Қазақстан Республикасының жаңа əлеуметтік-экономикалық даму жағдайларындағы қоғамның жоғары жəне кəсіптік мектептерде мамандар даярлаудың мақсаты мен мазмұнына қоятын талаптарына оқытушының педагогиканың əдіснамасын, басқару мəнісін, басқару процесінің мазмұнына теориялық тұрғыдан қарау жатады, себебі жоғары жəне кəсіптік мектеп оқытушысы білім беру процесінің өзінде де, оны басқаруда да үлкен рөлге ие.
Болашақ мамандардың кəсіби даярлығының мазмұнын кемелдендіре түсу мəселесіне Қазақстан Республикасы «Білім беру туралы» Заңында ерекше көңіл бөлінеді, мұнда білім беру жүйесінің негізгі міндетімен қатар, оның басымдылық міндеттері, яғни «оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге қосылу; еңбек нарығында бəсекеге қабілетті білікті мамандар мен жұмысшылар даярлау, оларды қайта даярлау мен біліктіліктерін жоғарылату» [1].
Оқытушы қызметі, ең алдымен, студенттің «білім алу траекториясын» саналы түрде таңдай алуына жағдайлар туғызуға (оқу пəндері мен олардың оқу ретін жеке таңдауына); студенттің алдына қоятын мақсаттарын нақтылауға; студенттің өзіндік іс-əрекетін жоспарлауда көмек беруге; нақты оқулықтарды, құралдарды, оқудың əдіс-тəсілдерін қолдануда кеңес беруге бағытталуы керек.
Т.С. Садыков [2] кəсібилікті қандай да бір əрекет түрін немесе қызметті меңгеру мен ұзақ уақыт бойы соны орындау кезінде адам бойында пайда болатын психофизиологиялық, психикалық жəне тұлғалық өзгерістердің жиынтығы деп анықтайды. Оның пікірінше, кəсібилік кəсіптік міндеттерді шешудің сапалық жағынан жаңа, анағұрлым тиімді деңгейін қамтамасыз етеді. Маманның даму концепциясында автор кəсібиліктің қалыптасуының үш негізгі бағытын көрсетеді:
- қызметтегі жеке-тұлғалық стильдің қалыптасуы сол қызметті атқару жүйесінің өзгеруі, функциялары мен иерархиялық құрылымының өзгеруі нəтижесінде жүзеге асады;
- кəсіби дүниетанымның қалыптасуы субъекті тұлғасының өзгеруі негізінде жүзеге асады;
- кəсіби мəдениеттің қалыптасуы когнитивтік өзгерістердің (білім, əрекет, эрудиция, қарым- қатынас стилі, техника), субъектінің объектіге қатынасында эмоционалдық жəне практикалық компоненттерді орнатуы нəтижесінде жүзеге асады.
Осылайша, қазіргі заман оқытушысын даярлау бүгінгі күнде адамның іс-əрекет қабілеттерін, əлеуметтік жəне кəсіби рольдерін құзыреттілікпен жəне жауапкершілікпен орындау мүмкіндіктерін ашу процесі болып қарастырылады.
Жоо оқытушысын даярлаудың мақсатын анықтау қазіргі кездегі динамикалы дамып келе жатқан қоғамның ерекшеліктерін ескере отырып, іске асады. Ол оқытушы даярлығының өзі оқытатын болашақ мамандар даярлығынан озық болуын қамтамасыз етуі керек.
Болашақ мамандардың танымдық əрекеттерін басқарудың педагогикалық шарттарын анықтау барысында біз жоғарғы оқу орнында басқару принциптері, қызметтері жəне де басқару проблемасына пəнаралық сипат тəн екендігін ескере отырып, əлеуметтік жүйелерді басқару теориясы мен педагогикалық менеджменттегі ұғымдық аппараттың талдауларына жүгіндік.
«Басқару» терминін менеджмент теоретиктері Л.Б.Ительсон [3] мен М.Марков [4] объектінің субъектіге мақсатты түрде ықпал етуі мен оның нəтижесінде субъектінің өзгеруі деп түсіндіреді.
В.И. Каган, И.А. Сыченик мақсатты ықпалдардың нəтижелерін нақтылап, олардың объектінің белгілі критерийлерге сəйкес дамуына жетелейтінін көрсетеді» [5].
В.Г. Афанасьевтің айтуы бойынша, басқару дегеніміз — іс-əрекет жəне жəне операциялар, үнемі басқару циклінің жүйесі өзгеріп отырған сайын жаңарып тырады, міндетті түрде əлеуметтік жүйенің алдында тұрған басқарудың мақсаты орындалып, даму үстінде тұрады [6].
