Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Экодизайндағы табиғи материалдар пайдаланудағы жобалау əдістері

Егер жоба жағдайларын жан-жақты ұғыну материалдар саласында заттың жұмыс істейтін əлеуметтік-мəдени нормасы, орындау жəне қолдану технологиясы тұтынушы адамның өміріндегі материалдық үдерістер үшін кедергі болады деген қорытындыға келсе, онда дизайнер аспаптық ұстаныммен айналысады. Нақты заттық əлемге жататын осы ұстаным негізінде адамның бейнесі бар. Бұл дизайнерді затты көруге, онда ең алдымен тіршіліктің өндірістік-технологиялық үдерістерін бейнелеуге шабыттандырады. Зат материалдық үлгі сияқты түсіндіріледі, бағаланады жəне көрінеді немесе тиімді жұмыс істейтін құрылма, онда барлық мəдени-тарихи жамылғылар тасталғандай. Заттың осындай монистік баян етілуі оның үлгісін ұйымдастыруға — тұрмысқа бейімділігіне басты талапты анықтайды. Көбінесе бəрінен де заттың жайлылығы, ықшамдылығы, жабдықталынуы, икемділігі, тиімділігі, тазалығы жəне т.б. бағаланады. Жобалау-бейнелеу үлгісінде заттар құрылманың толық жоспары сияқты. Мұндай қосылыстар аспаптық көзқарас тұрғысынан материал, қызметтің техникалық шешімі (құрылма), технологиясы əсерлі құралдар, шығарманың мазмұнын білдірудің материалдық тілі дегенді білдіреді. Дизайнердің затқа көзқарасы қандай болса да, оның бейнесінің негізін, яғни шындықтың өзінен жобаның мақсатын іздеуі тиіс. Ізденістің жалпы қағидасы (осы жағдайда — материалдық үлгі сияқты зат) нақты əлеуметтік-техникалық ортамен заттың мүлтіксіз үлгісін оймен келтіру болып табылады. Мұнда затқа аспаптық көзқарас тұрғысынан қойылған негізгі көркемдік жобалау міндеттерін тұжырымдау көмектеседі: жалпы қабылданған норманы қайта қалыптастыру, тіршіліктің өндірістік-технологиялық үдерісін тиімді ұйымдастыру пайдасына стереотиптерді бұзу.

Заманауи қоғам — бұл тұтынушы қоғам. Біздің айналамыз зиянды жəне қауіпті материалдардан жасалған нəрселерге толы жəне үйіміз, жұмыс орны жəне өзге де ғимараттар əр түрлі ластанудың көзі болып табылады. Жəне де бізді шу, ойын-сауық, күнделікті жарнама, бетонды пейзаж жəне қаныққан бояудағы алыстан мен мұндалаған ашық түстегі ілінген жарнамалар кері əсерін тигізеді.

Дизайн мен сəулеттің жаңа үрдісінің негізі — табиғат. Бұл үрдіс экодизайн деп аталады. Бұл ағымның шеңберінде жоспарға азық-түліктің мол мөлшерін қысқарту, сонымен қатар материал мен технологияны, қажеттіліктің жаңа құрылымын түбегейлі қайта қарастыру кіреді. Адамның физикалық жəне психикалық денсаулығы арасындағы байланысты ешкім де жоққа шығара алмайды. Экодизайнның пайда болуы қоршаған ортаның кенеттен нашарлауына жауап берді, əсіресе «қайта тұтыну» дағдарысына жауап тапты. Экодизайнның сəулетшіге жəне дизайнерге қоятын негізгі талабы: бұйымды қауіпсіз пайдалану, денсаулыққа зиян келтірмеуі, шу, тербеліс, шығарулар, сəулеленудің аз мөлшері, экологиялық зиянды болдырмау. Міне, осыдан экодизайнның негізгі қағидалары шығады: материалдардың шығу тегіне, жобалау, жасау, қолдану жəне пайдалану кезінде қорларды үнемдеу, қоршаған ортаны қорғаудан бастап, жануарларға да дұрыс қарым-қатынас жасау, адам құқығын қорғаумен аяқталады. Экологиялық дизайн мен сəулеттің дамуы біздің əрқайсымызға аса қажет. Экодизайн — адамға жайлы, əрі ыңғайлы, əрі үйлесімді болатын қоршаған ортаны қорғауға баса назар аудартатын дизайндағы жəне сəулеттегі ағым. Əдемі жəне ыңғайлылығы ғана емес, сонымен қатар жобалау, жасау, қолдану жəне пайдалану кезінде қолданылатын материалдардың сипаттамасы. Негізінде экологиялық таза, сондай-ақ бірегей материалдар жəне күнделікті қолданылатын, мысалы (жел, күн генераторы), энергияны табу көзі əлемде кеңінен танымал.

