Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев кезекті бір Жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін — білім», — деген болатын. Заман талабына сай білім дегеніміз — жаңа технологияларды меңгеру, оқытудың əр түрлі əдіс-тəсілдері бойынша көш басында келетін елдердің тəжірибесін пайдалану, сол елдермен білім жағынан иық теңестірер дəрежеге жету. Осы орайда Елбасымыздың мына бір сөзін де келтіріп кетуге болады: «Терең білім — тəуелсіздіктің тірегі, ақыл-ой — азаматтығымыздың алдаспаны».
Тұғыры биік тəуелсіздігіміздің ғұмыры мəңгі болуы үшін білімді, саналы ұрпақ тəрбиелеуіміз керек. Өйткені еліміздің болашағының жарқын болуы жастардың қолында. Жастардың сапалы білім мен саналы тəрбие алуына бірден бір əсер ететін ең алдымен ұстаз екені даусыз. Бұл туралы қазақтың ұлы ағартушы ғалымы Ахмет Байтұрсынов: «Мектептің жаны — мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болады. Яғни мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шығады. Солай болған соң, ең əуелі мектепке керегі — білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім», — деп айтқан болатын. Сол себепті ұстаздарға қойылатын басты міндеттердің бірі — оқытудың жаңа технологияларын меңгеру, өзгермелі өмірге дайын, жан-жақты, бəсекеге қабілетті ұрпақ тəрбиелеу. Осы мақсатты жүзеге асыруда сындарлы оқыту бағдарламасының маңызы зор. Оқытудың мақсаты оқушының пəнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету болып табылады [1]. Бағдарламаның өзектілігі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаттарымен жəне міндеттерімен үйлеседі, ал мемлекеттік бағдарламаның басымдықтары, өз кезегінде білім беру саласында көшбасында келетін Финляндия, Сингапур жəне Ұлыбритания секілді прогресшіл елдерге тəн заманауи мақсаттармен жəне құндылықтар жүйесімен барабар [2].
Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламаларын оқытудың тиімділігі курсы бойынша білім беру жүйесіне байланысты көптеген жаңашыл əдіс-тəсілдерді үйретті. Бұл бағдарламаның негізгі міндеті — болашақ мұғалімдерге педагогикалық тəжірибелерін жетілдіріп бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы əдістері оқытушының күнделікті тəжірибесі жəне кəсіби мəнмəтінмен өзара байланыста қарастырылды.
Осы «Қазақстан Республикасын педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде əзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кəсіби білім беру бағдарламасы» бойынша өткізілген курсты оқу барысында (оқыту мен оқудағы жаңа тəсілдер: cын тұрғысынан ойлауға үйрету; оқу үшін бағалау жəне оқуды бағалау; оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; талантты жəне дарынды балаларды оқыту; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сəйкес оқыту жəне оқу; оқытуды басқару жəне көшбасшылық) жеті модуль бойынша өткен тəсілдердің барлығы да тиімді. Өйткені топпен жұмыс барысында студенттердің топтық, ұжымдық оқытуда, оның ішінде диалогтық оқыту барысында ерекше белсеніп жұмыс жасайтындары бізді қызықтырды. Осы курстың да негізгі мақсаты — студенттің білім алуға, оқуға деген белсенділігін қалыптастыру. Диалогтық оқыту тəсілінде студенттердің сөз саптаулары жетіліп, сөйлеу шеберліктері қалыптасады жəне тіл байлықтары молаяды. Бір бірімен, топпен жұмыс жасау барысында тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне, бір бірінің идеяларын ортаға салуға қалыптасады. Осы курста өткен модульдарды тəжірибеде көрсету барысында бұл тəсілдердің тек оқытушы үшін ғана емес, студентке де тиімді екеніне көз жеткізілді. Себебі, сабақ барысында қандай тақырып немесе қандай сабақ түрі (дəріс, семинар т.