Қазіргі əлемде сапалы білім беру — өмірлік жетістіктерді анықтайтын негізгі факторлардың бірі. Мүмкіндігі шектеулі жандар лайықты білім алуға жəне толыққанды өмір сүруге мүмкіншіліктері болуы тиіс.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытуда компьютерлік технологияларды пайдалану барлық елдерде кеңінен таралуда. Оқыту үдерісінде компьютерлік технологияларды пайдаланудың тиімділігін бағалау үшін мүмкіндігі шектеулі жандардың оқытудың компьютерлік технологияларына қаншалықты бейімделетініне, мүгедек мамандардың ақпаратты-коммуникативті технологиялармен (АКТ) жабдықталған заманауи кəсіпорындарға жұмысқа орналасуына кедергісіз ортаны құруға тиісті зерттеулер жүргізу қажет.
Біздің елімізде, басқа елдер сияқты, бүгінгі күнде мүмкіндігі шектеулі жандардың əлеуметтік бейімделуі жəне жұмысқа орналасу мəселелері ерекше көңіл бөлінеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2014 ж. 17 қаңтарында Қазақстан халқына Жолдауында айтылған: «Бесіншіден, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс — бұл өзіміздің жəне қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл əлем осымен айналысады...» [1].
Біздің зерттеу тақырыбымыз мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясын бекітумен 3 мамыр 2012 ж. байланысты өзекті болып табылады. Аталған Конвенцияның маңызды бағыты мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қоғамның азаматтық, саяси, экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени өміріне толық қатысуын қамтамасыз ету, мүгедектік белгілері бойынша кемсітуді болдырмау, мүгедектерді қорғау жəне барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын жүзеге асыру, сондай- ақ осы құқықтарды қамтамасыз ететін тиімді құқықтық механизмдерді құру [2].
Зерттелетін тақырыпқа қатысты басқа елдерде жүргізілген алдыңғы ғылыми зерттеулерге шолу жəне олардың осы жобамен өзара байланысы мүмкіндігі шектеулі жандардың компьютерлік оқытуға бейімділігін зерттеу көптеген шетелдік жəне қазақстандық зерттеушілермен жүргізіледі:
- ATA Book Computer and Web Resources for People with Disabilities. Alliance for Technology Ac- cess (АҚШ);
- Microsoft жəне IBM сияқты танымал компаниялар «ассестивті» технологияларды кеңінен да- мытуда;
- Ресейде білім беруде ақпараттық технологиялар бойынша ЮНЕСКО халықаралық институты мүгедектерді компьютерлік оқытуға арналған АКТ пайдалану сұрақтарымен жəне осы мақсатта құрылған арнайы жабдықтармен айналысады;
- Ресейде Санкт-Петербург қаласындағы Герцен атындағы педагогикалық университетінде «Музыкалық-компьютерлік технологиялар» оқу-əдістемелік зертханасы құрылды;
- Ресейде Пенза мемлекеттік университеті ЮНЕСКО ұйымымен бірлесіп қазіргі қоғамда мүгедектерді біріктіру жəне оқыту мəселесі бойынша жыл сайын симпозиум өткізеді;
- ақпараттық ресурстарға шолу мүгедектерді компьютерлік оқытуға арналған компьютерлік техникалық құралдарды дамыту Жапония, Финляндия, Ұлыбритания елдерінің назарында екенін көрсетті;
- мүмкіндігі шектеулі жандарды қашықтықтан оқыту əлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да енгізілуде;
- Қазақстанда «Тұран» университеті мүмкіндігі шектеулі жандарды қашықтықтан оқытуға арналған портал құрды;
- 2011 жылдан күні бүгінге дейін біздің еліміздің барлық аймақтарында «Инклюзивті білім беру» тақырыбы бойынша дөңгелек үстелдер жұмыс істейді.
