Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əлем таныған ғұлама ғалым Академик Əбілқас Сағыновтың туғанына 100 жыл толуына орай

Кіріспе

Өмір – өзен. Сол өзеннің айдынында, сол өзеннің ағысымен бірге өмір де өтеді. Атамыз қазақтың айтқанындай, «Ұршыққа байланып жіп бітеді, күнге байланып өмір бітеді» ...Бір адамның ғана емес, бір дəулеттің, бір тайпаның, бір елдің, бір ұлттың, бір халықтың, тіпті адамзаттың да өмірі өтеді» деген-ді.

Иə, өмірден кім өтпеген ... жəне кім өтпейді. Осындайда Хакім Абайдың Оспан інісіне айтқаны, «Оспанға» атты тамаша өлеңі [1] еске түседі:

Жайнаған туың жығылмай,

Жасқанып жаудан тығылмай,

Жасаулы жаудан бұрылмай,

Жау жүрек жомарт құбылмай,

Жақсы өмірің бұзылмай,

Жас қуатың тозылмай,

Жалын жүрек суынбай,

Жан біткеннен түңілмей,

Жағалай жайлау дəулетің

Жасыл шөбі қурамай,

Жарқырап жатқан өзенің

Жайдақ тартып суалмай,

Жайдары жүзің жабылмай,

Жайдақтап қашып сабылмай,

Жан біткенге жалынбай, Ж

ақсы өліпсің, япырмай!

Шынында, бұл өмірден жақсы өткендер сирек қой. Сол сиректің бірі — халқымыздың мақтан тұтар ұлы перзенті, сегіз қырлы ғұлама ғалым Əбілқас Сағынов. Бүгінде оның есімін білмейтін адам жоқ. Биыл ғалымдардың ғалымы, ұстаздардың ұстазы, халқына, ғылымға қызмет етудің тамаша үлгісін көрсетіп кеткен біртуар тұлғаның туғанына 100 жыл толып отыр.

Академик Сағыновтың өміріне қатысты қысқаша мəліметтер

Əбілқас Мұсаұлы Сағынов 1915 ж. Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл аулында дүниеге келген. Ол Арғын тайпасына жататын Сүйіндік — Қаржас руындағы Сатылған (Тілеуімбет) ұрпағы. Ғалымның ата-тегі былайша өрбиді.

Қаржас Тұрсын ханның бесінші қызы Жолбикеге үйленген [2]. Қаржастың бəйбішесі саналған осы қыздан туған тұңғышы — Құлеке, ортаншысы — Бегім, екінші əйелден туған кенжесі — Ерім.

Қаржастың екінші ұлы Бегімнен — Сатылған, оның бəйбішесінен — Тілеуімбет. Тілеуімбеттен (лақап аты: Қарақалпақ) — Қошқарбай, Қожамқұл. Қожамқұлдан — Тұяқ. Тұяқтан — Баубек, одан — Тілеген. Тілегеннен — Сағын, одан — Жанəлі. Жанəліден (лақап аты: Жабағы) — Мұса, одан — Əбілқас [3].

Əбекеңнен бес ұл бала: Бектұр, Шыңғыс, Қазыбек, Ниязбек, Темірбек. Бектұрдан — Асқар, одан — Əлихан.

Əбекең бала кезінен Сарыарқаның киелі Баянтау аймағының табиғи сұлулығы мен тазалығын бойына сіңіріп өсті. 1924 жылы Сағыновтар отбасы аймақтың тағы бір сұлу өлкесі Қарқаралыға көшеді. Осында бір сатылы мектепті тəмамдап, 1928 ж. күзінде педагогикалық техникумның төменгі дайындық бөліміне оқуға түседі. 1931–1932 жж. өндірісте электр жөндеушісінің көмекшісі болып жұмыс істейді. Қоңырат руднигінде шахтамен бірінші рет танысып, Өспен кеніші шеберханасында моторист мамандығын игереді. Осыдан кейін келешекте кен инженері болу мақсаты жүрегіне орнайды. Сөйтіп, 1932 ж. Қарағанды кен техникумына оқуға түседі. Оны бітірген соң «Қарағандыкөмір» тресінің арнайы шешімімен Днепропетровск тау-кен институтына жіберілген бес адамның қатарында Украинаға оқуға аттанады.