б.) болмасын ұжымдық жұмыстың рөлі ерекше. Топтық жұмыста ресурстарды пайдалануда, өз-өздерін, топты бағалауда, бағалау критерийларын құруда студенттердің білімдерінің қаншалықты озық екені байқалады. Дəстүрлі оқытумен салыстырғанда уақытты ұтымды пайдалануға, сабақ жоспарының құрылысына өзгерістердің енгізілуіне басты назар аударылған. Əрине, дəстүрлі оқыту жүйесін де жоққа шығаруға болмайды, дегенмен де қазіргі таңда осы ағылшын профессорларының оқытудағы Кембридж тəсілінің теориялық негіздері оқыту əдістемелері арасында кең тараған жəне орта білім беру жүйесінде əлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал əдістер екеніне көз жеткізіп отырмыз. Осы оқыту мен оқудағы жаңа тəсілдері бойынша сабақ өткізу барысында студенттердің де көзқарастары əлдеқайда өзгерді. Студенттер əрбір сабақ бойынша өздерінің топқа берген кері байланыстарынан, оқытушыға берген бағаларынан, стикерлерге жазып қалдырған пікірлерінен түйгеніміз: біріншіден, бұл тəсілдер арқылы студенттер бір-бірімен қарым-қатынасқа еркін түседі; екіншіден, əңгімелесіп отырып, студенттердің сабақты түсіну деңгейлері артады; үшіншіден, өз ойларын бөлісуге асығады, төртіншіден, бір бірін тыңдап сұрақ қою арқылы бірін-бірі ақпараттармен толықтырып отырады, бесіншіден, пікірлерін еркін айтуға бейімделеді жəне оқытушымен түсінбеген сұрақтарды толықтыру мақсатында қарым-қатынасқа түсуге дағдыланады. Бұл əдіс-тəсілдер арқылы сабақ өтуде студенттер арасында үлгерімі нашар студент болмайтыны анықталды. Əсіресе сабақта «Сергіту сəттері» мен «Шығармашылық» кезеңде студенттер аса бір қызығушылықпен, бар ынтасымен қатысуға тырысады. Осы курсты оқу барысында алған білім, білік, дағдыларымыз болашақ мұғалімдерді даярлау барысында студенттерге белгілі бір деңгейде білім беруде, оқыту тəсілдерін меңгертуде терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудырып отыр.
Курсты оқу барысында оқыту мен оқудағы жаңа тəсілдер модулі негізінде өтілген диалогтік оқыту — ұжымдық түсінуді қалыптастыру мақсатында оқушылардың сындарлы қарым-қатынас жасауына ықпал ететін оқыту. Біз практика барысында оқытудың осы тəсілін (диалогтік оқыту) күнделікті сабақта пайдаландық. Диалогтік оқыту тəсілін сабақта қолданудың тиімділігі:
- оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
- оқушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне көмектеседі;
- оқушыларға өз идеяларын дəлелдеуге көмектеседі;
- мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында оқушылардың деңгейін түсінуге көмектеседі.
Осы курс барысында модульдардың ішінде барлық тəсілдер өз ерекшеліктерімен тиімді. Соның ішінде диалогтық оқыту тəсілін біз барлық сабақтарымызда қолдандық. Себебі сабақ барысында диалогтық оқытуды қолданғанда студенттердің берілген сұрақтарды қызу талқылап, өз ойларымен барынша бөліскілері келетіні мені ерекше қызықтырды.
Александер (2004) оқытудағы əңгіме қарым-қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше, əңгіме барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс деп тұжырымдайды [1; 35].