Жоғарыда келтірілген тұжырымдарды қорытындылай келе, «басқару» ұғымының негізгі сипаттарын ажыратайық:
- басқару дегеніміз — мақсатты түрдегі іс-əрекет;
- спецификалық функциялар бар басқарушы жəне басқарылушы ішкі жүйелердің болуы;
- басқару объектісінің бір сапа күйінен екінші бір анағұрлым жоғары сапа күйіне ауысу қажеттігі.
Дидактикада басқару проблемасы көп аспектілі жəне оқытудың əр түрлі теорияларында көрініс табады:
- дамыта оқыту;
- бағдарламаланған оқыту;
- оқытудың оңтайландыру;
- танымдық қызығушылықтың қалыптасуы;
- ойлау қызметінің кезеңдермен қалыптасуы;
- проблемалық оқыту.
Білім беруді басқару теориясында бірқатар ғалымдар басқаруды субъектінің объектіні бір күйден екінші күйге ауыстыру үшін мақсатты түрде жасайтын ықпалы деп көрсетеді (П.И. Третьяков); барлық субъектілердің қалыптасуды, стабилизацияны, оңтайлы қызметті жəне мектептің міндетті дамуын қамтамасыз ететін қызметі (М.М. Поташник); педагогикалық процесс пен жалпы алғандағы біртұтас басқарылатын жүйені дамыту, кемелдендіру, тиімділігі мен сапалы жұмысын қалыптастыруды қамтамасыз етуге бағытталған əкімшілік қызметі (Ю.А. Конаржевский).
Біздің ойымызша, анағұрлым толық мағлұмат беретін анықтаманы Е.В. Яковлев берген: «Басқару — жоспарлы, болжанатын жəне технологиялық жағынан қамтамасыз етілген процесс, ол басқарылатын жүйенің мақсатына қол жеткізуінде қажетті жаңа сапа күйіне ауысуына тиімді жағдайлар жасау үшін ықпал ету» [7].
Қарастырылып отырған ұғымның дефинициясын синтездей келе, бірқатар маңызды əдіснамалық жайларды айтуға болады:
- Басқару көп мақсатты жəне ішкі құрылымына қарай күрделі қызмет болып табылады.
- Басқару өзінің табиғатына қарай интегративті, жүйелі процесс.
- Басқару өзінің көп нұсқалылығымен ерекшеленеді жəне жүру барысындағы жағдайлардың өзгеруіне байланысты.
В.С. Лазарев, М.М. Поташник, П.И. Третьяков білім беруді басқарудағы əдіснамалық тəсілдер спецификасын атайды жəне оны айқындаушы ретінде жүйелік-қызметтік, синергетикалық, коммуникациялық-диалогтық, мəдениеттанушылық, тұлғалық-бағдарлаушылық тəсілдерді көрсетеді. Енді соларға қысқаша сипаттама берейік:
- жүйелік-қызметтік тəсіл бейімделгіш білім беру жүйесінің тұтастық деңгейін, өзара байланыс дəрежесін жəне оның элементтерінің өзара əрекеттестігін, əр түрлі деңгейдегі ішкі жүйелердің өзара бағыныштылығын анықтауға мүмкіндік береді;
- синергетикалық тəсіл объектінің өзін-өзі табиғи ұйымдастыруын есепке алады. Ол жүйенің құрылуы, пайда болуы, дамуы мен өзін-өзі ұйымдастыруы заңдылықтарын анықтау мен қолдануға бағдарланады;
- коммуникациялық-диалогтық тəсіл барлық субъектілердің (объектілердің) өзара əрекеттестігін бағдарлайды, олар болжанған нəтижеге қол жеткізу жолында бірдей қарым-қатынаста болады;
- мəдениеттанушылық тəсіл тұтас үздіксіз білім беру процесінде нақты ғылыми пəндер блоктарынан, жалпы адами жəне ұлттық мəдениет негіздерінен, тұлғаның даму заңдылықтары жайлы ғылымдардан арнайы, жалпымəдени жəне психологиялық-педагогикалық білімдердің бірігуін түсіндіреді;
- тұлғалық-бағдарлық тəсіл əрбір тұлғаның табиғилық ерекшеліктерін есепке алуды көздейді, яғни табиғи жағдайлар тұлғаның барлық мүмкіндіктері мен қабілеттерін толық ашу үшін жақын даму аймағын есепке алып бейімделуге қолайлы жағдай жасайды [8].
