Қарағанды университетiнiң хабаршысы

Көркем өнер, нақтылай алғанда, əдебиет халықтың сана-сезімін, көркемдік ойлау қабілетін дамытатын рухани дүние бола отырып, адамзат өркениетімен, адам тағдырымен байланысты сан- салалы мəселелерден құрылады. Солардың бір арнасы — екі адамның арасындағы ғашықтық сезім. Əр тағдыр иесінің көзімен көріп, көңілімен түйсінетін бұл қасиетті ұғым адам баласымен бірге жасап келеді. Адам ата мен Хауа анадан бастап бірде қуантып, бірде жылатып келе жатқан махаббат құдіреті терең.
2010

ХVIII ғасырға дейін де, одан кейін де көркем ой, кестелі тіл көбінесе поэзия жанрында көрінді, əсіресе поэзиялық туындыларды шығарушы өнер иелерін XIX ғасырға дейін жыраулар деп атады. Əдебиет тарихын зерттеушілердің айтуынша, XVIII ғасырда əріден келе жатқан жыраулық дəстүр одан əрі дамып, бұған қоса ақындар мектебінің күш ала бастаған шағы болды. XIX ғасырда (феодалдық-патриархалды қоғам тоқырау заманына ұшырағанда) жыраулар да «сахнадан» түсуге мəжбүр болды. Жыраулық поэзияның соңғы көрнекті өкілі — халқымыздың асқан кемеңгер ойшылы, қоғам қайраткері, ақпа-төкпе жыр нөсері Бұқар жырау Қалқаманұлы.
2010

Тарихымыздан белгілі — кеңестік тоталитаризм ұлыларымыздың қазақ əдебиеті аренасынан өшіп кетуін қалады, оларды «Алаш» деп түбімен құртып жіберді... Десек те өлеңге, өнерге жөргегінен жарып туған қазақ ұлты əдебиет алыптарының тағы бір шоғырын бəйгеге қосып үлгерген болатын. «Халық жауы» деген жауыздық желеумен оларды да қоғам өмірінен шығармаларымен қоса алыстатпаққа ұмтылды. Осындай орынсыз кінəлаушылық біз сөз еткелі отырған Сəбит Мұқановқа да жабысты. Азаматтық арына, творчествосына қара күйе жағылды. «Ұлтшыл» деген стандартты айып тағылып, партия қатарынан шығарылды. Қысқасын айтқанда, тұтастай ұлттың элитасын, көсемдерін жою басты мақсат еді.ақы
2010

Көрнекті де көркем жырлардың бірі «Қозы-Көрпеш — Баян-Сұлу» жырының сюжеті қазақ, башқұрт, монғол, якут, ұйғыр жəне сібір татарларында да кездеседі. Соған қарағанда оның бастапқы ертегілік желісі Алтай, Жетісу жағында, оғыз тайпалары дəуірінде туған сияқты. «Қозы» — қой бөпесінің атауы емес, «оғыз» түбірінен туған. Монғолдар бұл жырды «Козюке», «Козы Еркеш»,«Малшы мерген» десе, ұйғырлар «Бозы Көрпеш» дейді [1, 1].
2010

Бүгінгі таңда əйелдің қоғамдағы орны, ой-таным шеңбері ұлғайып отырған шақта əйел тақырыбы қуатты арна ретінде осы ғасырдың аяғына таман жан-жақты танылып отыр. Қазақ əдебиеті тарихындағы əйелдер бейнесінің эволюциясы ерекше көрініс берген. Қазақ əдебиетінің қайнар көзі ауыз əдебиеті екенін ескерсек, «мінсіз ару», «ғажайып əйел», «адал жар» үлгісін жасау дəстүрі əсіресе əр алуан ғашықтық қисалардан, эпостық жырлардан жəне аңыз-ертегілерден айқын көрінеді. Мəселен, «Ай астындағы Айбарша», «Күн астындағы Күнекей», «Айдай сұлу Айсұлу» ертегілерінде болмасын, «Жүсіп–Зылиха», «Мұхаббатнаме», «Қозы-Көрпеш — Баян-Сұлу», «Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр» жырларында болмасын, сүйгеніне деген адалдық, үміт отын өшірмей, жарын ұзақ жылдар бойы күткен арулардың əсіресе сырт келбеті айрықша əсемдігімен ерекшеленеді.
2010

Тарих қашан да өз перзенттерінің құнды мұраларымен қымбат, əрі барлық кезеңдердің сарапшысы. Ерлігімен еркіндікке құштар күрестерге, батырлығы мен бостандық дегенде жан салмайтын байламдарға, шешендер мен ел тағдырын шешетін сəтте ақыл-парасатымен, дана- сəуегейлігімен өмір шындығын толғап жеткізуші жырауларға толы əдебиетіміз бүгінгі күнге өз жемісін жеткізіп отыр.
2010