Бұл тұжырыммен келісе отырып, диалогтық оқытудың жан-жақты тиімділігіне студенттермен сабақ өткізу барысында көз жеткіздік. Мысалы: тақырыпты ашуда, біріншіден, топтағы басқа мүшелердің пікірі құнды; екіншіден, осы пікір алмасу арқылы сөз сөйлеуге, сөз саптауын, яғни тілдік қорын байытуға; үшіншіден, диалог арқылы еркін пікір алмасуға қалыптасады. Ғылыми зерттеу нəтижелердің өзі сабақта диалогтың маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Сол сияқты Выготский кіші жастағы балаларды танымдық даму əрекеттері əлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу жəне мəдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау əдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субъекті ретінде суреттейді
[1; 35]. Сондықтан да біз тəжірибе барысында өткен əрбір сабағымызда осы диалогтық тəсілді қолданып отырдық. Диалогтық тəсілдің ең тиімді жері үй тапсырмасын пысықтау кезінде оқытушы мен студенттің арасында қойылатын пысықтау сұрақтарының қойылуы. Диалогтық тəсіл арқылы сұрақтар қоя отырып, студенттің тақырыпты қаншалықты меңгергенін жəне сұрақ қоюдағы білім деңгейінің дəрежесін анықтауға көп үлесі бар.
Диалогтық тəсілдің тағы да бір ерекшелігі — бұл сабақ барысындағы «шығармашылық кезең». Мысалы: осы тəсіл арқылы «Дүкенде» тақырыбында екі студент диалогқа түседі. Диалог барысында студенттер бір біріне сұрақ қоя отырып, өздерінің білім деңгейлерін, сұрақтың қаншалықты терең немесе жеңіл қойылғанын сұрақтың мағыналық дəрежесіне қарай бағаланатынын көрсетеді. Осы практика барысында осы кезге дейінгі курста оқыған модульдардың ішінде (оқыту мен оқудағы жаңа тəсілдер; сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқу үшін бағалау жəне оқуды бағалау; оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану) осы төрт модульдің тəсілдерінің барлығын сабақ беру барысында түгел дерлік қолдандық. Бұл əдістер (диалогтық тəсіл) əдістемені зерттеу барысында А.Байтұрсынов пен Ы.Алтынсарин əдістемелерінде де қолданылған. Осы курсқа дейін бұл тəсілді сұрақ-жауап тəсілі деп қалыптастырсақ, енді осы курстан кейін диалогтық тəсілді күнделікті сабақта қолданудың тиімділігіне көз жеткіздік.
Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, Выготскийдің оқуда сөз, сөйлеу негізгі рөл атқаратындығы туралы пікірі тəжірибеге негізделген (эмпирикалық) зерттеулермен дəлелденген. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты əсер ететінін айтады. Барнс оқудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нəтижесінде, яғни сөйлесу, талдау жəне дəлелдеу барысында да жүзеге асатынын көрсеткен [1; 35].
Сабақта студенттер оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын тұжырымдайды, бір біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нəтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды жəне қателер — оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тəуекелге барады. Дайындалып келген конспектілері бойынша сұрақтарды өз топтарында талқылап, диалог арқылы сұрақтарды постерлерге жазып түсіреді. Осыдан кейін «Сұрақ — жауап» əдісімен диалогқа түседі, сұрақтарға жауап береді. Шағын топтар бір-бірімен тəжірибе алмасады, яғни постерлар бойынша тақырыпты ашып, түсіндіреді. Постердағы талқыланатын тақырып бүгінгі «табыс критерийлeрiнiң» талаптарына сай болуы керек. Топтық жұмыста топтар өз-өздерін бағалауда «Бас бармақ», «2 жұлдыз, 1 тілек» əдісін пайдалана отырып, диалогтық байланысқа түсіп, берілген сұрақтарды талдау барысында жұлдыз арқылы баға бере отырып, өз ұсыныстарын да білдіруге қалыптасады. Студент оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең меңгереді. Студентке бағдарланған оқыту ортасында оқытушы студенттердің сабаққа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін жəне өзіндік ойын негізге ала отырып, өз пайымдарын жасауға қабілеттері артады.
Мерсер жəне Ходжкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе отырып, оқу барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дəлелдер жеткілікті. Олар:
- оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
- оқушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне көмектеседі;
- оқушыларға өз идеяларын дəлелдеуге көмектеседі;
- мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі [1; 9].
