Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Технология» пəнін оқытуда қалыптасатын құзыреттіліктер сипаты

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысымен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қабылданды. Бұл Жоспарда оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту процесін ғылыми-əдіснамалық, оқу-əдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз етудің кешенді іс-шараларын жүргізу көзделген. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі жүйелік шараларды іске асыру тетіктерін анықтау міндеті қойылды [1].

Осы жаңа жағдайда мектептегі оқыту процесі оқушылардың өмір бойы оқуын қамтамасыз ететін құзыреттерінің қалыптасуына жəне артуына негізделуі тиіс. Функционалдық сауаттылық біліммен, іскерлікпен жəне дағдымен ғана шектелмей, солардың негізінде əр елдің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, қалыптасатын құзыреттілікпен анықталады. Функционалдық сауаттылықтан күтілетін нəтиже білім алушылардың түйінді жəне пəндік құзыреттерін меңгеруі болып табылады. Пəндік құзыреттілік оқушының жүйелеп жинаған білімдерін практикалық жағдайда тиімді пайдалана білу болса, түйінді құзыреттіліктер мемлекеттік стандарттар мен оқу бағдарламалары арқылы қойылатын талаптармен анықталады.

Осы орайда біздің зерттеп отырған ғылыми-зерттеу жұмыстарымыздың бағыты мектеп қабырғасында «Технология» пəнін оқыту үрдісінде оқушылар бойында қандай функционалдық сауаттылық қалыптасады жəне оны қалай дамытуға болатын мəселелерді алға тартып отырмыз.

Оқу пəндері бойынша оқушылар бойында қалыптасатын функционалдық сауаттылықтың алғышарттары жəне негізгісі ол білім берудің мазмұнымен тікелей байланыста болатындығы анық.

«Технология» оқу пəнінің мақсаты — техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісі негіздері жөнінде алған білімі жүйесінің нəтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту болып табылады. Пəннің оқыту бағыты оқушыларды материалдық кұндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық үрдістерімен таныстыруға, кейінгі кəсіптік білім алуға жəне еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген. Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы жəне қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып, белгіленген [2].

Бағдарлама мазмұнындағы оқу тарауларын жүйелеп талдау жəне жинақтап зерттеу нəтижесінде біз оқушылар бойында қалыптасатын функционалдық сауаттылықты пəндік жəне түйінді құзыреттіліктер негізінде анықтадық (1 кестені қара). Яғни бағдарлама тарауларын оқыту мазмұнына сəйкес берілетін теориялық ұғымдардың басым бағыттарын анықтау, функционалдық сауаттылықтың мотивациялық негізін түзеді. Оқушылар конструкциялық материалдардың қасиеттері мен құрылымы жəне оларды технологиялық өңдеу барысында пайдаланылатын түрлі құрал-жабдықтардың конструкциялық ерекшеліктері мен кесу геометриясының параметрлері жөнінде теориялық мағлұматтар алады.

«Еңбек технологиясы» пəні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы негізгі үдерістердің бірі сабақ барысында дайындалатын еңбек нысандарын дұрыс орындау болып табылады. Себебі еңбек нысандарының қоғамға пайдалы сипаты мен өнімділік бағыты оқушының технологиялық операцияларды дұрыс орындауға инновациялық қызығушылығын арттыра түседі. Біз төменде көрсеткен кестеге сəйкес оқушылар бойында қалыптасатын функционалдық сауаттылық пəндік жəне түйінді құзыреттіліктер негізінде түзілген. Пəндік құзыреттілік оқыту мазмұнындағы нақтыланған практикалық іс-əрекеттерінің, яғни түрлі технологиялық операцияларды орындауға бағытталған білім, іскерлік жəне дағдының, қалыптасуы қарастырылады. Ал түйінді құзыреттіліктер бағдарлама мазмұнында көрсетілген білім берудің нəтижесінде жəне тұлғаның сапасына байланысты талаптарға сай анықталып, олардың құрамына «технологиялық», «ақпараттық», «экономикалық», «тұлғалық» жəне т.б. құзыреттіліктер енгізілген.