Келесі ғалымдардың А.Л. Вознесенский, С.Я. Кривовяз [3], С.С. Лебедев [4] еңбектерінде ақпараттық технологияларды пайдалану жəне мүгедек балаларға үздіксіз білім беру жүйесінде бейіндік оқыту; Е.Ю. Гибралтарская [5] мүгедек балаларды үйден оқытуда компьютерлік жəне компенсаторлық дамыту құралдарын пайдалану сұрақтары берілді.
Оқыту бағдарламаларын жəне оқытудың компьютерлік ресурстарын құру, əзірлеудің техникалық ұйымдастырылуы, əдістемелік принциптері, психологиялық-эргономиялық талаптары С.Аванесов, Е.Ы. Бидайбеков, А.А. Шəріпбаев, С.А. Христочевский, Ю.Ю. Баранова, А.Б. Юрасов, А.И. Тажигулова, Г.К. Нургалиева, Д.Ш. Матрос сияқты ғалым-педагогтармен зерттелді.
Виртуалды білім беру ортасы мүмкіндігі шектеулі жандардың компьютерлік оқытуға бейімдеуіне өте тиімді болып саналады. Ақпараттық білім беру ортасының негізгі техникалық сипаттамаларына көп компоненттілік (оқу-əдістемелік материалдар, программалық жабдықтама, тренингтік жүйелер, білімді бақылау жүйелері, техникалық құралдар, мəліметтер қоры, ақпараттық- анықтамалық жүйелер жəне т.б.), интегралдық, бөлшектік жатады. Сондай-ақ мұндай жүйе дидактикалық технологиялар мен ақпараттық қорлардың, программалық жабдықтаудың жəне т.с.с. бірігуі ғана емес, білім алушының жеке білімі мен курс мазмұнын байланыстыратын «білім беру оқиғаларын» құрайды [6]. Сондықтан да виртуалды білім беру ортасын толығымен құру үшін келесі қосымшалар ескерілуі тиіс:
- əлеуметтік жағдайды тануға байланысты басымдылық;
- білім алушының қажеттілігіне байланысты білім алу мен жетілу арасындағы байланысты ескере отырып, білім беру формасын таңдау;
- білім алушыны негізгі объект пен білім беру жүйесінің элементі ретінде қарастыру қажет;
- əлеуметтік, педагогикалық жəне когнитивтілігі бар білім беру бірлестіктерінің қолайлылығы тұлғаның қалыптасуы үшін өнімді ортаны қамтамасыз етеді.
Қашықтықтан оқытудың қолайлылығы жоспарланған оқыту формасы тəрізді электронды жəне басқа да технологиялардың көмегімен жүзеге асатын арнайы əдістерді талап ететін арнайы ұйымдастыру мен əкімшілік мəселелер құруға байланысты [7].
Сонымен, қашықтықтан оқыту — жоғарғы білім беру жүйесінде мəнді инновациялардың бірі, яғни ақпараттық қоғам мен білім қоғамының даму бағдарламасымен байланысты қазіргі білім беру парадигмасының мəнді элементі ретінде қарастырылады. Еліміздің бірқатар ғалымдары да қашықтықтан оқытуды дамыту мəселелерін зерттеуде өз үлестерін қосуда.
Қашықтықтан оқыту қазіргі кезде үздіксіз білімді қамтамасыз ететін оқытудың бірден бір формасы болып табылады. Олай дейтініміз, басты орында қашан да сапалы білім тұрады. ХХІ ғасыр білім, ғылым жəне сапа ғасыры болғандықтан, Қазақстанның білім беру жүйесінде болып жатқан əлеуметтік-экономикалық өзгерістер, күннен күнге жаңарып жатқан ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, еңбек нарығындағы бəсекелестіктің артуы осыған дəлел. Соған сəйкес əлемдік тəжірибеде қашықтықтан білім берудің орны ерекшеленіп тұр. Сондықтан бүгінде елімізде білім берудің қашықтықтан оқыту технологиясы жақсы жүзеге асырылуда [8].