Осы айтылған ғалымдардың пікірлерімен келісуге болады. Себебі, диалогтық оқыту арқылы сабақ берудегі ұтымды тұстары, біріншіден, бұл тəсілде студенттер бір-бірімен қарым-қатынасқа еркін түседі; екіншіден, əңгімелесіп отырып, студенттердің сабақты түсіну деңгейлері артады; үшіншіден, өз ойларын бөлісуге асығады; төртіншіден, бір-бірін тыңдап сұрақ қою арқылы бірін бірі ақпараттармен толықтырып отырады; бесіншіден, пікірлерін еркін айтуға бейімделеді жəне оқытушымен түсінбеген сұрақтарды толықтыру мақсатымен қарым-қатынасқа түсуге дағдыланады. Диалогтық оқыту барысында студенттердің сөз қолдану шеберліктері шыңдалып, сөйлеу мəнерлері қалыптасты. Диалогтық оқыту барысында студенттер бір біріне сұрақ қоюға, ол қойылған сұрақтардың нақты, тақырыптан ауытқымауына, сұрақтардың күрделі болуына ерекше мəн беріп, дағдыланды. Диалогтық оқу барысында студенттерге тиімді болған тұстары: сабаққа дайын болмаған студент топтардың сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсу кезінде, яғни берілген тапсырманы талдау барысында тақырып туралы толық ақпарат ала білді.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — бақылау, тəжірибе, толғану жəне пайымдау нəтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау жəне синтездеуде қолданылатын əдіс болып табылады.
«Қазақстан Республикасының педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша білім беру бағдарламасын» меңгеру барысында өткен тəсілдердің бірі сын тұрғысынан ойлау болып табылады. Бұл тəсілді оқып үйренудегі басты мақсатымыз — қазіргі заман талабына сай студенттің қалай оқу керектігін үйреніп, соның нəтижесінде еркін, өзіндік дəлел- уəждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын тұлға ретінде қалыптасуына үлес қосу, яғни өзіндік «Мені» қалыптасқан бəсекелестікке жан-жақты дайын мұғалімді дайындау.
Сын тұрғысынан ойлау тəсілінің негіздері мектеп жасынан қалыптастырылады. Мысалы: студент болсын, оқушы болсын өзі тəжірибе жасағанда немесе өз пікірін дəлелдеу жолында өзінің ойын ашық, нақты жеткізудегі идеяларға ынталанады. Курсты оқу барысында əрбір адамның (студенттің) пікірі құнды екеніне көз жеткіздім. Сабақ барысында тақырыпты ашу үшін, біріншіден, дайындық; екіншіден, сол дайындалған тапсырмасын жеткізіп айту үшін сын тұрғысынан ойлай білу керек. Осыдан кейін барып өзінің сыни тұрғыдан ойлағандарын топтық, ұжымдық жұмыста ортаға салып, оны жеткізудегі дəлелдерге мəн беруге ынталандыру қажет. Əрбір студент өз пікірін сыни тұрғыдан ойлап, ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылуы; қалай болса, солай жауап берудің орнына, сұрақ қоюға; эмоцияға емес, себепке негізделу керектігін түсінуі керек. Осы курстың бірінші бетпе- бет кезеңінен кейінгі практика кезінде сыни тұрғыдан ойлау тəсілін сабағымызда қолданған кезде студенттердің тақырыптар бойынша постерлерін дайындауда өз пікірлерімен қалай бөліскендерін жəне өз білімдерін нақты бір деректер арқылы дəлелдеуге тырысқандары көрінеді. Студенттер сабаққа дайындалу кезінде жинақтаған ақпараттарын топтық жұмыс барысында ортаға сала отырып, осы дəлелдемелерінің нақты əрі тақырыпқа сай екендігін білуде сын тұрғысынан ойлай отырып, бағалауға кіріседі. Сабақта студенттерге бақылау, талдау, қорытынды жасау дағдыларын дамыту үшін тақырыпты ашуда тек теорияға сүйенбей үнемі шығармашылық жұмыстарын қатыстырып отыру керек. Біз осы сын тұрғысынан ойлау тəсілін қолдануда студенттердің бойынан байқағанымыз: қай шағын топты алсақта өте белсенді екенін