Қандай да болмасын халықтың ұлттық рухын сақтауда ұлы тұлғалары қорған болып келген жəне де бола бермек. Халықымызды отарлаудан кейінгі ұлтсыздандыру саясаты, ұлттық əдебиеттің тамырына балта шабу арқылы да көрініс тапты. Қылышынан қан тамған қызыл өкіметтің абсурдтық идеялары, бабалар мұрасы мен заңды мұрагерлерінің табысуына өз кесірін тигізбей қоймады. Алаштың маңдайалды марқасқа ұлдары, қанқұйлы өкіметтің қасабына ұшырамағанда, тек ұлттық əдебиеттану ғылымы ғана емес, барша қазақ ғылым-білімі ертерек қолға алынып ерекше екшелері сөзсіз еді
2010

Қазақтың алып даласы елге тұтқа болған талай тархандардың əрі əлемге ғылым-білімнің нұрын төккен ғұламалардың құтты мекені, ырысты өлкесі болған. Тектілікке тəн жасампаздық ғұмырын өмірінің асқақ тұғыры деп білген ұлт зиялылары елге қызмет етудің құтты білігін рухани жарасымда өркендеудің күре тамырына айналдыруда өшпес із, мəңгілік өнеге қалдырды. Қазақ руханиятындағы сондай кемел қасиетке ие дара тұлғалардың бірегейі — Əлкей Хақанұлы Марғұлан.
2010

Модернизм əдебиетінің ұстанар басты принциптерінің бірі көркем шығарма тілін сана ағымына орайластыру десек, мұндай сипат 1960–1980-жылдардағы қазақ прозасында анағұрлым басымдыққа ие болды. Мұндай үдеріс əсіресе Ə. Кекілбаев, Т.Əбдіков, О.Бөкей, А. Сүлейменов, Қ. Ысқақов, А. Нұрманов, М. Мағауиндердің стильдік бағдарына тəн еді. Кезінде американ психологы жəне философы У. Джеймстің «Психологияның ғылыми негіздері» (1890) атты еңбегінде тиянақталған «сана ағымы» тұжырымдамасы классикалық реализмдегі кейіпкерлердің белгілі бір рухани- психологиялық күйін бейнелеуге қолданатын ішкі монологынан біршама өзгешелектері бар.
2010

Əлем халқы мифтерінің қай-қайсысын алып қарасақ та, аспан денелеріне қатысты аңыздардың мол кезігетіндігін зерттеушілердің дені мақұлдайды. Оның, əрине, өзіндік себептері де бар. Жаратылыста қыры мен сыры жұмбақ көріністер де, əрекеттер де баршылық. Жалпы кез келген құбылыстың сипатын, астарын айқындауға адамзат сандаған ғасырларды сарп етіп барып қол жеткізген. Əлі ашылмаған тылсым дүниелер қаншама? Соған сəйкес əр дəуірлерде, түрлі жайттерге байланысты мифтік əңгімелер туындап отырған. Олардың белгілі бір бөлігі жаратылыс заңдылығымен белгілі бір үндестікте алынса, келесі бір парасы адамзат қиялының жемісі негізінде өмірге келген. Сондықтан да мифологиялық туындылар өз заманындағы адами ой-түсініктен, қабылдауынан, ұғымынан белгілі бір деңгейде хабар береді. Олай болса аспан əлеміне қатысты аңыздардың да адам баласының жаратылысты тануға талпынған əрекетінен барып туған деп тұжырым жасауға əбден болады.
2010

Қазіргі таңда жұмбақтың табиғаты фольклордың жанры ретінде толық зерттелінсе де, оның паремиялық бірліктер — мақал-мəтелдермен жақындастыратын белгілері, қасиеттері əлі де айқындалмаған. Күні бүгінге дейін жұмбақ тек сөз өнері тұрғысынан ғана зерттеу өзегі болып, оның қазақтың ескі наным-сенімімен, тұрмыс-салтымен, мақал-мəтелдермен тығыз ұштасқан қырлары толық ашылмаған.
2010

 Құрылымдық синтаксис деңгейіндегі талдаулар модалділік санатының грамматикалық табиғатын толық ашып көрсете алмайды. Себебі бұл санаттың грамматикалық ерекшелігі, модалді мағынаның астары көп жағдайда сөйлем аралық байланыстан, контекст аясындағы салыстырудан дараланады. Модалділікті контекст шеңберінде талдау қажеттігін, ішкі себептері мен қол жеткізер мүмкіндіктерін, оның функционалдық мəнін С.Құлманов пікірімен ұштастырып, төмендегіше саралап көрсетуге болады: «Біріншіден, модалділік категориясын оны тура білдіретін конвенционалды құралдардан басқа осы семантикалық мазмұнды, осы коммуникациялық функцияны жанама түрде білдіретін бейконвенционалды құралдарды да жатқызуға болады. Кейбір модалдік мағыналар оларды білдіретін құралдардың семантикасына байланысты болмауы да мүмкін...
2010

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.