Қазіргі əлем азық-түлік пен қызмет көрсетулердің алуан түрін, мүмкіндігін ұсынады. Ал біз қоршаған ортамызды «лақтыруға қимайтын» ескі нəрселермен толтырдық. Осының бəрі адамның жүйке-тамырына жəне сана-сезіміне кері əсерін тигізетініне ешкім есеп бермейді [1].

Барлық жұмыстар негізгі мақсатта əзірленді — су қорларын сақтау қажеттілігі туралы жəне пластик қалдықтарының жағымсыз салдары туралы, пластик бөтелкелердің аз зиян келтірмейтіні жөнінде қоғамға мəлімдеу. Осындай керемет ойлар Австралияға таратылды. Таунсвиллдің жергілікті суретшісі Гарт Янкович техникалық жұмыс аяқталғаннан кейін су қоймасын суреттеп салды [2].

Дизайнер Анна Гарфрот қоршаған орта жəне табиғи ресурстар туралы əр түрлі ой білдіруге болады деп өз пікірін айтады. Мысалы, Лондонда мемлекеттік канал қоршауының шыбықтарында жазылған жай сөз «қайта ойлану» жобасы (негізгі ресурстар ретінде су, газ тұтынатын электр станциясы болып табылатын) түскен сарғайған жапырақтардың көмегімен өз көзқарастарын жəне ресурстарды тұрақты тұтыну жəне болашақ туралы ойлауды қайта қарастырады. Пластикалық бөтелкелерді пайдалануды үгіттейді. Лондон көшелерінде олар нағыз өнерге айналды. Егер сүт төгіліп немесе сүтті ішіп бөтелке бос қалса, бөтелкені тастау деген емес деп санайды. Қолданылған екі литр сүт бөтелкесін ашық түске бояп, экофигураға айналдырады. Экодизайн экологияға зиян келтірмейтін, мəселелерді шешуге назар аудартатын əрдайым əдемі жəне қажет, экодизайннің элементтерін əркімнің өз үйінде де пайдалануға кеңес береміз, мысалы, бокалдар жиынтығы экологиялық таза технологияны пайдалана отырып жасалады.

Интерьердегі замануи экодизайн (грек. Eikos — үй, тұрған жері) — «экологиялық» «нақыш», таза ауа жəне табиғатта жүргендей сезім тудыратын табиғи материалдардан жасалған интерьер. Бүгінгі күнде ең қажет заманауи нақышы болып табылады. Экодизайн — адам тұрған жерді табиғатпен байланыстыру. Экодизайнның мəні қоршаған ортамен оңтайлы үйлестірілген үйдің ішкі көрінісі. Адам «экологиялық» жайда өзін жақсы сезініп, қаланың қапырық ауасынан демалады. Экодизайн немесе табиғат нағыз табиғи материал, түс, пішінін дұрыстығы есебінен құралады.

Экодизайнның негізгі элементтері: негізгі материалдар — ағаш, тас, балшық, шыны, табиғи материалдан жасалған маталар. Негізгі түстер: ашық қоңыр, қоңыр, ақ (қара немесе қарақошқыл ағаш), нəзік түрлі-түсті. Көбінесе табиғи түстер қолданылады: ақшыл-жасыл, ақшыл-көкшіл, шөптің, судың, тастың, ағаштың түсі.

Табиғатқа жақын немесе жақындығын сезіну, жарық, кең бөлмеде рахатқа бөленіп, адам жеңіл демалады. Бұл нақышта даму тарихы, сонымен қатар сəулеттің атақты ескерткіштері де жоқ. Нақышты бірегей деп атау қиын. Мысалы, сəулетші Алвар Аалто — «модернизм əкесі» шатыры таралып өсетін ағашпен көмкерілген үй жобасын жасады. Экодизайн туралы ХХ ғ. аяғында айтыла бастады, өйткені адамдар экология мəселесінен шаршады жəне пəтерде, үйде өздерінің «таза» əлемін жасай бастады. Бұл дизайн табиғаттың өзінен туындағандықтан, өте қызықты. Адам дүние мен табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оны сақтауға тырысты, бұл сұлулықты пəтерде, үйде, саяжайда жасауға ұмтылды. Əрине, табиғатқа жүгіну басқа да нақыштарда кездеседі. Ол кескіндемеде, əшекейлеуде, текстурада, сəулет элементтерінде жəне мүсіндерде көрсетілді. Əсіресе табиғат тақырыбы модернде бейнеленді. Егер модерн классикалық нақыш элементтеріне сүйенсе, экодизайн табиғи емес техника жəне электроникадан тартынбай заманауи нақышқа сүйенді. Кантри экодизайн болып табылады. Экодизайнның «арғы бабасы» скандинавия дизайнерлері, сонымен қатар жапон дəстүрлестері болып саналады, олар табиғи материал мен жаңашылдық үлгінің қосылуының негізін жасады. Өзінің жағымды энергиясымен денсаулыққа жəне дұрыс өмір сүруге көңіл бөлуге əсерін тигізді, экодизайн өзіне табынушыларды тауып, заманауи үйлер мен пəтерлерде кеңінен қолданыла бастады. Бүгінде экодизайнның басқа нақыштармен араласуын жиі көруге болады, басқа сөзбен айтқанда интерьердің нақышқа келуі.