   Оқу бағдарламасы мазмұнындағы негізгі тараулар К е с т е

 Мектеп қабырғасындағы оқу-тəрбие үрдісінінің нысандарын жəне соның негізінде жүзеге асырылатын оқу пəндерінің мазмұнын теориялық тұрғыдан талдау нəтижесі оқушылар бойында қалыптасатын функционалдық сауаттылықтың сипатын анықтауға мүмкіндік туғызады. Яғни оқу- тəрбие үрдісінде оқушыларда қалыптасатын пəндік жəне түйінді құзыреттіліктер олардың білімі мен іскерлігін, шығармашылық іс-əрекетіне жəне белсенді азаматтық ұстанымына сəйкес жүзеге асырылатындығын анықтадық [3].

Міне, соған сəйкес біз «Технология» пəнін оқыту үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың төмендегідей құрылымдық моделін ұсындық (сур. қара).

 Сурет. «Технология» пəнін оқыту үрдісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың құрылымдық моделі

Біз ұсынып отырған модельге сəйкес «Технология» пəні бойынша оқушылардың функционалдық сауаттылығын жетілдіру бірқатар дидактикалық шарттардың орындалуына тəуелді екендігі анықталып отыр. Осы орайда біз жүргізген теориялық жəне эксперименттік зерттеулердің нəтижесінде төмендегідей шарттардың орындалуы міндетті екендігін анықтадық.

Келесі «Ақпараттық жəне дидактикалық құралдар» бағыты бойынша анықталған дидактикалық шарт мектептегі оқу-тəрбие жұмысының үдерісін заман талабынан туындайтын сұраныстарға сəйкес қанағаттандыратын бірден-бір негізгі мəселе екендігі белгілі. Əсіресе «Технология» пəнін оқыту үрдісінде түрлі технологиялық машиналардың ішкі құрылысын немесе конструкциялық материалдарды өңдеу үрдісіндегі түрлі физикалық, химиялық заңдылықтар үрдісін көрсетуде ақпараттық құралдардың алатын орны ерекше екендігін атап өту керек. Мысалы, күнделікті сабақтар барысында қолданылып жүрген интер-белсенді тақталарда тақырыпқа сəйкес пайдаланылатын

«виртуалдық» жұмыстар көмегімен өңделетін заттың ішкі құрылысын еңбек операцияларын орындаудың тəртібін технологиялық үрдістерді анимациялық негізде жан-жақты баяндап көрсетеді. Сондықтан да біздің зерттеу жұмыстарымыздың нəтижесі бойынша ақпараттық жəне дидактикалық құралдардың жеткілікті деңгейде қолданылуы оқушыларда «технологиялық», «іс-əрекеттік», «тұлғалық», функционалдық сауаттылықтың қалыптасуына қосатын нақты үлесі қомақты екендігі анықталды.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудағы біз анықтаған соңғы шарты — ол «Технология» пəнін оқытудың бағдарламасы мен стандарт талаптарына сай жабдықталған материалдық-техникалық база. Оқыту бағдарламасының мазмұнына сəйкес оқушылар орындайтын сарамандық жұмыстар бойынша атқарылатын іс-əрекет жəне зертханалық жұмыстардың барлығы да тікелей материалдық-техникалық базаның жабдықталуына сəйкес жүзеге асырылады. Оқушылардың конструкциялық жəне түрлі материалдарды өңдеу үдерісі технологиялық машиналар негізінде жүзеге асырылатыны белгілі. Сондықтанда оқушылар бойында қалыптастырылатын іскерлік пен дағды жəне оның нəтижелілігі талапқа сай жабдықталған шеберханаларға байланысты екендігі белгілі. Шеберханалардың жабдықталуына нақты талаптар қойылады. Олардың бірқатарына тоқталатын болсақ, оның біріншісі — эргономикалық талаптар. Яғни шеберхана ішіндегі микроклимат бөлме ішіндегі температурасы, жарықтандырылуы, ылғалдылығы, бөлме ішінің алаңы мен көлемі, бөлме ішіндегі құрал-жабдықтар мен технологиялық машиналардың түр-түсі жəне т.б. Екіншіден, шеберханалар базасындағы құрал-жабдықтардың оқушылар контингентіне сəйкестігі. Үшіншіден, техникалық қауіпсіздік пен санитарлық-гигиеналық талаптар, өрт қауіпсіздік ережелеріне сəйкестігі. Біздің зерттеу жұмыстарымыздың нəтижесінде анықталған функционалдық сауаттылық төмендегідей құзыреттіліктердің қалыптасуын қамтитынын көрсетті, олар «технологиялық», «іс-əрекеттік»,«əлеуметтік», «тұлғалық» құзыреттіліктер.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығы жəне соған сəйкес түрлі құзыреттіліктердің қалыптасуы оның оқу-тəрбие барысындағы оқу жəне оқыту үдерісінің нəтижесіне сəйкес болатыны мəлім.