Ə. Сағынов Днепропетровск тау-кен институтын «Пайдалы қазбалар кен орындарын қазып өндіру» мамандығы бойынша1939 ж. үздік дипломмен бітіріп шыққаннан кейінгі еңбек пен ғылымдағы жолын Қарағанды көмір ошағын дамытуға, Қазақстанның басқа да толып жатқан жер қойнауы қазынасын игеріп, халық шаруашылығы игілігіне жаратуға арнады. Ол учаске бастығынан Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигіне дейінгі жемісті шығармашылық жолдан өтті.

1955 жылдан Қарағанды ғылыми-зерттеу көмір институтының директоры, Қарағанды тау-кен институтының ректоры (1955–1958), Қарағанды политехника институтының ректоры (1958–1987), кафедра меңгерушісі, Қарағанды политехника институты ректорының кеңесшісі (1987–1991), КСРО Жоғарғы Кеңесі 7-шақырылымының депутаты, Қазақстан Ғылым академиясы Жер қойнауын кешенді игеру мəселелері институтының директоры (1991–2001). 2001 жылдан бастап Қарағандыдағы Бизнес, басқару жəне құқық университетінің Президенті қызметін атқарды.

91 жасында (2006 жылдың қыркүйегінде) Қарағанды қаласында өмірден озды.

Ғалымның Қарағанды шахталарында өнегелі еңбек етуі

Өткен ғасырдың 30–40-жж. жоғары техникалық білім алған алғашқы қазақ инженерлерін күтіп тұрған істер көп еді. Олардың арасынан ерекше озық шығып, белсене жұмыс атқарып, ірі өндіріс мекемелерін басқарып жүрген инженерлер А.Д. Шортанбаев, Ф. Серғазин, Ғ. Қосжанов, С.А. Əлменовтердің қатарына Ə. Сағынов та қосылады.

Алғашқы еңбек жолын 1939 ж. сəуірінен бөлім бастығы лауазымынан бастап жыл аяғына қарай № 3-бис шахтасының бас инженері болып тағайындалады. Жас маман осы кезде шахтада көмір қабатын қазу үшін енгізіліп жатқан қуатты «Верхняя Марианна» жүйесін сынақтан өткізуге белсене қатысады. Жас инженердің терең білімі мен ұйымдастырушылық қабілетін шахта бастығынан трестің бас инженеріне дейінгі міндеттерді атқару кезі барынша ашады [4].

Қарағанды шахталарында өнегелі еңбек етуімен қатар, Əбекең ғылымға да көп көңіл бөліп жүреді. 1947 ж. Қазақ ССР Ғылым Академиясының тау-кен институтының аспирантурасын сырттай бітіріп, 1951 ж. техника ғылымдары кандидаты атағын сəтті қорғайды.

Дəл осы кезде Қарағандыда Мəскеудің жетекші ғылыми-зерттеу институтының филиалдары ашыла басталды. Осындай филиалдардың біріне, кейіннен Қарағанды көмір ғылыми-зерттеу институты (КНИУИ) аталған мекемеге ірі өндірісші Ə. Сағынов директор болып тағайындалады.

Филиалдағы қызметі кезінде ол ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржыландыру көлемінің өсуіне, ғылыми қызметкерлермен толықтыруға, жаңа ғылыми-зерттеу зертханаларын ашуға, материалдық- техникалық базасын нығайтуға барлық іскерлік қабілетін, күш-қайратын жұмсады, соның нəтижесінде филиал дербес институтқа айналды.

Қарағанды көмір бассейнінің қарышты дамуы, пайдалы қазба орындарының көптеп ашыла бастауы жас мамандарға деген сұраныс жергілікті жерде көмір өнеркəсібі үшін кадрлар дайындау қажеттігін туғызды. Сөйтіп, 1953 ж. Қарағанды тау-кен институты ашылды. Ректор қызметіне Ю.К. Нұрмұхамедов тағайындалды, алайда ол бір жарым жылдай ғана істеді. 1955 жылы тəжірибелі маман, қабырғалы өндірісші, келешегі зор ғылыми қызметкер Ə. Сағынов ректорлық қызметке кірісті.

Қарағанды политехникалық институтының ректоры қызметін жемісті атқаруы

Əбілқас Сағынов жоғары білім саласының тамаша ұйымдастырушысы еді. Ол басқарған тау-кен институты 1958 ж. Қарағанды политехникалық институты (ҚарПТИ) болып ауысты. 1996 ж. ҚарПТИ Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті (ҚарМТУ) болып қайта құрылды.