Осыдан шығатын мəселе — бұл болашақ мамандардың танымдық іс-əрекеттерін басқарудың мазмұнын анықтаудағы, олардың шеберлік дайындығына назар аудару.
Шеберлік дайындық процесіне сай жоо мұғалімнің алдына біршама арнайы тапсырмалар қойылады, себебі өзінің болашақ маман ретінде ол шеберлік процесіне қажеттті барлық қабілеттерді меңгеруі тиіс, өз бойындағы білім, білік, дағдыларының барлығы өз жұмысында толығымен максималды түрде қолдана алуы жəне жалпыға ортақ талаптардың барлығын меңгеруі керек, яғни жоо педагогикалық процесті басқарудың жалпы қалыптасуы:
- басқару объектісі ретінде студенттердің танымдық іс-əрекеттерін психологиялық- педагогикалық білімдер негізінде қалыптастыру;
- студенттердің оқу-танымдық іс-əрекеттерді қолдана алу;
- педагогикалық процестің субъектісі ретінде жеке-тұлғалық шеберлік сапаларын мұғалімдер бойына қалыптастыру.
Осы қойылған талаптарды орындау арқылы жоғары оқу орнының болашақ маманы өз бойына басқару түрінің барлық жақтарын қабылдап алады жəне де алға қойылған барлық мəселелердің шешімдеріне психологиялық түрде əр кезде де дайын болады. Бұл қасиеттердің бірі болып студенттердің оқу-танымдық іс-əрекетін басқару түрі саналады.
«Студенттердің оқу-танымдық іс-əрекетін басқару дайындығы» түсінігін толығымен ашу үшін педагог-психологтардың жеке жұмыстарына көп мəн бердік, сонымен қатар «даярлық» сөзінің мəнін ашуға тырыстық.
Психология өмірінде «даярлық» түсінігі мынаны білдіреді, яғни қай іс-əрекеттің бірінші шешімінің толығымен орындалуы, осыған байланысты бірнеше кезеңдерді көрсетеді:
- мотивтер мен қажеттіліктер негізіне қойылған арнайы мақсаттар;
- алға қойылған іс-əрекеттердің кестесі, жоспар, жаңа модельдерді дайындау;
- дайын болған кезде іс-əрекеттер түрін жасап көрсету жəне оны сырттай бақылау.
М.И. Дьяченко и Л.А. Кандыбович іс-əрекетке дайындық мəселесін зерттей отыра, келесідей компоненттерді көрсетеді: мотивациялық, танымдық, ерік-жігерлік. Осы көрсетілген компоненттер, ғалымдардың айтуы бойынша, оқу-танымдық іс-əрекеттерде кездесетін барлық мəселелерді шешуге көмегін тигізеді.
В.А. Сластенин дайындық іс-əрекет түрін былай анықтап көрсетеді: «Іс-əрекеттерге психикалық түрде дайын болудың өзіндік жағдайы бар, яғни анықталған іс-əрекеттерінің құрылымының бейнесі мен оның орындалуына бағытталған күнделікті сана-сезімнің жоғары болуы» [9].
Г.Е. Əлимұхамбетова мектеп балаларының танымдық іс-əрекеттерінің дайындығын мынандай жолмен анықтайды: «Қадам (əрекет) сапа» жеке тұлғаның динамикалық мінездерін көрсетеді, білім, білік, дағды, қарым-қатынастарына қандайда бір шарттар қояды жəне оларды мақсатты түрде орындалуына ыңғай жасайды [10].
Н.Д. Хмель педагогикалық процесте басқару дайындығын былай анықтайды: «Бұл бірқатар элементтерден тұратын, жеке тұлғаның шеберлік қажеттіліктерімен қатар білім, білік, дағдыларды анықтаудағы жəне арнайы білім берудегі өзіндік тəжірибенің өте қиын түрі».
А.Н. Сүлейменова тұлға бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамыту процесіндегі талаптарға сай мектеп оқушыларына жеке түрде білім беру дайындығын интеграциялық түрде ала отырып, олардың білімдері мен дағдыларын кешенді түрде қарастырады жəне олар өз əрекеттерін жеке шеше алады деп атап көрсетеді.
О.В. Корягина, Н.Н. Рябуха диссертацияларында педагог мінездерінің интеграциялық дайындығы жайлы көрсетілген жəне сол арқылы қандайда бір шеберлік əрекеттерді талқылауға көмегі болатындығы жайлы атап өткен.