Ғылыми-педагогикалық əдебиеттерге талдау жасау, көптеген зерттеушілердің мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуды əр түрлі бағытта қарастыратынын көрсетті. Яғни мүгедектерді компьютерлік сауаттылыққа оқыту ретінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытатын мектептерде компьютерлік оқытуды енгізу жəне мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытуға арналған қашықтықтан оқытуды пайдалану.
Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімдеу үдерісін зерттеумен байланысты жұмыстарды іс жүзінде жоқ деп белгілеуге болады.
Қашықтықтан оқыту білім деңгейі, оқу тапсырмалары мен білім қоғамында сол тапсырмаларды шешу құралдарымен анықталатын қазіргі білім парадигмасының мəнді элементтерінің біріне айналуда. Бұл парадигмада қашықтықтан оқытуды «жергіліктендіру» концептуалдық жəне ұйымдастырушылық көзқараспен алып қарағанда теориялық жəне функционалдық модельді талдау арқылы қашықтықтан оқыту кеңістігін сипаттау негізгі мəселе болып отыр [10].
Кейбір зерттеулерге сүйенсек, қашықтықтан оқыту нақты жəне анықталған қағидасы жоқ, білім беру мен оқу үдерісі уақыт пен кеңістікке бөлінген жағдайда қолайлы оқытуды қамтамасыз ету, білім беруді жеткізудің көптеген мүмкіндіктерінің бірі болып табылады. Дəстүрлі оқытудағыдай қашықтықтан оқытудың теориялық негізі болып, философиялық жəне психологиялық жол табуды айтуға əбден болады. Мəселен, қашықтықтан оқытуда қолданылатын оқу материалдарын ұйымдастыруға ықпалын барынша тигізетін ертеректе бихевирристік теорияға негізделген компьютерлік технологияны пайдаланатын оқыту моделі жатады. Қашықтықтан оқытуда жинақталған тəжірибе теориялық тəсіл негізін құрушы келесі оқу үдерісі жағдайында көрініс табады:
- оқытушы мен білім алушы ғана емес, сондай-ақ ұйымдастырушы топ мүшелері де қашықтықпен бөлінген;
- оқу материалдарын «жеткізу» мен екі жақпен байланыс орнату үшін əр түрлі технологиялар қолданылады;
- оқыту мен қолайлы байланысты қамтамасыз етуді ұйымдастыру ерекше мəнге ие [9].
Бұл тəсілдер Д.Киганның еңбегінде жалпыланып жəне жүйеленген. Сонымен, Д.Киган сараптаудың негізгі үш бағытын ерекшелеп көрсеткен: біріншісі, оқу үдерісінде білім алушының жеке дара жəне де, тəуелсіздігі; екіншісі, «білім беруді индустрияландыру»; үшіншісі, байланыс тəсілдері.
Бірінші жағдайға тоқталатын болсақ, оқу үдерісі кезінде білім алушының жеке дара мен тəуелсіздігі қашықтықтан оқытудың дидактикалық принциптерінің негізгі мəнін анықтайды.
Екінші жағдай бойынша қашықтықтан оқыту жүйесінде оқытушы мен білім алушы арасында байланыс пен өзара байланысты талдаумен дидактикалық принциптерді құру. Сондай-ақ білім беру жағдайындағы байланыс білім алу үдерісін бақылау мүмкіндігімен анықталады. Оқу үдерісін ұйымдастыру көзқарасы негізінде қашықтықтан оқыту жүйесін сараптау жайында О.Петерсонның
«білім беруді индустрияландыру» теориясында қарастырылған. Неміс зерттеушісі көрсеткендей, оқытушы мен білім алушы арасындағы байланыс белгілі бір технологиялық ереже бойынша бақылауға алынады, эмоциялы емес тіл арқылы жүзеге асады, шектелген мүмкіндікті талдау мен білім алушының бағытталған қажеттілігіне негізделген, өнімді жұмыс нəтижесі арқылы қойылған мақсатқа жетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ қашықтықтан оқыту жүйесі алғашқы оқу тапсырмаларын, еңбекті бөлу, оқу курсын «жинау» жəне т.с.с. жоспарлауды қажет етеді. Сондықтан да қашықтықтан оқытуды білім берудің «индустриялды» түрі ретінде қарастырса болады [10].