байқадық. Олардың белсенділіктерін берілген сұрақтар бойынша сұрақ қоя отырып, оны талдауда, келесі шағын топтарға жеткізудегі дəлелдеулерінде белгілі бір ақпараттарға сүйеніп, сыни тұрғыдан ойлағандарында ерекшелік көрінеді. Бұл біздің қазіргі таңдағы жастардың ойлау қабілеттерінің жоғары, өз айтатын идеяларының тұжырымды екендіктерін əрбір сабақта студенттердің есіне салып отыруға тырыстық. Курсты оқуда түйгеніміз: диалог пен дəйектеуге, пікірталасқа тарту белсенді жүргізілген жағдайда студенттердің оқуы тиімдірек жəне зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын олардың сұрақты қызу талқылаудағы көріністерінен байқадық. Сол сияқты өткізген əрбір сабағымызды видеоға, фотоға түсіріп, постерлар мен стикерлерге жазылған деректер мен пікірлерден түйгеніміз: бұл курс біздер үшін, яғни оқытушылар мен студенттер үшін, өте тиімді. Курста өткен жеті модульдің барлық тəсілдері біздің дəстүрлі оқыту жүйесіне енгізіліп отырған ең тиімді əдіс-тəсілдердің негізгісі жəне тиімдісі болып отыр. Осы сын тұрғысынан ойлау тəсілі бойынша берілген ғалымдардың пікіріне сүйенсек, диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту Александердің (2001, 2008) диалогтік оқыту теориясына сəйкес, сыныптың қолданбалы зерттеуін зерделер болсақ, ол диалектикалық жəне диалогтік педагогика тұрғысынан оқушылардың ой-пікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дəстүрлі моделіне күмəнмен қарайды. Көзбен көру жəне ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға дəйектеу дағдыларын шынықтыруға жəне жеке тəсілдермен білім алуға мүмкіндік бере отырып, формалды түрде оқуды азайтады [1; 46]. Бұл теориядағы пікірді практика жүзінде іске асыруда бақылағанымыз; студенттердің берілген ортақ тақырып бойынша диалогқа түсулері жəне сол өздерінің жинаған ақпараттарын топпен бөлісуде идеяларын жазбаша түрде постерлерге түсіріп, оны ауызша қорғау барысында көрсеткен білімдерінің формалды түрде емес сыни тұрғыдан ойлау түрі басым болып келетіндігі.
Сабақ барысында сұрақ туындаған жағдайда оқытушының ақпарат көзі болуы міндетті емес, студенттер мен оқытушылар бірлесіп интернет көмегімен зерттеу жұмыстарын жүргізе алады, мұғалімдер оқушыларға табылған ақпараттардан кажеттілерін таңдап, баға беріп, іздеудің тəсілдері туралы сын тұрғысынан ойлауға көмектесе алады. Негізінде сын тұрғысынан ойлау тəсілі кезінде диалогтық байланысқа түсу арқылы студенттер мен оқытушылардың жаңалық ашу мен оқуда өзара қарым-қатынас орнатуы орын алады.
Осы курсты оқу барысында түйгеніміз, осы модульдарды өткендегі əдіс-тəсілдердің барлығы алдағы уақытта студенттерді бəсекеге қабілетті, басқа адамдардың көзқарасын қабылдап, оған өз пікірлерін сыни тұрғыдан айта алатын, қандай жағдайда болмасын айтқан пікірлері мен идеяларын дəлелдеп шығуға үйретеді [3].
Бұл жүйе бойынша тек студенттердің ғана қызығушылығы емес, олармен бірге өзіміздің (оқытушылардың) да қызығушылығы артқанын байқаймыз. Себебі біз əрдайым сабақты бірсарынды өткізуден студентті, оқушыны жалықтырып жібереміз. Ал, жаңа жүйе бойынша сабақ жоспарын жасауда əр күнде əр түрлі «сергіту» сəттерін, «шығармашылық» кезеңдерін де түрлендіріп отырғанды алдымызға мақсат етіп отырамыз. Біздің сабақ өткізудегі мақсатым да осы. Бұл мақсатта студенттің сабаққа келу негіздері де соған сайып келеді. Олар «бүгін сабақта қандай жаңашылдық, қандай өзгеріс болар екен» деген үмітпен келеді. Сондықтан да əр кезде сабақты сыни тұрғыдан ойлап, барынша жаңашылдықпен өткізуге тырысамыз.