«Даярлық» түсінігіне талдау жасай отыра, біз іс-əрекеттердің жан-жақты түрінің дайындық қорытындысы мен болмыс мінездемелерін анықтай аламыз:
- жеке тұлғаның субъективті жағдайы;
- болатын іс-əрекеттердің шешіміне қойылған жарғылар;
- əрекеттер мен жеке басқа қойылған шеберлік талаптар;
- іс-əрекеттердің тиімді орындалуы.
Осы жоғарыда көрсетілген мінездемелерге сүйене отырып жəне жоо алынған тəжірибе арқылы мынандай қорытынды шығара аламыз, яғни мұғалімнің студентердің оқу-танымдық басқару істеріне дайындығы — ол шеберлік талаптарға қойылған бірден-бір шарт, студенттердің оқу-танымдық іс- əрекеттерінің тиімділігі жеке тұлғаның танымдық жəне мотивациялық қабілеттерінің жоғарғы деңгейде екендігін көрсетеді.
Мұғалімге қойылған іс-əрекеттердің психикалық шешімін табу, жеке тұлғаның іс-əрекеттпен ұштастыру элементі болып табылады жəне мұғалімнің студентердің оқу-танымдық іс-əрекеттерін басқарудағы объектілік əрекет болып табылады.
Мұғалімнің студентердің оқу-танымдық іс-əрекеттерін басқарудағы дайындығы поликомпоненттік жəне аналогиялық құрылымға ие (мазмұнды, мотивациялық, операциондық компоненттер).
Мұғалімнің студентердің оқу-танымдық іс-əрекеттерін басқарудағы дайындығы операциондық компоненттер мазмұнына негізделген, тəжірибелік жəне жүйке жүйесінің əрекеттері, құқықтық жағдайлардағы басқару объектісіне бағытталады.
Мазмұнды компонент дайындығы жоғарғы білімнің барлық мазмұнын қарастырады, студенттердің оқу-танымдық іс-əрекеттерінің болмысы, олардың механизмдері жəне тəжірибелік жəне жүйке жүйесі негізіндегі əрекеттер болып саналады.
Студенттердің оқу-танымдық іс-əрекеттерін басқаруда мұғалімнің жеке-тұлғалық мінезіне мотивациялық компонент қарастырылған.
Болашақ жеке тұлғаның шығармашылық дамыту мақсатына жауап беретін бірден бір əрекет — ұйымның бірігуі, студенттердің қандайда бір іс-əрекеттеріндегі мұғалімнің басқару əрекетінің тиімділігі жəне оқу-танымдық қабілеттер. Жоғары оқу орындарындағы кəсіби немесе толығымен білім беру бағытының бірден-бір жолы студенттердің алдағы əрекеттерінің объектілі түрді оқу- танымдық əрекеттермен ұштасып орындалуы болып келеді. Жоғары оқу орындарының мамандарын дайындау үшін, ең алдымен, оның білімі жоо білім мазмұнына сай болуы керек, арнайы пəндердің негіздерін қарастыра білгені жөн, сонымен қатар студенттердің оқу-танымдық іс-əрекеттерін басқара алуы қажет.
Арнайы, психологиялық, педагогикалық жəне əдістемелік білім белсенділігі студенттердің танымдық процесіндегі басқару əрекетінің əдістемелік бағдарламасы болып табылады жəне мұғалімнің басқарудағы шешімдерді табуға көп кедергісін тигізеді:
- мұғалімнің арнайы білімі ғылымның теориясын жəне əдістерімен оларды зерттеу объектілері мен шеберлік іс-əрекеттегі тəжірибелік білім ерекшеліктерін қарастырады;
- педагогикалық білім жоо білім процесінің болмысын анықтайды, дидактикалық шарттар мен олардың қолданылуларын көрсетеді;
- психологиялық білім студенттің жеке жəне типологиялық ерекшеліктері мен өзінің білімін қарастырады, оқу-танымдық іс-əрекеттегі шеберлік ерекшеліктерін көздейді;
- мұғалімнің əдістемелік білім құрылысына өз пəнінің жеке əдіс-тəсілдерін білу қажеттілігі жатады, сонымен қатар оларды қолдана білу құндылықтары кіреді.
Педагогикалық дағдылар ұйымдастырушылық, жобалаушылық, гностикалық, құрастырушылық, коммуникативтілік болуы мұғалімнің жан-жақты екендігін көрсетеді.