Осыған орай, К.Дид онлайндық педагогиканың бірнеше зерттеу бағыттарын атап көрсетеді:
- Педагогикалық дизайн.
- өнідірісте жаңа технологиялардың пайда болуына орай, болашақ қажеттіліктерді талдау;
- білім алуда қолайлы педагогикалық дизайн түрлерін оқыту;
- білім беруді тұтыну мен құрастыру басымдылықтарының əр түрлі мəселелерін шешуде қажет тепе-теңдік пен келісімді анықтау;
- білім алушылардың ұмтылысын салыстыру.
- Білім алмасу желілері:
- тəжірибелі оқытушылар педагогикалық басымдылықтарды қаншалықты қолданатындықтарын зерттеу;
- тікелей гипермедиалық режим көмегімен емес, бір бірімен шынжыр тəрізді байланысқан білімді қорытындылау əдісін құру;
- ақпаратты қабылдаудың əр түрлілігі мен оқытуда əсер ететін сызықтық емес басқаруды анықтау;
- əр түрлі типтегі білім алушы мен оқытудың əр түрлі тапсырмаларына құрылымдық жəне ашық жетекішілік етудің оңтайлы тепе-теңдігін анықтау.
- Виртуалды бірлестіктер.
Қашықтықтан қатысу дəрежесін оқыту əр деңгейдегі телекоммуникациялық өту мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ əр деңгейдің əлеуметтік байланысты жақсартудағы қолайлылығы анықталады:
- қашықтықтан оқыту мен оқу білім алушының талпынысын жоғарлату мен жұмыс өнімінің қаншалықты жақсаратынын анықтайды;
- қашықтықтағы оқытушы мен білім алушының талпынысын арттырудағы жұмыс іскерлігін анықтау;
- «Электронды қабырғалы аудитория» атты педагогикалық қолайлы тəжірибені, сынып бөлмесі төңірегіндегі дүниені шынайы өмірдегідей етіп арнайы технологиялық құралдармен сəйкестендіру;
- білім алушылардың технологиялық ортадағы бір-бірімен қарым-қатынасы желідегі анық тұлғалық деңгейі анықталады.
- Біріккен жасанды орта.
Жасанды ортаға тəн оқытудағы психологиялық құбылыстардың əсері символдық ақпараттың сезімтал формасына түрленуінің салыстырмалы деңгейі анықталады немесе білім алушының жасанды ортаға физикалық тұрғыдан енуі арқылы əр түрдегі оқу материалын меңгеруіне ықпалын тигізеді.
«Мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісін зерттеу» ғылыми жобасының алынған нəтижелерінің ғылымның жəне технологияның дамуына ықпал етуі:
- мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру барысында компьютерлік оқыту тиімділіктерін арттыру;
- мүмкіндігі шектеулі жандарды ақпараттық технологияларды меңгерген мамандар ретінде қайта даярлаудың сапасын арттыру;
- мүмкіндігі шектеулі жандарға заманауи компьютерлік технологияларды пайдаланатын кедергісіз жұмыс беру.
Жобаны жүзеге асыру нəтижелерін жоғары оқу орындарында, колледждерде, əр түрлі оқыту орталықтарында, халықты жұмыспен қамту орталықтарында, халықты əлеуметтік қамтамасыздандыру орталықтарында жəне басқа мемелекеттік, мемлекеттік емес ұйымдарда пайдалануға болады.
Жобаның мақсаты жəне міндеті
Жобаның мақсаты — оқытушыларға арналған факультативтік курсты даярлаумен мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісін зерттеу жүргізу.
Жобаның идеясы мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісін зерттеудің қазақстандық жəне əлемдік тəжірибесіне шолу жасау, зерттеу жəне талдау. Зерттеу нəтижесі негізінде мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісін зерттеу жəне инклюзивті оқытатын оқытушыларға арналған факультативті курсты даярлау мəселелері бойынша аналитикалық есеп дайындау.