Əрине, зиянсыз жəне табиғи материалдарды ғана қолдануға болады деген ережеден басқа интерьерде экодизайнды жасауда кейбір аксиомаларға бағынуға болмайды. Сіздің мінезіңіз, əдетіңіз, құмарлығыңыз, жасыңыз, тіпті мəртебеңіз жасалған интерьерде бейнеленуі мүмкін дей тұрғанмен, экодизайнның қатарында болу даусыз. Интерьерде экодизайнды қолдану кеңінен таралған. Экодизайнның негізгі қағидасы — бəрі табиғи болуы керек. Сондықтан жиһаз бен декорда ДСП, пластик жəне хромдалған зат мүлдем болмауы тиіс [3].

Экодизайнның бір артықшылығы — бұл өз қиялыңды енгізу үшін мүмкіндіктің молдығы. Жиһазды өңдеу кезінде табиғи материалды жəне кез келген түсті пайдалануға болады. Қамысты немесе басқа да жапырақ, өзен тастарын қабырғаның қаптамасы ретінде қолдануға болады. Экологиялық нақышта табиғи материалдармен ресімделінеді. Бұл нақыш ағаш, тас, сабақтар, мақта, зығыр, күйдірілген балшықты ұсынады. Əр түрлі оюмен, бедермен, ашық бояумен жəне қызықты құрылмамен ауыстыру міндетті емес. Пəтердің белгілі бір ретпен қалыптастырылған əрі сəндеп жабдықталған ішкі кеңістігі тек қана қарапайым жəне табиғи болсын. Пəтер интерьерін қалыптастыруда оның сəулеттік шешімі жəне құрылыс жабдықтары: бөлменін саны мен өзара ыңғайластырылған, олардың көлемі, терезе мен есіктің, үй жылытқыштары, жапсарластырып салынған шкафтың, санитарлық аспаптардың, асханадағы ыдыс-аяқ жуғыш пен газ не электр плитаның т. б. орналасуын эко-дизайнмен байланыстыру елеулі рөл атқарады. Пəтер интерьері тұрмыстық аспаптардан, машиналар мен жарық түсіретін құралдардан жəне жиһаздан құралады.

Интерьерді жабдықтаудың қажетті шарты — қолайлылық пен əсемдік. Интерьердің барлық элементтері өзара əдемі үйлесуі, ал интерьер бүтіндей алғанда бірін-бірі толықтырып, көз тартарлық əсем болуы. Осының бəрін табиғи материалдардан тиіс [4].