Басқару субъектісінің тəжірибелік əрекеті мен нақты ойлауы педагогикалық ұйымдастырудың басқару дағдысы болып саналады: талдау, жобалау, жоспарлау, бақылау.
Мұғалімнің басқару əрекетіне жеке-тұлғалық ғылыми-педагогикалық бағыттылықтың айқын жолдары көрсетілген. Сол арқылы бағдарламаларды, жоспарларды, жаңа технологиялық əрекеттерді жасай алады, сонымен қатар ғылыми-педагогикалық əрекетке деген қызығушылық, олардың мақсаттарының нық екендігін көрсетеді, мотивтері мен ережелерін, мамандыққа деген ерік- жігерлерін жəне мамандықтың құндылықтарын құрметтеуге үйренеді.
Мұғалім басқару қызметтерін толығымен жүзеге асыруы үшін, ең алдымен, өзінің мамандығындағы əрекеттер объектілерін ғылыми жүйеге ендіруі қажет жəне студенттердің оқу- танымдық іс-əректтерінің басқару технологияларын білуі керек.
Осылайша жоо мұғалімнің студентердің оқу-танымдық іс-əрекеттерін басқарудағы дайындығы, оқу-танымдық іс-əрекеттердің мақсатты түрде өзгеруіне қойылатын шарттар негізін жасап шығарудан басталады. Студентердің оқу-танымдық іс-əрекеттерін басқару объектісінің жағдайына ақпараттар көздерін жасайды жəне осыны негізге ала отыра, басқарудың шешімдерін табады. Яғни осыларды ескеру арқылы ең негізгі жүк студенттер қауымына беріледі, олардың өздерінің білім, білікке деген көзқарастарының жоғары деңгейде болулары қажет.
Біздің ойымызша, мұғалімнің студентердің оқу-танымдық іс-əрекеттерін басқару дайындығының ұтымды процесі ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттарға сай келеді, сондықтан да заманауи жоо педагогикалық процестегі ерекшеліктерді ескерген жөн.
Сол себепті мұғалімнің студентердің оқу-танымдық іс-əрекеттерін басқару дайындығы мен шеберлік спецификалық дайындығына міндетті түрде ғылыми ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттарды негіздеу қажет.
В.И.Даль «Заманауи орыс тілінің сөздігінде» шарттарды былай түсіндіреді: «Бір нəрсеге бағыну немесе оны күту».
Ал философиялық сөздікте «шарт» түсінігін «бұл жағдайға басқа бір жағдай бағынқы» пайда болушы компонент зат жəне олардың бір-бірімен əрекеттері, сондықтан да жанағы заттан осындай процесс туындайды.
«Философиялық энциклопедияда» шарт түсінігі — философиялық категория. Заттың оны қоршаған ортамен тығыз байланысы, олсыз ол өмір сүре алмайды. Затты өзі бір бағынбайтын бейне ретінде, ал шартты өмірдің обьективті көп түрлі көрінісі ретінде қарастырады. Басқа сөзбен айтқанда, шарт, заттар бар жерде өмір сүріп дами алады. С.И.Ожеговтың сөздігінде «шарттар» термині келесідей бейнелерге ие:
- бір нəрсеге бағынатын жағдай;
- талаптар, екі жақтардың көзқарастарына сай;
- өмірдегі қандай да бір жағдайлар мен іс-əрекеттерге қойылатын ережелер;
- бір нəрсе болатын немесе анықталатын орын;
- қорытынды шығаратын талаптар.
С.С.Смирновтың редакциясы бойынша шығарылған «Педагогика» кітабында «шарттар» сөзі мынандай түсінік береді: «Іс-əрекеттің себебі, бағынатын жағдай».
М.М.Поташник педагогикалық процестерінің негізінде мынандай шарттарды көрсетеді: ұйымдастырушылық-педагогикалық, мектептік-гигиеналық, эстетикалық, материалдық, мектеп пен отбасының біріккен іс-əрекеті.
Жоғары жəне орта мектептердегі педагогикалық процестегі кемелдену негізіндегі педагогикалық жəне ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттарға қазақстандық зерттеушілер жан-жақты анықтамалар береді. «Шарттар» термині педагогикалық іс-əрекеттер негізінде жан-жақты кешенді түрдегі аспектілерді қарастырады.