Жобаның міндеттері
- Зерттелетін мəселе бойынша теориялық материалдарды жинау жəне талдау, жүйелендіру жəне түйіндеу, мəселенің теориядағы жағдайын зерттеу.
Зерттеу тақырыбы бойынша аналитикалық ақпаратты жинау жоспарланып отыр.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісін зерттеудің қазақстандық жəне əлемдік тəжірибесіне шолу жасау жəне талдау. Күрделі жағдайларды тұжырымдау жəне оны шешу жолдары.
- Мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісін зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарын жүргізу.
Ғылыми-педагогикалық зерттеу жүргізу жəне зерттеу мəселесі бойынша басым бағыттарды əзірлеу: оқытушыларға жəне респонденттерге сауалнама жүргізу; мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісі бойынша мəселелерін зерттеуге талдау жасау.
- Зерттеулер бойынша жұмыстар жүргізу жəне негізгі нəтижелерді түйіндеу.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісі бойынша оқытушыларға арналған факультативтік курстарды құру əдістемесін əзірлеу.
- Зерттеуден алынған нəтиже бойынша аналитикалық есеп дайындау.
Ғылыми жобаның мақсаты — оқытушыларға арналған факультативтік курсты əзірлеумен қатар, мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісі мəселесіне зерттеу жүргізу жəне талдау жасау.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісі мəселесіне зерттеу жүргізу жəне талдау жасау еңбекке қабілеттіліктері шектеулі жандарды оқытудың компьютерлік технологияларына қаншалықты бейімделетінін анықтайтын аналитикалық есеп жасауға мүмкіндік туғызады. Білігін бейімделу үдерісі мəселесіне зерттеу жүргізу жəне талдау жасауға мүмкіндік жасайды.
Алынған аналитикалық есеп мүмкіндігі шектеулі жандардың өмір сүруін жақсартуға арналған мүгедек мамандарды АКТ жабдықталған заманауи кəсіпорындарға жұмысқа орналастыру жəне кедергісіз ортаны құру сияқты айрықша маңызды сұрақтарды шешуге жағдай жасайды.
Мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісі мəселелерін зерттеу барысында мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісін зерттеудің қазақстандық жəне əлемдік тəжірибесіне шолу жасалып, зерттеу жəне талдау жүргізіледі.
Жүргізілген зерттеулер негізінде мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуға бейімделу үдерісі бойынша оқытушыларға арналған факультативтік курстарды құру əдістемесі əзірленеді.
Зерттеуде қойылған мақсатты жəне тапсырманы шешу үшін педагогика жəне психология əдістері пайдаланылады: педагогика, психология, зерттелетін мəселе бойынша ғылыми жəне əдістемелік əдебиеттерге талдау жасау, болжау, салыстыру, ұқсастыру көмегімен ақпараттарды өңдеу. Дидактикалық əдістер: педагогикалық бақылау, сауалнама жүргізу, педагогикалық тəжірибе. Оқытушыларға жəне респонденттерге бақылау жүргізу жəне сауалнама алу нəтижелерін өңдеудің статистикалық əдістері.
Жобаны жүзеге асыру нəтижелері жоғары оқу орындарында, колледждерде, əр түрлі оқыту орталықтарында, халықты жұмыспен қамту орталықтарында, халықты əлеуметтік қамтамасыздандыру орталықтарында жəне басқа мемелекеттік, мемлекеттік емес ұйымдарда пайдалануға болады.
Жобада жұмыспен қамту уақыты жəне жұмыс сипаттамасы. Зерттеушi топ мүшелердiң арасындағы жұмыстың үлестiрiлуi олардың құзыретіне пропорционал. Барлық ғылыми қызметкерлер ғылыми зерттеулерге, тоқсандық есептер жазуға, есептiң қойылуына, ғылыми журналдарда мақалалар жариялауға, факультативтік курс əзірлеуге, қорытынды аналитикалық есепті жазуға жəне əзірлеуге қатысады. Жобалау, баптардың жариялауларына қатысады. Зерттеушi топтың барлық құрамының шұғылдану мерзiмi 36 айды бiрдей құрайды.