Ə. Сағынов ҚарПТИ–ді 33 жыл бойы басқарды жəне онымен қайсарлық пен еңбек сүйгіштіктің жарқын мысалы болатын өмірінің соңына дейін қош айтыспады. Ғұлама ғалымның арқасында ҚарПТИ кезінде 24 мамандық бойынша маман дайындайтын еліміздегі көпкешенді жоғары оқу орнына айналды. Он мыңдаған мамандар қанат қақты. Түрлі бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстары өріс алды. Əбекеңнің жеке ынтасы, табандылығы мен жігерлігі арқасында жаңа оқу, лабораториялық ғимараттар, жатақханалар, асхана, Қарқаралыда спорт-сауықтыру лагері бой көтерді. Инженер мамандарын дайындаудағы елеулі еңбегін ерекше ескеріп, IX бесжылдықта КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен институт 1976 ж. Еңбек Қызыл Ту Орденімен марапатталды. Осы жылы бесжылдық міндеттерін орындауда жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгендігі үшін Қазақстан КП ОК, Жоғарғы Кеңес Президиумы жəне ҚазССР Министрлер Кеңесінің Қаулысымен Құрметті дипломмен марапатталды жəне Қазақ ССР-нің Құрметті Алтын кітабына енгізілді. Бүкілодақтық социалистік жарыста үздік нəтижелерге қол жеткізгені, өндіріс тиімділігін жəне жұмыс сапасын арттырудағы қол жеткізген жетістіктері үшін, экономикалық, əлеуметтік даму жоспарын табысты орындағаны үшін, 1979 ж. институт ұжымына ауыспалы Қызыл Ту берілді. Əсіресе 1980 ж. социалистік жарысқа қатысқан 870 жоғары оқу орнының ішінде тек екеуі ғана оқ бойы озық шығып, соның бірі — Қарағанды политехникалық институтына КПСС ОК, ССР Министрлер Кеңесінің ауыспалы Қызыл Туы берілуі айтулы оқиға болды [5].

Сонымен, қазіргі таңда техникалық университет атанып отырған Қарағанды политехникалық институтының өсіп-өркендеуінде тұңғыш ректорының орасан еңбегін ерекше атауға болады. Институтты 30 жылдан астам уақыт бойы басқарып, осынау оқу орнын Қазақстандағы ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағы аумағындағы үздік те ірі техникалық білім ордасына айналдырды. Бұл кісінің арқасында Орталық Қазақстанда инженер мамандарды даярлау ісі жолға қойылып, түлектері əлемнің көптеген елдерінде жоғары бағаланатын болды. Дарынды ғалым, педагог қаншама ізбасарларын тəрбиелеп, оларға оқыған-тоқығанын сондай бір жомарт көңілімен жеткізе білді. ҚарПТИ-де (ҚарМТУ-де) қажырлы еңбектің арқасында көрнекті ғылымдардың ғылыми мектептері құрылды. Академик Ə. Сағынов негізін қалаған ғылыми жəне педагогикалық дəстүрлер Университеттің ХХІ ғ. лайықты қарсы алуына мүмкіндік берді. Бүгінде кемеңгер ғалымның есімі мен тұлғасы біздің жоо абыройының ажырамас бөлігін құрайды.

Əбілқас Сағыновтың іргелі ғылыми зерттеулерінің нəтижелері

Əбілқас Сағынов тек біздің елімізде ғана емес, шет ел тау-кен ғылымы жұртшылығына танымал көрнекті ғалым-кенші.