Экодизайнның қабырғасы: ағаш тақта, тығындалған жабын, өсімдік оюлар мен қағаз түскиіздер, тіпті суретсіз немесе табиғи түскиіз, керамикалық тақталар əшекей тастар, ақ балшық. Экодизайнның төбесі; ағаш тақта немесе ақталған аппақ түстегі төбе — экодизайнның интерьеріне арналған нағыз шешім. Экодизайнның едені: эконақышта табиғи реңкпен тас немесе терракоттан салады. Эконақышта ағаш, тақтай, бамбук немесе тығын ағаш та қолданылады. Экодизайн жиһазы: табиғи ағаштан, тастан немесе мəрмəрдан жасалынады. Экодизайн жиһазының декормен, материалдармен, түстермен өзара үйлесімділігімен сипатталынады. Көшіп-қонуға ыңғайлы жеңіл материалдардан, əр түрлі пішінде, тасымалдауға оңай жиналмалы-құрастырмалы, адамға жайлы таза ағаштан жиһаздар жасалынады. Жиһаз əр түрлі нұсқалардың барынша үйлесуін қамтамасыз етеді. Құрастырмалы жиһазға қабырғаға жапсарластырып, көлденең орналастырылатын шкафтар, шкаф-қалқалар, құрастырмалы үстелдер, кереуеттер жəне т.б. жатады. Ауыстырмалы жиһаздың құралмасы бөлшектерінің орнын ауыстыру арқылы оның мақсаты мен көлемін өзгертуге мүмкіндік береді. Жиһазды негізінен ағаштан жəне ағаш материалдардан (ағаш жоңқалы немесе талшықты тақтайшалардан, үйеңкіден т.б.) жасайды. Қаптама жабынды ретінде табиғи шыбықтарды пайдаланады. Мысалға, ағаш төсекті алсақ — жатып тынығуға арналған жайлы жиһаз. Қайқылау келген екі басы жатуға ыңғайлы жалпақ арқалығымен бірге бөлек дайындалып, төрт аяғы сүйек, күміс, əр түрлі тастар, көксауыр былғары, қызғылт, күрең, сары, жасыл, қоңыр бояулармен өте əсем көркемделетін екі бетімен тұтасады. Қақ ағаштың түзу тақтайларынан құрастырылады. Ағаш төсек пішіні ұсталардың шеберлігіне, көркемдік талғамына, қолданылатын құрама материалдарына қарай, ағаш шабу өнерінің жергілікті дəстүрлеріне сай түрліше жасалуы мүмкін. Ағаш төсекке кейде cəндеп көрпе-төсек те жиналады [5].

Экодизайн маталары да басқаша энергетика береді. Жүннен жасалған кілем, алаша, жапқыштар, шыттан перделер, жиһазды қаптайтын мата, мақта маталары да экодизайнның бір бөлігі. Тіпті экодизайндегі заттарды алсақ: шыныдан немесе балшықтан жасалған гүл салғыштар, өрілген себеттер, сандықтар, ағаш бұтақтары, кептірілген жапырақтар табиғатпен ұштасып жатыр. Экодизайндегі ыдыс қарапайым, біркелкі жұмсақ түсте болуы тиіс. Ең жақсы керамикадан жасалған ыдыстар, ағаштан жасалған қасық, табақ, мақта сүлгілер, жез, күміс, қалайы сияқты табиғаттың жер асты байлықтарынан жасалған ыдыстар.

Балық салынған аквариум, террариум немесе тордағы құс — осының бəрі дерлік табиғат аясында отырғандай сезімге қалдырады.

Экодизайн кейіннен айтыла бастағанмен, ал қазақ халқы экодизайнды баяғы заманнан қолданылып келеді деп əбден айтуға болады. Киіз, кигіз — қойдың күзем жүнінен басылған, үй тұрмысында пайдаланылатын бұйым. Көшпелі халық өмірінде киіздің алатын орны ерекше. Киіз қазақ жеріндегі көшпелі тайпаларда б.з.б. I-мыңжылдықта белгілі болған. Киіз үйді алсақ, ондағы жиһаз, ыдыс, адамға қажет тұрмыс-тіршіліктің бəрі табиғи материалдардан жасалынып кеңінен қолданылған. Дастарқан ас қоюға арналған мата төсеніш, жүн жіптен тоқылған дорба, ағаштан жүкаяқ, теріден бөстек. Заманауи экодизайнде минимализмді талап етсе, дəстүрлі нақыштағы қазақ халқының киіз үйі, қолданылған тұрмыстық заттары қажеттілікке қарай жасалынып қолданылды. Артық зат болмаған. Экодизайн нақышты жəне əдемі үйдің ішкі көрінісі ғана емес, ол табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат — сұлулықтың таусылмас көзі. Табиғат ана дем ал деп ауаны сыйлады. Сарқырап аққан өзен бен мөлдір таза бұлақ, адам аяғы баспаған орман-тоғай, сырын ішіне бүккен тау-тас — табиғаттың таңғажайыбы.

 

 

Əдебиеттер тізімі

  1. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: ru.wikipedia.org/wiki/Экодизайн
  2. Уткин М.Ф., Шимко В.Т. и др. Архитектурно-дизайнерское проектирование жилой среды. Городская застройка. —М.: Архитектура, 2010. — С. 200.
  3. Минервин Г.Б. Дизайн архитектурной среды. Основы проектирования оборудования для жилых и общественных зданий. — М.: Архитектура–С,
  4. Эстетические ценности предметно-пространственной среды / Под общ. ред. А.В.Иконникова; ВНИИ техн. эстетики.— М.: Стройиздат, 1990. — 336 с.:ил.
  5. Нестеренко О.И. Краткая энциклопедия дизайна. — М.: Мол. гвардия, 1994. — 334 с.

 

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.