Соған сəйкес оқу бағдарламаның мазмұнын жүзеге асыру барысында оқушыларды оқыту, тəрбиелеу жəне дамыту үдерісі үшін бірқатар əдістемелік іс-шаралар сақталынуын қерек етеді, олар:

  1. Дəстүрлі жəне белсенді əдістердің қатар қолданылуы.
  2. Ұйымдастыру жəне бақылау формаларының талапқа сай жүргізілуі.
  3. Оқыту үрдісінде дидактикалық жүйелердің сақталынуы.
  4. Білім беру барысында дидактикалық қағидаларды басшылыққа алу.

Əдетте, оқыту мазмұнына сəйкес өткізілетін сабақтың мақсаттары анықталып, соған байланысты оқыту үдерісіндегі қолданылатын əдістер мен формалар анықталады. Яғни білім берудегі дұрыс таңдалған əдіс-тəсілдерге сəйкес оқушылардың практикалық іс-əрекеттері барысында қалыптасатын іскерлік пен дағды нəтижелі болатындығын педагогикалық тəжирибелер нақты дəлелдеген. Сондықтан да оқыту үрдісінде бұрыннан пайдаланып келе жатқан дəстүрлі əдістері өздерінің өзектілігін жоймаған. Солардың ішіндегі вербалды (түсіндіру, баяндау, əңгімелесу, лекция) əдістері түрлі көлемдегі ақпараттарды оқушыға жеткілікті деңгейде түсіндіре алатындығы біздің тəжірибеміз нақтылауда. Ал іскерлік пен дағдыны қалыптастыруда іс-əрекет əдістерінің (жаттығу, есеп шығару, технологиялық құжаттармен жұмыс жасау, əдебиеттермен жұмыс жасау, зертханалық жұмыстар, практикалық жұмыстар) т.б өздерінің тиімді нəтижелерін беруде [4].

Бүгінгі таңда білім беру парадигмасы жаңа бағыттарды басшылыққа алуда. Солардың негізгілерінің бірі — оқушыларды шығармашылық іс-əрекет негізінде дамыту. Соған сəйкес оқыту үрдісінде қолданылатын əдістер де сан алуан. Олар саралап, даралап, деңгейлеп оқыту. Кейс əдісін, портфолио əдісін пайдалану. Білім берудің мұндай белсенді əдістері оқушылардың ой-өрісін дамытып шығармашылық іс-əрекетіне баулитынына күмəн келтіруге болмайды. Сондықтанда білім беру үдерісінде дəстүрлі жəне белсенді əдістерді орынымен пайдалана білу өзінің тиімділігі мен нəтижесін берері мол деп есептейміз.