Академик, медицина ғылымдарының докторы Ғ. Құлқыбаев «Патриарх» атты мақаласында мынадай қызық дерек келтірген: «Өзінің саналы ғұмырының 50 жылын арнаған тау-кен ғылымы — Əбекеңнің ой-толғаныстарының басты бағыты. Ол кісі ғылымның бұл саласының тарихына, қазіргі даму кезеңіне жəне болашағына ой жүгіртіп, сөз қозғағанда өңі шырайланып, бөлек бір толқынысқа түседі. «Тау-кен өндірісі адамзат баласының ең көне кəсібіне жатады. Тіпті, адамзат тарихының өзі осы кəсіпті меңгеру дəрежесіне қарай дəуірленеді десе артық болмас. Мəселен, «тас ғасыры, қола дəуірі, темір кезеңі» деген сияқты. Тау-кен өндірісінің Қазақ даласында да өте ерте заманнан (біздің дəуірге дейінгі III–IV ғғ. бастап) бері қарай дамығанының тарихи айғақтары өте мол. Археологиялық қазбалардан табылған тастан, қоладан, темірден жасалған садақ ұшы, қашау, балталар, тағы да басқа қолданыс заттарын айтуға болады. Сонымен қоса Сарыарқа төсінен табылған кен қорыту пештері (мəселен, Атасу, Жезді өңірінен табылған кен қорыту орындары) бар. Атап айту керек, Орталық Қазақстан бүкіл Еуразия кеңістігіндегі мыс пен қалайы өндіретін тау-кен өндірісі ең дамыған аймақтардың қатарында болды. Тек қана табылған деректердің өзі көрсетіп отырғандай, Жезқазған мен Кенқазған өңірінде ғана кен өндіру 1 млн жəне 800 мың т жеткен. Тіпті, жер атауларының (Жезқазған, Жезді, Кенқазған т.б.) өзі осы айтылғандардың айғағы іспеттес. Адамзат баласы қазіргі кезде жыл сайын жер астынан жүз миллиардқа жуық тонна кен байлықтарын қазып алады. Жер астының кенін қазу күннен күнге тереңдеп барады. Мəселен, Донбасс пен Германия шахталарының тереңдігі 1000 м асады. Оңтүстік Африка Республикасында алтын қазу жұмыстары 3 км тереңдікте жүргізіледі. Мен кен қазу стихиясын адамзаттың ғарышты игерудегі батырлық хикаясымен теңер едім. Жер астының байлығына шабуыл жасау өзінің романтикасы мен поэтикасы жағынан ғарышты игеруден бір кем түспейді. Мен оны геоғарыш деп атар едім. Геоғарыш дегеніміз — жер қойнауының тылсым дүниесі, қол жетпес армандай өзіне тəн ерекшелігі мен жұмбағы мол қызық əлем, іші толған қысым мен қызу, жарылыс пен толқу, лықсу мен тербеліс!

Геоғарыштың сан-саналы құбылыстары мен тарпаң мінезін игеру атам заманнан бері тау-кен ғылымының басты бағыты болып келеді. Ашық карьерлерден тұңғиық терең шахталарға дейінгі жүргізілген тау-кен жұмыстары, кен қазу технологиялары енді XXI ғ. жаңа сапаға көшіп, бұрын- соңды болмаған қауіпсіз, экологиялық таза жаңа технологияларға ойысуы керек. Ол — геотехнология! Бұл технология үшін карьерлер мен шахталардың керегі жоқ. Ол тек бұрғылар арқылы жер астына жіберілетін сұйық реагенттер, іріткіштер, тотықтырғыштар, қыздырғыштар, тағы басқалар арқылы кен қорын ерітінділер, газ аралас, тағы басқа түрлерін скважиналар арқылы жер астынан шығарып алу. Осы əдістер арқылы минералдарды кешенді түрде амалдап алу» [6].

Көрнекті ғалым 1962 ж. Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, 1970 ж. академигі болып сайланды. 1967 ж. «Қарағанды бассейнінің көмір қыртыстарын жер астынан шығару əдістерін зерттеу жəне жетілдіру» ғылыми жұмысын Мəскеудің тау-кен институтында жоғары деңгейде қорғап, техника ғылымдарының докторы атағына ие болды.

Əбекең өзінің докторлық диссертациясында бірталай соны мəселелерді қарастырып, оны шешудің жолдарын ұсынды. Мұның көмір өндіруде оның өзіндік құнын едəуір арзандатуға мүмкіндік беретіні кейіннен тəжірибе жүзінде дəлелденді.

Ə. Сағыновтың өндіріс жəне ғылым салаларындағы жетістіктері оның білім құмарлығы диапазонын жылдан жылға кеңейте түсті. Енді ол ғылыми-зерттеу жұмыстарын тек бір мəселе шеңберінде ғана жүргізіп қана қоймай, тау-кен өндірісімен байланысты басқа да проблемалармен айналысатын жан-жақты сегіз қырлы бір сырлы ауқымы кең ғалым деңгейіне көтерілді.

Əбілқас Сағынов — «Көмір өндірудің технологиялық есебі процестері» (1961, тең авторлы), «Көмір шахталарының технологиялық схемаларын біріктіру» (1974, тең авторлы), «Қарағанды бассейнінің көмір қабатын əзірлеу мəселелері» (1976), «Пластикалық карьер конвейерлерінің есебі жəне жобалау негіздері» (1984, тең авторлы), «Машинаны соғу органдарының гидроимпульсті жүйесін құрудың теориялық негіздері» (1985, тең авторлы), «Механикалық ұстамдарды жетілдіру жəне дамыту жолдары» (1992, тең авторлы), «Өткен белестер туралы» (1995) еңбектері мен 280-нен астам ғылыми жарияланымның авторы.