Біздің зерттеуіміздегі ең негізгі қажетті əдістемелік сапаның бірі болып қандайда бір жүйенің мінездемесін анықтау үшін арнайы сүйенетін шарттар қажет. Педагогикалық шарттар негізінде компоненттер мінездемелерінің мазмұнын анықтауға болады жəне ол педагогикалық іс-əрекет пен педагогикалық жүйенің анықтамасын береді. Педагогикалық іс-əрекеттер шарттарға көптеген жан- жақты сипаттамалар беруі мүмкін, егер компоненттер осы іс-əрекеттерге байланысты көп болса, біздің зерттеумізге байланысты жоо педагогикалық процестің компоненті болып мұғалімнің жоо дайындығының ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттарына сай болуы, сонымен қатар студенттердің танымдық іс-əрекеттерін басқару дайындығындағы шеберлік деңгейдің жоғарлығы, арнайы нормаларға сайлығы, психологиялық жəне ұйымдастырушылық процестердің шын мəнінде жүзеге асырылуы.
Біздің ойымызша, мұғалімнің, студенттердің танымдық іс-əрекеттерінің басқару дайындығындағы тиімді көзқарастардың болуы, шетелдік филологиялық мамандарының дайындық ерекшеліктерін, ұйымдастырушылық-педагогикалық жүйемен тең келуінде.
Осылайша, əлеуметтік жүйелерді басқару теориясының дамуы, жоо оқытушысының кəсіби басқару əрекетінің күрделенуі, практиканың қажеттілігі — мұның барлығы оқытушының студенттердің танымдық іс-əрекеттерін басқаруға даярлығы проблемасын шешудің педагогикалық шарттарын анықтауға негіз болады. Біздің зерттеу жұмысымызда мұндай педагогикалық шарттар төмендегідей:
- Нормативті-құқықтық шарттар — Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейін білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында 2011–2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы,
Болашақ мамандарды даярлау процесінің оқу-əдістемелік жəне нормативтік құжаттар кешендері (МББС, оқу жоспары, оқу бағдарламалары, ӨƏК).
- Оқу-ұйымдастырушылық — студенттердің танымдық іс-əрекеттерін басқарудың мазмұны, формалары жəне құралдары, педагогикалық процестің негізгі субъектілерінің өзара қарым-қатынасы жəне ынтымақтастығы, педагогикалық процесті ұйымдастыруда оқытушының кəсіби құзыреттілігі жəне педагогикалық шеберлігі жаңа оқыту əдістерімен технологияларды қолдануға материал- техникалық базаның мүмкіндігі.
- Оқу-əдістемелік — студенттердің танымдық іс-əрекеттерін басқару процесін жеке-тұлғалық интегративтік, жүйелілік, құзыреттілік тұрғыдан қарастыру, оқытушының басқарушылық қабілеттерін қалыптастыруда жаңа интерактивтілік əдістерді қолдану, оқытушының əдістемелік деңгейін көтеруге жағдайлар туғызу.
Сонымен, зерттеу процесінде анықталған педагогикалық шарттар объективті сипатқа ие, теориялық мағлұматтардың эволюциясы мен қоғамдық даму тенденцияларын көрсетеді жəне де болашақ мамандардың танымдық іс-əрекеттерін басқаруда мұғалімнің даярлығын қалыптастыруына негіз болады деп тұжырымдаймыз.
Əдебиеттер тізімі
- ҚР «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан. — 2007. — 15 тамыз. — 3-б.
- Садыков Т.С. Высшее образование на пути реформ. — Алматы: Изд. АГУ им. Абая, 2000. — 112 с.
- Ительсон Л.Б. Общая характеристика деятельности личности // Под ред. А.В. Петровского. — М., — С. 157–187.
- Марков М. Теория социального управления. — М.: Прогресс, 1988. — 447 с.
- Каган М.С. Человеческая деятельность (Опыт системного анализа). — М.: Политиздат, 1984. — С.
- Афанасьев В.Г. Общество: системность, познание и управление. — М.: Политиздат, 1991. — С.
- Яковлев Е.В. Теоретические основы управления качеством образования. — Челябинск: Изд-во ЧГПУ, — 165 с.
- Третьяков П.И. Управление школой по результатам: Практика педагогического менеджмента. — М.: Новая школа, 2000. — С. 8,
- Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н. Педагогика. — М.: Изд. центр «Академия», 2004. — С.
- Алимухамбетова Г.Е. Научные основы формирования готовности школьников к познавательной деятельности (теоретико-методологический аспект): Автореф. дис. … д-ра пед. наук. — Алматы, 1995. — С. 38.