Бағалау — одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нəтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Бағалау тəсілі дəстүрлі оқытуда бір ғана тəсілмен белгілі бір талаптармен бағаланып келді. Ал қазіргі жүйе бойынша тек бағалап қана қоймай, сол бағалауға кері байланыс жасалады. Бұл тəсіл студенттердің сабақ туралы, тақырыптың ашылуы, шағын топтардың сабақ барысындағы əрекеттерін стикерлерге жазу арқылы қалдырулары, яғни бағалаулары олардың өз ойларын кері байланыс арқылы айтулары, жоғары жетістік. Оқу үшін бағалау (ОүБ) оқытуды жəне осы оқытудағы қолданылатын əдіс- тəсілдерді жақсартуды, сонымен қатар осы əдіс-тəсілдерді іске асыру барысында атқарылатын тəсілдің түрі бағалауда үлкен рөл атқарады. Тəжірибелік сабақ өткізу барысында студенттерге бағалаудағы ең бірінші көңіл аударылатын жайт: ол студенттердің баға үшін емес, өз білімдерінің қаншалықты дəрежеде екенін бағалау үшін оқу керектіктерін басты талап екендіктерін естеріне ұстауға үйрету. «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тəртібін мұқият бақылауы болып табылады. Сол сияқты бағалау бұл студент немесе оқушы өзінің осы тақырып бойынша жинақтаған білімін ортаға салуы арқылы бағаланады. Бірінші топтық жұмысты, екінші топтағы студенттердің бүгінгі тақырыпты ашудағы жетістіктерін, сабақ соңында шағын топтардың көшбасшыларының «түйіндеме» жасай отырып, оқытушыға берген «кері байланыс» тəсілінен байқалады. Сол сияқты Оқу үшін бағалау — бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек жəне қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мəліметтерді іздеу жəне түсіндіру үдерісі. Оқытудағы Кембридж тəсілінің тиімділігі: модульдердің қайсысын алсаңыз да, өзінше бір жаңалығы бар сияқты көрінеді, себебі біздің дəстүрлі сабақ беру жүйесінде де студенттің білімін бағалау тəсілі бар, бірақ олардан туатын қорытынды мен шешім басқа сипатта болады.
Оқытудағы сындарлы тəсіл студенттерге өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, тиісті сұрақ қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Аталған үдеріс студенттің өз болжамдарына күмəнмен, сын тұрғысынан қарай отырып, сол арқылы əлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде студенттер өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы- құрдастарымен əлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды [4].
Қорыта айтқанда, «Қазақстан Республикасын педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасының негізінде əзірленген педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне қосымша кəсіби білім беру бағдарламасы» бойынша өткізілген курс барысында өтілген жеті модульдегі барлық тəсілдердің тиімділігі студенттерді тақырып бойынша жəне сындарлы сөйлеуге ынталандырады; студенттердің шынайы қызығушылығын арттырады; білімге құштарлықты дамытады жəне зерттеуге ынталандырады; студенттердің сын тұрғысынан ойлауына ықпал етеді; студенттердің бір-бірінен үйренуіне, идеяларын құрметтеуіне жəне бағалауына ықпал етеді.
Əдебиеттер тізімі
- Студентке арналған нұсқаулық: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. — 2015. — 184 б.
- Тренерге арналған нұсқаулық: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ. — 2015. — 122 б.
- Perry E., VandeKamp K.J. O., Mercer L.K., Nordby C.J. Investigating Teacher-Student Interactions that Foster Self- Regulated Learning. [Өздігінен басқарылатын оқытудың дамуына ықпал ететін мұғалім — оқушы өзара іс-қимылдарын зерттеу]. Educational Psychologist, 2002. — 37, 1. — 5–15 б.
- Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1000001118#z0.