Дарынды ғалымның кен орындарын тиімді əдіспен қазу, тау-кен өндірісін механикаландыру, шахталарда еңбек өнімділігін арттыратын, экологиялық жəне қауіпсіздік шаралары сапасын көтеру мəселелеріне арналған жиырма монографиялық, басқа да көптеген ғылыми еңбектері қазір таптырмас оқу құралы болып отыр.

Əбекеңнің іргелі зерттеулерінің нəтижелері көптеген халықаралық ғылыми конференцияларда баяндалды. Ə. Сағыновтың жəне оның шəкірттерінің ғылыми əлеуетінің бір дəлелі ретінде Intas жобасы бойынша шетел ғалымдарымен (Германия, Чехия, Ұлыбритания, Польша, Ресей) бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізіп, алыс шетелдегі (Белград, Денвер) ғылыми конференцияларға қатысуын айтуға болады.

1974 ж. тау-кен жыныстарының механикасы жөніндегі жұмысы үшін Ə. Сағыновқа авторлық ұжымдардың құрамында Қазақ ССР-нің ғылым жəне техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Ал 1987 ж. оған тағы да авторлар құрамында «Тау-кендік жəне құрылыс өндірісіне арналған гидравликалық ұрғыш машиналарының ілімін жасап жəне оны əзірлеу» деген еңбектің жетекшісі ретінде Қазақ ССР-нің ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді.

Академик Ə. Сағыновтың ғылыми басшылығымен 11 докторлық, 50-ден аса кандидаттық диссертация қорғалды.

Сөйтіп, пайдалы қазбалар кен орындарындағы өндіру технологиясы мен кешенді механикаландыру проблемаларын түбегейлі зерттейтін аса əлеуетті ғылыми кадрлар шоғыры дайындалып, бұл салада ғылыми-технологиялық тəуелсіздік деңгейіне қол жеткізілді.

Міне, осындай-осындай ерен ғылыми жетістіктер тек қана аса ірі ғалымның, ғылымды ерек ұйымдастырушының ғана қолынан келетін іс екендігі айдан айқын.

Ғалымның Жер қойнауын кешенді игеру мəселелері институтында жүргізген зерттеулері

Қазақстан Республикасының Үкіметі жəне Ұлттық ғылым академиясы 1990 ж. Қарағандыда Жер қойнауын кешенді игеру проблемалары институтын ашу туралы Қаулы қабылдады. Ол жер қойнауларын зерттеу жəне минералдық шикізаттар мен көмірсутегін өңдеу мəселелеріне Қазақстанның тау-кен өндіретін өнеркəсібінің экономикалық мониторингін жасауға бағытталған болатын.

1991 ж. Қарағандыда осы Қаулыға байланысты ҚазКСР ҒА-ның Геология жəне кен ісі институттары филиалдарының негізінде ҚР ҰҒА-ның Жер қойнауын кешенді түрде игеру мəселелері бойынша институт ұйымдастырылды. Оған жетекшілік еткен академик Ə. Сағынов.

1991–2001 жж. осы институттың директоры ретінде Əбекеңнің ғылыми зерттеулерді жан-жақты жүргізуге қосқан үлесі зор.

Əбілқас Сағыновтың басшылығымен пайдалы кен орындарын кешенді игеру тəжірибесі мен теориясын талдау кем дегенде үш негізгі бағытта жүргізілді.

Бірінші — қалдықсыз технология жасау, яғни пайдалы қазбаларды жер қойнауынан алу олардың тікелей жатқан орнында іске асырылады. Мұндай технология мысалдары ретінде пайдалы кен орындарын геотехнологиялық əдіспен қазып өндіруді қарастыруға болады: жер-астылық сілтілеу жəне жерастылық еріту; жерастылық балқыту; жерастылық газификация.

Екінші — тау-кен жəне кен-байыту өндірісінің қалдықтарын (утилизациялау) пайдалану.