Көп жағдайда білім беру үдерісінің тиімділігі пəн бойынша сабақты ұйымдастыру жəне бақылау формасын тиімді пайдалану негізінде оның нəтижесін анықтау болып табылады. Оқу бағдарламасы мазмұнына сəйкес оқу-тəрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыра білу білім беру үдерісіндегі негізгі факторлардың бірі болып есептеледі. Əсіресе біз қарастырып отырған «Технология» пəні бойыншаоқушылардың «іс-əрекеті» негізінде іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру негізгі мəселелерінің бірі екендігі мəлім. Сондықтан да бағдарламада келтірілген сарамандық жұмыстарды үш түрлі формада ұйымдастыру қабылданған. Олар, — жалпы топтық, топтық жəне жеке дара формалары. Сонымен, сабақты ұйымдастыру формаларын оқытудың мазмұынына, сабақтың түріне (теориялық, практикалық, зертханалық, аралас) сəйкес таңдалады. Оқытудың нəтижесін анықтау үшін бақылау формалары (сұрақ-жауап, тест, коллоквиум, жазба жұмыстары, дайындалған еңбек объектісінің сапасы т.б) қолданылады. Яғни жүйелі негізде сабақтарды дұрыс ұйымдастырып жəне бақылау формаларын тиімді пайдаланылса, онда оқушылардың бойында қалыптасатын функционалдық сауаттылық төмендегідей құзыреттілікпен анықталады. Олар — «іс-əрекеттік», «тұлғалық»,«технологиялық», «коммуникативтік» құзыреттіліктер.

«Технология» пəнін оқыту үрдісін ұйымдастыру барысында міндетті түрде оқытудың дидактикалық жүйелері анықталуы тиіс. Себебі оқыту мазмұнына сəйкес оқушылар бойында қалыптасатын іскерлік пен дағдыны белгілі бір анықталған жүйе негізінде жүргізілуі керек. Қазіргі таңда өндірістік еңбек технологиясы саласында жеті жүйе қолданылады, олар «пəндік»,«операциялық», «операциялық-пəндік», «операциялық-кешенді», «моторлы жаттығулы»,«проблемалық-аналитикалық» жəне «конструкторлық-технологиялық». Бүгінгі күні көптеген ұстаздарымыз негізгі екі жүйені қолданысқа енгізген, ол — «операциялық кешенді» жəне

«конструкторлық-технологиялық» жүйелер. Технологиялық іс-əрекет барысында дұрыс анықталып оқу үрдісінде пайдалану оқушылардың бойына қалыптасатын іскерлік пен дағдыға тікелей əсер ететіндігі сөзсіз. Оқушылардың функционалдық сауаттылығы артып, төмендегідей құзыреттіліктердің қалыптасуына мүмкіндік береді, олар «технологиялық», «іс-əрекеттік»,«əлеуметтік», «тұлғалық» құзыреттіліктер.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын жүйелі түрде дамытуда дидактикалық қағидаларды дұрыс пайдалана білуде үлкен мəнге ие. Мысалы, «ғылымилық» қағидасы түрлі техникалық-технологиялық терминдердің мəні мен мағынасын, конструкциялық материалдарды өңдеу барысындағы физикалық-химиялық құбылыстарды дұрыс түсініп қабылдауына жағдай жасайды. Сонымен қатар «жүйелілік», «бірізділік», «сабақтастық», «шамаға лайықтылық», «көрнекілік», «практикамен байланыстылық» т.б қағидалар оқушыларда қалыптасатын функционалдық сауаттылыққа мүмкіндік береді жəне соның нəтижесінде оқушылар бойында нақты анықталған құзыреттіліктер қалыптасады, ол «ақпараттық», «əлеуметтік», «тұлғалық»,«коммуникативтік» т.б құзыреттіліктер.

Жоғарыда біз атап көрсеткен оқыту, тəрбиелеу, дамыту үдерісінің оқушылардың білім, іскерлік, дағдысының қалыптасуына жəне соның негізінде шығармашылық іс-əрекетпен белсенді азаматтық ұстанымға баулитындығына күмəніміз жоқ. Оқушының еңбек рыногындағы əлеуметтік бейімделуіне септігін тигізіп, функционалдық сауатты құзыреттілікке ие тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.

 

 

Əдебиеттер тізімі

 

  1. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012–2016 жылдарға арналған ұлттық іс- қимыл жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 832 Қаулысымен бекітілген). — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: zan.kz/kaz/docs/P1200000832
  2. «Технология» пəнінің үлгі оқу бағдарламасы. — 5–9 сыныптар. — Астана, — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: www.scribd.com/.../11-технол-5–9-kz-d.
  3. Қазақстан Республикасының Президенті — Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауы «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты». — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: adilet.zan.kz/kaz/docs
  4. Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: zan.kz/kaz/docs/V1300008424/links

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.