Ғылыми зерттеудерді сапалы өткізу үшін қызмет атқаруға қосымша тəжірибелі психолог-маман тартылады. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарға жəне сондай контингентпен жұмыс істейтін педагогтерге психологиялық қолдау көрсетеді.
Жобаның кезеңдері, қойылған есептері, олардың маңыздылығын негіздеу күнтізбелік жоспары төмендегі кестеде көрсетілген.
Зерттеу барысындағы жоспарланған нəтижелер
- Жобаны жүзеге асыру нəтижелерін жоғары оқу орындарында, колледждерде, əр түрлі оқыту, халықты жұмыспен қамту, халықты əлеуметтік қамтамасыздандыру орталықтарында жəне басқа мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі жандарды компьютерлік оқытуды пайдалануға жəне оларды қазіргі қоғамға ықпалдастыруға пайдалануға болады.
- Зерттеу нəтижелері жəне əзірленген факультативтік курс студенттерді жəне мүмкіндігі шектеулі ересек жандарды колледждерде, жоо, орта кəсіптік техникалық оқыту орындарында инклюзивті оқытуда пайдалануға болады.
- Əзірленген факультативтік курс мүмкіндігі шектеулі жандарды оқытатын оқытушыларға арналған əдістемелік құрал болады. Мұндай контингентке арналған арнайы бағдарламалық жабдықты құру барысында, бағдарламаны құрушылар аталған курсты оқи алады.
- Ғылыми-зерттеу нəтижелерін шетелдік ғылыми журналдарында жариялау Journal of International Scientific Publications: Education
- Факультативтік курсты қазақ жəне орыс тілдерінде жүргізу.
- Жобаның нəтижесі жалпы қолжетімді аналитикалық есеп жəне əзірленген факультативтік курс болып табылады.
Əдебиеттер тізімі
- Назарбаев Н.А. Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ // Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты. — [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: (http://www.akkz/ru/archive/2014-01-17)
- Конвенция ООН о правах инвалидов от 3 мая 2012 года // Сайт центр новостей ООН. — [ЭР]. Режим доступа: http://www.un.org/russian/news
- Гибралтарская Е.Ю. Образование детей со специальными потребностями. Вспомогательные технологии и оборудо- вание. — М.: МИФИ, 2004. — С. 63–75.
- Романенкова Д.Ф. Теория и практика создания и функционирования региональной системы дистанционного обуче- ния инвалидов: Сб. тр. симпоз. «Надежность и качество». — Пеиза: Изд. Пензенского гос. ун-та, — Т. 1. — С. 54, 55.
- Коростелева Н.А., Мартынова Е.А. Актуальность внедрения технологии интегрированного (инклюзивного) обуче- ния в высшие учебные заведения Республики Казахстан // Педагогическое мастерство (II): Материалы Междунар. науч. конф. (г. Москва, декабрь 2012 г.). — М.: Буки-Веди, 2012. — С. 207–210.
- Екжанова Е.А. От интеграции к инклюзии // Школьный психолог. — — № 16. — С. 34–37.
- Васильева Н.В. Жизненные планы молодых инвалидов: особенности формирования и реализация в современном российском обществе. — М.: Изд. МГУ, 2000. — С.
- Rovai A., Ponton M., Baker J. Distance Learning in Higher Education. New York: Columbia University Press, 2008; The Theory and Рractice of ОpNм Learning, edit. by Anderson. — Athabasca: Athabasca University Press, 2008. — P. 20.
- Dede The Evolution of Distance Education: Emerging Technologies and Distributed Learning // The American Journal of Distance Education. — 1996. — № 10 (2). — Р. 4–36.
- Нұрбеков Б.Ж. Қашықтықтан оқытуды дамыту мəселесі // Вестн. ПГУ. — 2010. — № 1. — С. 23,