Үшінші — пайдалы қазбаларды əдеттегі қазу əдістері негізінде кен орындарды жерасты жəне ашық əдіспен қазып-өндірудің аз қалдықты технологиясын жасау. Мұндай технологиялардың принциптік негізі болып тау-кен жəне байыту өндірісінің қалдықтарын толық не жартылай камералар мен карьерлердің қазылған кеңістіктерінде орналастыру; параметрлері берілген техногенді кен орындарын келешекте əрі қарай қолдану мақсатымен жасау.

Бүгінгі таңда Ə. Сағынов құрған бұл институтта Орталық Қазақстанның бағалы жəне сирек кездесетін металдарын барлау жөніндегі геологиялық-технологиялық зерттеулер кешені жүргізіліп, шахта метанын өндіру жəне пайдалануға байланысты геотехнологиялық ғылыми-қолданбалы зерттеулер өткізіліп жатыр.

Түйін

Атақты ғалым лайықты құрмет пен қошеметке жерлестері мен əріптестерінің арасында ғана емес, ғылыми һəм қоғами орталарда да молынан ие болды.

Еліміздегі жоғары білім беруді дамыту жəне халық шаруашылығы үшін білікті мамандарды даярлаудағы зор еңбегі үшін 1971 ж. Əбілқас Сағынов Социалистік Еңбек Ері атағын алады.

Бір қызығы, сол тұстағы Кеңестер Одағындағы 860 жоғары оқу орнының ректорлары ішінде тек екі-ақ адам Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған екен. Бірі — Бауман атындағы Мəскеу жоғарғы техникалық училищесінің, қазіргі техникалық университетінің ректоры, екіншісі — Қарағанды политехникалық институтының ректоры Ə. Сағынов. Одақ бойынша екеудің бірі, Қазақстан бойынша бір өзі.

Əбекең, түрлі медаль, басқа да сый-құрмет түрлерін айтпағанның өзінде, екі рет Ленин орденімен, Октябрь революциясы, Халықтар достығы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен марапатталды.

1993 ж. Қарағанды қалалық халық депутаттары Кеңесінің шешімімен Ə. Сағыновқа аймақтағы көмір ошағын өркендету жəне мамандар даярлауда, ғылымды дамытуда қосқан елеулі еңбегі үшін

«Қарағанды қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Əйгілі ғалым 1995 ж. ҚР Президенті Н. Назарбаевтың Жарлығымен «Қазақстан Республикасы ғылымы мен техникасына еңбегі сіңген қайраткері» атағын алды.

Əбілқас Сағынов ұзақ уақыт бойы ғылыми-педагогикалық жəне ұйымдастыру əдісі мен жұмыстарымен қатар қоғамдық қызметпен де айналысты. Ол 30 жыл бойына Қарағанды облыстық партия комитетінің мүшесі, кезіндегі КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1966–1970), жергілікті кеңестердің депутаты, көптеген ғылыми журналдар редколлегиясының мүшесі болды.

Академик Сағыновтың өнеркəсіпті Жезқазғанның қалыптасуындағы рөлі де айтарлықтай. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып жүргенде оның табандылығы жəне күш-жігері арқасында Үлкен Жезқазғанның құрылысын салу кезекті бесжылдық жоспарға еніп, ол аймақтың экономикасының күрт дамуына ықпал етті [7].

Қорыта келе айтарымыз, осынау ұлы адамның ғұмыры қазақстандықтардың сандаған ұрпақтарына үлгі бола алады. Бұл дегеніңіз — халыққа қызмет етудің, қалаулы іске деген адалдықтың, Отан алдындағы жауапкершіліктің лайықты үлгісі.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. Құнанбаев Абай (Ибраһим). Шығармаларының екі томдық толық жинағы. — I т. — Алматы: Ғылым, 1977. — 187-б.
  2. Көпейұлы Мəшһүр-Жүсіп. Қазақ шежіресі. — Алматы: Жалын, 1993. — 19-б.
  3. Жақсыбаев С.И. Қаржас ұрпақтары. — Павлодар: ЭКО, 2008. — 174, 175-б.
  4. Арыстан И. Сағынов тағылымы // Егемен Қазақстан. — 2012. — 27 желт. — 7-б.
  5. Ынтықов Т. Дарабоз // Орталық Қазақстан. — 2011. — 1 қазан — 3-б.
  6. Құлқыбаев Ғ. Патриарх // Егемен Қазақстан. — 2005. — 24 желт. — 3-б.
  7. Пивень Г. Сағынов туралы сөз // Орталық Қазақстан. — 2005. — 24 желт. — 4-б.

 

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.