы. Ағылшын тілі қазақ тілін үйренуге ешқандай кедергі жасамайды. Тек соны түсіне білу керек. Əлемдік ғаламдандырудың өткізгіші, ғаламдандыру тілі болып танылған ағылшын тілін білу — ағылшын тілді елдермен тиімді байланысқа түскен əлемдік деңгейде өз орнын ойып тұрып ала бастаған Қазақстан үшін қажеттілік. Қиындық туғызатыны — аталған үш тілді меңгерген мамандардың кездесе бермейтіні. Ендеше, аталған компоненттерден тұратын, яғни қазақ, ағылшын, орыс тілі қатысқан үштілділік, сөйлермендерін дайындау кезек күттірмейтін мəселе. Мəселені түбегейлі шешу үшін Қазақстанның жоғары оқу орындарында ағылшын, қазақ тілінен маман болып шыққан қазақ тілді қазақ жəне басқа ұлт өкілдерін үштілділікке ыңғайлап қайта дайындаудан өткізіп, оларға үштілділік маманы деген құжат табыс еткен жөн. Соңғы деректерге сүйенсек, Қазақстанда 98 амеркандық пен 81 ағылшын тұрады, амеркандықтардың 78-і ағылшынның, 71-і өз ұлтының тілін меңгерген. Бұл күллі тұрғынның 1 % құрайды. Ұлт деңгейінде алсақ, ағылшын тілін меңгергендердің тең жартысын жергілікті қазақтар құрайды. Басқаша айтқанда, ағылшын тілін меңгерген қазақ саны — 53 743, бұл — ұлт арасындағы үлкен көрсеткіш жəне күллі қазақтың 0,7 пайызы деген сөз. Əрине, əр көтерілген мəселенің оң жəне теріс жағы болады, əр тұлғаның өзіндік жеке пікірі болады, бірақ анау айтты, мынау айтты деген негізсіз, дəлелсіз күдіктен арылып, бой көтеріп отырған мəселенің маңыздылығының қаншалықты қажет дəрежеде екенін айқындап, нақты зерттеп алғанымыз жөн сияқты. Егер біз, Ахмет Байтұрсынов айтқандай, қазақ тілін дұрыс жұмсай білсек, ол қоғамдағы тілге жүктелетін қажеттілігіміз болса, өтеуге жарайтын бай тіл. Мəселе — тілдің міндетін дұрыс түсініп, өз міндетімізді атқаруда болып отыр. Ұлттық өркендеп, тіліміз өз еліміздегі жəне халықаралық дəрежедегі позициясын нығайтқан кезде біздің сөздеріміз де өзге тілдерге енетіндігіне, тіліміздің əлемдік ақпарат кеңістігінен өз орнын иеленетіндігіне күмəн келтірмеуге болады. Дəл бүгін де қазақ тілінің əлем тілдерінің ешқасысынан да кем түспейтін, бірнеше ғасырлық даму тарихы бар, ұлттық əдеби тіл деңгейіне дейін дамып жетілген ұлы тіл екендігіне еш күмəн жоқ.

«Тілі бірдің — тілегі бір», «Тіл тағдыры — ел тағдыры» екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі — тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парыз. Ендеше, жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, өзге тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, өз тағдырын ел тағдырымен мəңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу — басты міндетіміз.

Қорыта айтатын болсақ, көптілді білім беру бағдарламасы аясында үштілді меңгеру тəжірибесін жинақтап, əлемдік деңгейге көтерілуіміз керек. Студенттердің жыл бойы халықаралық жобаларға қатысуын қадағалау, шетелдік əріптестермен ғылыми байланыстарды нығайтуға, шетел тілдеріндегі ақпарат көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны əлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тəрбие берілуі қажет.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері. — Алматы, 2006. — 73–77-б.
  2. ҚР «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңы» Заңы: Ресми бас. ҚР Заңы 06.01.2011ж. №378-IV. — [ЭР].Қолжетімділік тəртібі: httр://kapshagay.gov.kz.news.
  3. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» // Егемен Қазақстан. — 2007. —№ 55. — 11–13-б.
  4. Бұзайбақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері. — Алматы: Білім, 2009. — 189, 190-б.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.